Кәсіпорын қаржысы жайлы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
"Аспара" мәнерлік өнер және бизнес колледжі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Кәсіпорын қаржысы
Тобы: МК16-1
Дайындаған:
Тексерген: Калиева Г.А.

Тараз 2019 ж
Кәсіпорын қаржысы
Қаржы - ақша қорларын ауыспалы айналым процесінде қалыптастыру мен оларды пайдалану кезіндегі ақша қатынастарының жиынтығы.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне кіретіндер:
-мемлекеттік қаржылар (Республикалық бюджет,халықты әлеуметтік сақтандыру қоры және бюджеттен тыс қорлар:зейнетақы қоры,халықты жұмыспен қамту қоры т.б.)
-жергілікті қаржылар (жергілікті бюджетке түсетін қаржылар);
-кәсіпорын қаржылары мемлекеттік қаржылар деңгейінде елдің біріңғай қаржылық саясатын жетілдіру жүзеге асырылады,бұл өз кезегінде кәсіпорын қызметінің тиімділігіне байланысты.
Кәсіпорын қаржысы еліміздің қаржы жүйесінің құрылымында елеулі орын алады. Мемлекеттік қаржы қорларының басым бөлігі кәсіпорын деңгейінде қалыптасады. Республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің 70-80проценті салық түсімдері еңбегінен құралады.
Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметтері:
-бөліп-тарату
-бақылау
Қаржының бөліп-тарату қызметі арқылы кәсіпорын иелігіндегі барлық ақшалай табыстар мен қорлар қалыптастырылады және пайдаланылады.Қаржылардың бөліп-тарату қызметінің орындалуы арқасында үзіліссіз өндірісті ұйымдастыру жолға қойылады, сонымен қатар бұл құбылыстың басқа да сатыларға әсер етуі қамтамасыз етіледі. Демек ақша қаражатының дұрыс таратылуы кәсіпорын жұмыстарын ынталандырады, олардың барған сайын жақсара беруіне серпінді ықпал етеді.
Кәсіпорын жұмысында жұмсалған қаржылардың қайтарымына бақылау жасау өте қажет.Бақылау қызметтерінің негіздері қаржы ресурстраының қозғалысынан тұрады.Олар өз кезегінде қор ретінде және қордан тыс нысандарда құралады.
Бақылау қызметінің маңызды екі мәні бар:
-бухгалтерлік,статистикалық және басқа да есептесулердегі қаржы көрсеткіштері.
-қаржылай ықпалдар.
Егер бұрын орталықтандырылған бюрократтық жоспарлау жүйе кезінде кәсіпорынды басқару, өнім шығару,пайда,өзіндік құн және басқа да көрсеткіштер бойынша қатаң шектеулерге негізделсе, қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында ол экономикалық тетіктер арқылы (салықтар,несиелер,мемлекеттік қаржылық қолдау,түрлі жеңілдіктер,сақтандыру т.б)жүзеге асырылады.
Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принциптері:
-қаржылық-шаруашылық қызметтегі дербестік;
-өзін-өзі қажыландыру және басқару;
-жұмыстың түпкілікті нәтижелерінде мүдделік;
-қол жеткен нәтижелерді еселей түсу;
-қаржы резервтерін жасау;
-қаржыны меншіктік және қарыз деп екіге бөліп ұстау;
-мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорлардың алдындағы міндеттерді бірінші кезекте орындау;
-кәсіпорын қызметтерінде қаржылық бақылау жасау.
Қаржылық қатынастар құрамы кәсіпорындарындағы ақша қатынастарының мына тығыз байланыста ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акционерлік қоғамдардың қаржысы
Бизнес жоспардың анықтамасы, мақсаттары мен тапсырмалары
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы түсініктемелері
Нарық жағдайындағы қаржы-несие жүйесі туралы ақпарат
НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ-НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ
Қаржы жүйесі және қаржы механизімі
Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері
Өкілдік шығыстардың есебі
Шаруашылық субъектлерінің қаржысы
Коммерциялық негізде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
Пәндер