Слайм ойыншығының зияны


ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ:
Слайм ойыншығының зияны
ЖОСПАРЫ:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Слайм туралы мәлімет
2. 2 Слаймның тарихы
2. 3 Слаймның құрамы мен қасиеттері
2. 4 Практикалық бөлім
ІІІ. Қортынды
Мақсаты: Оқушылардың өздеріне таныс ойыншықтары слаймның құрамы мен қасиеттерін таныстыра отырып, слайм жасалу жолдарын үйрету.
Міндеттері:
- «Слайм» сөзінің мағынасын түсіндіру.
- Слаймның пайда болу тарихы.
- Слаймның құрамына қандай компоненттер кіретінін зерттеу.
- Тәжірибе жүргізу (ойыншықты жасау)
- Слаймды сақтау шарттарын анықтау.
Өзектілігі: Күнделікті дүкендерде сатылып жатқан әр-түрлі слаймдардың жасалу жолдарын балаларға үйрету.
Зерттеу әдістері:
- Осы мәселе бойынша әдебиеттер оқу;
- Интернет желісінен ақпарат іздеу және сараптау;
- Бақылау;
- Тәжірибе жұмыстары
Гипотеза: Егер компоненттер құрамын біліп, оларды дұрыс мөлшермен жасалуын білсе, онда үй жағдайында слайм жасауға болады.
АННОТАЦИЯ
Слайм - балалардың қызығушылығын арттыратын түрлі-түсті, жұмсақ, сықырлақ, қолға жабыспайтын ойыншықтардың бір түрі. Бұл жобада слаймның пайда болу уақытынан бастап, казіргі заманауи слаймдардың ерекшелігі мен қасиеттері туралы айтылады. Слайм спиннерден кейінгі балалардың қызыға ойнайтын ойыншықтарының бірі болыа табылады. Кп ата-аналардың бұл ойыншықтың бала денсаулығына зиян екенің біле бермейді. Кішкентай балалар слаймды сағыз деп шатастырып, жеп қою қаупі де бар. Құрамында химиялық заттар болғандықтан, бұл балалардың өміріне қауіп төндіреді, және аллергиялық кері әсер тудыруы да мүмкін.
АННОТАЦИЯ
Слайм - это своего рода красочные, мягкие, хитрые, нелипкие игрушки, которые повышают интерес детей. В этом проекте описываются особенности и свойства современных плит со времени образования слизи. Ловкость станет одной из самых захватывающих игрушек для детей после спина. КП не знает, что эта игрушка вредна для здоровья вашего ребенка. Существует риск, что маленькие дети будут есть слизь в слизистой оболочке. Из-за присутствия химических веществ они могут угрожать жизни детей, а также могут вызывать аллергические реакции.
ABSTRACT
Slime is a kind of colorful, soft, cunning, non-sticky toys that increase the interest of children. This project describes the features and properties of modern boards since the formation of mucus. Agility will be one of the most exciting toys for children after the back. KP does not know that this toy is harmful to the health of your child. There is a risk that young children will eat mucus in the mucous membrane. Due to the presence of chemicals, they can threaten the lives of children, and can also cause allergic reaction
І. Кіріспе
Балалық шақты ойыншықтарсыз елестету мүмкін емес. Ойыншық баланың қоршаған ортаны зерттеуіне мүмкіндік беріп, өзінің шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып, жүзеге асырып, өзінің сезімдерін көрсете білуге, өзін өзі тануға және қарым қатынас жасауға үйретеді.
«Ойыншық бұл ойын ойнауға арналған зат», - орыс тілінің Түсіндірме сөздігі(Ожегов С., Шведова Н) осылайша мағынасын түсіндірген болатын. Ойыншықтар әр түрлі болады: ағаштан жасалған, пластмасс, резеңкеден, теріден жасалған және т. б.
Бізді қызықтырған бір зат, ол пластмасс құтыда сатылатын ойыншық. Бір жағынан ол желеге ұқсайды, бірақ ерімейді. Екінші жағынан, оны қолға алып, ұстауға, уқалауға болады және ол қолдан ағып кетпейді. Аты да өзінің ерекше . . . Слайм . . .
Слайм? Бұл не? Неге бұл ойыншық олай аталады? Ол неден жасалған? Өзінің қасиетін қалай бірқалыпты сақтап тұрады?
Казіргі уақытта балалардың көпшілігі осы слаймдармен ойнағанды өте жақсы көреді. Дүкендерде әр-түрлі слаймдар сатылады, және олар түстеріне, иістеріне қарай бөлінеді.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Слайм туралы мәлімет
Зерттеу жұмыстарының бірінші міндетіне сәйкес біз «Слайм» ұғымын зерттеу, түсіну үшін Интернет желісіне жүктелдік.
- Ефремова Т. Ф. Түсіндірме сөздігінде Слайм сөзінің мағынасы:
Слайм - 1. жалау.
- Мифологиялық энциклопедияда Слайм сөзінің мағынасы:
Слайм - пештің артында немесе үйдің астығында тұратын рух, ол түнде адамдардың шаштарын, малдардың терісін жалап, кез келген жерде қалған ыдыстарды жалайды деген аңыз бар. Слайм жүнді аңды еске түсіреді. Ертеректе слайммен крестьяндар балаларды қорқытатын: «Слайм пештің астында, ас үйде тұрады. Жылама, әйтпесе сені слайм жеп қояды. »(Волог. ) .
Ертеректе Слайм пештің артында тұрады деп балаларды қорқытатын болған. (Смоленщина, Ярослав, Тверь, Костром губернияларында)
2. 2 Слаймның тарихы
Слайм өте қызықты және ерекше ойыншық. Бастапқыда слайм лизун деп аталатын, яғни Маттель компаниясының Америкадағы ең үлкен концернінде пайда болған. Алғашқы рет слайм ойыншықтары 1976 шыққан болатын. Слаймның негізгі компоненті гуар камеді болып табылады. Оның түсі жасыл және пластмас құтыда сатылатын. Содан кейін басқа да компаниялар слаймды шығара бастады.
ТМД кезінде лизундар, слайм болып аты өзгерген, теледидардан құбыжықтарды (привидения) аулайтын мультхикаясын көрсеткеннен кейін танымал болды. Слайм созылмалы, қолға жабысқыш және серпімді текстурасымен белгілі. Уақыт өте келе бұл ойыншықтың аты осылайша қалыптасып кетті.
«Құбыжықтарды аулаушы» мультхикаясынан алынған лизун
Содан кейін слайм шар тәрізді серпімді желе массасы секіді жасалды, оны қабырғаға лақтырған кезде ол бүкіл қабырғаға жабысып, қайта өз орынан келетін ойыншық болды.
Слайм кірдің бәрін, үй жануарларынының терісін де жинайтын, жеңіл жуылып, өз қалпына келетін. Сондықтан да оны кейбіреулер киім тазалауға пайдалатын. Кейіннен слайм кірленіп, өзінің қасиеттерін жоғалта бастады.
Оқыту мекемелерінде қолдану мүлде рұқсат етілмеген, себебі ол тақтада, төбеде өзінің майлы іздерін қалдыратын болған. 1990 жылдарда ең танымал ойыншық болды.
Қазіргі таңда слайм желе тәрізді сұйықтық және оны пластмас құтыда сатады.
2. 3 Слаймның құрамы мен қасиеттері
Негізгі компоненттері - полисахарид (гуар гумы) және бура. Полисахаридтың орнына басқа полимерлерді де қолдануға болады. Ньютондық емес сұйықтық өзінің ерекше құрамымен қызықты. Материалдың өзі былжыр сұйықтық секілді, бірақ тез бұзылып, тез жиналып өз қалпына келеді. Яғни не қолға жабыспайды, не бөлшектерге бөлініп, қайта өз қалпына келе қалады. Слаймды бір орынға қойып тиіспесе ол жан жаққа төгіле бастайды, ал егер де қолымызға алып, бір заттың үстіне лақтыратын болсақ оның жыртылып жатқанын көруге болады.
Бірінші «Слайм»
Негізгі компоненттеры полисахарид (гуар гумы) және бура.
Гуар гумы, гуар, гуаран (Е412) - Стабилизатор тобына жататын тағамдық қоспалар.
Гуар гумын тамақ өнеркәсібінде консистенция стабилизаторы ретінде қолданады және ол келесі қасиеттерге ие:
- Жабысқақ болуы;
- Желе болу қасиеті.
Бура́ - минералға жатады. Өнеркәсіпте бор алуға арналған шикізат ретінде қолданылады.
Заманауи «Слайм»
Өзінің құрамымен қызықты. Оның негізгі құрамы жабысқақ материалдан тұрады, бірақ ол тез шашылып, тез жиналады.
Дүкенде сатылатын слаймның («Ақылды пластилин») құрамы: 65 % диметилсилоксан, 17 % кремнезем, 9 % Thixatrol ST (кастор майы), 4 % полидиметилсилоксаны, 1 % , 1 % глицерин және 1 % диоксид титан элементтерінен тұрады.
Заманауи слаймның негізі- ПВА желімі , себебі ол созылмалы және қою. Желімнің жаңа болуы абзал, яғни шығарылған күнін әлбетте құтыдан қарау керек. Егер желім ескі болса, онда слаймның да құрамы басқаша болып, ол көпке дейін қызмет ете алмайтын болады.
Тетраборат натрий слаймға созылмалы қасиет беріп тұрады, терабрат натрийдің құрамына глицерин кіреді, сондықтан ол слаймға қолдан, заттардан тез ажырауға, жабысып қалмауға мүмкіндік береді.
Әр түрлі әдебиеттерді, интернет желілеріндегі материалдарды ұстазыммен бірге оқып, зерттегеннен кейін біз «Слайм» ойыншығына өзіміздің анықтамамызды дайындадық.
Сонынмен, слайм бұл - ойыншық, желе массасын еске түсіреді, «Құбыжықтарды аулаймыз» мультхикаясындағы Лизун құбыжығына қатты ұқсайды, бірақ түрелері әдемі түстермен кездесетінің байқадық.
Заманауи слаймдардың құрамымен танысып, ПВА желімінің бар екендігін анықтадық.
2. 4 Практикалық бөлім
Слайм жасалу жолдарымен таныса отырып, біз өзіміздің ұсынған мәзіріміз бойынша жасауды ұйғардық.
Әдебиеттерде бізде слаймды ПВА желімін қолдану негізгі әдісінің бірі екені белгілі болды. Бірақ негізінде әр түрлі желім түрлерін ала беруге болады: ПВА желімі, канцелярлық сұйық желім, түсқағаз желімі.
Слаймды жасау кезінде техника қауіпсіздік ережесін сақтаған жөн: барлық компоненттерді қолғаппен араластыру қажет. Себебі адам ағзасына кері әсерлерін беруі мүмкін.
№1 тәжірибе
Құрамы:
ПВА желімі - 150 г.
Акварель бояулары
Тетраборат натрия - 10 мл.
Жасалу әдісі
- ПВА желімі. Ақ, жаңа болу керек.
- Содан кейін акварель бояуымен Слаймды жасыл түске бояймыз.
- Барлығын жақсылап араластырып, тетраборат натрийді қосамыз.
- Желе тәрізді біркелкі масса болғанда араластырамыз. Содан кейін жасалған Слаймды пакетке салып, біркелкі болуы үшін қолымызден сыртынан умаждаймыз.
Нәтижесі: Слаймның консистенциясы жұмсақ пластилинді еске түсіреді. Жақсы созылып, біршама уақыт өз қалпында тұрады, сосын жан жағына жайыла бастайды. Бірақ іздері қалмайды. Сондай слаймдармен ойнаған өте ыңғайлы. Әсіресе бірдене жапсырып жатқанда ыңғайлы, жағымды әсер береді.
№ 2 тәжірибе
Құрамы:
Кеңсе желімі - 150г.
Акварель бояулары
Тетраборат натрийі - 10 мл.
Жасалу әдістері
- Кішкене ғана слайм жасау үшін сізге шамамен жарты стақан 150 г желім қажет. Желімді құтыдан ыдысқа құямыз.
- Жасыл түсті акварель бояуын қосып, жақсылап араластырамыз.
- Тетраборат натрийдан бірнеше тамшы қосамыз.
- Біркелкі желе массасы болғанша араластырамыз.
Нәтижесі: Слаймның құрылымы өте жұмсақ. Жақсы созылады. Пішінін сақтап тұрады. Із қалдырмайды. Сондай слаймдармен ойнаған өте жағымды және ыңғайлы.
«Слаймды» дұрыс сақтау ережелері
Слаймдарды біз әр түрлі сыйымдылықтарда сақтаймыз:
- ПВА желімінен жасалған слаймды шыны ыдыста
- Кеңсе желімінен жасалған слаймды пластмасс ыдыста
- Дүкенде сатылатын слаймдарды дүкен қорапшаларында.
Бақылау нәтижесі бойынша, біз үш күн бақылап, слаймды бірқалыпты консистенцияда қалатынын байқауға болады. Сондықтан, слаймдарды әр түрлі ыдыстарда сақтауға болады, қақпақтарын мықтап жауып қойған жағдайда.
Барлық слаймдардың құрамын зерттей отырып, біз ендігі ПВА және кеңсе желімдерін қолдануды жөн көрдік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz