Жаһандану үрдісінде отансүйгіштікке орын бар ма


Серікбаев Жандос
Правоохранительная деятельность
Жаһандану үрдісінде отансүйгіштікке орын бар ма?
Егер біз адамзаттың дамуын елестететін болсақ халықтар, мемлекеттер, мәдениеттер біртіндеп жақындасуда. Бұрын жекелеген елдер мен әлемдегі халықтары бір-бірінен оқшауланған болатын. Қазір олар тығыз байланыстарға ие болды. Қазіргі мемлекеттердің бірлесіп, ұйым ашып басқа да жетістіктерге жету жаһанданудың арқасында болып жатыр . ХХІ ғасырда патриотизм идеясы ерекше мәнге ие болады, өйткені жаһандану дәуірінде кез-келген мемлекет өзінің ұлттық ерекшелігін жоғалту қаупі бар. Біздің әлем үнемі өзгерісте. Қазіргі таңда болашақ ұрпақтарды біріктіретін және біздің өмірімізге әсер ететін әртүрлі процестер бар. Өткен тарихты еске түсіру халықтарға өздерінің дәстүрлерін, мәдениетін, ұлттық құндылықтарын жақсы білуге және , әлеуметтік прогресс жолында алға жылжуға көмектеседі. Өткенді еске алу адамның ұлттық ерекшелігін сақтауға көмектеседі. Бұл жаһандануға қарсы тұру бірі ретінде қарастырылатын отансүйгіштік п, халықтар мен мәдениеттердің бірегейлігін сақтауға көмектеседі. Eкінші жағынан, жаһандану процестерінің әсерінен көптеген адамдар патриотизмді заманауи емес, үмітсіз ескірген, сондықтан зиянды нәрсе ретінде қабылдайды.
Жаһанданудыңда өз жақсы және ортаға пайдалы жақтары да бар. Қазіргі дамыыған ортада көбісі рухани адамгершілік жағына көп көңіл бөлмей, жаңа технология, ғылым және тағы да басқа жақтарынан дамуға қызығады, соның салдарынан көп жастар білімді терең зерттеу үшін шет елдерге кетіп, сол жақтан өз болашағының идеясын іске асырғысы келеді. Қазір XXI ғасырда бұрынғыға қарағанда, барынша адам құқығын қорғап, бостандыққа қол жеткізуде, соғыс кездерінде немесе XIX-XX ғасырларда адамға көптеген шектеулер қойылған. Заман дамыған сайын басқа нәсілді ұлттар, мемлекеттер қосылып, бірге жетістікке жеткенді қалап, соғыстың ахуалын туғыздырғысы келмейді. Әрине, бұған отансүйгіштік шектеу қоймайды, бірақ жаһанданудың да салдары көп, кейін адамдар сезімсіз және адамгершілік, рухани, мәдениеті жоқ болу қаупі бар, себебі заман дамыған сайын адамдар тек өздерін ойлап өзімшілдеу(эгоизмдеу) болып барады.
Менің ойымша отансүйгіштік-бұл өз Отанының жетістіктері мен мәдениетінің мақтанышы, оның мәдени ерекшеліктерін сақтауға деген ұмтылыс, өз Отаны мен халқының мүдделерін қорғауға деген ұмтылыс, адам өзінің алға деген ұмтылыстарын ескере отырып, кейін талай жетістікке жетіп, қоршаған ортаға деген өз пайдасын әкеледі. Отансүйгіштікке патриотизм сөзі де ұқсас келеді. Ол кез-келген ұлт жетістіктерінің маңызды құрамдас бөлігі. Тек осы жетістіктер арқылы қазіргі заман ары қарай дамып, жаһандануға әкеліп соғады. Өкінішке орай, патриотизмді көбінесе ұлтшылдықпен шатастырылады, нәтижесінде бұл тұжырымдамаға теріс көзқарас пайда болады. Кез келген адамда ұлтшылдық сезімі пайда болса ол рухани-адамгершілік тәрбиенің зиян жері, ешқандай жағдайда бір адамның мақтанышы басқа ұлт адамдарына деген ұлтына байланысты жеккөрушілікке айналмауы керек . Біздің заманда әдептіліктің мәнісі түсе бастады, адами қасиеттер жоғалды. Нағыз патриотизмнің мысалы, адам өзінің іс-әрекеттері арқылы елге әлемдік атақ-даңқ әкелсе кез-келген адам үшін әлемдегі ең үлкен құрмет - бұл өз ұлтының нышаны болу мүмкіндігі. Мұндай даңққа тек Отанымыздың игілігі үшін үлкен істер жасау арқылы қол жеткізуге болады. Қазақтың нақыл сөзінде «құдықтан су ішкенде, оны қазған адамды есіңе ал» деп айтқан. Жұмабаевтің пікірінше (1992: «Еліміз аумағының бірліктігін сақтау, халықтың бейбіт өмірін алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күресу, мемлекетке қауіп төндірілетін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық сезімге тәрбиелеу міндетін жүктейді. Осыған, байланысты патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихтың бойындағы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болмағандықтан. Алматы . - 160 бет. )
Ойымды қорытылай келе, отансүйгіштіксіз жаһандануғада орын жоқ, яғни қазіргі заманда патриотизм толық, ортадан кетпеді және оның тарихтан жоғалуы болашақ жастарға байланысты. Бұған дейін көп күш жұмсалған патриотизм біртіндеп жаңа ұрпаққа заманауи емес, артық нәрсеге айналып бара жатыр. Бұл халықты және әрбір адамды ел өміріне жауапты ететін сезім. Патриотизмсіз мұндай жауапкершілік болмайды. Егер мен өз халқым туралы ойламасам, онда менің үйім, ортам жоқ. Себебі үй тек жайлылық қана емес, сонымен қатар тәртіп, сонымен қатар осы үйде тұратын балалар үшін де жауапкершілік. Патриотизмі жоқ адамның өз елі жоқ. Ал әлем адамы үйсіз адаммен бірдей.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz