Қант қызылшасы дақылын жаппай өсіру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Облысымызда қант қызылшасы дақылын жаппай өсіру ісі 1934 жылы қолға алынғаны тарихтан белгілі. Сол кездегі Свердлов (қазіргі Байзақ), Меркі, Луговой (Т.Рысқұлов), Жамбыл аудандарында жаңа істі тез-ақ игеріп, тәжірибе жинақтап, төселе келе рекордтық өнім алғандар шыға бастады. 1948 жылы бір ғана Қызыл жұлдыз ұжымшарынан жеті адам бейбіт еңбектегі ерліктері үшін сол тұстағы ең жоғары марапат - Социалистік Еңбек Ері атағын алды.
Өлкеміздегі осы алғашқы Алтын жұлдыз иелерінің бірі - Мәрзия Ибрагимова бүгінде ортамызда аман-сау, балаларының, немере-шөберелерінің қамқорлығына бөленіп отыр.Күні ертең сегіз мүшелін - 98 жасқа толғанын тойлайтын апамыз әлі тың, жады мықты. Ол кісінің осынау ғасырға тең ұзақ ғұмырында бастан өткерген, отызыншы жылдардағы алапат аштық пен кешегі сұрапыл соғыс жылдары елмен бірге көрген небір азап пен қиыншылықтары туралы айтқандарын тыңдау ғажап әсерлерге бөлейді...
Тұлымшақты қыз кезінде қуыршақ ойнап, ешнәрседен тарықпай еркін өскен Мәрзия апамыздың 1918 жылы Ақыртасқа таяу Ұзынбұлақ аталатын жерде кіндігі кесіліпті. Әрі батыр, әрі әулие, есімі тарихи жырларда Абылай ханның жорықтас сенімді серігі қатарында аталатын ұлы бабамыз Мәмбет Күнбасұлының ұрпақтары жайлаған. Солардың бірі - Мәрзия апамыздың әкесі Рысбай өз заманының малды, дәулетті кісілерінің бірі болған.
Қазақ даласына орасан зор ауыртпалықтар әкелген 1928 жылы жүргізілген байлардың мал-мүлкін тәркілеу, өздерін өзге өңірлерге жер аудару, одан кейінгі халық қынадай қырылған аштық, күштеп ұжымдастыру берекелі де мамыражай күн кешіп келе жатқан бақуатты отбасының шаңырағын ортасына түсірді. Әсіре белсенділер алдындағы бар малын сыпырып алып қана қоймай, қол-аяғын кісендеп әкеткен әкесі сол бойы хабарсыз кетті. Анасы, аға-інілері 1932 жылғы ашаршылық құрбаны болды. Бір үйдегі 15 баладан жалғыз өзі аман қалған жас қыздың басына түскен қасірет-қайғының салмағы зіл батпан ауыр еді. Егер нағашы атасы Сарымық пен оның әйелі Сара панасыз қалған жиендерін өз қолдарына алмағанда жас ғұмыры үсікке ұрынған гүлдей ерте солары сөзсіз-ді.
Қай қазақтың болмасын қиындық көрсе сүйенері - нағашы жұрты ғой. Бір әулеттен қалған жалғыз тұяқ Мәрзия апамызды Қостөбе ауылындағы қыпшақ нағашылары заманның таршылығына, қиыншылыққа қарамастан өз қыздарынан кем етпей өсірді. Басына түскен қайғы-қасірет ерте есейткен апамыз да оларға көмегін тигізуді ойлап, ұжымшарға мүше болып кірді, еңбекке араласты.
Қаланың дәл іргесіндегі Қостөбе аталатын ауылда 1929 жылы құрылған, қаланың кендір өндіретін зауытын шикізатпен қамтамасыз ету үшін кендір, мақта, басқа да дақылдар өсіретін шағын ұжымшарда егіс-дала жұмыстарының бәрі дерлік қолмен атқарылатын. Малы көп байдың әлпештеген қызы болып, үкілі бөрік, қос етек көйлек киіп, тайпалған жорға мініп өскен Мәрзия апамыз ауыртпалық атаулыға қайсар рухын қарсы қоя отырып, өмір үшін күресті, өз қатар-құрбыларынан қалыспай кетпен шауып, арық қазды. Қиындықтың нешеме түріне төзді. Жұмысқа деген ынтасымен, үлкендердің алдын кесіп өтпейтін иба-ілтипатымен тез-ақ танылды. Диқаншылықтың өте ауыр тірлігіне көндіккенінде қант қызылшасын өсіру қолға алынып, нағыз бейнетті күндері басталды. Алайда, жаңа істі тез-ақ игеріп алды. Өзгелерге үлгі бола білді.
Маңдай терін тамшылата төгіп баптаған алқабын көріп, дән риза болатындардың бірі - Дариға Жантоқова еді. Екеуін көп нәрсе байланыстыратын. Ауылға бір жылда келін болып түскендері үстіне екеуі де Шымыр-Жаңабайдың қыздары, тағдырлары да ұқсас-ты. Мойынқұмның жиегіндегі Ақжар ауылында өскен Дариға апамыз ашаршылықта отбасымен Қырғызстанды сағалаған. Жағдай кішкене оңалып, қайта көшкенде әкесі осы Қөстөбені қалап осында тұрақтаған. Жаңа мекенде Дариға апамыз Балатай деген жігітке тұрмысқа шыққан. Ол ұжымшар төрағасының орынбасары, кейін төрағасы болып істеді.
Ал Мәрзия апамыз тағдырын байланыстырған Ташболат Ибрагимов өзіндей бір үйдің жалғызы болатын. Осы Қостөбені мекендеген Қарақожа әулетінің бір бұтағы. Оның отбасында анасы және оның ашаршылықта барлық туыстарынан айырылып, жалғыз қалып, әпкесінің қолына келген сіңлісі бар еді. Екі енесі де таңның атысы күннің батысына дейін алқапта жүретін келіндеріне жақсы қарады. Мәрзия апамыз бұл туралы ризалықпен еске алып отырады.
Қант қызылшасын өсіруге төселіп қалғанда Ұлы Отан соғысы басталды.Талай құрдастарымен бірге Ташболат та майданға аттанды. Ал тұңғышын босанған Мәрзия апамыз болса, белін бекем буынып, қызылша даласына шықты.
Батыста қан қасап соғыс жүріп жатқан сол бір қиын-қыстау күндерде шаруашылық жұмысының бар ауыртпалығы әйелдер мен қарттардың иығына артылды. Жұмыс күші жетіспейді. Еңбегі үлгі, тәжірибесі мол Мәрзия апамыз звено жетекшісі болды. Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін деген ұранмен уақытпен санаспай, жанқиярлықпен еңбек еткен, күн шықпай алқапқа барып, қараңғылық қоюланғанда ғана үйге қайтатын әйелдер кетпенімен қоса бір-бір құшақ отынын да арқалай қайтатын. Үй шаруасын тындырған соң, түннің бір уағына дейін сығырайған май шамның жарығымен жылы қолғап, шұлық тоқитын. Өйткені, майдандағыларға жылы киім жөнелту ауыл әйелдері үшін міндетті жұмыстардың бірі болды. Осы мақсатта әр үйден жиналған соғыс салығының өтеуіне жүн таратылатын. Мәрзия апамыз өзіндей көптеген қыз-келіншектер сияқты тоқыған заттары соғысып жүрген ері Ташболатқа жетсе деп қиялдайтын.
Майданға жылы киім-кешек қана емес, азық-түлік те жөнелтіліп жатты. Ленинград қаласын қорғаушыларға облыс еңбекшілері 9 вагон азық-түлік жібергенде, олардың арасында өздері өсірген өнімнен алынған 800 центнер құмшекер де болғаны, осы оқиғаға арналған жиында майданға көмекті ұлғайта беру туралы міндеттеме алғандары да Мәрзия апамыздың есінде.
Келесі 1942 жылы ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Әбсамат Қазақбаев қызылшашылардың облыстық кеңесіне арнайы келіп қатысты, 1941 жылдың қорытындысында мол өнім алғандарды марапаттап, Құрмет грамоталарын тапсырды. Сол озаттардың сапында Мәрзия апамыз да болды, көпшілік алдында алған тұңғыш марапатының қуаныш-әсерін көпке дейін ұмытқан жоқ.
Соғыс жылдарының тағы бір жарқын естелігі - күйеуі Ташболаттың 1944 жылы ұрыс даласында ауыр жараланып, госпитальда ұзақ емделген соң, екінші топтағы мүгедек болып елге оралуы еді. Оның келе жатқан хабарын жеткізген қызға мойнындағы моншағын бергені, үйдегі жалғыз ешкісін сойып құдайы тамақ таратқаны қалай ұмытылар! Аман-сау оралған соң Ташболат та шаруашылық жұмысына араласып кетті. Қатардағы ұжымшар мүшесі ретінде талай шаруаны атқарды, трактор жүргізген кезі де болды.
Соғыс аяқталар жылы ұжымшарға Қостөбеге жақын Ақбұлым ауылында туып-өскен Мұқаметқали Нұрбаев төраға болып келді. Бұған дейін Жамбыл ауданындағы Ильич атындағы, Октябрь ұжымшарларын басқарып, оларды озат шаруашылықтар қатарына қосқан, Жамбыл аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болып істеген.
Көп жыл өткеннен кейін кезінде облыстың бірінші басшысы болған Асанбай Асқаров өзінің Тағдыр атты кітабында Мұқаметқали Нұрбаев туралы Өзі іскер ұйымдастырушы, ұшан-теңіз тәжірибелі, өмір мектебінен өткен адам еді. Сауаты да бір басына жетіп артылатын. Көбіне араб қарпімен жазатын. Агротехниканы, өндірісті жүргізудің принциптерін өте терең білетін. Асыққан сәттерде сәл-пәл тұтыға сөйлегенімен, ойларын келістіріп жеткізетін. Бір сөзбен айтқанда, талай қасиет дарыған адам еді. Ол басқарған колхоз ауыл шаруашылығы дақылдарынан, әсіресе, қант қызылшасынан өнім алудан бірнеше рет рекорд жасаған-ды. Ол сонымен қатар талай тамаша адамдарды тәрбиелеп шығарған-ды, деп жазды.
Ұлтымыздың мақтанышы болған Асанбай Асқаровтың осындай жоғары бағасын алған Мұқаметқали Нұрбаев бас-аяғы бір жыл ішінде бұрын атағы шықпай келе жатқан шаруашылықты берісі республикаға, әрісі Одаққа танытты. Тәжірибелі де іскер ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы Қызыл жұлдыз ұжымшарының жер жағдайын, ағын судың мол, қалаға, қант зауытына жақын орналасқанын, еңбеккерлерінің балтамыр өсіруде мол тәжірибе жинағанын тиімді пайдалана білді. Озық атаулыны өндіріске енгізуге, техникалық жарақтануды жедел жүргізуге күш салды. Білікті, білімді мамандарды жұмысқа шақырды. Бас агроном Мұстапа Бұралхиев негізгі қызметіне қоса Мәскеудегі Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының (ВАСХНИЛ) Жамбыл облысындағы өкілі болып істеген. Ғылыми жұмыспен көп айналысқан. Ауыспалы егістің жаңа әдісін ұсынып, ол шаруашылықтарда табысты қолданылған.
Жақсы басшы - елге құт деген ғой. Оның арқасүйер мамандары шетінен білікті, білімді болса істің өрге басқаны. 1947 жылы дәл осылай болды. Ерте көктемде қызылшашы төрт құрбы - Дариға, Сындыбала, Қанымқыз және Мәрзия әрқайсысы төрт гектардан қант қызылшасын баптауға кірісті. Бригада жетекшілері соғыс кезінде еңбек армиясында болған Айтжан Бөгенбаев, майдан даласынан елге аман оралған кешегі жауынгер Керімбай Мырзақұлов болатын.
Қызылшашыларды еселі еңбекке жұмылдырған тағы бір жәйт - сол жылы Одақ астанасы - Мәскеудегі басшылар қант қызылшасын өсіруде әр гектардан 800 центнерден асыра өнім алғандарға Социалистік Еңбек Ері атағы берілетіні туралы Жарлық шығарған-ды.
Атақты емес, жұмысты ғана ойлайтын Мәрзия апамыз бұл хабарға онша мән бере қойған жоқ.
- Бізді табысқа жетелеген намыс еді. Еңбек Ері болуды, немесе жоғары марапат алуды ойға да алмадық. Жұмыста елден қалмауға ұмтылдық, - дейді сол күндерді еске алғанда апамыз.
Шындығы да осы болатын. Құрбыларынан қалыспай, Мәрзия апамыз күзде сүдігер жыртылуын қадағалап, қыста күл, көң төгіп тыңайтқан алқабының әр сүйемін дерлік көз алдында ұстады десек болар. Ерте көктемнен бастап, қашан жиын-терін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қант қызылшасын өсірудің озық технологиясы
Қант қызылшасын тұқымға өсіру технологиясы туралы
Алматы облысы Көксу ауданының табиғи жағдайында қант қызылшасының аурулары
Өсімдікті интегралды қорғау жүйесінде шаруашылықты ұйымдастыру
Қант қызылшасының маңыздылығы
Ауыспалы егіс
Алматы облысы Ақсу ауданының табиғи - климаттық жағдайы
ОҚО шаруа қожалықтарында қант қызылшасын егіп өсіруді механикаландыру және технологиялық картасын жасау
Егіс. Егіншілік
Қант қызылшасының даму тарихы
Пәндер