Латын әліпбиіне көшу - заман талабы


Латын әліпбиіне көшу - заман талабы
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің кезекті Жолдауларының бірінде:"Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманға ақпараттың тіліне айналдырады "-деген болатын.
Біз латын әліпбиіне көшу барысында не ұтамыз, латын әліпбиі бізге не береді?
Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымызды былайша жіктеп көрсетуге болады:
Ең алдымен, тіл тазалығы мәселесі , қазіргі әліпбиіміз бен жазуымыздағы халықтың өз еркімен қалап алмаған, кешегі бодандық жүйенің өктем саясатының әмірімен күшпен таңылған кейбір кірме әріптерден арылып, таза казақ әліпбиін калыптастыру бағытындағы игілікті қадам деп түсінеміз. Сондықтанда тіліміздегі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.
Екіншіден, латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Қарапайым ғана мысал келтірер болсақ, қазір ұялы телефондарымыздың өзінде латын қарпінде жазу оңай, ал кириллицада қазақшаны тере алмай қиналып жататынымыз бар. Себебі, латын әліпбиінің базасы қалыптасқан, әрі ауқымы кең.
Үшіншіден, бүгінгі таңда кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Ал қалған мемлекеттердің көбі толықтай латын әліпбиіне көшкен. Түбі бір түркі дүниесі негізінен латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Ол-табиғи іс. Сондай-ақ бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақтар тұратынын ескерсек, солардың 80 пайызы латын әліпбиін қолданатын көрінеді. Демек, біз болашақта латын әліпбиіне көшер болсақ, сол қандастарымызбен жақындаса түсеміз. Түсіне білген қоғам үшін мұның да маңызы зор екенін атап көрсеткім келеді.
Тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға қарыштап, өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы дамып келеді. Қуантарлығы бүгінде мектеп шәкірттері даярлық сынып, бастауыш сыныптардан-ақ ағылшынша үйренуде. Жастардың көбі ағылшын тілін жақсы меңгеруде. Әлеуметтік желілерде де ағылшынша жазатын жастардың дені күннен күнге артуда. Латын әліпбиі соған ұқсас болғандықтан, көп кешікпей көпшілік арасында кең таралып, ауқымы кеңейе түсетініне сенімдімін. Сондықтанда латын әліпбиіне көшуден қорқуға еш негіз жоқ деп ойлаймын.
«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты», - деп Елбасы айтқандай, латын әліпбиіне көшу - заман талабы. Ал ғалымдарымыз осы қаріпті қолдану арқылы әлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіре аламыз деген пікір айтып, оның тиімді тұстарын дәлелдеп бағуда. Ендігі кезекте, сол ғалымдарымыздың жан-жақты еңбегі сараланып, түрлі әдістемелік жұмыстар жүргізілетінін түрлі ақпарат көздерінен оқып-біліп танысып жатырмыз.
Сол ғалымдарымыздың еңбегін бағалап, ел болашағы үшін қабылданғалы отырған маңызды шешімге қолдау білдіру, жақсыны үйренбекке ұмтылу - жүрегі «елім» деп соққан әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті деп түсінемін
Латын әрпі туралы Жалпы латын әрпінің тарихы Нәзірдің «Жаңа әліп-биінде» толық жазылған. Бірақ бұл жалпы алғанда білу үшін керек болса да, қазіргі қай әріп жақсы, қай әріп жеңіл деген таласқа келгенде латыншаларға да, бізге де пайдасы шамалы, дәлелдігі жоқ. Дегенмен латын әрпінің тарихына, оның араб әрпінің баспасына қалай келгенін айтып өткен жөн. Араб әрпі ең әуелі жазба түрде жарық көрген. Баспасы болмаған. Уақыт өте келе даму үдерісі арқылы баспа машиналар пайда болған соң ғана бізге жетті. Ең қызығы латын әрпін алғаш шығарған латын елі қазір жоқ. Латын бұл кезде жоғалған ел. Қазіргі Еуропа мәдениеті дамымай тұрып, әріпті төресінен арабтан үйренген. Қазіргі қолданыстағы әріптері тегі арабтың тамыры. Тек өзгеріске ұшыраған. Айналып келген кезде мәдениетті ел өнерді, табиғатты өздеріне икемдеп, сыртқы түрлерін өз қажеттіліктеріне қарай өңдеп алады. Ал біз бұл жағынан қалыс қалып қойғанбыз. Қалай бар солай қабылдауды әдетке айналдырып алғанбыз. Тегінде латын әрпін алған елдер неге алып отыр? Алуларына қандай себеп бар? Олардың себебі бізде бар ма, осы мәселеге жауап іздеп көрсек. Мәселен латын әрпін әзірбайжан алса, оларда бұрын сөзге өлшенген дыбыс заңында әріп болмаған. Жазу ережелері, емлелері тіпті жоқ болатын. Қазір латын әрпін алғанмен, емлелері жоқ. Осы күні олар латын әрпімен жазған сөзді дұрыс оқи алмайды. Аталған ел латын әрпінің түрін тексермей, өз тілдеріндегі дыбыстарын есептемей алып отыр. Міне, бұл еліктеу жасаудың қажеті жоқ. Бұл арты жақсылыққа әкелмейді. Сондықтан әріптің өзі мәдениетке керек деген пікірді дұрыс ұстанған жөн. Жоғарыда көрсетілген зерттеулер қоғам қайраткері, ғалым, лингвист, математик - Елдос Омарұлының еңбегі бойынша түйінделді
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz