Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесі

Жұмыссыздық - елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Кез келген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және өндіріс технологиясында маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады. Жұмыссыздық - барлық қоғамда болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде‚ мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Демек, елдегі тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы - ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу кезіндегі жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейі болып саналады. Мұндай жағдай елдегі жұмыс күшінің рыноктары теңдестірілгенде, яғни жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орындарының санына тең болғанда пайда болады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қоғамдағы оң құбылыс болып есептеледі. Егер жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орнынан асып түссе‚ онда жұмыс күші рыногының тең болмағаны. Екінші жағынан‚ жиынтық сұраным молайған жағдайда жұмыс күшінің “жетіспеушілігі” сезіледі‚ яғни бос жұмыс орындарының саны жұмысқа мұқтаждардың санынан асып түседі. Қазақстанда нарықтық экономикаға өту кезеңінде бұрынғы тиімсіз кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық мекемелерінің жұмысын уақытша тоқтатып, жабылуына, банкротқа ұшырауына, жекешелендіріліп, қайта құрылуына байланысты жұмыссыздық құбылысы байқалды. 2000 жылы елдегі жұмыссыздар саны 1997 жылғы деңгеймен салыстырғанда біршама (0, 2%-ке) төмендеді. Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформалар барысында жаңа жұмыс орындары ашылуына, ішкі, сыртқы инвестициялар көмегімен, бірқатар өндіріс ошақтары мен ауыл шаруашылығының жандануына орай, ауылды қайта өркендетудің 3 жылдық бағдарламасына байланысты жұмыссыздық деңгейі де біртіндеп табиғи деңгейге түсе бастады. [1]

Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 2015 жылдың қаңтарында 5%-ды құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметі. «2015 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 459, 2 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5, 0% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2015 жылғы қаңтар айының соңына 47, 3 мың адам («Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»бағдарламасына қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0, 5%-ын құрады (2014 жылғы қаңтарда - 0, 5%) », - делінген хабарламада. Республика экономикасында 2015 жылғы қаңтарда бағалау бойынша 8, 6 млн адам жұмыспен қамтылды. Сонымен, өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 55, 5 мың адамға немесе 0, 6%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 6, 0 млн адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 70, 0%) құрады. Ведомство мәлімдегендей, 2014 жылғы IV тоқсан деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 71, 7%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар - 28, 3% құрады. [2]

Картинки по запросу жумыссыздык статистикасы

Жұмыссыздықтың зардаптары:
1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда:
- халықтың сатып алу қабілеті төмендейді,
- қазына - қор қысқарады,
- инвестицияға сұраныс қысқарады,
- өндіріс құлдырайды.
2. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.
3. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі. [3]
Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді.
Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциальдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2, 5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім. [4]

Жұмыссыздық негізгі себептері:

Неоклассикалық теория. Жұмысшылардың табыспен келіспеуі, төмен жалақымен жұмыс істеуден бас тарту.

Кейнтік теория. Жұмысбастылық жиынтық ұсынысқа, тұтыну бейімділігіне және инвестициялар көлеміне байланысты.

Маркстік теория. Қорланған капиталдың қажетті нәтижесінде, жанды еңбекте машина мен жабдықтарға қарағанда аз өседі.

Жұмыссыздықтың мынандай түрлері бар:

Ағымдағы немесе фрикциондық жұмыссыздар - Адамдар бір

жұмыстан екінші жұмысқа ауысады, бір жерден екінші жерге көшеді,

жұмыс іздейді, оны күтеді. Осы себептерге байланысты жұмыссыз

болады, оны фрикциондық немесе ағымдағы жұмыссыздар дейді.

Сонымен, фрикциондық жұмыссыздық жұмыс күшінің объективті

қажеттілікпен қозғалысына байланысты.

Құрылымдық жұмыссыздық - жұмыс күшінің құрылысына жұмыс

орнының құрылымының сай келмеуіне байланысты болады.

Өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмыс күшіне сұраным

құрылымын өзгертеді. Жұмыс орнының жаңа құрылымы бұрыннан

келе жатқан (ескі технологияға сай) жұмыс күшінің құрылымына сай

келмейді, осыған байланысты жұмысшылардың белгілі бір бөлігі

өндірістен ығыстырылып, құрылымдық жұмыссыздарды құрайды.

Жұмыссыздықтың жоғарыда келтірілген екі түріде шарасыз,

сондықтан егер елде жұмыссыздықтың фрикциондық және

құрылымдық түрлері болса, онда жұмыссыздық жоқ деп есептелінеді. [5]

Ағылшын экономисті А. Пигу “Жұмыссыздық теориясында” мынадай тезис дәлелдеді, - “еңбек рыногында бәсекелестік жүреді ”. Бұл, еңбекке бағаның көтерелуін әкеп соғады. Сондықтан көптеген экономистердің айтуы бойынша кәсіпкерлер жоғары көлемді жалақыны білікті маманға төлеу, егер сол маман өнімнің шығару құнын көбейтсе, соның есебінен еңбекке жоғары өнімділігі нәтижесінде кәсіпкерлердің жұмысшы персоналын қысқартуға мүмкіндігі болады. Бұл дәрежеде мынадай принцип жүреді: “Ыңғайлысы, 1 жұмысшы ұстап, оған жақсы жалақы беру, 5-6 адамға төмен жалақы беруге қарағанда.

Пигу өз кітабында көп жақсы, нақты өз ойын былай деп қарастырған: “Жалпы ақшалай жалақының қысқаруы жұмысбастылық жағдай жасай алады. Мұндай трактовканы дәлелсіз деп қарастырамыз, ол жалақысы аз жұмысшылардың жұмыссыздық армиясына қосылуы”, “толуы” дегенді растайды. Тұрпайы саяси экономика жұмыссыздықты теңдік жағдайынан “кездейсоқ” ауытқу деп қарастырады. Алайда, капитализм тарихындағы аса күйзелісті болған 30-жылдардағы дағдарыс тұғызған шым-шытырық оқиғалардың ықпалымен ағылшын экономисі Д. Кейнс капитализм тұсында жұмыссыздықтың лажсыз сипатта болғанын мойындайды.

Жұмыссыздықтың болуын ол өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарына жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен байланыстырады. Бұл ретте Д. Кейнс өндірістің объективті заңдылықтары мен қайшылықтарын елемей, кәсіпкерлер мен тұтынушылардың психологиялық мінез-құлық дәлелдеріне, жиынтық сұранымды мемлекеттің ынталандыруы арқылы “жұмыспен толық” қамтамасыз етуге болады. [6]

Жұмыссыздықты жою мәселесі

Қазіргі таңда біздің елімізде жұмыссыздықты жою мақсатында көптеген мәселелер қарастырылып жатыр. Елімізде жұмыссыздық мәселесі көбінесе жастардың әлеуметтік әл-ауқатына ерекше әсер ететін мәселелердің бірі. Себебі, Қазақстанның болашағы -жастардың қолында! Жастар - ел болашағы. Ал, болашақ бағдарсыз болмайды. Осыны жете түсінген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Үкіметіне келер жылдың бірінші жартысына дейін «Жастар саясаты» жөніндегі заңды қабылдауды тапсырған болатын. Ал, биылғы жылдың басынан ҚР мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі Тұжырымдамасы қабылданды. Жалпы бұл тұжырымдамада жастар арасында мәселелер мен проблемалардың алдын алу және оларды шешудегі нақты басым бағыттар көрсетілген. Баршамызды толғандыратын сұрақ жастардың әлеуметтік сипаттағы мәселелері, яғни ол жұмыссыздық мәселесі, тұрғын үймен қамту, жас буын арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру екендігі мәлім. Концепцияда басты назарға осы басымдықтар алынды. Нақтылап айтсам, «Дипломмен - ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Қолжетімді баспана», «Мемлекеттік кадрлар резерві» деген бағдарламалар. [7]

Егер де жастар, осындай мемлекет тарапынан жасалып жатқан игі істерден қалыс қалмай, жалқауланбай, белсенділік танытсақ, әрине бізге берері өте көп. Мәселе мүлде жоқ деп айтуға келмейді, бірақ ол бірте-бірте шешілетін мәселе. Себебі, қазіргі таңда Қазақстанда жас мөлшері 14-тен 29-ға дейінгі адамдар жастар қатарына жатқызылады. Бүгінгі таңда жастар еліміздің халқының 30% құрап, қоғамның маңызды бөлігі болып табылады. 14-29 жас аралығындағы әрбір қазақстандық жас бала өмірінің маңызды бөлігін жұмыспен қамтылу мәселесі құрайды. Жоғарыда айтылып өткендей, өздерінің жас мөлшеріне байланысты жас адамдар қандай да бір салада үлкен тәжірибеге ие болмағанымен, ірі көлемді инновациялық және шығармашылық мүмкіндіктер, сондай-ақ жемісті еңбек етуге деген айрықша құлшынысқа ие. [8] Картинки по запросу қазақстандағы жұмыссыздық мәселесін шешу жолдары [9]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы жұмыссыздық себептері мен формалары жайлы
Жастардың жұмыссыз қалуы оңай
Қазақстандағы еңбек нарығы жағдайындағы жұмыспен қамту
Еңбек рыногы және оның элементi – жұмыссыздық
Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері
Жұмыссыздықтың теориялық аспектілері
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСУ САЯСАТЫ
Қазақстандағы жұмыссыздық себептері мен формалары
Қазақстан Республикасы жұмыссыздық мәселесі
Қазақстандағы жұмыссыздық. Еңбек нарығының жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz