Абай Құнанбаев және ХХІ ғасырдағы Қазақстан


Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан
Биыл ұлы aқынымыз Абaй Құнaнбaйұлының туғaнынa 175 жыл толып отыр. Қaзaқ хaлқының ұлы перзентінің мерейтойын лaйықты aтaп өту үшін бaрлық білім мекемелерінде іс-шaрaлaр өткізілуде. Абaй Құнaнбaйұлы ғұлaмa, ойшыл, дарa aқын, біздің aғaртушымыз, ұлттың жaңа әдебиетінің негізін қалaушы, аудaрмашы, композитор ретінде қазaқ тaрихында өшпес із қaлдырғаны бaршамызға aян. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде қaзақ ұлтының болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тaуып, кейін Абaй ілімі деген құбылыс ретінде бaғаланды.
Мәңгілік Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананы қайта түлетудің маңыздылығы туралы айтты. Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу казіргі таңда мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналды. Себебі сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашамыз. Осы орайда Абай атамыздың мұрасының тигізер пайдасы зор деп есептеймін. Ұлы ақынымыздың баға жетпес шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайдың ой-тұжырымдары барша қазақ еліне, дүние жүзіне қашанда рухани азық бола алады. Сол сбептен ұлтымызды жаңғырту ісінде де Абай Құнанбаевтың еңбектерін басшылыққа алып, ұтымды пайдалану жағын айтқым келеді.
Абай Құнанбаевтың асыл мұралары бүгінгі жас ұрпаққа тәрбие құралы іспеттес. Абайдың ұлы сөздерінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігі, ақын шығармаларынан халқымыз қандай тағылым алуға тиіс екендігі жөнінде жұртшылықпен ой бөліскім келеді. Елбасымыздың: «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі» деген сөзіне толық қосыламын. Абай өзінің туған елімен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы Қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді», - деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік мұра ретінде бағаланатынын айқын көрсетеді.
Абайдың шығармаларына тоқталсақ, оның үнемі еліміздің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша насихаттағаның байқаймыз. Ал жоғарылаудың негізі білім мен ғылымда, тәрбиеде екенін анық білеміз. Абай қазақ балаларының дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биік белестердің бағына қоймайтынын өсиет қылып қалдырды. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз», - деп айтып, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне баса назар аударды.
Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан түсінуіміз қажет. Абайдың баға жетпес асыл өсиеттері қазір де аса өзекті. Тіпті бұрынғыдан да зор сұранысқа ие болып отыр. Себебі ХХІ ғасырдағы жаңартылған білімнің мақсаты ұстаз ретінде биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз.
Ал біздің міндетіміз - оқушыларымыздың осы ілгері көшке ілесіп қана қоймай, алдыңғы қатардан орын алатынына себепкер болу. Ол үшін ең алдымен, білім беру саласын казіргі заманға сай дамытуымыз керек. Сол мақсатта үлкен жұмыстар атқарылғанымен, отандық білім беру ісінде әлі де дамытуымыз қажет.
Біздің ұстаздарға арналған «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы - осы бағыттағы игі бастамалардың бірі деп ойлаймын. Бұл - сапалы білім беру ісін жетілдіруге арналған алғашқы қадам. Жалпы кез келген қоғамда ұстаздың орны бірінші тұрады емес пе? Ұстаздар білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу ісінде аса маңызды рөл атқарады. Мұғалімге құрмет көрсетіп, қадірлеу - баршамыздың міндетіміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz