Шоқан Уәлиханов Жоңғария очерктері үзінді



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Шоқан Уәлиханов Жоңғария очерктері үзінді
Менің саяхатымды жүрген жерлерімнің сипанына қарай екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең менің Жоңғарияға, яғни Жетісу мен Іле сыртындағы өлкеге және Ыстықкөлге баруым. Бұл жерлердің физикалық сипаты Сібір штабының түсіріп алған жақсы карталары бойынша да әбден мәлім болатын, ал ғылыми жағынан оларды Шренк, Влангали, Семенов және Голубев мырзалар зерттеп өткен. Алайда олардың бұл мәліметтер тек физикалық география мәселелерін ғана қамтып, этнография мәселелерін мүлде қозғамаған. Мен Жоңғарияда бірінші рет 1856 жылы болдым, онда полковник Хоментовский бастаған алғашқы Ыстықкөл экспедициясына қатыстым. Содан соң Құлжада үш ай тұрдым. Сөйтіп, Жоңғарияда барлығы бес айдай болдым, бұл өлкені Алакөлден Тянь - Шаньға дейін түгел аралап шықтым, ал Тянь - Шань тауына сол жылы Жырғалаң өзенін бойлап шықтым... Жоңғар Алатауының бөктерінде терең із бар, мұны, қазақтардың айтуына қарағанда, құландарды қыру үшін Жәнібек хан қаздырған екен. Ханның жас баласы атқа отыруға үйреніп жүрген кезінде оның атын құландар өз үйіріне ілестіріп әкетіп, бала қазақ тауыпты. Содан кейін хан Тарбағатайдан Ілеге дейін ор қаздырып, Жоңғарияның барлық құланын соған құлатып өлтіріпті, одан тек бір ұрғашы, бір еркек құлан ғана аман құтылып, Балқаштан әрі өтіп, өзінің ұрпақтарына Бұл жаққа енді жоламаңдар деп өсиет қалдырыпты - мыс деседі.
...Қазіргі уақытта Жоңғарияда екі түрлі халық тұрады: буруттар немесе нағыз қырғыздар және жалпы алғанда, үйсін деп аталатын Ұлы жүз қазақтары, бұлардың арасында масаттанып, өздерін көп және күшті халықтың қалдығымыз деп санайтын сары үйсін деген ұрпақ болады.
Көптен қырғыз - қазақтардың ертегілерін, мифтерін, эпос жырларын және аңыздарын жинап жүріп, олардың Еуропа халықтарының, әсіресе славяндардың сол сияқты шығармаларының сарындарына, ұқсастығына таңғалдым.
Бастапқы кезде мен бұл фактіні Абель Ремюзаға еліктеп, үнді - герман тұқымдарының Орта Азия жерлерінде татар тұқымдарымен бірге өмір сүрген уақытындағы әсерінен және араласып кетуінен болған ғой деп түсіндім, енді мен бұл мәселені шешудің кілтін Ұлы жүз бен қырғыздардың арасынан табармын, сөйтіп, өз жинағым үшін бай материалдар жинап алармын деп үміттеніп едім, бірақ бұл ойым жүзеге аспай қалды. Мен бұл жерлерден бірде - бір ел кезер әнші (рабсод), бірде - бір жақсы жыршы (кобзарь) таба алмадым, бұған қатты өкінемін,мұнда тіпті өлең - жырдың өзін сирек айтады екен,ал, айта қалса, әмән ақ ешкі немесе қара жорға туралы ғана айтады екен, оның үстіне ән ырғағы әрқашан бойдайталым болып келеді екен.
Поэзиядан құр алақан қалғанын үйсіндердің өздері де мойындайды, олар былай дейді: бір кезде өлең жырлар (олардың жанды тұлғасы) жер жүзін кезіп,ұшып жүріп, адам баласы ән үйреніпті. Бұл әннің өзі екі әйел сияқты болыпты: біреулерге ол ұзақ уақыт қонақ болыпты, енді біреулер алыстан шыққан дауысын ғана естіп қалыпты, кейде ол үндемей өтіп, қасқырша ұлыпты. Орта жүзде ол қонақ болып жатыпты, ал біз тек оның дауысын ғана естіппіз, сондықтан оны ұмытып та қалыппыз. Ал, мен бұл жерлерде естіген ертектерім мен әндеріме қарағанда, әсіресе,буруттардың халық поэзиясына қарағанда, біздің қырғыздар мен ноғайлардың әндеріндегі үнді - герман сарындары тек славян дүниесімен, Русьпен араласу арқасында ғана болғандығына көзім жетті.
Этнографиялық очерктер, санақ мәліметтері, тарихи хабарлар мен қырғыздардың халық әдебиетінің ескерткіштері менің қолжазбаларымда бірнеше дәптер болды. Мақаламның ақырында, қадірлі мырзалар, мен сіздерді осы кезге дейінгі бүтіндей десе болғандай, мәлімсіз болып келген буруттармен толығырақ таныстырмақпын, алҰлы жүз қазақтарына мен мүлде тоқтамаймын, өйткені олар қай жағынан болса да, өздерінің Сібір мен Орынбор өлкесіндегі туыстарына ұқсас келеді...
Халық аузындағы нақыл сөздерді зерттеудің этнография үшін орасан зор маңызы бар екенін ғалымдар әлдеқашан - ақ аңғарған болатын, өйткені халықтың тұрмысы мен әдет - ғұрпы ондай сөздерден айқынырақ көрінеді. Ескілікті сүю, ескі нақыл сөздерге бай келу солтүстік Азия мен Орта Азияның көшпелі халықтарының ерекше бір қасиеті болып табылады. Ондай нақыл сөздер: не ру ескерткіштері ретінде, мәселен, заң, ғұрып аңыздары ретінде қариялар аузында қасиеттеліп сақталып, не халық жыры түрінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа белгілі жыршылар арқылы жеткізіліп отырады. Қазіргі уақытта қолданылмайтын, айтылмайтын толып жатқан сөз құрылыстары мен сөз жүйелері өздерінің өте ерте уақытта шыққандығын көрсетеді. Шыңғысхан тұқымы өсіп, өрбіген Гүлмәлике ханша туралы аңыз бүкіл татар халықтарының арасына тараған. Тьери оны Гундер мен Атилла туралы ертедегі ертегі... деп санайды. Қырғыздардың қызыл тазыдан (кизилтұйғын) және бір ханша мен соның қырық қызынан тараппыз дейтін аңызы - өте - мөте ертедегі аңыз. Орта Азияның ертеден келе жатқан халықтарының өздерінің шыққан тегі туралы аңыздарының бір өзгешелігі сол - олар өздерін бір жануардан тараған екенбіз деп келеді... Қытай тарихының айтуына қарағанда, гао-гюй, басқаша айтқанда, телэ немесе чилэ деген халық қасқыр мен хуньның сұлу ханшасынан тарапты - мыс. Хунь шаньюйлерінің (патшаларының) біреуінің керемет сұлу екі қызы болыпты, хан ол қыздарын жай адамзатқа күйеуге бергісі келмепті, сөйтіп, зәулім биік мұнара салдырып, ал, тәңірім, бұларды өзің ал деп, екі қызын адам баласы бара алмайтын ен далаға қалдырыпты, - дейді. Ханның кіші қызы жалғыздықтан іші пысып, бір кәрі қасқырға назарын аударыпты, ол қасқыр бір жыл бойы күні - түні мұнараның түбірінде жүріп алып, ақырында соның іргесінен ін қазып алған екен, апасының айтқанына көнбей, ханның кіші қызы әлгі кәрі қасқырға күйеуге шығыпты, - дейді. Тюгюлер (Иакинф атай лугасцы дейді) қасқырдан, ал туфандар (тибет халқы) иттен тарағанбыз дейді. Қытайлар монғол хандарының арғы атасы Батачи көк қасқыр мен ақ құланнан тараған дегенді айтады. Солтүстік Америкадағы қызыл түсті тұқымдар құндыздан, тасбақадан және басқалардан тарағанбыз дейді. Бұған қарағанда, Орта Азиядағы бұл сипаттас аңыздар тіпті Американың өзінде де ерте кезден келе жатқан, қадірлі аңыздар болса керек. Қырғыз аңыздарының аз ғана өзгергендігін және олардың өздерінің бастапқы редакциясына жақындығын - қырғыздардың қазіргі ұрпақтарының тұрғысынан қарағанда, өте өрескел нәрселерді олардың ешбір қаймықпастан, салтанат етіп айтатыны бәрінен де жақсы дәлелдейді...
Аңыздардың өте бір маңызды бөлімі шежіре жөніндегі аңыздар болып табылады. Ру тұрмысы осы аңыздарға негізделген. Рулардың бір - бірімен қарым - қатынасы ру басыларының туысқандық дәрежесіне байланысты болады. Бір тұқымның екінші тұқымнан үлкендігі ата - бабаларының бұрын туғандығымен айрылады. Бұл жөніндегі аңыздардың маңызды болатын себебі: олар бір халыққа жататын руларды және халықтың құралуын анықтайды. Қазақтардың, өзбектердің және ноғайлардың шежірелеріне қарағанда, олар Алтын Орда мен Шағатай Ордасы құлағаннан кейін, түркілер мен монғол тұқымдарынан құралған одақ екендігі байқалады. Ал бураттардың шежіресіне қарағанда, олардың көпшілігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
Шоқанның жеке және қызметтік хаттары
Шоқан ғылымға не қосты
Шоқан Уалиханов әдебиеттегі орны
АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ ((Шоқан Уалиханов туралы, 1835-1865 жж. )
Шоқан Уәлиханұлы (1835-1865)
Манас жыры
Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Уәлиханұлы
Шоқан Уалиханов – саяхатшы, ғалым
Пәндер