Коррозия және тат басу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Коррозия және тат басу сөздерін шатастыруға болмайды. Егер коррозия - бұл процесс болса, тат басу оның нәтижелерінің бірі болып табылады. Бұл сөз шойын мен болаттың құрамына кіретін темірге ғана қатысты. ISO 8044 мемлекеттік стандарты бойынша коррозия терминін металдың, ортаның немесе олардың техникалық жүйелері енетін қасиеттерінің бұзылуына әкелетін орта мен металдың арасындағы химиялық немесе физико-химиялық әсерін түсіндіреді. Тат басу- бұл коррозия нәтижесіндегі темірдің балқымаларындағы және беткі қабатындағы түзілген темір оксидінің гидратталған қабаты. Коррозиялық бұзылуға бетон, құрылыс тастары, ағаш және басқа материалдар жатады.

Негізгі бөлім

Коррозия - сыртқы ортаның әсерінен металл конструкция бетінде дамитын химиялық және электрохимиялық процесстерден туындаған қатты денелердің бұзылуын айтады. Тіпті, коррозия сөзінің өзі кейінгі латын тілінен шыққан «corrosio» - жеу деген мағынаны білдіреді. Ең үлкен шығынды металдар коррозиясы әкеледі. Коррозияның бізге таныс және кең таралған түрі - темірдің тат басуы. «Коррозия» термині металдарға, бетондарға және кейбір пластмассаларға тән құбылыс. Коррозиядан басқа, металдық конструкциялар эрозия әсеріне, яғни механикалық әсердің арқасында материалдың беткі қабатының бұзылуына ұшырайды. карозияны жаңбырлар, желдер, топырақтық шаң-тозаңдар және басқа табиғи факторлар тудырады. Сондықтан да көпірлердің аркаларын, құрылыс фермаларын және басқа құбырларды комплексті қорғау қажет. Сөйтіп, коррозия - бұл металдың бұзылуына әкелетін ортамен металдың физико-химиялық өзара әсерлесуі. Коррозия нәтижесінде металдар табиғатта кездесетін оксидтер немесе тұздар күйіндегі тұрақты қосылыстарға айналады.

Металдардың коррозиясы және онымен күресу жолдары.

Коррозия дегеніміз - металдардың және олардың құймаларының қоршаған орта әсерінен иондануы, бұзылуы, нәтижесінде металдық қасиетінің жойылуы. Металдардың коррозиясы дегеніміз - қоршаған орта әсерінен металдардың тотығып иондануы, бұзылуы, нәтижесінде металдық қасиетінің жойылуы.

Яғни, коррозия кезінде металдар тотығып ион күйіне көшеді.

Ме 0 - ne → Me

Металдардың бүліну процесі коррозия латынша: ( corrodere -желіну) деп аталады.

Жемірілудің келтірген зиянынан металл бұйымдар пайдалануға жарамсыз болып қалады, бұл тіпті түрлі апаттарға соқтыруы мүмкін. Коррозияның әсерінен дүние жүзінде балқытылған металдардың және оның құймаларының 10 коррозияға ұшырайды екен.

Коррозияның түрлері

1 . Химиялық: Электр тогын туғызбайтын, бейэлектролиттер-құрғақ газдардың:СІ 2, СО 2 , SO 2 әсерінен жүреді. Бұған газ құбырларының, зымыран қондырғыларының түрлі тетіктері ұшырайды. Металдарды жоғары температурада өңдегенде, химиялық жемірілу жүруі мүмкін.

  • Химиялық коррозияның мысалдары:
  • 3Fe + 2O2→ Fe3O4
  • 2Fe + 3Cl2→ 2FeCl3
  • Cu → CuO(жай) →CuSO3

қызғылт қара жасыл

2. Электрохимиялық: электролит ерітінділерінде әртүрлі металдардың жанасуы кезінде, электр тогын тудыра жүреді. Өзен мен теңіз суларындағы кеме корпустары мен гидроқондырғылардың болатты арматураларын тат басуы, қышқыл, сілті, тұз ерітінділерімен жанасатын химиялық өнеркәсіптің қондырғылары және жер астындағы құбырлардың бүлінуі мысал бола алады. Электрохимиялық жемірілу кезінде электрондарды беру процесі жүріп қоймайды, бір жерден екінші жерге электрондардың ауысуы жүреді, яғни электр тогы пайда болады.

Бейтарап орта:

4Fe(OH) 2 +2H 2 O+O 2 =4Fe(OH) 3

анод(Fe) : Fe 0 - 3e → Fe 3+

катод(Сu) : O 2 + 2H 2 O + 4e → 4OH -

Қышқылдық орта:

Fe + 2HCl = FeCl 2 + H 2

анод(Fe) : Fe 0 - 2e → Fe 2+

катод(Сu) : 2H + + 2e → H 2 0

Коррозиядан қорғау:

  1. Қаптау (металдық, бейметалдық)
  2. Жемірілуге қарсы құймалар
  3. Сүйеніш (протектор) қорғаныш.
  4. Орта құрамын өзгерту (ингибитор) деаэрация
  5. Металдарды жаңа конструкциямен ауыстыру.
Металдардың коррозиясы және онымен күресу жолдары.Коррозия дегеніміз -металдардың және олардың құймаларының қоршаған орта әсерінен иондануы, бұзылуы, нәтижесінде металдық қасиетінің жойылуы. Металдардың коррозиясы дегеніміз-қоршаған орта әсерінен металдардың тотығып иондануы, бұзылуы, нәтижесінде металдық қасиетінің жойылуы.Яғни, коррозия кезінде металдар тотығып ион күйіне көшеді.Ме0- ne → MeМеталдардың бүліну процесі коррозия латынша: (corrodere-желіну) деп аталады.Жемірілудің келтірген зиянынан металл бұйымдар пайдалануға жарамсыз болып қалады, бұл тіпті түрлі апаттарға соқтыруы мүмкін. Коррозияның әсерінен дүние жүзінде балқытылған металдардың және оның құймаларының 10 коррозияға ұшырайды екен.Коррозияның түрлері1. Химиялық:Электр тогын туғызбайтын, бейэлектролиттер-құрғақ газдардың:СІ2,СО2, SO2әсерінен жүреді. Бұған газ құбырларының, зымыран қондырғыларының түрлі тетіктері ұшырайды. Металдарды жоғары температурада өңдегенде, химиялық жемірілу жүруі мүмкін.Химиялық коррозияның мысалдары:3Fe + 2O2→ Fe3O42Fe + 3Cl2→ 2FeCl3Cu → CuO(жай) →CuSO3қызғылт қара жасыл2.Электрохимиялық:электролит ерітінділерінде әртүрлі металдардың жанасуы кезінде, электр тогын тудыра жүреді. Өзен мен теңіз суларындағы кеме корпустары мен гидроқондырғылардың болатты арматураларын тат басуы, қышқыл, сілті, тұз ерітінділерімен жанасатын химиялық өнеркәсіптің қондырғылары және жер астындағы құбырлардың бүлінуі мысал бола алады. Электрохимиялық жемірілу кезінде электрондарды беру процесі жүріп қоймайды, бір жерден екінші жерге электрондардың ауысуы жүреді, яғни электр тогы пайда болады.Бейтарап орта:4Fe(OH)2+2H2O+O2=4Fe(OH)3анод(Fe) : Fe0- 3e → Fe3+катод(Сu) : O2+ 2H2O + 4e → 4OH-Қышқылдық орта:Fe + 2HCl = FeCl2+ H2анод(Fe) : Fe0- 2e → Fe2+катод(Сu) : 2H++ 2e → H20Коррозиядан қорғау:Қаптау (металдық, бейметалдық)Жемірілуге қарсы құймаларСүйеніш (протектор) қорғаныш.Орта құрамын өзгерту (ингибитор) деаэрацияМеталдарды жаңа конструкциямен ауыстыру.:

Металдарды коррозиядан сақтаудың негізгі әдістері

1. Қорғайтын қаптама қолдану

1) металл бұйымдарды басқа металдармен қаптайды

( никелдеу, хромдау, т. б)

2) Металл бұйымдарды лактайды, сырлайды, кіреукелейді

2. Коррозияға төзімді құйма дайындау

Машина бөлшектерін және тұрмыстық нәрселерді тот баспайтын және басқа коррозиға тұрақты құймаларды дайындау.

3. Қорғаудың электрохимиялық әдістері.

1) Активтірек металдан жасалған тойтарма қолдану.

2 ) Негізгі металл бұйымды қорғау үшін активтірек металл тақташасын жапсыру.

3) Коррозия кезінде пайда болған токты қарама-қарсы бағытта тұрақты ток жіберіп бейтараптау.

Қазір ғылым мен практика коррозия процесін шектеудің, азайтудың, тіпті мүлдем болдырмаудың көптеген әдіс - тәсілдерін ұсынады. Жалпы алғанда, коррозиямен күресудің бірнеше бағыттары бар.

Коррозия электролит ерітінділерінде өтеді. Ол белсенділігі төмен металдардың қатысуымен күшейе түседі. Электрондардын ауысуымен, микротоктың пайда болуымен жүреді.

Тотықтырғыштар: электролиттердің гидраттанған ионы. Мысалы: тасымал құбырлардың, рельстердін, кеме корпусының, әр түрлі металдан жасалған конструкциялардың желінуі.

Жоғары температурада бейэлектролит тотыктырғыштардың әсерінен бүлінеді. Тотықтырғыштар: О 2 , Cl 2 , SO 2 , және басқа газдар, әртүрлі отын түрлері, су буы. Мысалы, іштен жанатын қозғалтқыштардың, химиялық құрылғылардың, қондырғылардың, электр станцияларындағы құбыр тетіктерінің желінуі.

1) металл коррозиясы - металдардың сыртқы (коррозиялық) ортамен химиялық немесе электрхимиялық реакцияға түсуі салдарынан олардың бүліну процесі. Коррозия салдарынан металл бірте - бірте желініп өзінің бастапқы қасиетін жоғалтып, бұзылады. Металдардағы коррозияны болдырмау мақсатында металл құрамына коррозияға ұшырамайтын құраушылар енгізіледі (осындай әдіспен тоттанбайтын болаттар алынады) : металл бетін бояу, лактау, оған эмаль жалату, сақтандырғыш май жағу; металл бұйымды мырыштау, никельдеу, кадмийлеу, хромдау, күміс және алтынмен қаптау арқылы коррозияға қарсы қорғаныс жасау әдісін қолдану;

2) бетон және темір - бетон коррозиясы - сыртқы жебір ортаның әсерінен бетонның және темір - бетонның босап бұзылуы (мүжілуі, коррозиясы) . Су және су ерітінділері бетон арқылы өткенде, бетон құраушылары мен арматуралар өзара әсерлесуінен, бетон мен темір - бетон коррозияға ұшырайды. Қорғану тәсілі: коррозияға төзімді материалдар (цементтер, толтырғыштар), тығыздығы жоғары бетон қолдану, бетонның төзімділігін, су өткізбейтін құрамын, арматуралардың қорғаныс қабатының қалыңдығын арттыру, сыртын сырлап немесе үлпек (пленка) жабыстырып бетонның сіңіргіштік қабілетін әлсірету, т. б. қаптауларды қолдану арқылы коррозиядан сақтануға болады.

Жемірілу

Басытқылар қосу, деаэрация.

Металдармен құймалар әр түрлі заттармен жанасқанда олармен әрекеттесіп, химиялық қосылыстар түзеді. Әсіресе, жаңбыр, топырақ ылғалы ауа әсерінен қоршаған ортадағы металдар бүлініп, желінеді. Бұл кезде металдан жасалған бұйымның қасиеті мүлдем өзгеріп, ол біртіндеп бүліне бастайды. Бұл өте зиянды әрі қауіпті процесс жемірілу деп аталады. Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың желіну құбылысы жемірілу деп аталады. Металдардың бәрі бірдей жемірілуге ұшырай бермейді. Кернеу қатарында күмістен соң орналасқан металдар «бекзат металдар» деп аталады, олар іс жүзінде бүлінбейді. Кернеу қатарында магнийдің сол жағында орналасқан сілтілік және сілтілік жер металдар бекзат металдарға қарама - қарсы қасиетке ие. Олар кәдімгі жағдайдың өзінде қоршаған ортадағы көптеген заттармен оңай әрекеттеседі, сондықтан қондырғылар мен аппараттар жасауға пайдаланылмайды. Кернеу қатарының орта шенінде жемірілуге баяу ұшырайтын металдар орналасқан. Олардың біразы, мысалы, Mg, Zn, AI, Cr, Ni жемірілуге төзімді, себебі металдардың бетінде оксидтен тұратын өте жұқа қабықша пайда болып, металдарды қоршаған ортамен жанасудан сақтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кабельдерді коррозиядан қорғау кезінде жүргізілетін өлшемдер
Детальдар тозуы
Металдар мен қорытпалардың коррозиясы
Баз және олардың ассоциаттарының ауыл шаруашылықтың дамуына әсері
Химия пәнінен зертханалық жұмыстар жинағы
Беттік активті заттардың классификациясы
Металдардың химиялық қасиеттері
Тозуға төзімді және коррозияға төзімді қаптамалар
Металдардың электрхимиялық коррозиясы
Темір электродының анодты потенциодинамикалық поляризациялық қисығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz