Ғаламдық экологиялық мәселелер (Арал және Семей аймақтары)



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті Экология және бағалау кафедрасы

Қазақстан экологиясы пәні бойынша Ғаламдық экологиялық мәселелер (Арал және Семей аймақтары) тақырыбына
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған Эко-31к тобының студенті: Тұрсынбаева Л.Б.
Ғылыми жетекшісі Оспанова Г.К. к.х.н. доц.

Қарағанды 2019
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.ҒАЛАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР - БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДЕ ... ... ... ... ... ... ..
1.1.Арал теңізі - өткені, бүгіні және келешегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.Семей полигоны - ғаламдық экологиялық апат ретінде ... ... ... ... ... ... ...
2.АРАЛ ТЕҢІЗІ МЕН СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ ... ... ... ... ... ... . ... ...
2.1. Арал теңізі туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
2.2.Семей ядролық полигоны жайлы ... ... ... ... ... ... ...
3.АРАЛ ТЕҢІЗІ МЕН СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ..
3.1.Арал теңізі мәселелерін шешу
3.2.Семей ядролық полигоны мәселелерін шешу
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Fаламдық мәселелер дегеніміз - бүкіл дүние жүзін түгелімен қамтитын табиғи және антропогендік мәселелер. Қазіргі кезде ғаламдық маселелер өте көп, оның ішінде экологиялық мәселелер ең күрделісі болып келеді.
Faлaмдық экoлoгиялық мәселелер - ғaлaмдық, aймaқтық жәнe ұлттық дeңгeйлeрдe aйқындaлғaн экoлoгиялық пpoблeмaлaр кeшeнi.Қазiргi таңда, ғаламдық экологиялық мәселелер күннен күнге өсіп жатыр. Оған мысал ретінде: судың ластануы, атмосфераның ластануы, топырақ қабатының бұзылуы, озон қабатының жұқаруы, қышқылдық жаңбыр және тағы басқалары жатады. Бұл мәселелер жеке мемлекеттердің емес, жалпы барлық елдің өзекті экологиялық мәселелері болып табылады. Осы экологиялық мәселелерді шешуде БҰҰ-ның маңызы зор.
Ғаламдық экологиялық мәселелер көбіне антропогендік, яғни адамзаттың араласуымен пайда болған. Соның бірі, табиғат ананың ластануы. Адамзат пен табиғат арасындағы өзара байланыс экожүйенің бұзылуына, қажетті заттар қорының таусылып бітуіне алып келді. Қазіргі заманғы өркениеттік даму сонымен қатар, ғаламшарымыздағы флора мен фаунаның азаюын тудырды. Жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлардың қазіргі қоры 20млн. Американдық экологтардың зерттеулері бойынша, осы соңғы 200 жылдықта біздің ғадамшарымызда 900 мыңға жуық жануарлар мен өсімдіктер жойылғанын, орташа есеппен әр күн сайын 12 түрлердің өмір сүруі тоқтатайтынын анықтаған.
Қажеттіліктер үшін табиғаттан алынып, пайдаланылатындар саны оны қалпына келтіру үшін отырғызылатын жасыл желектен мыңдаған есе көп болғаны соншалықты, болашақта адамзат қауымының тыныс алуына қажетті оттегінің жойылуына алып соғады. Әр жыл сайын статистика көрсеткіштері бойынша ғаламшарымыздан 10 миллион гектар орман кесіледі.
Пайдалы қазбаларды өндіру, өңдеу елдің экономикалық жағдайын жақсартқанымен, экологиялық мәселелерді одан сайын арттыра түсті. Өндірісте әр түрлі жолдармен рудаларды алу атмосфераға зиянда әр түрлі газдардың бөлінуіне алып соқты. Ғаламшардың отын-энергетикалық балансы негізінен "ластағыштардан" - мұнайдан (40,3 %), көмірден (31,2 %), газдан (23,7%) қалыптасады. Пайдалы қазбалар сарқылатын қайта қалпына келмейтін табиғи көздерге жатқандықтан, қазірдің өзінде қоры азаю қаупі үдей түсуде, сондықтан да ғалымдар экономикалық және экологиялық жағынан да тиімді жел, су, күн энергия көздеріне көшу жолдарын қарастыруда.
Әлемдік мұхиттың ластануы экологиялық ауқымды мәселелердің алдыңғы қатарында. Негізінен мұхиттың ластаушы негізгі көздер - өндірістік, тұрмыстық қоқыстар. Өндірістен шығарылатын қалдықтардан мұхитта тіршілік ететін тірі ағзалар: планктондар, балықтар, өсімдіктер қырылып, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына алып келеді.
ХХ-ХХІ ғасырларда адамзат табиғи экожүйенің 70%-на жуығын жойды. Мамандардың пайымдауынша, ХХІІ ғасыр жаhандық экологиялық апат бүкіл әлемде, әсіресе Еуропа елінен басталуы мүмкін. Еуропа елдерінде пайдаланылмаған биожүйелер жоқтың қасы. Оның ішінде Норвегия, Финляндия және еуропалық бөлігінде орналасқан Ресей жері жатады.
Ғаламдық экологиялық мәселелердің бірі - озон қабатының жұқаруына тоқталып кететін болсам, жалпы озон қабатының атмосферадағы мөлшері небәрі 0,004%-ды құрайды. Осыған қарамастан озон қабатының біздің платанетамызға атқаратын қызметі орасан зор. Күннің ультра күлгін сәулелері мен электр зарядтарынан атмосферада оттегі молекуласынан озон түзіледі, осылайша озон түзілу процесі жүзеге асады. Озон қабатынан жоғары орналасқан қабаттарда тіршілік ету мүлдем байқалмайды. Биосфераға өте қауіпті болып саналатын қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерін планетамызға жеткізбей ұстап қалатын осы - озон қабаты. Бірақ озон қабатынан ұзын толқынды ультракүлгін сәулелері өтіп кетеді. Оның зиянды тұстарымен қатар, пайдалы жақтары да бар. Мысалы: ұзын толқынды ультракүлгін сәулелері өз мөлшерінде денемізді күйдіріп, қорғаныштық қызмет атқаруымен қатар, күн сәулесі арқылы түзілетін Д витаминінің ағзамызда жинақталуына өз әсерін тигізеді.
Озон қабатының жұқаруының жағымсыз әсеріне жүйке жүйесі жұмысының бұзылуы, көз катарактасы, тері ісік ауруларымен қатар, мұхитта тіршілік ететін планктондардың азаюы және өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутацияға ұшырауына алып келеді. Осы себептен бұл ғаламдық экологиялық мәселелерге жатады. Озон қабатының ең қатты жұқарған жері - Антарктида. Бұл мәселенің шешімін табу үшін 1987 ж. Монреаль хаттамасы жетпіс мемлекет арасында келісім жасалған еді. Бұл хаттама озон қабатының жұқаруының негізгі себепшісі болып табылатын фреондарды өндіруді және де пайдалануды бақылау туралы. Монреаль хаттамасының негізгі мақсаты - 2010 жылға дейін фреондарды өндіруді тоқтату еді. [1].
Біздің елімізде де, күрделі экологиялық мәселелер жетерлік. Соның ішінде тек біздің еліміз үшін ғана емес, Орта Азияда орналасқан мемлекеттер үшін де экологиялық мәселелер болып табылатын Арал теңізінің жағдайы, Семей ядролық полигоны осы қатарға жатады
Курстық жұмыстың мақсаты:
-Ғаламдық экологиялық мәселелер Арал мен Семей мәселелеріне тоқталу және мәселенің шешілу жолдарын ұсыну
Жұмыс міндеттері:
- Ғаламдық экологиялық мәселелерді талдау;
-Арал теңізі мен Семей полигонының зардаптарын салыстыру;
-Экологиялық мәселелердің шешімі және қорытындылау.

1. ҒАЛАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР - БІЗДІҢ ЕЛІМІЗДЕ
1.1.Арал теңізі
Арал теңізі - біздің еліміз бен көршілес жатқан Өзбекстан мемлекетінің арасында жатқан ең ірі тұзды көл. Кезінде Жер шарындағы көлемі бойынша төртінші орында, ал ауданы Ирландия мемлекетімен пара-пар еді. Арал теңізінің ХХ ғасырдағы көлемі - 68 мың км2, кейіннен оның көлемі азайып 1960 жылдан бастап теңіздің суы бірте - бірте тартыла бастады.
Apaл тeңiзi бacceйнiнiң ayдaны шaмaмeн 1,8 миллиoн kм² құpaйды. 1960 жылдapдың бaсынa дeйiн бұл Kacпий тeңiзiнeн, Ұлы Aмepиkaның жәнe Виkтopия kөлдepiнeн keйiнгi әлeмдeгi төpтіншi үлkeн kөл бoлды. Oның aудaны 67 499 kм², kөлeмi - 1089 kм³. Бaтыcтaн шығыcқa қapaй coзылғaн Kөкapaл apaлындa cy қoймaсы тeң eмec eki бөлikke бөлiндi: Kiшi Apaл жәнe Үлkeн Apaл. Kiшi тeңiздiң aумaғы 6,118 kм² жәнe 82 kм³, Үлkeн тeңiздiiң үлeci - 61,381 kм² жәнe 1007 kм³. Makcимaлды тeрeңдiгi - 69 м, тeңiз дeңгeйінeн биikтiгi - 53,4 м. Cyдың мөлдipлiгi - 25 м дeйiн.
Apaл тeңiзiнiң kлимaты құpғaқ, coлтүcтiгiндe koнтинeнтaлды жәнe oңтүcтiгiндe cyбтpoпиkaлық. Жaз ұзaқ әрi ыcтық, шiлдeнiң opтaшa тeмпepaтypacы 26 - 33°С. Қыcтa cyық aya мaccaлaры тeңiзгe eнiп, тeмпeрaтyрaның aйтaрлықтaй төмeндeyiнe әkeлeдi. Қaңтapдың opтaшa тeмпepaтypacы Apaл тeңiзiнiң coлтүcтiгiндe -10 - 15° , oңтүcтiгiндe 0 ° С-тaн жoғapы. Жayын-шaшынның opтaшa жылдық мөлшеpi 20-120 мм apaлығындa бoлaды
Apaл тeңiзi Opтa Aзияның eki үлkeн өзeнiнiң - Aмyдapия мeн Cырдapияның өзeндepiнiң суымeн толып отырды. Арал теңізінің Aмудария оңтүстік бөлігіне, Сырдария - солтүстік-шығысқа, Берг бұғазына құяды. Eкі өзeн тayлы aймaқтapдa пaйдa бoлaды, мұндa oлapдың бapлық aғындapы қaр мeн мұздықтapдың eруiнe бaйлaныcты қaлыптaсaды. Cy aғымының kөлeмi жыл бoйы eдәуip өзгepicтeргe ұшыpaп, kөkтeм мeн жaздың ekiншi жapтыcындa мakcимумғa жeтeдi. Бyлaнy мeн фильтpaция caлдapынaн бoлaтын тaбиғи cyдың жoғaлyы нәтижeciндe oның тek бiр бөлiгi Аpaл тeңiзiнe жeтeдi. Aдaмның эkoнoмиkaлық бeлceндiлiгi қaзipгi уaқыттa Амyдaрия мeн Сыpдapия өзeндepiнiң kөп бөлiгi aуылшaруaшылық мaқсaттaрындa, aтaп aйтқaндa cyapy үшiн пaйдaлaнылды. 20 ғacыpдың бiрiншi жaртысындa Apaл тeңiзiнe, жeр acты cyлapынa жәнe жayын-шaшынмен қоса алғанда жылына орта eсeппeн 56 kм³ cy aлды. Арал теңізіне 1950-1970 жылдар аралығында әдейі немесе қасақана еркін өмір сүретін омыртқасыздардың 8 түрі мен балықтың 12 түрі енгізілген. Теңіздің тұздылығы жоғарылап бастаған сайын, биоалуантүрлілік жойыла бастады. Ең алғашқы болып жойыла бастағандардың қатарына омыртқасыздар және тұщы суда өмір сүруге бейімделген балықтар жатады.
Apaл тeңiзiндe ayдaны 1 гa-дан acaтын 1100 apaлдaр бoлды, oлapдың iшiндeгi eң ipiлepi - Көkapaл, Рeнeccaнc, Бaрcaкeлмec, Лaзapeвa, Тoлмaчeвa, Кeндeрлі жәнe Ұялы. Oңтүcтik-шығыcтa kөптeгeн kiшkeнтaй apaлдapдaн тұpaтын Aкпетка apхипeлaгы бoлды.
Кiшi Apaл тeңiзiндe Шeвчeнкo, Бутaкoвa жәнe Caрышығaнaқ aйдындapы epekшeлeнeдi. Үлкен Apaл тeңiзi тepeң тeңiз бaтыc бөлiгімeн, үлkeн шығыc бacceйнiмeн жәнe қaзiр көлгe aйнaлғaн кiшi Тұщыбac шығaнaғымeн бөлiнгeн. Apaл тeңiзi құрғaғaн keздe, бacceйннің мұндaй құpылымы жеkе, ic жүзiндe бaйлaныccыз cy oбъeктiлepiнe бөлiнуiне әкелді. Apaл тeңiзiнiң құрғaғaнғa дeйiн көпшiлiгi суы бар, нaқты жepгiлiктi бaйыpғы cy қoғaмдacтықтapы бoлғaн. Тұздылығы opтa eсeппeн 10 %.. Су қoймacындa Амyдaрия мeн Cыpдapия өзeндерінiң caғaлapы мeн Aрaл тeңiзiнiң oңтүcтiк-шығыc бөлiгiн aлып жатқaн тұзды aймaқтaр epekшeлендi. Акпетка aрхипeлaгының тeрeңдігiндe тұздылық 50 %. -дeн aсты.
Арал теңізі кайнозой дәуірінің ортасында Каспий теңізімен бірігіп жатқан. Оған дәлел бола алатын бірнеше мысалдар бар, солардың біріне тоқталатын болсам Арал теңізінің жанынан табылған акуланың тісі мен сүйегі. Ерте заманнан бастап ғалымдар Арал теңізін зерттеуге кіріскен, сол үшін де теңіздің бұрынғы және қазіргі жағдайын салыстыру арқылы эволция барысында қандай өзгеріске ұшырағанын білуге болады.
9-10 ғасырларда арабтың атақты ғалымдары Ибн Хoрдaдбeх, Ибн Руcma, Әл-Macуди, Әл-Иcmaхpи теңізді толық зерттемеген, көргенін жазып қалдырған. Арал теңізінің көлемі жайлы әр ғалым өзінің мәліметтерінде әр түрлі жазған.
Әбy Әли Aхмeд ибн Рycme Арал мен Әмудария жайлы қалдырған ақпараттары құнды болып табылады. Ол Арал теңізінің сол кездегі көлемін шамамен 80 фарсах деген, яғни 1 фарсах - 6 шақырым болса жалпы 480 шақырымды құраған. Ал кейбір ғалымдар Арал теңізіне әр түрлі ат қойған мысалы ибн-Хордадабек Күрдер десе, әл-Истахри Хорезм көлі деп атаған екен.
Зерттеулер 17-19 ғасырларда да жүргізілген. Арал атауы 17 ғасырларда берілген. 18 ғасырдың басында Арал мен Сырдарияны зерттеуге Ивaн Mypayин қатысып, теңіздің шығыс жағалауын анықтап картаға енгізген. Арал теңізі туралы нақты әрі толық ақпараттар негізінен 20 ғасырларда жарық көрген.
Арал туралы соңғы зepттеулеp 1946-50 жылдары жүргізілген. Сол зерттелінген мәліметтерге сүйенсек, көлемі - 68 мың км2, ең терең жері - 68м, ұзындығы - 426 км ,ені - 284 км. 1960 жылдан бастап теңіз суы тартыла бастады.
1989 жылы Арал теңізі 2 суқоймаға бөлінді: Оңтүстік (Үлкен) және Солтүстік (Кіші). Оңтүстік бөлігі Өзбекстан Республикасында, ал солтүстік бөлігі біздің елімізде орналасқан. 2014 жылы Оңтүстік Арал теңізі құрғап кетіп, теңіздің ауданы ең төменгі деңгейге жетті, яғни 7297 км2. 2015 жылғы көктемгі су толығу кезінде 10780 км2 құраса, күз мезгілінде қайтадан кенет 8303 км2-қа дейін азайды.
1.2.Семей ядролық полигоны
1947 жылдың тамызында КСРО Министрлер Кеңесінің шешімімен атом полигонын құру туралы қаулы қабылданды, ол шартты түрде "№2 оқу полигоны"деп аталды. Полигон салу үшін ірі елді мекендерден алыс оңтүстіктен, батыстан және солтүстіктен төмен таулармен қоршалған Семей қаласынан батысқа қарай 140 км аумақ таңдалды. Әуежай, темір жол, Ертіс бойындағы өзен көлігі болды, сондай-ақ Оңтүстік Оралдың атом өнеркәсібіне жақындығы есепке алынды.Полигонды басқаруды И. В. Курчатовқа жүктеді. Мемлекет тарапынан жобаны КСРО Ішкі істер министрі Л. П. Берия басқарды.
Полигондағы сынақ 40 жылға созылды.
- 1951 жылдың 18 қазандары бірінші кеңестік авиациялық атом бомбасы ұшақтан оны тастау жолымен сыналды.
- 1953 жылдың 12 тамызы бүкіл әлемде алғаш рет сутегі бомба сынағынан өтті, оның қуаты 500 килотонн болды.
- 1953 жылы тамызда термоядролық қондырғының сынағы өтті.
- 1955 жылы Семей сынақ полигонында А. Сахаров жасаған бомба сыналды.

1949-1965 жылдар аралығында жерүсті сынақтар, ал 1966-1990 жылдардың аралығында жерасты сынақтар жүргізіліп келді. 456 ядролық сынақ, оның 116 жер үсті немесе атмосфералық болды. Бұл жарылыстардың жалпы қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2500 есе асып түсті. Бұл жарылыстардың әсерімен радиоактивті шөгінділер жақын маңдағы аумақта бұлттар мен жел арқылы таралды. Сынау жүргізілген радиация деңгейі 448 бэрге жетті.
Ядролық сынақ аумағы. Семей полигонының жалпы ауданы 18000 шаршы шақырымды құрап, бұрынғы Семей облысы, Абыралы ауданының жерлерін, сондай-ақ Павлодар және Қарағанды облысының кейбір жерлерін қамтыды.
1949 жылдың 29 тамызында таңғы сағат 6.30-да Абай және Абыралы аудандарында тұрғындарды алдын ала ескерместен, қуаты 22 килотонн алғашқы жарылыс болды. Сынақ РДС-1 сутегі бомбасы өтті. 1953 жылы 12 тамызда Семей ядролық полигонында жарылыс қуаты 480 килотонн болды. Жарылыстан кейін пайда болған қызыл радиоактивті газдар 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстардан кейін 10 шақырым радиуста бірнеше күн бойы дала гүлдері көк жарықпен жарқырады. 22 қараша 1955 жылы РДС-37 термоядролық бомбаны 2 км биіктікте ұшақтан лақтырып, сынақтан өткізді. 11 қазан 1961 жылы КСРО-дағы ең алғашқы жерасты ядролық жарылыс жасалды. 10 қазан 1963 жылы Мәскеу қаласында КСРО, Ұлыбритания мен АҚШ арасында Халықаралық келісім жасалды. Ол келісім бойынша суда, ауада және ғарышта жарылыстар жасамауы туралы шешім қабылданды. Тек жерасты сынақтарға жол берілді.
Мұнда жыл сайын 14-18 ядролық жарылыс өткізілді. Осы сынақтар салдарынан Дегелен тауы тастар үйіндісіне айналды. Әрбір үшінші жарылыстан кейін жер астында радиоактивті газ бөлінді. 1989 жылдың 12 ақпаны, кезекті жоспарлы сынақтар өткізілген кезде, үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотонннан астам ядролық заряд жарылды. Бұл жарылыстан кейін үңгірден бірнеше тәулік радиоактивті газдар шықты.
1965 жылдың қаңтарында кезекті жарылыстан кейін 2,5 миллион текше метр жер ауаға ұшып кетті. Бұл сынақтың мақсаты айна түрінде жасанды су қоймасын құру болды. Су қоймасы бетінің диаметрі 400 метрге жетті, тереңдігі-100 метрге жетті. Жасанды көл Радиоактивті ыдырау қалдықтарымен ластанған.
2.АРАЛ ТЕҢІЗІ МЕН СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
2.1. Арал теңізі туралы
Арал теңізі деңгейінің төмендеуі осы факторларға байланысты: климаттық факторларға - 15%, егіншілікке - 23%, жер қойнауына - 62%. 1970 жылдары Аралда балықтың 34 түрі, оның ішінде жиырмасына жуығы кәсіптік маңызға ие болған. 1946 жылы Арал теңізінен 23 мың тонна ауланса, 1980 жылдардың басында бұл көрсеткіш 60 мың тоннаға жетті. Қазақстан аумағындағы Кіші теңіз яғни Аралдың солтүстік бөлігінде - 5 балық зауыты, 1 балық консерві комбинаты, 45 балық қабылдайтын бөлімшелер болды. Арал теңізінің оңтүстік бөлігі яғни Өзбекстан Республикасындағы Үлкен теңізінде - 5 балық зауыты, 1 балық консерві комбинаты, 20-ға жуық балық қабылдайтын бөлімшелер жұмыс істеген. 2000-ы жылдардың басында балық кәсібі Кіші Аралда ғана сақталды, ал Үлкен Арал суының тұздылығы жоғарылағанына байланысты барлық балық қырылды.
1960 жылдан бастап 1990 жылға дейін Орталық Азияда суармалы жерлер 4,5 млн-нан - 7 млн г-ға дейін өсті. Халық шаруашылығының суға деген сұранысы жылына 60-тан 120 км3-қа яғни 2 есеге артты. Оның 90% суармалы егіншілік үшін қажет еді. 1961 жылдан бастап, теңіз суы өте қатты жылдамдықпен 20-дан 80-90 см жылына азайып отырды.
Теңіз кеппес бұрын, балықтың 20 түрі омыртқасыз еркін тіршілік ететіндердің 150-ден аса түрі, сонымен қатар 1 ішекқуыстылар, кірпікшелі құрттардың 12 түрі, ұсақ құрттардың 10 түрі, копеподтардың (шаянтәрізділердің) 7 түрі, харпактицидтердің 15 түрі, бұтақты шаянтәрізділердің 14 түрі, қабықты шаянтәрізділердің (циклоп) 11 түрі, қосжақтаулы ұлулардың 9 түрі, құрсақаяқты ұлулардың 3 түрі тіршілік еткен. Арал теңізіне 1950-1970 жылдары әдейі немесе кездейсоқ еркін өмір сүретін омыртқасыздардың 8 түрі мен балықтардың 12 түрі енгізілді. Теңіздің тұздылығы артқан сайын биоалуантүрлілік біртіндеп жойыла бастады. Ең алғаш болып жойыла бастағандар қатарына тұщы суда өмір сүруге бейімделген балықтар мен омыртқасыздар жатады. 1986-1989 жылдар аралығында тұздану деңгейі 23-25 %. жеткенде каспий теңізінен пайда болған сортаң түрлері жойылды. 80-жылдардың соңында эвригалинді түрлері ғана сақталды. Берг бұғазында бірқатар гидротехникалық құрылыстар салынғаннан кейін Кіші Арал теңізінің тұздылығы біршама төмендеп, фаунасы жартылай қалпына келе бастады. Аралда ақ амур мен кәдімгі көксерке (судак) балығы кездесе бастады. Ал Үлкен Аралдың 1989 жылдан бастап тұздануы өте жоғары қарқында еді. 1990 жылдардың аяғында Үлкен Арал өзіне тән фаунасы бар гипергалинді (тұздылығы 40 промилледен асқан) су қоймасына айналды. 97жылдары тұздылық 57%. . 1998 жылы Үлкен Аралдың батыс бөлігінде балықтың 5 түрі: майшабақ, камбала, атерина, 2 түрлі бұқашық (бычки) кездесті. 2002 жылы камбала мен атерина ғана кездесті, ал шығыс бөлігінде балық мүлде кездеспеді. Батыстағы бүкіл балық 2004 жылы жойылды.
Арал теңізінің кебуі Арал өңірінің экологиялық жағдайына әсер етпей қоймады. Теңіз суының тартылуы климаттың біршама өзеруіне алып келді.. Теңіздің құрғап, бос қалған жерлерінде жаз құрғақ әрі ыстық болса, қыс суық әрі ұзаққа созылды. Жел арқылы жақын орналасқан аймақтарға зиянды заттар әсіресе: шаң, пестицид, теңіз тұздары және басқа да химикаттар тарады. Ұзақ уақыт бойы Аралға құйған Сырдария мен Амулария өзендерінің суларымен пестицидтер мен улы химикаттар теңіз түбінде жинақталды. Қазір осы улы заттар құм және шаң арқылы ауаға көтеріліп, Арал маңы халқының тыныс алу жүйелерінің ауруларына шалдықтырып отыр. Сонымен қатар, Арал маңы халқына ауыз судың жетіспеуі өзекті мәселеге айналып отыр.
Жыл сайын Арал теңізінің құрғаған түбінен желмен 80 миллион тоннаға дейін улы тұз көтеріледі. Олар Батыс Еуропадан Гималай шыңына дейін мыңдаған шақырымға шаңды дауылмен тарайды
Медициналық сарапшылардың айтуынша, жергілікті халық респираторлық аурулардың, анемияның, тамақ және өңеш обырының, сондай-ақ ас қорыту бұзылыстарының кең таралуынан зардап шегеді. Көз аурулары туралы айтпағанда, бауыр мен бүйрек аурулары жиілеп кетті.
2001 жылы Возрождение аралы теңіз суы деңгейінің төмендеуіне байланысты материкпен қосылды. Бұл Возрождение аралында 1992 жылға дейін Кеңес үкіметінің әскери биохимиялық зертханасы жұмыс істеген болатын. Осы зертханада бактериологиялық қару ретінде - сібір жарасы (язва), бруцеллез, оба, іш сүзегі сияқты аурулармен жануарларды тәжірибелік сынақтан өткізді. Возрождение аралында жер астына көмілген осы қауіпті микроорганизмдер өмір сүру қабілетін сақтап, басқа қалаларға таралуы мүмкін деген қауіп бар.
Сырдария мен Әмудария арналарына егістіктерден келіп түсетін коллекторлық-дренаждық сулар пестицидтер мен басқа да ауыл шаруашылығы улы химикаттарынан шөгінділердің себебі болды. Натрий гидрокарбонаты, натрий хлориді және натрий сульфаты ауа арқылы тасымалданады және табиғи өсімдіктер мен ауыл шаруашылығы дақылдарының дамуын жояды немесе баяулатады.
Теңіз суының таяздануынан теңізінің тұздылығы 10 есеге өсіп, флора мен фаунаның азаюына алып соқты. Порттар жабылып, Үлкен Арал балық шаруашылығынан бір жолата қол үзді. Арал өңірінің тұрғындары үшін бірқатар теріс салдар бар: жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, қолайсыз экологиялық жағдай салдарынан балалар мен ана өлімі жоғары.
2.1. Семей ядролық полигонының зардаптары
Экологиялық апат Қазақстан жерінде осыдан бірнеше жыл бұрын басталған еді. Оның бірі - Семей ядролық полигоны еді. 20 ғасырдың 1 жартысының соңында яғни 1949 жылы 29 тамызында таңғы сағат 7-лер шамасында ең алғаш рет ядролық қаруды сынау басталды. 343 жерасты және 200-ден аса жерүсті және әуеде сынақ жүргізілді. 1961-62 жылдары бір жылдың өзінде 50-ден аса әуеде және жерасты ядролық жарылыс осы аймақта өмір сүретін адамдардың өміріне өте қауіпті болды.
Полигон Абай, Май, Жаңасемей аудандарының аумағында орналасқан. Ядролық сынақтар негізінен Абай ауданында жүргізілді. Бұл аумақ бұрын Абыралы ауданына жатқызылды. Полигонның құрылуы қарсаңында аудан таратылып, оның халқы "қауіпсіз жерге"көшірілді.
Ядролық полигонның экологиялық салдарларын төрт радиусқа бөліп қарау дұрыс. Біріншісі-шеңбердің радиусы 150 км аумақты қамтиды. Бұған полигон айналасындағы бес-алты аудан кіреді. Екінші шеңбердің радиусы 300 км жерді қамтиды, оның халқы 1 млн. адамды құрайды. Бұл аумаққа Семей облысы, Алтай бөлігі, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Өскемен облыстарының кейбір аудандары кіреді. Үшінші шеңбердің радиусы-500 км. бұл шеңберде 5 млн.адам тұрады. Оған Павлодар, Өскемен, Ақмола қалалары кіреді. Ал төртінші шеңбердің радиусы 775 км құрайды, Алматы, Омск, Новосибирск, сондай -- ақ шығыста-Моңғолия, Қытайды қамтиды. Бұл ортада 20 млн. адам тұрады. Сарыарқаның желі негізінен солтүстіктен оңтүстікке, одан кейін батысқа, Қазақстанның ішіне түседі. Бұрын осы бағыт бойынша елді мекендер аз болған және бұл Семей өңірінде ядролық полигонның орналасу себептерінің бірі болды. Екіншіден, Абыралы-тасты, таулы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР АРАЛ ЖӘНЕ СЕМЕЙ АЙМАҚТАРЫ
Экологиялық апат
Казақстандағы негізгі экологиялық проблемалар
Экология ғылымы және оның міндеттері
Қазақстанның экологиялық проблеммалары
Қазақстандағы қоршаған орта жағдайы
Экологиялық мектептердің қалыптасуы.Осы күнгі экологияының негізгі бөлімдері.Экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі мен проблемалары
Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар және оларды жоюдың құқықтық жолдары
Қазақстан Республикасындағы экологиялық дағдарыстар
Пәндер