Ислам өркениетінің европаға ықпалы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Ислам өркениетінің Европаға ықпалы

Ж о с п а р:

Кіріспе . . . 2

І-тарау. Исламның Еуропаға кіруі.

1. 1. Сауда және техника . . . 6

1. 2. Мұсылмандардың ғылым мен философиядағы

жеткен жетістіктері . . . 28

ІІ-тарау . Ислам өркениетінің Европаға ықпалы.

2. 1. Европадағы ғылым мен философия сапаларындағы

еңбектер . . . 35

2. 2. Ислам арқылы Европаның өркендеуі . . . 39

Қорытынды . . . 42

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 44

Қосымшалар . . . 45

Кіріспе

Ислам діні негізінен алғанда барша ғылым мен білімнің және өркениет пен мәдениеттің анасы деп айтсақ қателеспеген болар едік. Ислам діні өзінен алдыңғы барлық діндердің үкімдерін жойып және өзінің толық біртұтас екендігін, сонымен қатар мына жалған бес күндік өмірдегі жаратылғандар мен жаратылыс атаулының барлығының тек жаратушы бір Аллаға мұқтаж екендігін толық түсіндіреді. Бұл дін барша жер бетіндегі діндердің ішіндегі ең ұлығы. Ең алғаш Хз. Мұхаммедке (с. а. у. ) Рахман және Рахим болған Алла тарапынан уахи келу арқылы басталған яғни араб мемлекетінен бастау алған. Бір айта кетерлігі бұл дін тек қана арабтарға немесе белгілі бір аймақты ғана емес толық адамзатты және бір Құдайдың жаратқан он сегіз мың ғаламының барлығын толық қамтиды. Содан соң жетінші ғасырдың аяғы мен сегінші ғасырдың басынан бастап дін басқа мемлекеттер мен аймақтарға Хз. Мұхаммедтің (с. а. у. ) сахабалары тарапынан жайылып таратыла бастады. Әрине, Алланың қалауы және көмегімен. Европаға да осы дәуірде дәлірек айтар болсақ 710 жылғы Сицилия жорықтарынан бастап тарала бастады. Бұдан басқа Европаға бұл діннің жайылуына бірден-бір себеп болған «Крест жорықтары» десек те болады. Осы тұста Европа материгінің шынбайына шын батса да айта кететін бір жағы яғни ащы шындық Европалықтар осы ұлық болған дін арқылы ғана және Ислам өркениеті арқылы ғана өз-өздеріне келіп адам санатына қосылып көздері ашылды. Мұны еш араб та мұсылман да болмаған яғни басқа дін өкілі болған мықты ойшылдардың өзі Европалық болса да дөп басып айтқандығы әмбеге аян. Соның ішінде Гарра де Ваух атты жазушының «The legacy of Islam» атты еңбегінде мынадай жолдардың кездескені айдан анық:

«Гректердің күш қуатын сонымен қатар білім мен философиясын және өркениетін осы арабтардан яғни мұсылмандардан көре алуымыз неғайбыл ғой деп ойлағанмын ол қалай болса жоққа шықты, көріп отырғанымыздай осы күні арабтар барлық білім салаларында және сауда мен технологияда да үлкен жетістіктерге жеткенін бізге дәлелдеп көрсетті», -деген.

Бүгінде Еуразия деп аталатын ен даланың өркениеті дегенде, алдымен сол құрлықтың көне дәуірдегі інжу-маржандарынан бастап, бүгінгі хал-ахуалын қоса бүге-шүгесіне дейін ауыз толтырып айтып жүреміз. Алайда ақиқаттан аттап өтіп жүрген олқылығымызда жоқ емес. Белинскийдің: «-Шындық Пушкиннен де биік, Лермонтовтан да жоғары, ол халықтан да ұлы, бүкіл Россиядан да ұлы. Сол үшін біз өзіміздің жиған-тергенімізден айрылатынымызға қарамастан, шындыққа ұмтылуымыз керек»-деген орамды ойы бұл еңбегіміздің мақсатын ашып беретіндей.

Европаны ауызға алғанда, керемет дүниелер мен асыл қазыналы ұлан-ғайыр алып дала көз алдымызға көлбеңдеп шыға келеді. Бірақ, тарихшы-ғалымдардың әліде болса терең зерделеп, анықтап аша түсетін тарихи ақиқаттың бет-бедері мол екені саналы азаматқа дау туғызбасы белгілі. Европаның ұлы ойшылы Дрепердің: «Европаның ақыл-ойының жетілуінің тарихы» атты ғылыми еңбегінде: «-Европаның өркендеуінің философиялық жақтары өзінің пайда болу жөнінен Европаның жергілікті халықтарының ақылына қарыздар емес, олар Азиялық қайнарлардан бастау алды. Солардан шықты» -деп, ақиқаттың ауылына жөн сілтегендей болады.

«Ә» дегеннен Европаны өркениет ошақтарының бірегейі деп танып та, жүрдік. Әсілі, бүгінгі ғылымның дерлік басым көпшілігі азиялықтардан, оның ішінде, Ислам әлемінен бастау алатыны әр жерлерде айтылып қалып та жүр. Тарихты терең талғаммен зерделеп зерттеп, байқар болсақ, Ислам өркениетінің Европа құрлығына едәуір, әрі қалай ықпал еткеніне көзіміз жете түседі. Ислам дүниесінің әлемге, соның ішінде Европаға әсеріне тоқталмас бұрын, алдымен өзіміздің төл топырағымызға тамыр жайуына тоқталып өтсек олқылық болмас. Бүгінге дейін, еліміз өз егемендігін алып, тіліміз бен дініміз қайта қанат жая бастағанға дейін Ислам әлемінің, Ислам өркениетінің Орта Азияға оның ішінде Қазақстанға қалай ықпал еткені жөнінде кешегі КСРО кезінде тарихи бұрмалаушылықтар болып, өзіміздің мол қазынамыздан айрылыпта қалдық. «Ислам қылыштың жүзімен, қара күштің әсерімен тарады» деген сыңайлы жаңсақ пікірлер қоғамымызда кең етек жайып кеткені де сыр емес. Кешегі Кеңестік отарлау дәуірінде он екі ғасыр бойы қордаланған және қаланған араб әріпіндегі жазуымыздан айрылдық. Соның салдарынан бабалардың мол мұрасы, атап айтсақ, Әл-Фараби, А. Яссауи, Ж. Баласағұн, И. Сина, Әл-Харезми, Ұлықбек т. б. Шығыс, әсіресе Ислам ғұламаларының асыл қазыналарынан қара үзіп қалдық. Кеңестік идеологияның мақсаты Ислам өркениетінің Орта Азияға әсерін әлсірету болғаны, советтік мұсылман елдерін Шығыстан бір жолата қол үздіруді мақсат еткені бүгінде паш етілуде.

Жетпіс жылдық бодандықта Шығыстың әсіресе, Ислам өркениетінен нәр алмай тек Европалық ілімге бет бұруымыз біздерді «Европацентристік» деген ауруға ұшыратыпта үлгерді. Соның салдары Исламның Европаға әсерін түсініп, тануымызға да кері септігін тигізді. Бүгінде Ислам өркениетінің Еропаға ықпал еткені ауызға алынса-ақ, жетпіс жылдық «жиған-тергеніміз» яғни қате түсінік-пайымымыз қарсы шығып, сыр беріпте жатады. Европаның «Кәрі құрлық» деген тіркесі бар «Данышпан европаны» Исламнан нәр алып сусындағанын мойындағымыз да келмей жатуы, сөз жоқ, жоғарыдағы «Европацентристік» ауруымыздың қалдығы болар. Бұл еңбегімізде Ислам өркениетінің дамуы мен қалыптасуын және де Европаға қалай ықпал еткенін жан-жақты ғылыми әрі көңілге қонымды қисыны келетін дәлелдер мен зерделей түсеміз. Аббаситтер дәуірінен бастап бастау алатын «ұлы көш» қай кезге дейін қалай ықпал еткені жайлы нақты тұжырымдармен аша түсеміз. Бұл тақырыпты алуымыздың мақсаты - «ақиқат көзқараспен сәйкес келмейді, керісінше көзқарас ақиқатпен сәйкес келуі шарт» деген тезисті ұстана отырып, тарихи шындықтың бетін ашу. Бүгінде Европаланып кеткен Шығыс атау белгілерін ілгері тарта отырып, тарихи оқиғалармен сабақтастырып, оқырманның зейінін тың тақырыпқа тарта білу. Европа тарихында мол зерттелмеген сала Орта ғасыр тарихы болғанымен әліде болса Ислам өркениетінің ықпалы, асуы, шындығы паш етілмей келе жатқаны бұл еңбекті қолға алуымызға түрткі болды.

І-тарау. Исламның Европаға кіруі.

1. 1. Сауда және техника.

Байқап қарасақ Аббасидтердің билік құрған дәуірінде тек қана Ислам өркениетінің ең жарқырап дамыған шағы болғаны сонымен қатар өте көп ғылыми және мәдени дамудың да іргетасы қаланғаны тарихи шындық.

Бұл алға қарай қарыштай дамудың барлығы түрлі қарым-қатынастармен Европалықтарға араласып және әлемдік өркениеттің даму шеңберіне қажетті негізгі қажеттіліктерді туғызған. Әлбетте, барлық даму белгілі бір уақыт пен географиялық белдеулерде жүзеге асқан . Ұзақ уақыт бойындағы нәтиже мұсылмандардың білім және ғылым жөнінен өздерінің қол жеткізген жетістіктері болып саналады.

Ислам дүниесіндегі Аббасидтер билеп тұрған дәуірдің өте маңызды екендігін тілге тиек етуіміз керек. Және бұл тақырып Европа материгінің шымбойына шын батса да біз осы тақырыпты қолымыздан келгенше зерттемекшіміз . Ислам дүниесінің ортағасырлардағы Европаға қалай әсер еткендігі әр түрлі ғалымдармен зерттеушілер тарапынан шама-шарықтарынша зерттелген. Бірақ, бұл ретте Ислами өркениеттің әсерін қамтитын көзге ілінер ешқандай әрекетте жақсылықтың нышаны байқалмайды. Өкінішке орай осы күнгі қолда бар әдебиеттердің барлығы шығыстанушылар тарапынан жазылғандықтан Исламның Европа материгіне жасаған жәрдемінің қаншалықты маңызды екендігін білдіретін және Европа материгінің осы жәрдемге қайтарған жауабы туралы жазылған аз ғана деректер бар.

Ислам өркениетінің Европаға әсері Испания мен Сацилияның мұсылмандар тарапынан басып алуынан соң басым бола бастағаны әмбеге аян. Ал әскери әсердің басталуы шамамен алғанда 710-жылы шілде айынан бастау алады. Сол уақытта сандары төрт жүздей болған аз ғана мұсылман солтүстік Африкадан оңтүстік Испанияға дейін барғанымен бұның барлығы тек қана әскери барлау еді. Олардың алып қайтқан рапорттары әскерге күш-5қуат берді. Келесі жылы яғни 711-жылы басып алу үшін шынайы әрі нәтижелі іс-әрекетке көшіп кірісті . Әскер саны осы кезде 7000 еді, содан көп ұзамай 5000 әскермен күшейтілді. Ислам әскері өте сақадай сай болғандықтан 711-жылы тамыз айында Визагот патшасы Родрикті жеңіп патшалығының орталығын өздеріне тізе бүктірді. Бұл кезде олар мүлдем қарсы келе алмады. Шамамен 715-жылы Испанияның барлық қалаларын басып алып және кейбір басшылармен келіссөз яғни бітімгершілікке келді. Басып алынған жерлердің арасында Францияның оңтүстігіндегі Нарбоне де бар еді. Бұдан кейін осы өлкенің барлығы бейбіт өмір сүре бастады. Бірақ мұсылмандардың арасында анда-санда саяси топтардың шығарған бүліктері болды.

750-жылы Ислам мемлекетінің басшылығы Умейдтерден Аббасидтерге өтті. Мемлекеттің орталығы яғни астанасы Шамнан шығыстағы Аббасидтердің жаңа қаласы Бағдадқа көшірілді. Өйткені Аббасидтердің күш-қуаттары мемлекеттің шығысына шоғырланғандықтан батыстағы аймақтарының басшылықты танытуында біраз қайраттанды.

Мұсылман Испанияның басшысы болған ІІІ Абдуррахманның билік құрған кезінде (912-961 ж. ж) мемлекет дамудың шарықтау шегіне жеткендігі белгілі. ІІІ Абдуррахманның билігіндегі алғашқы жиырма жылында өлкенің бірлігін ыдырататын барлық қауып-қатерді жойды. Өлген кезінде Иберия түбегінің басым бөлігі оның қол астына кірген еді. Тіпті кейіннен белгілі болған кішігірім Християн мемлекеттері де оның баласы мен немересінің уақытында да жалғасып жатты. Бір өкініштісі немересі күш-қуаттың өз қолынан босаңсып бара жатқандығына көз жұма қарады. Нақтырақ айтатын болсақ биліктің босаңсып бара жатқандығы сол кездегі қазына басшысы болған Әл-Мансур тарапынан жасалған іс-әрекеттердің себеп-салдарынан еді. 1008-жылы Мансурдың ұлы дүние салғаннан кейін мұсылман Испанияның бірлігін сақтап қалатын ешкім болмағандықтан Испания Умейдтер мемлекеті ыдыраудың шақ алдында ғана тұрды. 1031-жылы өлкеде шамамен 30-ға жуық кішігірім хандықтар пайда болды. Барлық осынша себеп-салдардан соң «Тайфей-руаса» немесе «Тайфей-Мүлік»-тің дәурені басталды. Бірте-бірте бәсекелескен әртүрлі басшылардың саясында әдебиет және өнер өз дамуын одан әрі жалғастырды. Ақыр аяғында християндар 1085 жылы маңызды қала Толедоны басып алды.

Християндардан келетін қауіп-қатерді алдын-ала білген кейбір мұсылмандар Мурабыттар деп аталатын солтүстік батыс африкада үстемдік ететін Бербери мемлекетіне барып паналады. Мурабытпен (Арапша: Әл-Мурабутатун; Испанша : Алмора-Видес) бұл әрекетке кірісудің соңында Християн әскерін жеңіп және Испанияны 1090-жылдан 1144-жылға дейін басқарды. Оларды сол уақытта Африкада және Испанияда өте күшті болған Бербери әулетінен шыққан Миваххидтер басқарды. Және олардың билік жүргізу дәурені Испанияда 1223-жылға дейін жалғасты. Бұдан соң елде дүрбелеңге толы кезең басталып кішігірім хандықтар пайда болып мемлекет бірте-бірте ыдырай бастады. Осы кезде Арагон және Гастила біріккен хандығы тарапынан барлығы сахнадан шықты.

Латын християн әлемі мұсылмандардың әскери басымдығын Сицилия арқылы сезді. Сицилияға жасалған алғашқы жорық 652-жылы Сицилия қаласының тізе бүгуі арқылы сезді. Бұл мұсылмандардың Византияға қарсы келуінен кейін еді. Бірақ ІХ-ғасырдың басына дейін мұсылмандардың күш-қуаттары басқа жерлерге де жұмсалды. 800-жылы Тунис Аглеби әулетінің қол астына өтті. Аглебилер, Бағдаттағы Аббаси, Халифасы атынан қаланы ресми түрде басқарды, бірақ негізінен алғанда Сицилиядағы келіспеушіліктер ішінде болған топтардан біреуінің 827-жылы өтініш білдіргенін мүмкіншілік деп қабылдаған Аглебилер дереу яғни тез арада Сицилияны басып алды. Бірақ 831-жылы Палермо шамамен 843-жылы Мессиния басып алынғанына қарамастан Суражуса қаласы 878-жылға дейін берілмеді. Осы себептен аралдық мұсылмандар тарапынан жеңісі 902-жылға дейін жалғасты.

Мұсылмандар осыдан кейін тек қана басып алумен шабуылға көшті. Италияда Ломбардиялық лидерлер арасында пайда болып бой көтере бастаған бір-біріне қарсы түсініспеушіліктер мұсылмандардың Сицилияға басып кіруі үшін әділетті түрде себеп болды. Осы тұста мұсылмандар 837 жылы Наполиде еді. 841-жылы және 847 жылдары Бариды қолға түсірді. Ертеректе 30 жыл бойы осы жер әскери база болды. 846-849 жылдары үнемі Римді үркітіп отырды, бірақ басып алынбады. Папа сегізінші Жоһан (877-882 ж. ж) мұсылмандарға өз еркімен мәжбүр түрде екі жыл салық төледі. Ислам әскері ІХ ғасырда орталық Европаға қарай созылған Альпілерге ықпал еткендей болды. Осы ғасырдың аяғына қарай оңтүстік Италиядағы Византия егемендігінің жандануы Италияның орталығындағылардың мұсылмандар жағынан басып алынуы алыстап кетті. Және осымен қатар Сицилияны бағындырған арабтар бұл жерге мейлінше ене берді. Сицилияға әкім болған Фатими әулетінің қазысы 948-жылы үлкен нәтижеде автономия жасады. Өйткені шығысқа қарай ілгерілей жылжу фатими әулетінің саясаты еді. Енді осының нәтижесі ретінде 969 жылы Мысырдың басып алуынан басқа да атқарған іс-әрекеттерінің ішінде үкімет орталығын Каир қаласына көшіру де болды. Сицилияда автономия құрған Фатими әулетінің әкімі басшылығында және оның «Кәлби» патшалығына қарасты мұрагерлерінің уақытында айтарлықтай істер атқарылып, бірталай өгерістер болып Ислам өркениеті мен мәдениетінің іргетасы берік түрде қаланды.

Сицилияның қорғалуы Испания сияқты ұзаққа бармады. Испаниядағы 711-жылғы мұсылмандардың жеңісі күтпеген оқиға болды. Бұл нәтиже Әз. Мұхаммед (с. а. у. ) дәуірінен жалғасып келе жатқан дамудың нышандарынан еді. Әз. Мұхаммед (с. а. у. ) пайғамбарымыздың 622 жылғы Меккеден Мәдинаға жасаған хижретінде өишеретінде (көш, қоныс) онымен бірге болған асхабы яғни сахабаларынан бірнешеуі шындығында үлкен бір жігерлікпен қайсарлық танытып дін үшін және сонымен қатар Ислам өркениетінің одан әрі дамып жайылуына өз үлестерін қосқан. Осының барлығын бір сөзбен айтқанда «жиһад» деп атаймыз. Жиһадтың көптеген мағынасы бар. Соның ішінде әдеп және рухани өркениеттілік мағынасында да қолданылады. Бірақ сол уақытта кәпірлерге қарсы жасалған соғыстарға берілген ерекше есім болғандықтан «Қасиетті соғыс» деп аталды. Әрине Исламдағы «жиһад» әмірі мен Християндықтағы «крес жорықтары» арасында үлкен айырмашылықтар бар.

Мәдинадағы арабтар бір тайпа немесе тайпалар одақтасы (федерация) болып өмір сүретін. Әз. Мұхаммед (с. а. у. ) пайғамбарымыз күш-қуатымен және саны жағынан көбейе бастағанда кішігірім тайпалардың басшылары онымен келіссөз яғни бітімге келуді қалады. Осыған орай пайғамбарымыз (с. а. у. ) оларға Исламға кіріп және өзін Алланың елшісі екендігін мойындауларын Алладан келген әмір екендігін жеткізді. Осы әдіс тәсілмен ол Арабстанның түкпір-түкпіріндегі тайпаларды бағындыру арқылы жан тапсырмай тұрып ең әдемі, ең кең-байтақ, ең мықты одақтас құрып Ислам өркениетін дамытты. Бұның барлығы көрші пұтқа табынушы тайпаларға қарсы іске асыратын еді. Осылайша тағы да ұзақ мемлекеттерге бару жоспары құрылған. Осы тұрғыдан алғанда жиһад, мұсылмандардың жеңіске жеткен уақыттарында Ислам одағының әрқашан үнемі дамуына және де Ислам шекарасының кеңеюіне жәрдем етті.

Бұл соңғы айтқандарымыздың барлығы Ислам дінінің қылышпен жайылды деген мағынаға келмейді. Арабстанда жиһад етуге себеп болған пұтқа табынушыларға не Исламды қабылда болмаса қылышпен соғысуды таңдау мүмкіндігі берілген. Және де Таухид сенімінде болған Яһуди, Християн және басқаларына қарсы басқа яғни бөлек қарым-қатынас жасалды. Өйткені бұл діндегі адамдар тура жолдан адасқан немесе діннің негізгі мақсатынан алыстағаны болмаса Ислам дініне ең жақыны болып саналған. Олардың барлығы да тек тәңір сенімінде болған. Сол себебі олармен үнемі одақтасып отырған. Осылайша олар «Әһли-зимма» атын алды. Әрбір зымми жизия салығынан басқа мұсылмандармен жасалған келісім шарт бойынша мұсылман әкімшілігіне де құн төлеуге мәжбүр еді. Ислам мемлекеті үшін бұның барлығы үлкен абырой. Бірақ кейбір айырмашылықтары болды. Мысалға қару ұстамау, мұсылман әйелмен үйлене алмау сияқты, яғни рұқсат етілмеді. Осыдан кейін зыммилер өздерін екінші дәрежелі азамат деп сезінетін . Алғашында барлық мұсылмандар «Бәйтулмал» дан яғни халық қазынасынан жалақы алатын өйткені сол уақытта өздерін толығымен жиһадқа және басқа да қоғам қызметтеріне жан-тәндерімен ат салысатын. Испанияның жеңілісінен кейін де күшін жоймаған бұл үрдіс 750-жылдары біртіндеп іргесі сөгіле бастады. Осы жиһадтардың барлығы Аллаһ үшін еді, сонымен қатар аз да болса олжа түсіру де жоқ емес еді. Мұсылман арабтар әртүрлі ұзақ жерлерге жасаған жорықтарынан кейін оларға Арабстан, Шам сияқты орталықтары яғни елді мекендері алыста қалғандықтан ол жерге қайтіп кері қайту бірталай қиындықтар туғызатын болғандықтан кайрауан сияқты әскери базалары бар қалалар тұрғызған. Кейінннен осы қалалардың барлығы үлкен-үлкен орталықтарға айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам және қазақтардың әдет - ғұрыптары
Ислам дінінің мәдениет қалыптастырудағы аксиологиялық қызметі
Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Ислам философиясының Батыс христиан және яхуди философиясына әсері маңызды болды
Кавказды арабтардың жаулап алуы
Түркі ойшылдарының мұрасындағы ислам құндылықтары
Орта ғасырлардағы Қытай өркениеті
Орта ғасыр философиясы туралы
Арабтардың Орта Азияны жаулап алуы және дінмен бірге келген тарихи білім
Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz