Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі


Тақырыбы: Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі
Жоспар:
- Кіріспе.
- Негізгі бөлім:. Жалпы теорияның пәні, оның мазмұныҚоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны
- Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Әр ғылымның немесе оқу пәнінің өзіндік зерттейтін, оқытатын пәні болады. Ғылмның немесе оқу пәнінің өзегі - ол зерттейтін мәселелерінің жиынтығы.
Мемлекет және құқық теориясының (МҚТ) пәні - бұл мемлекет пен құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет атқаруының жалпы заңдылықтары, олардың мәні, құрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері, институттары. Сонымен қатар МҚТ қазіргі мемлекеттік құқықтық болмыстарды да қарастырады және жалпы құқықтық түсініктерді зерттейді.
Мемлекет пен құқық бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықсыз мемлекет өмір де сүре алмайды. Сондықтан мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықтары ұқсас.
МҚТ пәні - өте күрделі ұғым. Осы пәнді толық зерттеу үшін төмендегі сұоақтарға аса көңіл бөлу қажет:
- мемлекет және құқықтың мәні
- кез келген типті және кез келген жүйедегі мемлекет және құқықтың жалпы сипаттары
- мемлекет және құқық пайда болуының жалпы заңдылықтары
- мемлекет және құқықтың типтері мен формалары (нысандары)
- мемлекет және құқықтың дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары, принциптері, механизмдері
- мемлекет және құқықтың бір-бірімен және басқа қоғамдық құбылыстармен байланысының жалпы заңдылықтары.
Заң ғылымдары арасында мемлекет және құқық теориясы ерекше орын алады. Мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері мыналардан тұрады:
- біріншіден, бұл қоғамдық ғылым, өйткені оның пәні мемлекет және құқық, бұлар қоғамдық құбылыстар болып табылады. Бұл ғылым (МҚТ) басқа ғылымдардың біразынан (табиғат зерттеу, техникалық) осы айырмашылықтары арқылы ерекшелінеді;
- екіншіден, бұл саясат пен заңдарды зерттейтін ғылым, мұндай зерттеулерде мемлекеттің саясат пен билікке жататын немесе ғылыммен тікелей байланысты қызметтік іс-әрекеттерін қарастырады. Міне, осындай сипатты айырмашылығына байланысты МҚТ мемлекеттік-құқық саласын тікелей зерттемейтін басқалай да қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді;
- үшіншіден, ғылым мемлекет пен құқықьың негізгі және жалпылық заңдылықтарын, жалпыламалық ғылым болып табылады. Осы айырмашылығы арқылы арнайы заң ғылымдарынан ерекшелінеді;
- төртіншіден, бұл әдістемелік сипатындағы ғылым. Мемлекеттік-құқықтық қондырманың жалпы заңдылытарын баяндап түсіндіргенде мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеудің амал-тәсілдерін, жолдарын қарастырып, олардың әдістемелік мәселелерін де шешеді;
- бесіншіден, заң ғылымдарының бәріне тән тұғырнамалық сипаты бар ғылым. Өйткені барлық заң ғылымы пәндеріне тән құқықтық құбылыстарды зерттейді.
Сонымен мемлекет және құқық теориясын мемлекет пен құқықтық негізгі және заңдылықтарының, олардың мәні мен бағдарының фактілерге негізделген дамуын қорытындылаған білімдер жүйесі дейміз.
2. 1. Жалпы теорияның пәні, оның мазмұны
Әр ғылымның өз саласында объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын-ала болжауға арналған, жүйелі түрде кұрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне - предметіне айналады. Мемлекет және кұқық теориясы - қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория - мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгі-нышандарын, функцияларын зерттейді.
Жалпы теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арасындағы санқырлы күрделі қарым-қатынастарды, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын, адамдардың сана-сезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағы, кұқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдар жасап отырады.
Ғылымның пәні дегеніміз - оның зерттейтін мәселелері.
Ғылымның әдістері дегеніміз - пәнін танып анықтау үшін сол ғылымның зерттеу барысында қолданатын тәсілдері, жолдары мен амалдары.
Әдіс және әдіснама (методология) деген түсініктерді ажырату керек. Әдіснама екі мағынада қолданылады:
а) әдістер туралы ілім;
б) әдістер жиынтығы.
Мемлекет және құқық теориясының әдістері мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеуде ғылыми жолмен қамтамасыз ететін теориялық принциптердің, логикалық әдістері мен арнайы тәсілдерінің жиынтығы болып табылады.
Мемлекет және құқық теориясының қолданатын әдісіне диалектикалық әдіс жатады. МҚТ диалектиканың үш заңына сүйніп зерделенеді.
Олар:
1. Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысу заңы. Дағдылы іс-тәжірибеде бұл мына жайттарды білдіреді. Кез-келген мемлекет өзінің қызмет ету барысында барлық жүйелерді дамытуды көздейді.
2. Теріске шығаруды терістеу заңы. Бұл заң бойынша қазіргі күнде теріске шығарылып жатқан қандай да бір құбылыс, ертең я болмаса оның арғы күні (яғни өз уақыты келгенде) қабылдануы және болмыста әске асуы ықтимал жайт деп саналады. Қазіргі заманнан біраз бұрын қоғам өміріндегі құбылыстарға мемлекеттің толығымен араласып, оған ықпал жасауы жалпы көпшіліктің бәрі танып мойындаған қағидатдеп келген болсақ, енді қазір қоғам өз болмысындағы құбылыстарға мемлекеттің араласып, ықпал жасау мүмкіндігін шектеуге талаптанғанын өзіміз іс жүзінде күнделікті өмірде көріп жүрміз.
3. Қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі заңы . Бұл заңның айқындауында белгілі-бір орында (жерде) және белгілі бір мерзімде бірін-бірі жоққа шығаратын құбылыстар болуы ықтимал екен.
Мемлекет және құқық теориясының әдістері бірнеше түрге жіктеледі.
а) Диалектикалық әдіс (диалектика-даму) ;
б) Абстрактілік ойлаудан нақты ойлауға өрлеу әдісі.
в) Тарихи әдіс . Бұл әдіс - мемлекет пен құқықтың тарихилығына, оның өзгермелілігіне және әрқашан да дамуда болатын құбылыс екендігіне негізделеді. Бұл әдісті қолдану барысында зерттелініп отырған мемлекет пен құқықтың өз қызмет бағыттарын атқарып отырғанда қандай тарихи ортада, қандай дәстүрлер мен қандай аумақтық ерекшеліктер және халықтар болатындығының ескерілуі қажет екендігін байыптаймыз;
г) Жүйелілік әдіс . Мемлекет және құқық - құрылымы күрделі болып келетін жүйелілікті білдіретін ұғым.
Мемлекет және құқық теориясын зерттеп барып пайымдаудың арнайы және ғылыми дербес әдістері де бар:
а) Формальды-логикалық әдіс. Бұл әдісті қолдану арқылы құқықтың ішкі құрылымы, қайнар көздері, оны (құқықты) жүйелеудің әдістері зерттеледі. Бұл әдіс мемлекет нысанын (формасын), сондай-ақ оның құрылымын талдағанда қолданылады;
б) Салыстырмалы мемлекеттану мен құқықтану әдісі. Бұл әртүрлі елдердің мемлекеттік және құқықтық жүйелерін зерттеуде негізге алынатын әдіс;
в) Нақты-әлеуметтік әдіс - нақты-әлеуметтік зерттеулерде негізделген әдіс. Бұл зерттеулерді жүргізгенде қоғамдағы заңдарға, мемлекеттің тікелей өзіне немесеоның құрамдас бөліктеріне қоғам қандай пікірде, қандай қайшылықтарда екендігі анықталынады. Бұл тәсілдерге тән амал-тәсілдерге:
- байқау жариялау;
- анкета жүргізу (сұрақ-жауап) ;
- сұхбаттасу;
- тәжірибе (эксперимент) жасау жатады.
Мемлекет пен құқықты бір-бірінен айыруға болмайды. Олар объективтік тұрғыдан тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым. Бірақта олар бір ғылымға жатқанымен өздерінің нақты бағыттары болады. Мемлекет - қоғамның саяси-экономикалық құрылысымен шңғылданады, құқық-нормативтік актілер жүйесін қалыптастырады.
Міне, осы бірлестікпен дербестік олардың мазмұнын, мақсатын, қызметінің әдіс-тәсілдерін, функцияларын жан-жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкіншіліктер береді. Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білуге жағдай туады.
Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы қоғамда, құлиелену, феодалдық, буржуазиялық формацияларда), қазіргі кезеңде, болашақта мем лекет пен құқықтың қоғамды басқарудағы объективтік және субъективтік заңдылықтарын, әдіс-тәсілдерін зерттейді. Осы үш дәуірде болған және болашақ қоғамның және мемлекет пен құқықтың өздерінің даму процесіңде болған жақсы тәжірибелерді жинақтап қорытынды тұжырымдар жасалып отырады.
Сонымен, мемлекет және құқық теориясының пәні - адам қоғамынын өміріндегі құбылыстардың, мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму объективтік заңдылықтары мен олардың мәні-маңызы, құрылымы және мақсаты.
Бұл түсіндірме үш тараудан тұрады:
- Қоғамның қалыптасу, мемлекет пен құқықтың өмірге келу заңдылықтары;
- Қоғамның, мемлекеттің, құқықтың даму заңдылықтары;
- Қоғамның, мемлекеттің, құқықтың тарихи маңызы, құрылымы, мақсаты.
Мемлекет пен құқық теориясы іргелі-терең ғылым ретінде бірнеше функциялар атқарады:
Онтологиялық функция - (шын білім - грек . . . , ) Адам қоғамының тұрмысын, оның қағидаларын, даму заңдылықтарын зерттеу. Бұл зерттеу арқылы мемлекет пен кұқықтың өмірге келуін, дамуын, болашағын білуге мүмкіншілік қалыптасады.
Гносеологиялық функция - (гр . . . білім, теория) . Таным теориясы арқылы мемлекет пен құқықтың құрылымын, маңызын, мақсатын білуге болады.
Эвристикалық функция - (гр . . . табу) . Заң ғылымының барлық саласында зерттеудің әдіс-тәсілдерін жетілдіріп қоғамдағы құбылыстардың даму процесінің жаңа заңдылықтарын табу, ашу.
Методологиялық функция - мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының салаларының талаптарына сәйкес жалпы әдістемелік ғылыми тұжырымдар жасап, ғылымның жақсы дамуына жағдай жасау.
Саяси функция - қоғамның алдында тұрған мақсатты, саясатты, жалпы теория тұрғысынан орындау бағыттарын, жолдарын белгілеу. Мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатының ғылыми негіздерін жасап, оның ғылыми тұрғыдан орындалуын қамтамасыз ету.
Идеологиялық функция - жалпы теория қоғамдағы әртүрлі көзқарасты, саясатты, идеяларды біріктіріп, ғылыми тұрақты жүйе қалыптастырып адамдардың сана-сезімін, құқықтық мәдениетінің сапасын жақсарту.
Тәжірибелік-ұйымдық функция - тәжірибелерге сүйене отырып, жалпы теория қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті сапалы іске асыру үшін ұсыныстар жасап отыруы қажет.
Болжау функциясы - жалпы қоғамдағы саяси - құқықтық құбылыстармен ғана шектелмей сол құбылыстардың болашақ бағытын зерттеп, ғылыми қорытынды тұжырымдар жасап, оны құқықтық реттеп-басқару бағдарламасын дайындауы қажет.
Құқық және мемлекет теориясының функциялары бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Олардың қызметін біріктіріп зерттегенде жалпы теорияның қоғамдағы маңызы жақсы көрінеді. Жалпы теория өз функцияларын заң ғылымының басқа салаларымен бірлесіп атқарады. Сонда ғана нәтиже болады.
Методология - дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми методологияның негізі - материализм мен диалектика. Ғылымның методологиясы - оның ғылыми-зерттеу әдіс-тәсілдері. Жалпы ғылым дегеніміз екі мәселені қамтиды, екі бағытты біріктіреді - теория және методика. Теория - ғылымы нені зерттейді? - деген сұраққа жауап береді. Метод - ғылымы қандай тәсілмен, амалмен зерттеу жүргізеді? - деген сұраққа жауап береді. Теория мен метод өмірде тығыз байланыста дамиды. Бұл объективтік байланыс ғылымның мыңдаған саласындағы тәжірибеде дәлелденген.
Қоғамның мазмұнын, объективтік даму процесін ғылыми зерттеуде теория мен методиканың маңызы өте зор. Онсыз ғылымды дұрыс зерттеу, дұрыс ғылыми қорытынды жасау мүмкін емес. Методологияның екі түрі болады: Жалпы ғылыми әдіс-тәсіл және жекелік ғылыми әдіс-тәсіл. Жалпы ғылыми әдіс-тәсілді - ғылымды зерттеудің методологиялық негізі деп атайды. Қазіргі замандағы ғылыми зерттеулер философияның материалистік және диалектикалық заңдарына сүйене отырып жүргізіледі. Материализм -философияның бір бағыты. Ол материя, табиғат, болмыс алғашқы, ал сана, рух, ой материяның қасиеті болғандықтан туынды деп санайтын, идеализмге түбірінен қарама-қарсы ғьлыми философиялық бағыт. Материализм адам санасын, ойын сыртқы дүниенің бейнесі деп қарастырып, дүниені, табиғатты, қоғамды танып білуге болатынын дәлелдейді. Материализм ғылым мен практикалық жетістіктеріне сүйене дамиды және білімнің өсуіне, ғылыми методтың жетілуіне, адамзат практикасының, өндіріс күштерінің артуына ықпалын тигізеді.
Диалектика - табиғаттың, қоғамның және адам ойының дамуы мен қозғалысының жалпы заңдары жайындағы ғылым, дүниені танудың әдісі мен теориясы. Диалектика объективті күрделі зандылықтардың, қажеттігін карама-қайшылыққа толы табиғатын зерттейді. Диалектиканың негізгі заңдары: қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі; сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы; терістеуді терістеу заңы.
Диалектиканың заңдары табиғаттың, қоғамның объективтік дамуының қайнар көзін, ішкі қозғалысын және бағытын көрсетеді. Диалектикалық категориялар (анализ бен синтез, мазмұн мен форма, құбылыс пен мән, шындық пен мүмкіншілік т. б. ) танымның диалектілігін, заңдылығын бейнелейді.
Сонымен, материалистік диалектиканың методологиясының негіздеріне сәйкес мемлекеттік-құқықтық құбылыстар қоғамның өмірімен бірге зерттелуге тиіс. Сондықтан, қоғам, мемлекет, құқық -осылардың арасындағы қатынастарының түрлерін білу қажет. Қоғамның мемлекет, құқықпен үш түрлі байланысы бар: Қоғамның базисы мен қондырмасы арқылы, қоғам мен мемлекет-құқықтың байланысы, қоғамның мүдде-мақсатының құқық- мемлекет пен байланысы.
- Қоғамның экономикалық базисы өзінің қондырмасымен байланыста дамиды. Қондырманың бір саласы құқық пен мемлекет. Қондырма-базис арқылы қоғам, құқық және мемлекетпен тығыз байланыста болады. Қоғамды реттеп-басқаратын құқықпен мемлекет.
- Құқық пен мемлекет қондырманың бір күрделі саласы, олар қоғамның барлық саласымен үздіксіз байланыста болады және құқық пен мемлекеттің қызметі қоғамдағы адамдардың сана-сезімімен де байланыста дамиды. Бұл екі жақты объективтік процесс.
3) Мемлекет пен құқық қоғамның жалпы халықтық және таптық
мүдде-мақсаттарын реттеп-басқарып іске асырып отырады. Бұл да екі
жақты объективтік процесс.
Сонымен, материалистік және диалектикалық методқа сәйкес мемлекет пен құқық қоғамның экономикалық, саяси, рухани жағдайларымен тығыз байланыста, үздіксіз қозғалыста, дамудағы объективті шындық кұбылыстар. Мемлекет пен құқықтың өздерінің даму заңдары болады.
Жалпы ғылыми зерттеудің әдіс-тәсілдерінің ең күрделісі материалистік диалектика. Ол қазіргі ғылыми танымның теориясы мен методы. Танымның мақсаты - зерттеліп отырған заттың, мәселенің терең мәнін, қайшылықтар жүйесін ашу.
Таным - объективті шындықтың адам санасындағы белсенді және кайшылықты бейнеленуі. Бұл процесте логиканың атқаратын рөлі зор. Логиканың негізгі мақсаты мен зерттеу пәні танымның ақиқаттылығы, танымдық тәсілдер мен әдістердің дұрыс жүйесін қалыптастыру.
Заң ғылымының зерттеу процесінде анализ және синтез тәсілдері де қолданылады. Теориялық және тәжірибелік зерттеу процесінде күрделі объектілерді талдау, құрамды бөліктерді жіктеп ажырату.
Синтез - сол талданған бөліктерді жинақтап қосу арқылы белгілі бір объектіні, затты құрастыру. Мысалы: жалпы теорияда мемлекеттік органдарды, оның функцияларын, құқықтық нормаларды, қатынастың субъектілерін жүйе-жүйеге, сала-салаға топтастырып зерттеу, немесе оларды біріктіріп зерттеу жүргізу.
Жеке ғылымдардың теориялық және методологиялық негіздері тек философиямен ғана емес, олардың өздері арқылы да зерттелуде. Мысалы, мемлекет және құқық теориясы зерттеудің жалпы методтарымен азаматтық, мемлекеттік, әкімшілік, қылмыстық т. б. құқықтарды бірлестіріп зерттеу методикасын дамытып отырады.
Бұл процесте құқық және мемлекет теориясы философияға сүйене отырып, заң ғылымының барлық жетістіктерін пайдаланады. Оның барлық саласына бірдей қатысты методологиялық мәселелерді зерттейді. Осы типтес қарым-қатынас басқа ғылымдарда да болады.
Жекелік ғылыми-зерттеу әдіс-тәсілдерінің түрлері: жүйелік, функционалдық, статистикалық, социологиялық, үлгілік, салыстыру-теңестіру т. б.
Жүйелік тәсіл - қоғамдағы мемлекеттік-құқықтык құбылыстарды жүйеге, салаға топтастырып зерттеу.
Функционалдық тәсіл - қоғамдағы заңды құбылыстардың әлеуметтік бағытына, маңызына, қызметіне қарай жіктеп зерттеу жүргізу Бұл әдіс мемлекеттің аппаратын, функциясын, құқықтық құрылымын, жүйесін, құқықтық сананы, жауапкершіліктің түрлерін т. б. кұбылыстарды зерттеуде пайдаланылады.
Статистикалық әдіс - заңды құбылыстардың санды деректеріне, фактілеріне сүйене отырып, зерттеу жүргізу. Оның кезеңдері: бақылау, деректерді, фактілерді жинақтау, жиналған материалдарға анализ жасау.
Үлгілік әдіс - болған құбылыстың үлгісін жасап, сол арқылы істің мазмұнын, көлемін жобалап келтіріп барып зерттеу жүргізу.
Социологиялык тәсіл - жүйелік, функционалдық, статистикалық, үлгілік тәсілдер арқылы жүргізілген зерттеулердің қорытынды нәтижелерін біріктіріп зерттеуді жалғастыру.
Салыстырмалы-теңестірмелі әдіс - бірнеше мемлекеттерді, құқықтарды салыстырмалы зерттеу және олардың тарихи даму процестерінде теңестірмелі әдіспен зерттеу жүргізу. (
Математикалық әдіс - ЭВМ, компьютер, автоматика, телемеханиканы қолданып зерттеулер жүргізу. Осы аталып өткен зерттеулердің әдіс-тәсілдерін барлық қоғамдық ғылымдар пайдаланады. Бұл әдістерді жеке, сирек қолданады. Олар көбінесе біріктіріліп, зерттеу барысында бірін-бірі толықтырып отырады.
Мемлекет және құқық теориясының алдында екі міндет түр: біріншісі - заң ғылымының, заң мамандығының негізін қалыптастыру, жақсы дамыту, сол арқылы салалық заң пәндерін жақсы оқып - білуге мүмкіншілік жасау; екіншісі - жоғары заң мектебін бітіріп, жақсы маман болуды қамтамасыз ету.
2. 2. Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны
Әлемнің материалдық және рухани тұтастығы мен бірлестігі дүние жүзіндегі барлық ғылымның өзара байланысын дәлелдейді. Әсіресе, бұл өзара байланыс қоғамдық ғылымдар арасында жақсы қалыптасқан. Бұл ғылымдар қоғамды, адамды, олардың ара қатынасын, сана-сезімін зерттейді. Зерттеудің негізгі мақсаты адамның бостандығы, құқығы, қадір-қасиеті, ар-намысы.
Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі - мемлекет пен құқықтың маңызы, олардың алатын орны. Бұл проблемаларды жалпы теория қоғамдық ғылымдардың басқа түрлерімен (философия, экономика, социология, политология т. б. ) бірігіп зерттеп отырады.
Философия - адамзаттың дүниедегі алып отырған орнын анықтап, соның негізінде адамның дүниеге деген танымдық, құндылық, этикалық және эстетикалық қатынастарын зерттейді. Философия дүниеге теориялық тұрғыдан көз жіберіп, ерекше логикалық, танымдық критерийлерге сүйене отырып, адамның дүниеге деген көзқарасын тұжырымдайды.
Экономикалық ғылым - қоғамның экономикалық базисын, өндірістік қатынастарды, өндіруші күштерді, меншіктің түрлерін зерттеп, олардың қоғамның дамуындағы маңызын жан-жақты анықтап отырады. Тарих - адамзат қоғамының өткен дәуірлерін барлық қырынан жан-жақты зерттеп, көптеген тәжірибе жинақтады, соның ішінде мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы, қоғамды басқару заңдылықтары.
Социология - қоғамның әлеуметтік жағдайының дамуы, оны басқару әдіс-тәсілдерін, адамдардың әлеуметтік тәртібін, қатынастарын зерттейді.
Барлық қоғамдық ғылымдар өз тұрғысынан адамзаттың тарихын зерттеуге тиісті үлес қосады. Бұл ғылымдардың жүйесінде мемлекет пен құқық теориясының алатын орны өте жоғары.
Заң ғылымы, оның ішінде мемлекет пен құқық теориясы қоғамды жеке танитын ғылым болып XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Жалпы теория төрт топқа бөлінеді:
- Жалпы теория - мемлекет пен құқықтық қоғамды реттеп-басқаруын, мазмұнын, қағидаларын, белгі-нышандарын, функцияларын зерттейді.
- Ұлттық мемлекет - кұқық пен саясаттың тарихи даму процесін зерттеу пәндері. Шет мемлекеттерінің тарихы.
- Салалық заң ғылымдары: азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, конституциялық, қаржы, отбасы т. б. құқықтар.
- Арнаулы заң ғылымдары: криминалистика, соттық медицина, психиатрия т. б.
Мемлекет және кұқық теориясы заң ғылымының барлық саласының объективтік даму заңдылықтарын, бір-бірімен байланысын зерттеп жалпылама тұжырымдар жасап отырады. Бұл тұжырымдарды салалық ғылымдар пайдаланып отырады. Ал жалпы теория салалық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланып, жалпы заң ғылымының негізін дамытып отырады.
Сонымен, жалпы теория барлық заң ғылымының салаларын біріктірушісі, негізін құраушы, дамытушы жетекші ғылымға айналып отыр. Адам қоғамы диалектикалық даму процесінде болғандықтан ғылымның міндеттері де өзгеріп, толықтырылып, жаңарып отырады.
Қазіргі заманда еліміз нарықты экономикаға көшіп жатқанда Қазақстан мемлекетіміздің заң ғылымының бағыты да, функциясы да күрт өзгерді. Жаңа өмірге сай ғылым өзінің жұмысын қарқынды түрде жүргізіп, жаңа қоғамның тілектеріне, мүдделеріне сәйкес ғылыми зерттеулер, қорытындылар жасауға тиіс.
Сонымен, адам қоғамының тарихын, даму процесін, мазмұнын, болашағын зерттейтін пәндерді қоғамдық ғылым деп атайды. Олар қоғамды жан-жақты ғылыми-зерттеу тұрғысынан зор үлес қосады. Бұлардың шінде мемлекет және құқық теориясына кеңірек көңіл бөлетін философия, саяси экономия мен тарих.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz