Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамуындағы саланың маңызы

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Нарықтың даму тарихы және теориясы
1.2 Қазақстандағы нарықтық экономиканың даму тарихы
1.3 Қазіргі заман нарық экономикасы теориясы және ондағы мемлекет рөлінің көрініс табуы
II. Нарықтық экономикадағы мемлекет ролі
2.1 Нарықтық экономика қатынастары
2.2 Нарықтық экономиканың Қазақстан Республикасына енуі, маңыздылығы
2.3 Нарықтық экономиканың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері
III. Нарықтық экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері
3.1 Нарықтық экономиканың кемшіліктерін жұмсарту және жоюдағы мемлекет атқаратын қызметтер
3.2 Экономиканы мемлекеттік реттеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әлі күнге дейін нарық экономикасындағы еркіншілдік, халық санасында оған тән қанаудың қатал жүйесімен, жаппай жұмыссыздықпен, еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын үғым ретінде орныққан. Алайда, Батыс елдерінің тәжірибесі, нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне экономиканың тиімділігі мен бірқалыптылығын сақтауға, ғылымның, білімнің, мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарық ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды. Нарық өзінің мәнісі жағынан тек ұқыпсыздар мен жалқауларға, қолынан іс келмейтіндерге тиімсіз.
Мемлекеттің макроэкономикалық жэне микроэкономикалық процеске қатысуы осы процестің бөлінбейтін элементіне айналды. Бүгінгі таңда мұндай қатынасу барлық экономика көлемінде жүргізіледі жэне ол белсенді түрде жүзеге асырылуда. Әлбетте, мемлекет белсенділігінің артуына қарамастан бүгінгі таңда өркениетті елдердің экономикасы өзінің нарықтық негізін сақтауда.
Осыған байланысты экономика -- мемлекет қарым-қатынастары қарама-қайшылықты мазмұнда қалыптасуда. Неге? Себебі аталған қарым-қатынастардың екі жағы да қарама-қарсылықта бейнеленеді.
Мемлекеттің экономикалық өмірге белсенді араласуының мынадай үш себебін бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, мұның қажеттілігі нарық қатынастары механизмінің өзегі -- бәсекелестік күрес болып табылатындығы. Монополияның дамуы -- нарықты экономиканың бәсекелестік бастамасын бұзады. Бүл макроэкономикалық проблемаларды шешуге теріс әрекетін тигізеді, қоғамдық өндірістің тиімділігін төмендетеді. Мұндай қатынасты тек мемлекеттің монополияға қарсы әрекеті ғана жеңе алады.
Екіншіден, нарық механизміне пайдасы жоқ өндіріс түрлері аз емес. Ең алдымен олар капиталдың орнын ұзақ мерзімде толтыратын өндірістер. Оларды меңгеру жекеменшік кәсіпорындарға біршама қиындықтар туғызады.
Үшіншіден, нарықтың өзін-өзі реттеу мүмкіндігінің шектелуінен туындайтын себептер бар. Мемлекет өз күшін экономикалық жүйенің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтуды қажетті деңгейде сақтауға, ақша айналымын бақылауға жэне т.б. макроэкономикалық проблемаларды шешуге бағыттайды.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының қалыптасуы деген курстық жүмысымда мен нарықтың мәні мен ерекшеліктерін, нарықты мемлекеттік түрғыдан үйымдастырудың мәні мен оның өзекті мәселелерін, нарықтың даму тарихы мен теориясын, оның ішінде Қазақстан нарығының тарихын, оның артықшылықтары мен кемшіліктері туралы қарастырдым.
Менің ойымша Қазақстанда нарықты дамыту жолы орта және шағын бизнесті дамыту. Ол үшін мемлекеттің рөлі өте үлкен.
Нарық пен мемлекеттің екеуі де маңызды. Экономиканы осының немесе басқасының жоқ жағдайында басқару -- бір қолмен шапалақтағанмен тең -- деп бекер айтылмаған.
Негізгі бөлім
Нарықтық экономиканың қатынастарыныц даму кезеңдері
Нарықтық даму тарихы және теориясы
Нарықтық экономика - ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы,оның дамуының өзіндік бай тарихы бар.нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынандай негізгі кезеңдерге бқлуге болады:
a) Нарық элементтерінің пайда болуы,
b) Натуралдық айырбас кезеңі нарығы
c) Тауар баламасы кезеңініннарығы
d) Тауар емес балама кезеңінін нарығы
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады,олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда-саттық көріністерде кездейсоқ болды.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т2 көрсетуге болады.Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды.Осының нәтижесінде қоғамдық қажетішығындар категориясы қалыптасады.Құнның субстанциясы әліде болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ,сондықтан таза құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе - теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т1- Т2 , балама -- Т2 .Әрбір жергілікті нарыққа баламы тауардың бір түрі тән.Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ығысып шығып қалып отырады.Бұл кезенде таза өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді,оған тауар қабығынсыз өмір суре алмайтын шығындық және шығындық емес деп бөлінетін құрамалары байланады.Дүниежүзілік нарқтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі қызметін алатын атқара бастайды.
Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы : Т1 - тауар емес балама- Т2 . Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен құнның таза иеленушілері несие ақшалар өзінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иеле нушісінің оқшаулануы-қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.
Сонымен бірге нарықты стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөледі. Стихилы нарық капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болды. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы Адам Смит (1723-1790) өзінің Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу (1776ж) деген басты еңбегінде - жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А.Смит, екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі даумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін түнгі күзеткішінің рөлін атқару қажет. Мемлекет laisser faire ( мейлі өзімен өзі жүрсін) саясатын жүргізіп бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ АСмит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керісінше, ол жеке капиталдың монополиялар мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын жаман әдеттеріне мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нарықты реттеуге қабілеті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп, А.Смит нарықты экономиканың өзін-өзі реттеу механизімін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың көрінбейтін қолының пайғамбарының пікірінше - жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда, оны реттеуді монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалыптасты.
Монополиялық нарық XIX ғасырдың аяғында XXғасырдың алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми-техникалық прогрестің баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бұған, мемлекеттік меншіктгі ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген бұрынғы КСРОөның экономикасына жатады.Нәтижесінде ,суранам мен ұсыным сұрақтары әкімшілік өміршілік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндіушілер нарығының типы қалыптасты.
Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр.Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге -- өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру,шаруашылық субъектілеріне қаржы несие тұтқалары арқылы әсер ету , белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті еңгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әртүрлі кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама - ақпараттық жүйелерді құр арқылы реттеуде мемлекеттің шешуі рөлін атап көрсету керек (ол туралы кітаптың келесі тауарларына кеңірек айтылады).
Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр.

Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды. Оның ерекшіліктері неден деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап беру онай шаруа емес.Себебі, біздер әлі кунге дейін өз халқымыздың , жеріміздің тарихын білмейміз.Мысалы , Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан патриархалдық - феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан.Оны қазақтардың көшпелі мал-шаруашылығымен айналасумен байланыстырады.Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштербің даму дәрежесі өте- мөте төиен болды,тауарлы ақша нарықтық қатынастардың қалыптасуын жағдай болған жоқ дейді.Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірлерін айта жатар
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты.Өндіріс құрал-жалдықтарына жекеменшік .Ал Қазақстанда өндірістік қатынастардың негізі жерге феодалдық меншік болдыІрі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды.Көшпелі мал-шаруашылығы жағдайына жер өндірісінің шарты ғана емес , сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.
Жерге феодалдық меншіктің күшею қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу ісімен тығыс байланысты.Оған Ресей империясының өте-мөте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті.Мысалы,1914жылға дейін қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы ,мәйекті жерлер жер ауып келген орыс шаруаларының патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне тартып алынған болатын.Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас - тартыс күшейді,меншіктік бөлінусі тереңдей түсті, қауымдық - рұлық қатынастар ыдырай бастады.Патша укіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі байлардың жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бола түсті. Бұл процестер қазақ халқында бұрын-соңғы болып көрмеген таптық қатынастардың қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиелісуіне қатты әсер етті.
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына,өркендеуіне жағдай жасады.Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды.Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды.Академик С.Бәйішевтің мәлеметтері бойынша, Қазақстанда малмен сауда жасау,әсіресе XVI ғасырдан бастап мықтап өріс алған,оның едәуір бөлігі айырбас , шетке шығарып өткізу үшін өндіріліп отырған.
Өздеріңізге белгілі, қазақтардың күн көрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды,егіншілікпен айналыспаған деген жалан тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бұл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді.Егіншілік кәсіппен қазақтар өте ертеден айналысқан, олар негізінен оңтүстік , оңтустік-шығыс аудандарда орналасқан болатын.Егіншілік өнімдері шаруашылықтың өз ішінде тұтыну ғана емес , басқа аудандарға шығарып сату үшін де өндірілетін болған.Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін шаруашылығының одан әрі дамып қанат жаюына патша үкіметінің отарлау саясаты мықты кедергі болды.Жергілікті қазақтарды шөл-шөлейтті аймақтарға күшпенкөшурудің кесірінен бұрыннан қалыптасқан тырықшылық ұяларыбұзылды. Қазақ әдебиеті газетінде жарияланған экономика ғылымдарының докторы, профессор Толған Әбдіразақовтың Қазақстан және қазақтар деген үлкен мақаласында мынадай деректер келтіріледі.XIX ғасырдың орта тұсында қазақтар арқылы орталау Өлкенің дамуына және өндіргіш күшіне айрықша кең әсер етті . Қазақтар алған байтақ жер бөліктері , көп ұзамай тақыр айналды , олар көп ретте жеке еңбекпен егін шаруашылығымен шұғылданудың орнына түрлі формада қырғыздарды қанаумен айналысты.1848 жылы 100 десятина бөлік түрінде 22376 десятина жыртылатын жер алған Қапал станциясының қазақтары 1855 жылы, яғни сегіз өткеннен кейін тек 1826 десятина жерге еткен , бұл қырғыздардың бұрынғы егінінң 7 проценттейі (Россия , 7 том ,С-Петербург, 1913,321 бет).Осындай процестердің нәтижесінде қазақтардың тауарлы шаруашылығы құлдырап кеткен.Осы бір ғана мысал не көрсетеді? Ол патшалық Россияның шаруалар арқылы отарлау саясаты қазақтың егін шаруашылығын өркендетуге жемісті ықпал етті деген пікірдің дәйексіз екендігін көрсетеді.Оны Т . Әбіразақов көрсеткен мынадй мәліметтерде де дәлелдей түседі. XIX ғасырдың аяғында Ақтөбе, Қостанай уездерінде егістің 80 % қазақтардың иелігінде болған. Орал уезінің қазақ диқандары 5,4 миллион пұт астық жинап,оның 4 млн пұтын астам нарықтарында сатқан. Ал 1893жылдың өзінде ғана Ақтобе уезін қазақ шаруашылықтарының астық сатудан түсірген кірісі шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен кірісінен жарты есе артық болған. Кезінде патша үкіметі дала өлкесінде өндіріліп арзан астық Россиядағы помещик нанының бағасын кемітеді қауыптеніп тиісті протекционистік (ұлттық нарықты үкім тарапынан қорғау ) нарық саясатын жүргізеді . Бұдан біз нарық экономиканың негізгі белгілерінің бірі-бәсеке күресі Қазақстанда болғанын көреміз.
Сонымен бірге нарықтық қатынастардың қалыптасуына белгі бір дәрежеде дамыған қолөнер кәсібі де,өнеркәсіп те әсер Қазақтар үй бастырды, жүннен мата тоқылды,терінен былған иледі, металдан ыдыс-аяқтар жасай білді, киім тікті,киіз бастыкілем тоқыды.Бұл салалардың бұйымдары айырбас үшін , ретінде де шығарылатын болды.
Қорыта айтқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы сауданың дамуы патриархалдық-феодалдық шаруашылық ыдырауына ,капиталистік элементтердің пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады, бірақ, оны түгелдей іріте алматы.Оның негізгі себептерінің бірі - Қазақстанда өнеркәсіп дамуының арта қалғандығы еді .Бұл да патшалы Россиияның отарлау саясатымен байланысты болды.Өнеркәсіп ресейлік және шетел капмталының күшімен өріс алды,ал жергілікті капиталдың бұл саламен айналасуына бөгет жасады.Капитал негізінен шикізат өндіретін салаларға пайдаланылды, кең байлықтарын алу қасақана терістәсілдермен жүргізілді, олардың тек қана аса бай,қол күшіменғана алынатын орындары пайдаланылды.Сайып келгенде осының бәрі ұлттық өнеркәсіптің пайда болуын мейлінше қиындатып қана қойған жоқ,сонымен бірге ,қазақ елінің экономикалық артта қалуын өте ұзақ уақытқа созды.
Осындай жағдайлардың салдарынан Қазақстан революцияға дейнгі дәүірдің он бойында (содан кейінгі 70 жылдан аса уақыт бойында да) аграрлы - шикізатты кіріптар ел күйінде қала берді.Жерді зор көлемде тартып алу,отырышылық ошақтарынталқандау ,қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ұлттық алалау,қисапсыз алым - салық қазақ халқының экономикалықжағдайының қалдыруына,еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырауына апарып соқтырды.Осының бәрі Қазақстандағы қоғамдық прогреске бөгет болып,оның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді.
Қазірге тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында жоғарыда көрсетілген тарихи әділетсіздіктерді жою міндеті тұр.Негізгі стратегиялық мақсат-демократияны дамыту,меншіктік қатынастарды реформалау,нарықтық экономиканы өндіру болыптабылады.Қазақстанда нарықты экономикаға көшу шартты түрде үш кезеңге бөлініп отыр.Бірінші кезең 1992-1995 жылдарды қамтиды.Ол микроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процесімен сипатталады: олар меншікті мемлекет иелігінен белсенді түрде алу, оны жекешелендіру және тұтыну нарығын таурлармен толтыру.1992 жылғы наурыздың 5-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданған Қазақстан Республикасында мемлект иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға (IIкезең) арналған ұлттық бағдарламасында былай деп жазылған: Жекешелендірудің негізгі мақсаты-мемлекетке қарасты өндірістік объектілерді , басқа да материалдық емес активтерді мемлекеттің өтеусіз және өтеммен беру арқылы республика халқына ұлттық мүлікті қайтару барысында меншік құқығын дербестендіру негізінде орталықтантырған -- жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Екінші кезеңде (1996-2005жылдар) экономиканың шикізаттың бағытын біртіндеп жою жалғасады,бірақ оның басты мазмұны көлік жүйесі мен телекомуникацияны жедел дамыту, сондайөақ дамыған тауар және валюта,капитал,жұмыс күші,бағалы қағаздар интелектілік меншік нарығын құру болмақ.
Үшінші кезең 5-7 жыл мерзімге созылып, ашық үлдегі экономиканың шапшаң қарын алып дамуымен сипатталды,соның негізінде өтпелі кезеннің стратегиялық мақсатына жетумен Қазақстанынң әлемдік саудадағы айқындамасындағы нығаюмен және дүниежүзіндегі жаңа индустриалды елдер қатарына кіруіме сипатталатын болады.
Батыс елдердің шаруашылық саласындағы саясаты анықтайтын қазіргі заманғы экономикалық тоериялар мен мектептерді,шартты түрде,екі негізгі бағытқа бөлуге болады.
Оның біріншілері- еркін нарықты және экономикаға мемлекеттің араласпауын жақтайтындар. Еркін нарықты жақтайтындары либерализм (негізін салушы Адам Смит), ал оның қазіргі заманғы жақтастарын неолиберализм мектебптерінің өкілдері (батыс германия экономисі Милтон Фридем)деп атайды.
Екінші бағыттың өкілдері экономикаға мемлекеттің белсен түрде араласуын жақтайды.Бұл идеяларды алғашқы жақтаушылардың бірі ағылшынның атақты экономисі, қоғам қайраткері Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды.Оның пікірінің қалыптасуына 1926-1933 жылдары болған бүкілдүние жүзілік экономикалық дағдарыс түркті болды.Ол өзінің басты еңбегі Жұмыспен қамтудың, проценттің және ақшаның далпы теориясы(1936ж) деген кітабындағы идеяларды классикалық теория деп атады және жаппай жұмыссыздықты тек қана сұранымды көтермелеу, ынталантыру арқылы шешуге болады деп қорытынды жасады.Жұмыспен қамту процесіне мемлекеттік реттеу жүйесіне көшу Дж.М.Кейнстің жұмыссыздық тұралы концепциясының негізгі қорытындысы болып табылады.XX ғасырдың 30-80 жылдары бойына Батыс елдерінде кейнсианстваның әсерімен нарықты реттеу жүйесі әрекет етті.Оған Дж.М.Кейнстің ізбасарлары , француздардың дирижестері жатады. Олар, бір жағынан реттелмелі нарықтың кейбір кемшіліктерін мойындай отырып , сонымен қатар нарықтық автоматты түрде экономиканы өзін-өзі реттеу мүмкіндігіне сенімдерін жоғалтқан болатын.Өздерінің зерттеулеріне , олар,бірінші кезекте ұлттық табыс,қорлану мен тұтыну, қоғамдық жиынтық өнім,ұсыным сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерді басшылыққа алды.
Мемлекет салық жүйесі арқылы пайданың едәүір бөлігін алып алып оны тиімді сұранымды және толық жумыспен қамтуды қолдау пайдаланады:экономикада мемлекеттік сектордың үлесі кеңейді, қосымша жұмыс орындары жасалады, азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының жүйесі жүзеге асырылады(зейнт ақы,жәрдем ақша,халыққа білім беру,денсаулық сақтау салаларына қаржы бөлу т.б.).Бұл бағыттағы экономистердің пікірінше мемлекет экономикалық дамудың бағыт беруші күшіне айналады,оның жәрдемімен нарықтың қолайсыз жақтарын жөнге салып реттен отырады.
XX ғасырдың 70жылдарында болған экономикалық дағдарыс және кәсіпкерлік белсенділіктің баяулауы мемлекеттік реттеудің зияндылығы тұралы идеяның қайтадан туындап дамуына себеп болды.Еркін нарық идеясының өкілдері нарық механизмнің бәсекенің негізінде балансылынған өсуді,яғни сұраным мен ұсынымның тепе-тендігі қамтамасыз ету3 м8мк3н деп есептеді.Олар - өздерінің зерттеулеріне микроталдауды басшылыққа алады,яғни экономиканы оқуды әрбір кәсіпорынның жұмыс істеу себебін қарастырудан, тауарларға қойылатын бағадан бастайды.Шын мәнінде ,қоғамдық өндіріс нарық арқылы байланысқа шаруашылық бірліктердіңжиынтығы болып табылады.Бұл экономистер мемлекеттің рөлі еркін бәсеке қолайлы жағдайды жасаумен шектеледі деп тұжырым жасайды.Олар экономикалық бостандықты,мемлекеттің экономикаға араласуының қажетсіздігін қоғамда болатын табиғи ,әмбебабты заңның әрекетімен түсіндіреді.Мұндай неоконсервативті бағыттағы идеялардың негізінде пайдаға салынатын салық нарық төмендету жолымен ұсынымды(өндірісті) көтермелеу,мемлекетсіздендіру және бәсеке күресу жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейту шаралары көзделген.Олар жалпылама жұмыспен қамту идеясына қарсы және әлеуметтік бағдарламаларды барынша азайтуды жақтайды.Бір жағынан әлеуметтік мақсаттарға қажетті шығындарды мойындай отырып олар екінші жағынан әлеуметтік кепілдіктер тегін қызмет пен төлем түрінде болуы дұрыс емес деп есептейді.Қорыта айтқанда бұл мектептің жақтастарының пікірінше өндірісті ұлғайту мен қоғамдық дәулеттілікті арттырудың негізі және кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Соңғы кезде негізгі екі бағыттың өз ішіндегі бой көрсетіп кележатқан жіктелу олардың жақындасуына себеп болып отыр.Бұған АҚШ экономисі Пол Антони Самуэльсонның (1915ж) неоклассикалық синтез теориясы барынша ақыл дәлел бола алады.Оның пікірінше неоклассикалық синтез макроэкономикамен дәстурлі микроэкономиканың арасындағы алшақтығы жояды.Реттелмелі экономика теориясының жақтастары сияқты Самуэльсон да еркін бәсеке адамдар мен ресурстарды толық қамти алмайды, тек ғана мемлекеттің араласуы ғана дағдарысты,жұмыссыздықты болдырмайды деп есептейді.Сонымен бірге белгілі бір ақылға сиымды шекте бәсекені қорғаудың қажеттігін атап көрсетеді .Нәтижесінде жеке кәсіпкерліктің және мемлекеттік кәсіпкерліктің де белгілері құрмаласқан аралас экономика пайда болады. Толық жұмыспен қамту жағдайында шекті пайдалылық , шекті еңбек өнімділігі теориялық турінде көрінетін,сөйтіп Самуэльсон үшін құн және табыстарды бөлу теориясының негізі болып табылатын классикалық принцип толықтай заңды күш алады.
Жалпы неоклассикалық синтезі жаңа теория деп есептеуге болмайды, ол экономиканы реттеулегі мемлекетің жетекші рөлі жағдайындағы жоғарыды көрсетілген екі бағыттың эклектикалық құрмаласуы болып табылады.
П.Самуэльсон өзінің неоклассикалық синтезінеғылыми техникалық революцияға ,экономиканы реттеуге мемлекеттің,ірі крпорациялар мен кәсіподақтардың арасында болатын ұзақ мерзімді келісім-шартсияқты нысандарға үлкен мән беретін АҚШ экономисіДжон Кеннет Гэлбрейттің(1908ж) негізгі жағдай ларында қосады.Бұндай ұсыныстардың мақсаты- мемлекеттікбақылаудыкешейту, әлеуметтік жанжалдарды бәсендету үшін әлеуметтік маневр жасау әдістерін кеңінен қолдану.
Біздің алдымызда да нарықтық экономиканы реттеу жүзінде жинақталған бай тәжірибиесін қолдану қажеттігі тұр.Әрине олаодың бәрі біздің жағдайымызға сәйкес бола қоймайды және олай болуға тиісте емес. Біз үшін қазіргі басты міндет -әлеуметтік.
1.3 Қазіргі заман нарықтық экономика теориясы және ондағы мемлекет рөлінің көрініс табуы
Батыс елдерінің шаруашылық саласындағы саясатын анықтайтын қазіргі заманғы экономикалық теориялар мен мектептерді, шартты түрде, екі негізгі бағытқа бөлуге болады. Оның біріншілері -- еркін нарықты және экономикаға мемлекеттік араласпауын жақтайтындар. Еркін нарықты жақтайтындарды либерализм (негізін салушы Адам Смит), ал оның қазіргі заманғы жақтастарын неолиберализм мектептерінің өкілдері (батыс германия экономисі Милтон Фридмен 1912 жылы туған) деп атайды. Екінші бағыттың өкілдері экономикаға, мемлекеттің белсенді түрде араласуын жақтайды. Бүл идеяларды алғашқы жақтаушылардың бірі ағылшынның атақты экономисі, қоғам қайраткері Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды. Оның пікірінің қалыптасуына 1926-1933 жылдары болған бүкіл дүниежүзілік экономикалық дағдарыс түрткі болды. Ол өзінің басты еңбегі Жұмыспен қамтудың, проценттің және ақшаның жалпы теориясы (1936 ж.) деген кітабындағы идеяларды классикалық теория деп атады және жаппай жұмыссыздықты тек қана сұранымды көтермелеу, ынталандыру арқылы шешуге болады деп қорытынды жасады. Жұмыспен қамту процесінде мемлекеттік реттеу жүйесіне көшу Дж. М.Кейнстің жұмыссыздық туралы концепциясының негізгі қорытындысы болып табылады. XX ғасырдың 30-шы-80-шы жылдары бойына Батыс елдерінде кейнсиандықтың әсерімен нарықты реттеу жүйесі әрекет етті. Оған Дж.М.Кейнстің ізбасарлары жатады. Олар, бір жағынан реттелмелі нарықтың кейбір кемшіліктерін мойындай отырып, сонымен қатар нарықтың автоматты түрде экономиканы өзін-өзі реттеу мүмкіндігіне сенімдерін жоғалтқан болатын. Өздерінің зерттеулерінде, олар, бірінші кезекте ұлттық табыс, қорлану мен тұтыну, қоғамдық жиынтық өнім, ұсыным сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерді басшылыққа алды. Мемлекет салық жүйесі арқылы пайданың едәуір бөлігін алып оның тиімді сұранымды және толық жұмыспен қамтуды қолдау үшін пайдаланады: экономикада мемлекеттік сектордың үлесі кеңейді, қосымша жұмыс орындары жасалады, азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының жүйесі жүзеге асырылады (зейнет ақы, жәрдем ақша, халыққа білім беру, денсаулық сақтау салаларына қаржы бөлу т.б.). Бұл бағыттағы экономистердің пікірінше мемлекет экономикалық дамудың бағыт беруші күшіне айналады, оның жәрдемімен нарықтың қолайсыз жақтарын жөнге салып реттеп отырады.
XX ғасырдың 70-жылдарында болған экономикалық дағдарыс және кәсіпкерлік белсенділіктің баяулауы мемлекеттік реттеудің зияндығы туралы идеяның қайтадан туындап дамуына себеп болды. Еркін нарық идеясының өкілдері нарық механизмінің бәсекенің негізінде балансыланған өсуді, яғни сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін қамтамасыз етуі мүмкін деп есептейді. Олар өзінің зерттеулерінде микроталдауды басшылыққа алады яғни, экономиканы оқуды әрбір кәсіпорынның жұмыс істеу қарастырудан, тауарларға қойылатын бағадан бастайды. Шын мәнінде, қоғамдық өндіріс нарық арқылы байланысқан шаруашылық бірліктерінің жиыны болып табылады. Бұл экономистер мемлекеттің ролі еркін бәсекеге қолайлы жағдайды жасаумен шектеледі деп тұжырым жасайды. Олар экономикалық бостандықты, мемлекеттің экономикаға араласуының қажетсіздігін қоғамда болатын табиғи, әмбебапты заңның әрекетімен түсіндіреді. Мүндай неоконсервативті бағыттағы идеялардың негізінде пайдаға салынатын салық нарқын төмендету жолымен ұсынымды көтермелеу, мемлекетсіздендіру және бәсеке күресу жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейту шаралары көзделген. Олар жалпылама жұмыспен қамту идеясына қарсы және әлеуметтік бағдарламаларды барынша азайтуды жақтайды. Бір жағынан әлеуметтік мақсаттарға қажетті шығындарды мойындай отырып, олар екінші жағынан әлеуметтік кепілдіктер тегін қызмет пен төлем түрінде болуы дүрыс емес деп есептейді. Қорыта айтқанда, бұл мектепті жақтаушылардың пікірінше өндірісті ұлғайту мен дәулеттілікті арттырудың негізі жеке кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Соңғы кезде негізгі екі бағыттың өз ішіндегі жіктелу олардың жақындасуына себеп болып отыр. Бүған АҚШ экономисі Пол Антони Самуэльсонның неоклассикалық синтез теориясы барынша айқын дәлел бола алады. Оның пікірінше неоклассикалық синтез макроэкономика мен микроэкономика арасындағы алшақтықты жояды. Реттемелі экономика теориясының жақтастары сияқты Самуэльсон да еркін бәсеке адамдар мен ресурстарды толық қамти алмайды, тек қана мемлекеттің араласуы ғана дағдарысты, жұмыссыздықты болдырмайды деп есептейді. Сонымен бірге белгілі бір ақылға сиымды шекте бәсекені қорғаудың қажеттігін атап көрсетеді. Нәтижесінде жеке кәсіпкерліктің және мемлекеттік кәсіпкерліктің де белгілері құрмаласқан аралас экономика пайда болады. Толық жұмыспен қамту жағдайында шекті пайдалылық, шекті еңбек өнімділігі теориялары түрінде көрінетін, сөйтІп Самуэльсон үшін күн мен табыстарды бөлу теориясының негізі болып табылатын классикалық принцип толықтай заңды күш алады.
Жалпы неоклассикалық синтезді жаңа теория деп есептеуге болмайды, ол экономиканы реттеудегі мемлекеттің жетекші ролі жағдайындағы жоғарыда көрсетілген екі бағыттың эклектикалық құрмаласуы болып табылады. П.Самуэльсон өзінің неоклассикалық синтезіне ғылыми-техникалық революцияға, экономиканы реттеуде мемлекеттің, ірі корпорациялар мен кәсіподақтардың арасында болатын ұзақ мерзімді келісім-шарт сияқты нысандарға үлкен мән беретін АҚШ экономисі Джон Кеннет Гэлбрейттің негізгі жағдайларын да қосады. Бұндай ұсыныстардың мақсаты -- мемлекеттік бақылауды күшейту, әлеуметтік жанжалдарды бәсеңдету үшін әлеуметтік маневр жасау әдісін кеңінен қолдану.
Біздің алдымызда да нарықтық экономиканы реттеудің дүние жүзінде жинақталған бай тәжірибесін қолдану қажеттігі түр. Әрине олардың бәрі біздің жағдайымызға сәйкес бола қоймайды. Біз үшін қазіргі басты міндет - әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындар тобына қолдау көрсете отырып, барлық азаматтар үшін кәсіпкерлік пен өзінің қабілетін еркін қолдануға мүмкіндік беретін әлеуметтік жағынан бағдарланған нарықтық экономиканы құру және дамыту болып табылады.
2.1 Нарықтық экономика қатынастары
Жоғарғы Кеңесінің 3-сессиясы нарықтық экономикаға көшу туралы мәселе көтерген болатын. Осыған байланысты республиканың өз ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанда нарықтық шаруашылыққа көшудің концепциясын жасау қолға алына бастады. Дүниежүзілік экономаканың озық тәжірибелерін ескере отырып шаруашылықтың тиімділігіне қол жеткізу -- экономикалық реформаның мақсаты ретінде қаралды. Бұған жету үшін катардағы көптеген маңызды мәселелерді шешу қажет болды. Атап айтқанда, олар мыналар:
* экономикалық қарым-қатынастарды ырықтандыруды жүзеге асыру;
* мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру негізінде жеке меншікті трансформациялауды жүзеге асыру;
* кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау;
* республикада инфрақұрылымды өрістетуге мүмкіндік туғызу;
* қаржылық-несиелік саланы реформалау;
* шетел капиталын кеңінен тарту арқылы ашық экономикалық жүйені орнықтыру.
90-жылдардағы Қазақстан экономикасының тоқырау жағдайы аталған мәселелерді жүзеге асыруға кері әсерін тигізді.
Тоқырау жағдайын тоқтату және нарықтық қатынасты орнықтыру мақсатында бірқатар шаралар қолға алынды. Алғашқы әрекет - 1992 жылдың қаңтарындағы ырықтандырудың бірінші кезеңі болып табылады. Нарықтық экономиканың бір қыры -- еркін баға. Ал баға сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталады. Ендігі жерде оны мемлекеттік тұрғыдан реттеудің қажеті жоқ. Бағаны ырықтандыру біркелкі жүргізілді, осыған орай мемлекет тауар түрлерін біртіндеп қысқартып отырды. Тұтынушылардың ынта-ықыласын қорғап, қолдап отыру мақсатында баға жөне монополияға қарсы саясат жүргізетін мемлекет дүниеге келді. Еркін бағаны орнықтырудың бірыңғай тәртібі ойластырылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төуелсіз статусқа ие болды.
Нарықтық экономиканың кідіріссіз дамуын жеделдету үшін заңды базаны әзірлеу жұмыстары үздіксіз жүргізілді.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы бірінші Конституциясы бойынша жеке меншік ресмилендірілді. Бұдан кейін жеке бизнесті дамытуға құқықтық негіз жасалды. Бұл кезеңдегі өндірістің құлдырау себептерін былайша түсіндіруге болады:
* технология мен басқа да құрал-жабдықтардың моральдық және физикалық тұрғыдан ескіруі;
* бағаның ырықтандырылуына байланысты энергия көздеріндегі шығынның көбейіп, өнімнің қымбаттауы;
* KCPO ыдырағаннан кейін іргелес республикалармен арадағы экономикалық байланыстардың үзілуі;
* жеке мүмкіншіліктің жетіспеуі;
* заемдік айналым арқылы тығырықтан шығудың қиындығы.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру мақсатында 1993 жылы маңызды деген екі шешім кабылданды:
1. Республикадағы жеке меншік түрлерін бір қалыпқа түсіру мақсатында 1993 жылдың сөуірінен бастап мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы іс жүзіне асырыла бастады.
2. 1993 жылдың 15 қарашасында республиканың өз ұлттық валютасы -- теңге айналымға енді. Бұл елдің өзіндік қаржы жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік жасады. Шындығына келгенде, Қазақстан осы күннен бастап экономикалық дербестік жолына түсті.
Мемлекет иеліғінен алу мен жекешелендіру бағдарламасы. Мемлекет меншігінен алу үдерісі 1992 жылы басталды. Ол алғашында сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету және баска қызмет көрсету салаларын сату түрінде өтті. Алғашқы жылы 6200-дей ұсақ мекемелер жекешелендірілді. Ірі кәсіпорындар, әсіресе өнеркәсіп орындары, сол кездегі қолданыстағы заңға орай, еңбек ұжымдарына берілді. Бұлар, негізінен, жеңіл өнеркәсіп мекемелері еді.
Нарықтың дамуы жеке меншіктің көптүрлілігіне тікелей байланысты. Жекешелендірудің басты-басты үш кезеңі ұсынылды:
1. Жалпылай жекешелендіру. Мұндағы негізгі мақсат -- қоғамның барлық мүшелерін қатыстыра отырып, жеке меншіктік құқықты іс жүзінде дәйектеу. Жекешелендіру барысында азаматтардың 97%-ы тегін купондарға қол жеткізіп қана қоймай, оларды өз қалауынша инвестициялық-жекешелендіру қорларында (ИЖҚ) сақтауға мүмкіндік алды. Республика тұрғындары бұл жолы жеке меншіктік құқыққа емес, бар болғаны ИЖҚ-ның дивидендіне ғана ие бола алды Инвестициялық-жекешелендіру қорларының да бұл кезде өз қиындығы бар еді. Өздерінің емін-еркін ақша айналымы болмағандықтан, олар тұрғындардан келіп түскен купондарды дер кезінде ақшалай түрде қайтара алмады.
ИЖҚ келіп түскен купондарды арнаулы аукциондарға салу арқылы жекелеген мекемелердің акцияларына ие болғанымен, ең мекемелердің дені, өкінішке орай, жұмыссыз еді. Осы және басқа да себептерден инвестициялық қорлар өзін-өзі ақтай алған жоқ. Акционерлік коғамдар жұмысын басшылыққа алу үшін оларға, ең алдымен, жеткілікті мөлшерде акциялар керек болатын. Құнды қағаздарға байланысты нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуда оларға ИЖҚ лайықты дәнекерлік қызмет атқарды. Жекешелендіру үдерісі, өзіне халықтың қалың тобын тарту арқылы әлеуметтік әділдік идеясын іс жүзіне асырды.
2. Шағын жекешелендіру жалпылай жекешелендіруге қарағанді халықты өзіне көбірек тарту мақсатында жүргізілді. Шағын немесс* ақшалай жекешелендіру объектілері -- көтерме және бөлшек сауда нүктелері, қоғамдык тамақтандыру орындары, өндірістік мекемелер және басқа да қызмет түрлері болып табылады. Орталық Азия бирлсн қоры аралық сауданы ұйымдастырудың ұйытқысы міндетін атқарды. Шағын жекешелендіру үлкен мемлекеттік шығындарды қажет еткен жоқ, керісінше, Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал жасады.
3. Жеке жобаларға байланысты жекешелендірулер аса ірі (5000-нан аса жұмысшылары бар) мекемелерді қамтыды. 1994 жылдан бастап мұндай мекемелер шетелдік басқаруға беріле бастады.
Белгілі бір келісімге сәйкес мекемелер компания жетекшілеріне 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге берілді. Бұл компаниялар өз дөрежесінде мекемелер табысынан үлес алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге шетел компаниялары жетекшілерінің алдына бюджет пен ұйымдарға тиесілі қарызды дер кезінде жауып отыру, ұзақ мерзімді инвестициялар тарту, мекеменің әлеуметтік жөне экологиялық мөселелерін шешіп отыру міндеттері қойылды.
Мекемелерді шетелдік басқаруға беру жекешелендірудің бастапқы сатысы болып табылады. Үкімет мекеме мен оны басқаруға алған компанияның жұмыс барысын бақылауға алып, ол компаниялар өэ міндеттемелерін орындамаған жағдайда аралықтағы келісімшартты кез келген уақытта бұзуға құқылы.
1994 жылдың желтоқсанына дейін отандық жөне шетелдік компаниялармен 50-ге жуық келісімшарт жасалды. Оның ішінде дәл бүгін республиканың ең ірі деген 45 мекемелерін қамтитын 30 келісімшарт нақты іске асырылып отыр. Олардың ішінде Павлодар алюминий зауыты -- компанияны басқарушы Уайтсвен ЛТД, Соколов- Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі -- Айведон, Дон тау-кен комбинаты, Жарма жөне Ақтөбе ферроқорытпа зауыты -- Джапап Хром Корпорейшн, т.б. бар.
Өнеркәсіп[
Нарықтық қатынасқа көшу өнеркәсіп жағдайына да өз әсерін тигізді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары республикада өнеркәсіп дамуы баяулап, даяр өнімдер өндіру салаларында құлдырау байқалды. Бүл КСРО-ның ыдырауы салдарынан бұрынғы серіктестерімен шаруашылық байланыстардың үзілуінен, тұтынушылардың төлем қабілетінің төмендеуінен, отандық тауарлардың бәсекеге төтеп бере алмауынан белең алды. Алайда Қазақстанның өндіруші салаларында, керісінше, өндіріс көлемі ұлғайды. Бұл әсіресе 1999 жылдың соңында, үкімет кәсіпорындарды отандық және шетелдік компаниялар йелігіне бере бастаған кезде байқалды. Өндіруші саланың дамуына түсті металдардың, темір және хром рудаларының, газ, мұнай жөне көмір қорының молдығы әсерін тигізді.
Тамақ өнеркәсібі мен қызмет көрсету салаларының жолға қойыла бастауы кіші жекешелендіруге байланысты болды. Тамақ өнеркәсібінде әр түрлі компаниялардың құрылуы рынокты отандық тағам өнімдерімен байытты. Бұл сүт, нан-тоқаш, шұжық, макарон, арақ-шарап, кондитерлік бұйымдар еді. Жеңіл өнеркәсіпте шетелдік тауарлар басым болды. Көпшілік тұтынатын тауарлар өндіру (киім, трикотаж, аяқ киім, жиһаз, кеңсе тауарлары, т.б.), негізінен, шетелдік материалдарды, жинақ бөлшектерін, құрал-жабдықтарын, т.б. пайдалану арқылы жасалды.
Аграрлық сектор[
Аумағының кендігі, табиғат, климаттық аймақтардың болуы республикада мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына мамандануға мүмкіндік береді. Аграрлық сектордың нарықтык қатынасқа көшуі нәтижесінде мемлекеттік ауыл шаруашылығы шаруашылыктың өзге формасына, жеке меншік, ұжымдық және аралас формалы меншікке негізделді. Бұл салада акционерлік қоғам құру немесе кәсіпорынды еңбек ұжымының қолына беру кеңінен қолданылды. Жер мемлекеттік меншік болып табылады. Қазақстан Республикасының заңы бойынша жер 99 жылға дейін мұрагерлік құқығымен жалға беріледі.
1995 жылға дейін жерді иелену жөне пайдалану құқығын сатуға байланысты нарықтық қатынастарға рұқсат етілді, бірақ жерді сату-сатып алу акті жүзеге асырылмады.
Президенттің 1995 жылы 25 желтоқсандағы Жер туралы Жарлығына байланысты бұдан былай жер мемлекеттік әрі жеке меншікке де берілетіні анықталды. Осы жылы мемлекеттік тапсырыс жойылып, ауыл шаруашылығының өнімдері рынок саласы арқылы таратыла бастады.
2001 жылы 24 қаңтарда Жер туралы Заң қабылданып, ауыл шаруашылығы саласындағы барлық мемлекеттік емес пайдаланушылардың құқығы теңестіріліп, жалға алу мүмкіндігін (49 ж-ға дейін) уақытша пайдаланумен шектелді. Дәнді дақыл өсіру, негізінен, Солтүстік жөне Орталық Қазақстанда қолданылса, күріш өсіру Оңтүстік-Батыс Қазакстанның суармалы жерінде, мақта -- Оңтүстік Қазақстан аудандарында дамыған. Мал шаруашылығы республиканың барлық аудандарында таралған. Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің құлдырауы байқалды. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге қажетті қаржы қорының жеткіліксіздіғі, қазіргі замаңғы техниканың жетіспеуі, кейде тіпті мүлдем жоқтығы, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін озық технологияның жоқтығы, қолайсыз ауа райы жағдайы да айтарлықтай әсерін тигізді. Соңғы жылдары, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойылған бағаның салыстыруға келмейтін алшақтығына қарамастан, республика рыногының түрлі тағамдарға лықа толып түруы жергілікті өндіріс есебінен жүзеге асуда.[[]

Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең - 1991-1992 жылдар, екінші кезең - 1993-1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең - 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тән инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы саяси, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болу керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. "Жапондық", "Немістік" тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған "есеңгіретіп емдеу" деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай тұрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмаған-ды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапкерсіздік қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, экономиканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның ой-қырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дұрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді. Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы - бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғарғы таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті. Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс - жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу мүмкін емес еді. Бұл қадам нарық субъектілерін құру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысынан да маңызды. Сондықтан да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады. Біз шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді, олардың қатарында ұжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды. Екінші кезең "Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасы" негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме-сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды. Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz