Графикалық редактор – графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

THE MINISTERY OF EDUATION AND SCIENCE OF THE

REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

Academician E. A BUKETOV KARAGANDA STATE

UNIVERSITY

REPORT

Theme: Graphic editor

Prepared :Kyzylova. N. K

Group:U-11

Check by:Seytimbetova. A. B

Karaganda -2019

Plan:

Preface

1. Adjusting the workspace to work

2. Drawing two-dimensional shapes in the plane

3. Method of compression of two-dimensional shapes

Conclusion

Кіріспе

Графикалық редактор - графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде графикалық редактордың көптеген түрлері белгілі. Соның ішіндегі менің қарастырайын деп отырған программам бұл - үшөлшемді 3d studio max графикалық редакторы. 3d studio max программасы - кескіндерді моделдеу, визуализациялау және анимациялау программалық жиындарын қамтыған жалғыз программа. Ол Windows NT операциялық жүйесінің 3. 51-ден төмен емес версиялары үшін Autodesk фирмасында шығарылған болатын. Жалпы 3ds max программасын бүкіл дүние жүзіндегі мыңдаған дизайнерлер үшөлшемді ойындарды, телеарна мен кинофльмдерді шығару үшін шыншыл эффектілерді, сонымен бірге Web-парақтарының үшөлшемді графикалық элементтерін іске асыру үшін қолданылып жатыр. 3ds max программасының пайда болуы қолданушының жұмыс істеу мүмкіндігін әлдеқайда кеңейтті. Төменде программаның кейбір жаңа мүмкіндіктері көрсетілген. 1 Жұмысты эффектілі әрі жоғары деңгейде істеуін қамтамасыз ететін жаңа қолданушы интерфейсі орнатылған; 2Жан-жақты мүмкіндікті қамтитын жаңа операциялық жүйемен және жоғарғы модернизация мүмкіндіктері қамтылған; 3 Кескіндерді моделдеу және редакциялау командаларының қасиеттері кеңейтілген; 4 Stack - геометриялық элементтерге қолданылатын модификатор тізімі. Бұның көмегімен кез-келген уақытта модификатор параметрлерін өзгертуге болады. 5 Мультипроцессордың кез-келген өзгерту әрекеттерін қолдануға мүмкіндік беретін жаңа визуализация модулі қолданылады. 6 Жаңа сұхбаттасу терезесі - тректерді қарап шығу - анимацияның қалыпты істеуін және өзгертуін басқаруға қолданушыға ыңғайлы етіп жасалынған. Және т. с. с. көптеген мүмкіндіктермен қамтылған.

3

1. Жұмыс кеңістігін жұмысқа икемдеу

3ds max программасымен жұмыс жасайтын әр қолданушының ыңғайына қарай жұмыс кеңістігін икемдеуге болады. Яғни терезенің түсін, параметрлерін, тордың шекараларын, масштабтарын және т. с. с. өзгертулер енгізуге болады. Мұндай өзгерістерді қолданбастан бұрын, алдымен, программаны қалай іске қосу керектігін қарастырып алайық. 3ds max программасын іске қосу үшін келесі әрекетті орындау керек:1. Компьютерді іске қосып, 3ds max программасының шарбелгісін тауып, белгілеу. Бұл шартбелгі 3ds max пакеті енгізілген каталогте орналасқан. Сонымен қатар оның көшірмесі жұмыс үстелінде орналасуы мүмкін. 2. Шартбелгіні екі рет тышқанмен шерту керек. Сөйтіп, бірнеше секундтан кейін 3ds max терезесі пайда болады. 3ds max программасы іске қосылғанда экранға суреттегідей алғашқы қолданушы графикалық интерфейсі шығады (оның түсіне көңіл аударыңыз) . Проекциялау терезесінің түсін өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындау керек:1 CustomizeCustomize User Interface әрекетін орындаңыз. Нәтижесінде экран бетінде Customize User Interface терезесі пайда болады. 2 Терезенің жоғарғы бөлігінде орналасқан Colors қалауында тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз. Терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан Elements тізімінен Viewport элементін таңдаңыз. 3 Elements бөлігінің астында орналасқан тізімінен Viewport Background элементін таңдаңыз. 4 Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан тік бұрышты түс үлгісінде тышқанмен шертіңіз. Нәтижесінде экранда Color Selector түсті таңдау терезесі пайда болады. 5 Color Selector терезесінде кез-келген түсті таңдаңыз. Таңдалған түсті экран бетіне шығару үшін тышқанмен Close (Жабу) батырмасын шертеміз. 6 Customize User Interface терезесінің төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Apply Colors Now (Түсті қолдану) батырмасын шерткенде, проекция терезесінің түсі бірден өзгергендігін байқайсыз. Торды қолдану Әрбір проекция терезесінде объектіні белгіленген орынға жылжыту үшін тор сызықтары пайдаланылады. Сонымен қатар оларды өлшеу құрал ретінде де қолдануға болады. Ал өзге жағдайларда қолданушы жұмыс барысында тор сызықтарын алып тастай алады. Ол үшін:1 Проекция терезесінде керекті торды жасыру үшін жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан белгіде тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде контекстік меню ашылады. Жанында жалауша белгісі бар Show Grid бөлімі бұл менюдің сәл үстіңгі бөлігінде орналасқан. 2 Show Grid бөлімінде тышқанмен шертсеңіз, жанындағы жалауша белгісі алынып қалады. Бұл әрекет проекция терезесінің торын алып тастайды. Егер торды қалпына келтіргіңіз келсе, онда Show Grid бөлімінде тышқанмен тағы да шертіңіз. Бұдан суретте көрсетілгендей Top, Front және Left проекция терезелерінде торлар жасырылады да, Perspective терезесінде жасырылмаған күде болады.

4

Тор

Жоғарыда айтып өткендей, 3ds max-тың проекция терезелерінде торды өлшеу құралы ретінде де пайдалана аламыз. Сондықтан бұл әрекет - 3ds max-ты өмірде кең қолдануының бірден бір себебі болып табылады. Торда керекті өлшеу жүйесін жұмыс күйіне келтіру үшін төмендегідей әрекеттерді орындау қажет:1 CustomizeUnits Setup әрекетін меню қатарынан таңдаңыз. Экранда суретте көрсетілгендей Units Setup терезесі пайда болады. 2 Metrics (Метрикалық) немесе US Standard (АҚШ стандарты) қосқышында тышқанмен шертіңіз. Сәйкес тізімді ашып, проекция терезелеріне қолданайын деп жатқан өлшем бірліктерін енгізіңіз. 3 ОК батырмасын басып, өлшеудің өзгергендігін растаңыз да, меню қатарының CustomizeGrid and Snap Settings бөлімін таңдаңыз. Нәтижесінде экранда Grid and Snap Settings (Тор мен тіркегіш параметрлері) сұқбат терезесі ашылады. 4 Home Grid (Стандартты тор) қосымшасында тышқанмен шертіңіз. Grid Spacing(Тор қадамы) алаңында қажетті мәнді көрсетіңіз. Содан кейін сұқбат терезені жабу үшін батырмасын басыңыз. Проекция терезесінің параметрлері Егер проекция терезесін байқап қарайтын болсақ, әр проекция терезесінде қаралау шекарасын және олардың арасында кішкене саңылаулар көре аламыз. Егер тышқанды сол саңылауларға жақындатсақ, бағыттаушымыз екі кішкене бағыттауышқа айналғанын байқаймыз. Сөйтіп сіз проекция терезесінің шекараларын өзгерткіңіз келсе, сол екі жаққа қарап тұрған бағыттауыш көмегімен тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап, оны не тігінен, не көлденеңінен жылжыту арқылы өзгерте аласыз. Мысалы, төмендегі суретке көңіл аударыңыз. Проекция терезесінің шекараларын қалай өзгертуге болатынын қарастырдық, ал егер, мысалы, бір проекция терезесін алып тастағыңыз келсе, болмаса тез арада орналасу сызбасын даярлағыңыз келсе, онда келесі әрекеттерді жүзеге асыру қажет:1 Проекция терезесінің жоғарғы сол жақ бөлігінде орналасқан белгіні тышқанның оң жақ батырмасымен шертіңіз. Сонда экран бетінде контекстік меню пайда болады. 2 Бұл менюден Configure (Конфигурация) бөлімін таңдаңыз. Нәтижесінде Viewport Configuration терезесі ашылады. 3 Layout (Орналастыру сызбасы) қосымшасында тышқанмен шертіңіз. Мұнда орналасудың бірнеше нұсқасы ұсынылады. 4 Он төрт орналасу нұсқасының ішінен қалағаныңызды таңдаңыз. Белгіленген нұсқасы ақшыл шекарамен (рамка) ерекшеленеді. 5 ОК батырмасын шертіңіз. Орналасу сызбасы белгіленген проекция терезесінде өзгереді. Міне, осындай әрекеттерді қолдану арқылы қоланушы 3ds max терезесін көрнекірек ете отырып, өз жұмысын әлдеқайда жеңілдетіп алады. Сонымен 3ds max программасында жоғарыда қарастырылып кеткен әрекеттерді орындай отырып, әр адам жұмыс кеңістігін өзінің қалауы бойынша өзгерте алады.

5

2. Жазықтықта екі өлшемді фигуралар құрастыру

Жазықтықта екіөлшемді кескіндерді салмас бұрын, алдымен, басқару элементтері қайда орналасатындығын білуіміз қажет. Үшөлшемді кескіндерді құру үшін ең алдымен осы екіөлшемді кескіндерді қалай пайда болатынын үйренуіміз керек. Осыған байланысты екіөлшемді кескіндерді құрудың екі әдісі бар. Олар: меню қатарынан CreateShapes әрекетін орындау арқылы, Shapes қосымшасында тышқанмен шерту арқылы немесе Command панелі көмегімен. Қарапайым кескіндер Жалпы 3ds max-та 12 екіөлшемді кескіндер бар. Олар: Line (Сызық), Rectangle (Тіктөртбұрыш), Circle (Шеңбер), Ellipse (Эллипс), Arc (Доға), Donut (Сақина), Ngon (Дұрыс көпбұрыш), Star (Жұлдыз), Text (Мәтін), Helix (Спираль) және Section (Қиық) . Command панелі екіөлшемді кескіндерді түзетуге арналған элементтерден құралған. Сондықтан ол меню және қалау тақтасына қарағанда ыңғайлырақ. Сызық Сызық екіөлшемді кескіндерді салудың негізі болып табылады. Line Кескінін салғанда Command панелінде орналасқан екі параметр маңызды рөл атқарады. Олар:1 Initial Type (Бірінші төбесі) . Егер сызықты саларғанда Corner (Сынық) түрі таңдалған болса, онда сынық сызық салынады. Ал егер Smooth (Түзу) түрі таңдалса, онда түзу сызық пайда болады. 2 Drag Type (Орын ауыстыру төбесі) . Сызықты тышқан көмегімен сызғанда бұл параметр сызықтың түрін көрсетеді. Берілген параметрдің үш түрі бар: Corner (Бұрышты), Smooth (Түзу) және Bezier (Безье) . 3 Сызықты салғаннан кейін, оның параметірін өзгертуге болады. Command көмегімен сызық салып, келесі әрекеттерді орындаңыз: 4 Command панеліндегі Create қосымшасында орналасқан Shapes батырмасын тышқанмен шертіңіз. Содан кейін Splines тізімнен элементін таңдап, Line батырмасын басыңыз. 5 Command панеліндегі Initial Type параметірінің ішінен не сынық сызықты салатын (Corner) түрін, не түзуді салатын (Smooth) түрін таңдаңыз. 6 Содан кейін Drag Type параметірінің ішінен өз қалауыңызша (Sharp, Smooth, Bezier) бір мәнін таңдап, Command панелінен сол таңдаған мәнін басыңыз. Тіктөртбұрыш Тіктөртбұрыш дегеніміз сызықтармен тұйықталған төрт бұрышты фигура. Бұл кескінді салу үшін Command панеліндегі Corner Radius параметрлерінің ішіндегі ең маңыздысы параметрі болып табылады. Себебі осы парамтрдің мәні көп болған сайын тіктөртбұрыштың бұрыштары сәйкесінше шеңбер пішінді өзгеріске ұшырайды. Шеңбер Circle фигурасы - қарапайым шеңбердің кескіні. Ол тышқанның көмегімен салынады. Эллипс Бұл да тышқан көмегімен салынады. Доға Доға дегеніміз шеңбердің екі нүктемен шектелген бөлігі. Доғаны салу үшін, алдымен, тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы оның алғашқы нүктесін анықтаймыз да басулы күйінде белгілі бір орынға жылжытып, батырмасын жібереміз. Содан кейін тағы да сол жақ батырмасын шертіп, оның радиусын белгілейміз.

6

шертіп, орнын ауыстыру арқылы бірінші шеңбірді саламыз да, дәл солай, бірақ центрлері бір нүктеде орналасатындай етіп, екінші шеңберді саламыз. Дұрыс көпбұрыш NGon фигурасы - бұл қабырғалы көпбұрыш. Көпбұрыш қабырғасының санын Command панеліндігі Sides жолында көрсету қажет. Неғұрлым қабырға саны көп болса, соғұрлым көпбұрыш түрі шеңберге жақындай түседі. Жұлдыз Жұлдыз кескінін салу үшін оның төбе санын (Points параметрі) және төбелерінің центірінен қандай қашықтықта екенін анықтайтын екі радиусын (Radius параметрі) көрсету қажет. Бұл үш параметрді Command панелі көмегімен енгізу арқылы жүзеге асыруға болады. Тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып оны жжылжыту арқылы жұлдыздың жалпы өлшемін бересіз, ал содан кейін екінші рет жылжыту арқылы оның екі радиусы арасындағы қатынасты енгізесіз. Мәтін Кез-келген үшөлшемді модельдеу программасында үшөлшемді мәтіндермен жұмыс жасау ең көп қолданылатын операциялардың бірі болып табылады және ол, алдымен, екіөлшемді мәтіндерді салуға негізделген. Command панеліндегі Text батырмасында тышқанмен шертуінен кейін, мәтіннің бірнеше параметрлері пайда болады. Мәтіннің ең маңызды Font name және Text Content параметрлері болып табылады. Мәтіннің өзі Text жолында жазылады да, ал оны терезеге шығару үшін проекция терезесінде тышқанмен шертесіз. Спираль Спираль - пружинаға ұқсас конус тәріздес фигура. Егер Command панелінде Helix батырмасын шертетін болсақ, онда спиральдің параметрлері шығарылады. Radius1 және Radius2 параметрлері арқылы спираль ұштарының радиустарын анықтайды. Егер бұл параметрлер тең болса, онда спираль цилиндрлік, ал егер бір параметрі екіншісінен кіші болса, онда ол конус тәріздес болады. Параметрі спиральдің жалпы ұзындығын анықтайды, ал параметрі орам санын анықтайды. параметр мәні -1 мен 1 диапазонындағы спираль орамының орналасуын көрсетеді. Қима Қима екіөлшемді кескін болғанымен де, үшөлшемді кескіндердің негізгі құраушысы болып табылады. Қима бұл үшөлшемді кескіндердегі қиылған бет. Қиылған бетті істеу үшін келесі әрекеттерді орындауымыз қажет: 1 Терезеге кез-келген объектіні орналастырыңыз. 2 Command панеліндегі Create қосымшасындағы Shapes батырмасында және содан кейін Section батырмасында тышқанмен шертіңіз. 3 Kез-келген проекция терезесін таңдаңыз 4 Тышқанның сол жақ батырмасын басып, және басулы күйінде кескіннің бір шетінен келесі шетіне әкеліп, тышқанның оң жағын басыңыз. 5 Command панеліндегі Section Parameters бөлімінен Create Shapes (Кескінді құру) батырмасын шертіңіз.

7

Траекторияға негізделген анимациялар қолдану Траекторияға негізделген анимацияларда, алдымен, оның екіөлшемді сплайндік кескін болып табылатын жолын көрсету керек. Ал осы екіөлшемдік сплайндік кескіндерді салу үшін Command панеліндегі Create қосымшасына өтіп, Shapes батырмасында тышқанмен шертіп, пайда болған Spline элементінің тізімінен таңдау қажет. Кез-келген анимациялық траекториядағы өзгеріс кескіннің орын ауыстыруына әсер етеді. Анимациялық траекторияны жүзеге асырғаннан кейін, оның кез-келген басқару нүктесін проекция терезелерінде жылжытуға болады. Ол үшін сплайндік кескінді ерекшелеп алып, Command панеліндегі Modify қалауының Edit Spline (сплайндік редакциялау) Object Space Modifiers (Объект кеңістігінің модификаторы) бөлімін таңдайсыз. Анимациялық траектория формасын өзгертуінің әдісі - Command панелінде орналасқан Selection (Таңдау) параметр бөлімінің үстіңгі бөлігіндегі Vertex (Төбе) батырмасын тышқанмен шерту. Содан кейін Select and Move сайманының көмегімен анимациялық траекторияның басқару нүктесінің біреуін орнын ауыстыруға болады. Сөйтіп сіз анимациялық жолдың нақты формасын аласыз. Егер нақтылықтың қажеті маңызды болмаса, онда анимациялық траектория жолының формасын тез арада өзгерту үшін модификаторларды қолдануға болады (Мысалы, Bend, Twist немесе Wave) . Егер терезеде ешқандай объект болмаса, онда траекторияны қолданудың мағынасы болмай қалады, өйткені ол көмекші объект ретінде қолданылады. Сөйтіп, біздің алдымызда 3ds max терезесінде объектіні орналастырып, оған анимациялық траекторияны қолдану мәселесі тұр. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін келесі әрекеттерді орындауымыз қажет:1 Анимациялық траекторияны істеңіз (ашық немесе жабық) . 2 Анимациялық траектория бойымен жылжитын объектіні құрыңыз. 3 Объектіні ерекшелеп, Command панеліндегі Motion қалауында (бұл айналып тұрған дөңгелектің суреті бар шартбелгі) Trajectories батырмасын шертіңіз. 4 Trajectories параметрлер бөліміндегі Sample Range (Үлгі тобы) жолында мәндерін енгізіңіз. Start Time және End Time параметрлерінің мәндерін бүкіл анимация уақытына сәйкес келуі қажет. 5 Samples (Үлгілер) жолына мәнін енгізіңіз. Бұл параметр анимациялық траекторияны түзету барысында өте маңызды. Анимациялық траекториямен берілген кадрлар саны сәйкес келеді. Егер өте күрделі анимациялық жол берілген болса, Samples параметірінде төмен мән берілген жағдайда берілген траектория бойынша объект дұрыс емес жылжиды. 6 Объектіні ерекшеленген күде қалдырып, Spline Conversion

8

бөлімінде орналасқан Convert From батырмасында шертіңіз де, анимациялық траекторияны кез-келген проекция терезесінде бір рет тышқанмен шертіңіз VCR басқару элементтері қатарының жоғарғы бөлігінде орналасқан Play батырмасын шертіңіз. Көптеген үшөлшемді объект үшөлшемді персонаж болуы мүмкін. Сонымен қатар олардың барлығы анимациялық траектория бойымен орын ауыстыруы мүмкін. Келесі әрекеттерді орындай отырып, персонажды қимылға келтіріңіз:1 Негізгі персонажды істеңіз. 2 Жіңішке әрі ұзын цилиндрді орналастырыңыз және оны тіреу нүктесі тігінен тұратындай етіп, орнын ауыстырыңыз. 3 Цилиндрдің үш клонын істеңіз4 Шайнектің «аяғы» рөлін атқаратындай етіп цилиндрді орналастырыңыз. 5 Әр аяғының астыңғы бөлігін үстіңгісімен байланыстырыңыз, ал үстіңгі бөлігін - шайнекпен. 6 100-кадрлы уақыт шкаласы көмегімен персонаждың «жүру» қимылын жүзеге асырыңыз. Оны Auto Key режимінде істеңіз. 7 Персонаждың жүруі эффектілі түрде орындалуы үшін цилиндрлерді айналдырып отырыңыз. 8 Тікбұрышты тақташада орналасатындай етіп, екі бірдей Tube примитивін істеңіз. 9 Персонажды сол құбырлардың біреуінің ішінен орналастырыңыз. 10 Шайнекті белгілеп, Command панелінен Motion қосымшасында өтіңіз. Алдымен Convert From батырмасында тышқанмен шертіп, кейін кез-келген проекция терезесінде анимациялық траекторияны белгілейміз. 11 Істелінген анимацияны қарап шығып, қажет болса, түзету енгізіңіз. Екіөлшемді кескіндерден үшөлшемді кескіндерге түрлендіру 3ds max программасының үшөлшемді графикалық редактор деп аталуының себебі - мұнда тек қана екіөлшемді кескіндерді ғана емес, сонымен қатар үшөлшемді кескіндерді де құруға болады. Негізінен үшөлшемді кескіндер екіөлшемді кескіндерден салынады. Осыған байланысты екіөлшемді кескіндерді үшөлшемді кескіндерге түрлендірудің бірнеше әдістері бар. Бұл әдістер келесі бөлімдерде толық қарастырылған. Екіөлшемді фигуралардың - Rendering әдісі Екіөлшемді кескіндерді үшөлшемді кескіндерге айналдыру үшін Command панелінде кейбір параметрлерді өзгерту арқылы оны көрінетін қылу керек. Command панелінен Create қалауына өтіп, Shapes батырмасын шертіңіз. Ашылмалы тізім қатарынан Splines элементін таңдап, Circle батырмасын тышқанмен шертіңіз. Проекция терезесінде жұмысымызды бастамас бұрын, шеңбер параметрлерін қарап алыңыз. Ол үшін Command панеліндегі Rendering параметр бөлігін шертіңіз. Сонда суреттегідей шеңбердің визуализация параметрлері шығады.

9

Renderable (Визуализацияланған болуы мүмкін), Generate Mapping Coordinates (Сәйкестік координаталарын көрсету), Display Render Mesh (Визуализацияның каркасын бейнелеу) қатарларында жалаушалар орнатылғанына назар аударыңыз. Бұдан басқа Thickness алаңында таңдалған сплайнның жуандығы ерекше болуы үшін мәндері үлкейтілген. Неғұрлым Sides (Жақтары) алаңында көрсетілген мәндер үлкен болса, соғұрлым объектінің формасы жайлы (плавный) болады. Үшөлшемді кескіндерге сплайндар құрғанда бұл параметрлерді өзгерту (по умолчанию) құлылғысы сияқты қолдануға болады. Әр түрлі формалы сплайндардың негізінен қалыңдықтын түрлі мәндерін қолдана отырып, әр түрлі үшөлшемді объектілердің үлкен сандық мәндерін құруға болады. Бұл үшөлшемді объектілерді тез әрі күшті түрде қылып құруға мүмкіндікті кеңейтеді. Енді қандай да бір сплайндік объектіні таңдап, оны кез-келген проекция терезесінде құра аласыз. Сплайн енді түрлі каркас пен көпбұрыштан тұратын нағыз үшөлшемді кескін болады. Объект каркасын жуан не жіңішке қылу үшін Thickness параметрінің мәнін өзгерту керек. Визуализацияланған үшөлшемді спираль тәріздес сплайн 3ds max кескіндерінің ішіндегі ерекшесі - спираль. Өйткені оны екіөлшемді кеңістікте емес, үшөлшемді кеңістікте ғана қарастыруға болады. Егер спираль тәріздес сплайнның жуандығын дұрыс таңдап, визуализацияласақ, нәтижесінде пружинаға ұқсас үшөлшемді объект пайда болады. Слайндарды клондау Кез-келген сплайнды қарамастан клондауға болады. Кез-келген сплайнды бұруға немесе орын ауыстыруға мүмкіндік беретін тіреу нүктесі болады және осы тіреу нүктесінің орналасуы клондау процессіне әсер етеді. Клондау процессі негізінен <Shift> пернесін басулы күйінде ұстап тұрып, сплайнның орнын ауыстыру әрекетімен жүзеге асады. Нәтижесінде Clone Options немесе Mirror: World Coordinates панелі пайда болады.

10

3. Екіөлшемді фигураларды сығу әдісі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Paint графикалық редакторында жұмыс істеу
Paint графикалық редакторын оқыту әдістемесі
Paint графикалық редактор
Графикалы қ редактор
Windows жүйесінің стандартты программалары туралы
Paint графикалық редакторын іске қосу
Қолданылатын аспаптар
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда компьютерлік графика курсын оқыту мазмұны
Мультимедиялық технологиялар
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz