ЖАЛҒАН ҚОРҒАНУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар - бұл нақты қауіпті жоюға бағытталған қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар үшін арналған мақсатқа сай әрекеттер. Қылмыстық кодекс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын жеті мән- жайларды қарастырады: қажетті қорғану; қылмыс жасаған тұлғаны ұстау кезінде зиян келтіру; аса қажеттілік; жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру; күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу; орынды тәуекел ету; бұйрықты немесе өкімді. Аталған мән-жайлар оларды қылмыстық құқықтың бірыңғай институты ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін жалпы белгілермен сипатталады. Қазақстан Республикасының ҚК 32-37 баптарында көрсетілген кез-келген жағдайда құқықпен қорғалатын мүдделерге ҚК баптарының белгілеріне сәйкес келетін зиян келтіріледі. Қарастырылып отырған жағдайларда зиян ерекше жағдайлардың болуымен түсіндірілетін саналы және ерікті әрекеттің нәтижесінде келтіріледі. Жағдайлардың көп бөлігіне қоғамға пайдалы уәждің болуы тән (физикалық және психикалық мәжбүрлеуді қоспағанда). Әрекеттің қылмыстылығын жоятын жағдайлардың әрқайсысы оларды бұзу қылмыстық жауаптылықты көздейтін заңдылықтың нақты белгілерімен шектелген. Қажетті қорғану - бұл қорғанушы өзiнiң немесе өзге бiр адамның құқықтарын, мүдделерін, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қажеттi қорғану шегiнен шығу орын алмаған жағдайда қоғамға қауiптi қолсуғушылықтан қорғауды қол сұғушы адамға зиян келтiре отырып жүзеге асыруы. Қол сұғушылық болуы тиіс: Қоғамға қауіпті, яғни адамның, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен мүдделеріне елеулі зиян келтіруге қабілетті болуы тиіс; Қолсұғушылық нақты орыналуы қажет, яғни басталған бірақ аяқталмаған болуы тиіс. Алайда, істің мән-жайлары бойынша егер қорғанушыға қылмыстық қол сұғушылықтың аяқталу сәті белгісіз болса, онда қажетті қорғану жағдайы орын алды; Қолсұғушылық айқын, шын мәнiнде жасалуы қажет. Бұл қылмыстық әрекет объективтік шындыққа сай, яғни қорғанушының қиялында емес болуы керек. Егер қол сұғушылық іс жүзінде болмаған болса,онда ол жалған қорғану, яғни іс жүзінде жоқ қылмыстан қорғану болып есептеледі. Егер жалған қорғануда адам жасалған шабуылдың жалғандығын ұғынбай, зиян келтiретiн болса, бiрақ iстiң мән-жайы бойынша мұны ұғына алатын және ұғынуға мiндеттi болса, онда мұндай адамның әрекетi абайсызда зиян келтiргенi үшiн жауаптылықты көздейтін Қылмыстық кодекстің баптарымен сараланады.

ЖАЛҒАН ҚОРҒАНУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ
Жалған қорғану туралы түсінік

Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызы да ерекше. Жалған қорғану деп - қиянат келтірушіліктен жорамалды түрде қиянат келтіреді екен деп ойлап, байыбына бармай қорғануды айтамыз. Яғни, жалған қорғануда төніп тұрған қиянат, қауіп жоқ.
Жалған қорғану қорғанушының әр түрлі обьективтік жағдайларға байланысты істелген қатесі болып табылады. Мысалы, қорғанушы жәбірленушінің қоғамға қауіпті емес әрекетін қоғамға қауіпті екен деп қателесуі мүмкін. Жұман деген азамат кешкілік, қараңғы түскен кезде күндегі әдетінше жұмыстан соң қалың бақтың арасындағы жалғыз аяқ жолмен үйіне қайтады. Бір қарағанда ол өзінің артынан келе жатқан бір адамның сүлбесін байқайды. Сол адамнан қауіптенген ол жүрісін жылдамдатып, бақ ішінен сыртқа шықпақшы болады. Оның артынан келе жатқан адам да жүрісін жеделдетіп, оған таяу келеді. Өзінше қылмыскер шабуыл жасайды деп ойлаған Жұман кілт тоқтай қалады да, жүгіріп келе жатқан әлгі адамды таяқпен ұрып құлатады. Нәтижесінде бейтаныс адамға ауыр дене жарақаты келтіріледі. Істі тергеу кезінде анықтағанда Жұманның артынан қалмай келе жатқан адам соның тұрған жерінің тұрғыны болып шығады. Қараңғыда ол да жалғыз жүруден қорқып, алдында келе жатқан адамнан қалмауға тырысып, желе-жортып Жұманды қуып жетіп, артына ілесіп отырады. Жұманның әрекеті жалған жағдайда істелген қорғану деп танылған.
Жалған қорғану - қоғамға қауіпті әрекет.
Жалған қорғануды жүзеге асырған адам кінәлі деп танылып, қылмыстық жауапқа тартылады. Егер адам қажетті қорғануды қолдануда өзінің қатесін болжамаса немесе болжауға мүмкіндігі болмаса, онда ол келтірілген зиян үшін жауап бермейді. С. деген азамат жолдасының үйіне кірудің орнына шатасып, бір соған ұқсас үйге кіріп кеткен. С-ның үйге кірген тарсылынан ұйықтап жатқан үй иесі К. оянып кетіп, үйіне ұры кіріп кетті екен деп ойлап, ешбір ойланбастан төсектің қасында тұрған орындықпен шақырылмаған қонақтың басынан ұрып, оған ауыр дәрежедегі дене жарақатын келтірген. К-ның қорғануы, бұл ретте, заңды қорғану болып табылады. Бірақ ол өзінің жәбірленушіге деген әрекетінің қате екенін сезбеген, сезуге міндетті болмаған және де оны сезуге мүмкіндігі болмаған. Яғни, оның әрекетінде қылмыс белгісі жоқ. Егер мұндай жағдайда ол өзінің қатесін сезуге міндетті болса немесе сезе алатын болса, онда ол абайсыздықпен істеген қылмысы үшін жауаптылыққа тартылар еді.
Жалған қорғануда да нақты төнген шын қауіпті тойтарудағы сияқты зиян келтірілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы №7 қаулысының соттар шын қорғануды жалған қорғанудан айыра білуі керек. Мұндай жағдайда өзінің болжау қателігін аңғармай және қателігін аңғару мүмкін болмаған адамның қорғану құралдарын қолдануын қажетті қорғану жағдайында істелген әрекет деп қарауы керек делінген. Егер адам жасалған шабуылдың жалғандығын ұғынбай, зиян келтіретін болса, бірақ істің мән-жайына қарай мұны ұғына алатын және ұғынуға міндетті болса, онда мұндай адамның әрекеті абайсызда залал келтіргені үшін жауапқа тартылып, оның іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің баптары бойынша сараланады.

1.2 Жалған қорғанудың мән-жайлары, ерекшеліктері

Жалған қорғанудың үшінші тобын, қорғанушы қол сұғушылықтық аяқталу уақытына байланысты қателесу жағдайлары құрайды. Немесе оны кешігіп қорғану деп айтуға болады. Бұл жағдай қол сұғушы өзінің әрекетін доғарып, ал қорғанушы оны байқамай, өзін-өзі қорғау әрекеттерін жалғастыра бергенде орын алады. Мысалы, ***** қолындағы балтасын жұлып алады. Данилин жердегі жатқан кірпіштердің біреуіне аяғы шалынып құлап көзілдірігін түсіріп алады. Жерде жатқан кірпіштердің арасынан көзілдірігін іздеп жатқанда, Иванов оның арқасынан балтамен бір ұрып Данилинге ауыр дене жарақатын келтіреді. Иванов, көзілдірігін іздеп жатқан Данилин жердегі жатқан кірпіштің біреуін алып, оған тағы да шабуыл жасайды деген оймен, одан қорғану мақсатында әрекет еткен.
Жалған қорғану - қоғамға қауіпті әрекет, ол қылмыстық жауаптылықты көздейді. Егер адам қажетті қорғануды қолдануда өзінің қатесін болжамаса немесе болжауға мүмкіндігі болмаса, онда ол келтірген зиян үшін жауап бермейді. Мысалы, Саматов деген азамат жолдасының үйіне кірудің орнына шатасып бір соған ұқсас үйге кіріп кеткен. Саматовтың үйге кірген тарсылынан ұйықтап жатқан үй иесі Қасымов оянып кетіп, үйіне ұры кіріп кетті екен деп ойлап, ешбір ойламастан төсектің қасындағы тұрған орындықпен шақырылмаған қонақтың басына ұрып, оған ауыр дәрежедегі дене жарақатын келтірген. Қасымовтың қорғануы бұл ретте заңды қорғану болып табылады. Өйткені ол заңды қорғану болып табылдады. Өйткені ол өзінің жәбірленушіге деген әрекетінің қате екенін сезбеген, сезуге міндетті болмаған және де оны сезуге мүмкіндігі болмаған. Яғни оның әрекетінде қылмыс белгісі жоқ. Яғни оның әрекетінде қылмыс белгісі жоқ. Егер мұндай жағдайда ол өзінің қатесін сезуге міндетті болса, немесе сезе алатын болса, онда ол абайсыздықпен істеген қылмысы үшін жауаптылыққа тартылар еді.
ІІ. Қорғануға қатысты қажетті қорғанудың заңға сыйымдылық шарттары
Қажетті қорғану тәртібі бойынша, қорғауға жататын объектілердің (мүдделердің) шегін анықтау.
Қылмыстық заң ондай объектілерге:
а) қорғанушы адамның құқықтары мен заңды мүдделерін;
б) басқа адамның құқықтары мен заңды мүдделерін;
в) қоғамның мүдделерін;
г) мемлекеттің мүдделерін жатқызады.
Қажетті қорғану жолымен кез-келген құқықпен қорғалатын мүдделерді қорғауға болады. Сондай-ақ қылмыстық заңға сәйкес. 32б. 2б. Қажетті қорғану құқығы адамға қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады.
3) Қорғануға қатысты үшінші шарт-зардап қиянат келтірушінің тікелей өзіне келтірілуі қажет. Егер де зардап үшінші жаққа келтірілсе, онда аса қажеттіліктің белгілері орын алады.
2) Қорғану заңда тұра атап көрсетілгендей, тек әрекет күйінде жүзеге асырылады. Әрекетсіздік өмірге, денсаулыққа, меншікке зиян келтірмейді, сондықтан да ондай қиянатқа тойтарыс берілмейді. мазмұны жөнінен әрекет дене немесе мүліктік зиян келтіруден құралады.
4) Қиянат келтірушіліктен дер кезінде қорғану қажет. қоғамға қауіпті әрекеттің басталған уақыты мен оның аяқталғанға дейінгі аралығындағы қиянат келтірушіліктен қорғануды жүзеге асыру дер кезінде қолданылған қажетті аяқталғаннан кейін де қорғану әрекеттерін жалғастырып зиян тигізу кешікке қорғану деп танылады және қылмыс қатарына жатқызылады.
5) Қорғану әрекетінің мақсатынан құралады. Қорғанудың мақсаты, қоғамдық қатарды келтірілетін зардаптан қорғау бөлу қажет. Бұл туралы ҚК-ң 32б, 1б. нақты аталып көрсетілген.
Егер қиянат жасаушылық пен қайтару өзара есеп айырысудың қолайлы сәті ретінде пайдаланылса, мұндай жағдайда ондай зиян келтірушілік қылмыс болып табылады.
Мысалы, Воробьев бұрыннан бері араздасып жүрген көрінісі Шамиловтың баласын өзінің бағында алма ұрлап жатқанын көріп қояды. Баланы ұстап алып, оны белдігімен сабай бастайды. Баласының айқайлап жатқан даусын естіп Шамилов ауласына шығады. Воробьевтың баланы сабап жатқанын көріп, үйіндегі оқтаулы жатқан мылтығын алып, дәлме-дәл Воробьевтың басына көздеп атады. Воробьев оқиға болған жерде қаза болады. Алдын ала тергеу барысында Шамилов: Далаға шығып көршім Воробьевтың менің баламды ұрып жатқанын көріп қуанып кеттім, өйткені бағы өнімді алуға себеп болмай жүр еді деп түсіндіреді.
Бұл жерде Шамилов баласына қатысты қажетті қорғану емес, кек алу мақсатында әрекет еткен. сол себептен де оның әрекеті жалпы негіздер бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатады.
6) Қорғану келтірілген қиянаттың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сай келуі қажет. (саразмерности). Сәйкестік қорғанушы тарапынан сұғушыға оның келтіретін зардабынан аз болатын, тең болатын немесе кейбір жағдайларда көп болатын зиян тигізуді айтамыз.
32б. 3 тармағына сай: Нәтижесінде қол сұғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтіретін, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілігі дәрежесіне қорғанудың кернеу сай келмеуі қажетті қорғаныс шегінен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян келтірген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Адам өміріне қол сұғушыға не қаруды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен ұштасқан өзге де қол сұғушылаққа тойтарыс беру кезінде адамға зиян келтіру қажетті қорғаныс шегінен шығу болып табылмайды.
Қажетті қорғаныс шегінен шығу - деп, кез-келген сәйкес келмеушілік емес, қол сұғушылықтың сипаты мен қауіптілігіне қорғану құралдарының нақтылы кернеу шектен асқан сай келмеуін айтамыз. Кернеу шектен асу болмаса, онда ол заңды қажетті қорғану болады. Өйткені қажетті қорғану кезінде қылмыстық заң қол сұғушының төндіргелі тұрған қауіпінен сәл көбірек қауіп келтіруге рұқсат береді.
Сәйкес келу немесе сәйкес келмеу ең алдымен қорғалып отырған мүдделер мен зиян келтіріліп отырған объектіні салыстыру арқылы анықталады. Мәселен, қарақшылық шабуыл немесе зорлаудан қорғану кезінде адам қол сұғушыға тек қана, ауар дене жарақатын ғана емес, кісі өлтіруге де құқығы бар деп ойлаймыз. Екі жақты салыстырсақ, яғни денсаулығы мен жыныстық қылмыстардың объектілері.

Қажетті қорғануды қолданудың заңға сыйымдылық шарттары

Қорғануға байланысты
Қорғануға байланысты
Қол сұғушылыққа байланысты
Қол сұғушылыққа байланысты

қол сұғушылық қоғамға қорғауға жататын объектілер-
қауіпті болу керек дің шекарадан нақты анықталған
қол сұғушылықтың нақты болу керек
орын алуы
қол сұғушылық шын мәнінде қорғану тек қана әрекет күйінде
орын алуы керек жүзеге асырылады
зардап қол сұғушының тікелей
өзіне келтірілуі қажет
қол сұғушылықтан дер кезінде
қорғану қажет
қорғанудың мақсаты- келтірілген зардаптан қоғамдық қат-
ды қорғау болу керек
қорғану келтірілген қол сұғушылықтың сипаты мен қоғам дық қауіптілік дәрежесіне сай келуі қажет.

ЖАЛҒАН ҚОРҒАНУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қорғанудың заңға сыйымдылық шарттары

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы қажетті қорғануда өзінің конституциялық құқығын толығымен іске асыру үшін және бір мезгілде қажетті қорғанудан асып кетпеуі үшін заң бойынша ненің қажетті қорғану деп саналатын және ненің қажетті қорғаныс шегінен асып түсетінін білуі керек.Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының әрбір азаматы қажетті қорғану құқығына ие екендігін көрсетеді (Конституцияның 13-бабы). Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 32-бабы қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды[5].Қажетті қорғану құқығы барлық адамдарға, олардың кәсіби немесе басқа да арнайы дайындықтарына және лауазымдық жағдайына қарамастан тең дәрежеде болады. Бұл құқық әлеуметтік қауіпті қастандықтан аулақ болуы мүмкіндігінен, басқа адамдардан немесе мемлекеттік органдардан көмек алудан тәуелсіз адамға тиесілі.
Қажетті қорғану - әлеуметтік қауіпті қастандықтан қастандық жасаушыға заңды түрде зиян келтіру арқылы құқықтық қорғану.Халықтың құқықтық мәдениетін көтеру тұрғысында қастандық тұжырымдамасына тоқталу қажет.Заңға сәйкес оның мынадай белгілері болуы тиіс: қоғамдық қауіптілік,ол оны пайдалану басқа тұлғалардың өміріне қауіп төндіретін немесе денсаулығына қауіп төндіретін қаруды немесе өзге де заттарды немесе құралдарды қолдану немесе пайдалануға тырысу арқылы нақты және шынайы болуы қажет;қорғанушылардың немесе басқа тұлғалардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін зорлық-зомбылықпен немесе осындай зорлық-зомбылықтың тікелей қаупі;заңсыз зорлық-зомбылық арқылы тұрғын үйге немесе басқа үй-жайға басып кіру белгілері болу қажет.
Қажетті қорғаныс құқығы қастандық басталған кезде және заңмен қорғалған мүдделерге зиян келтіріле бастаған кезде туындайды, онда қастандық болмаса, оның шынайы қауіпі болады, ал анық болғанда, сөзсіз пайда болады.Қауіптің шынайылығын өткен оқиғалардың барлық жағдайларына талдау жасау негізінде нақты фактіге сүйене отырып белгілеуге болады.Алдын ала дайындалатын немесе болжамды қастандыққа қарсы қажетті қорғану алынып тасталады. Сондықтан өмірге,мүмкін болатын қастандықтың алдын-алуына қауіп төндіретін қорғаныс құралдары заңды деп саналмайды, себебі бұл жағдайда қастандық болмайды.Заңға сәйкес, қастандық қауіпті болуы мүмкін, бірақ ол міндетті түрде қылмыстық болмауы да мүмкін.Мысалы, қылмысқа қабілетсіз адамның немесе қылмыстық жауапкершілік жасына жетпеген тұлғаның жасаған шабуылы қылмыс ретінде қарастырылмайды, бірақ мұндай қауіпті тұлғаларға қарсы шабуылдау үшін қажетті қорғануға рұқсат етіледі.
Шабуылдың және қорғаныстың сәйкестігін бағалау кезінде қажетті қорғану жағдайларында қарастырылатын Қылмыстық кодекстің 32-бабының үшінші бөлімін ескеру қажет, онда қастандық жасаушы тұлғаға зиян келтіру қылмыстық жауапкершілікке әкелмейді.Шабуылдаушыға жасалған зиян түріне қарамастан, әрқашан шабуылдың сипаты мен дәрежесіне сәйкес деп танылған шабуылдаушыға келтірілген зиян сәйкесінше сипатымен және қастандықтың қоғамдық қауіптілігінің дәрежесімен танылатын жағдайлар ретінде қарастырылады.Мұндай әрекеттер қажетті қорғану шегінде жасалған деп есептеледі және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.Қастандық жасаушының қажетті қорғану шегінен асып кетпейтін жағдайындағы қаруларға 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы заңға қатысты атыс қаруларын немесе суық қаруларды, адамды өлім әкеліп соқтыратын оқ-дәрілерді жатқызған жөн[6].
Қазақстан Республикасының азаматы қажетті қорғануда конституциялық құқығын жүзеге асыра отырып, қажетті қорғанудың шегінен асуы мен оның рұқсат етілу жағдайларындағы жауапкершілік нормасы туралы білуі қажет.Сонымен, қажетті қорғану шегінен асып кету дегеніміз не?
Қажетті қорғанудың шегінен асып кетуіне қорғаныстың мінезге сәйкес келмеуі және қоғамдық қастандық жасаудың қауіптілік дәрежесі жатады, соның нәтижесінде қастандық жасаушыға шамадан тыс зиян келеді.Анық сәйкессіздік - айқын,күмән тудырмайтын мінездің қорғанысқа және қастандық деңгейінің сәйкес келмеуі, қастандық жасаушыға қажетсіз жағдайда қастандықты болдырмау немесе алдын алу үшін қажет болған кезде ауыр зиян келтірілу.Қажетті қорғанудың шектен асып кетуін көрініске қарсы бағытталған, яғни шын мәнінде болмаған, қол сұғушылық, қауіп-қатер төнбеген іс-әрекеттер жояды.Сондықтан тұлғаның әрекетін ойдан шығарып алынған қастандыққа қарсы қорғанысын қажетті қорғану ретінде қарастыруға болмайды. Осындай жағдайларда жалған қорғаныс орын алады. Жалған қорғаныста қажетті қорғануға тән барлық жағдайлар болмайды, бірақ тұлғаның бұл бейнелеуінде болады және ең алдымен, тұлға қауіпті қастандық бар деп санайды, сондықтан жалған қорғаныста тұлғаның жауапкершілік мәселесі осындай қателіктің кінәсіне әсер ету ережелеріне сәйкес шешілу қажет. Қажетті қорғаныс шегінен асып кеткенде, тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды, өйткені бұл жағдайда іс-әрекетте қылмысқа тән қоғамдық қауіп болады.Бірақ заң мұндай қылмысты төмен қауіпті деп санайды, өйткені қорғанушының іс-әрекеті қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерді қорғауға бағытталған. Қылмыстық кодекс қажетті қорғану шектен (102-бап) асып кеткен кезде төмен қауіп бар қасақана өлтірілу ретінде, сондай-ақ қажетті қорғану шектен асып кеткен кезде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ретінде қарастырылады(112-бап).Қажетті қорғанудың заңдылық шарттарын бұзу кезінде қылмыс жасау қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде саналады.
Судьялар қажетті қорғаныс жағдайларын және оның шектен асып кету жағдайларын қарастырған кезде бірқатар факторларды ескеру керек: қастандықтың түрі, оның қоғамдық қаупі, шабуылдың қарқындылығы, сәйкестілік, шабуылдың қорғау дәрежесіне сәйкес болмауы, шабуылдаушылардың белсенділігі, олардың саны, жас ерекшеліктері, қастандық жасаушылардың қаруларының болуы және т.б.Қажетті қорғану кезінде зиян келтірген үшін жауапкершілік қорғанушының әрекетінде қылмыс белгілері болған жағдайда ғана Қылмыстық кодекстің 102-бабы (қажетті қорғану шегінен асып кететін кісі өлтіру),112-бабы (қажетті қорғану шегінен асып кететін денсаулыққа ауыр зиян келтіру) бойынша тартылады.Қажетті қорғаныспен,бірақ оның шек тен асып кетуімен жасалған іс-әрекетке қатысты қылмыстық жауапкершілік туралы мәселені шешу үшін Қылмыстық кодекстің 66-бабында аталған тұлғаларды қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы ереже маңызды болып табылады.Заң шығарушы тұлғаны қылмыстық жауапкершіліктен босатудың негізі ретінде оның қорқыныш немесе үреймен сипатталатын эмоционалды және психикалық күйін,сондай-ақ оның абыржу нәтижесінде іс-әрекеттерінің ақылға қонымсыздығын қарастырады және бұл жағдайлар істің мән-жайларымен байланысты болады.
Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 66-бабы қылмыстық жауапкершіліктен,қорқыныш,үрей немесе араласу салдарынан қажетті қорғану шегі асатын тұлғаны босатуға мүмкіндік береді, бірақ бұл жағдайды абсолютті жағдай болып табылады, тұлғаның қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы ретінде қарастырылмайды, яғни факультативті болып табылады. Заңнама қорқыныш, қатты шошыну және қастандыққа ұшыраған адамның абыржуы сияқты құбылыстарды нақты айқындайды, сондай-ақ, бұл құбылыстар қорғаушының қорғаныстық әрекеттерін бағалау қабілетіне әсер еткенінің және қажетті қорғану шегінде әрекет етуінің нақты дәлелдемесін талап етеді.Өткізілген жағдайдың объективті көрінісін жасау үшін соттар психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысын басшылыққа алады, оның қорытындысы басқа да дәлелдермен және әлеуметтік қауіпті қастандықпен, оны қорғауға бағытталған іс-әрекеттерден туындаған нақты жағдаймен бірге бағаланады.Егер айыпты қажетті қорғануды шегінен асырса және сол уақытта жәбірленушінің заңсыз әрекеттерінен эмоционалдық толқыныс жағдайында болған болса, онда бұл іс әрекетті қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде жасаған деп есептеуге болады және оны салдарына байланысты Қылмыстық кодекстің 102-бабына немесе 112-бабына сәйкес анықтау қажет.
Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде қасақана кісі өлтіру немесе денсаулығына елеулі зиян келтіру қылмыстық кодекстің 99-бабының екінші бөлімінде қарастырылған мән-жайларға қарамастан, қылмыстық кодекстің 102-бабы немесе, тиісінше, қылмыстық кодекстің 112-бабына бойынша анықталуы тиіс.
Сотталушының қылмыстары қорғаныс жағдайында жасалғанын анықтаған соң, сот үкімді жалпы тұжырымдамамен шектемей,істің ерекше мән-жайларына сәйкес кім және қандай қоғамдық қауіпті қастандық жасағанын, кімге бағытталғанын,оның түрі мен жасалу тәсілін,қастандық жасаушының немен қаруланғанын,қандай тәсілдермен жәбірленушінің қорғанғанын,қандай дәлелдермен расталатынын,сондай-ақ қажетті қорғанудың шегінен асып кетуін көрсететін мінезге қорғаныс құралдарының сәйкес келмеуі мен қастандық қауіптілігі нені білдіретіндігін көрсету қажет.
Осылайша, құқық қорғау практикасында қажетті қорғану істерін қарастыру бойынша Қазақстан Республикасының соттары Қазақстан Республикасының әрбір азаматына өзінің қажетті қорғану құқығын сақтай алатынына кепілдік береді.Қажетті қорғану шегінен асып кеткен жағдайда, соттар істерді мұқият талдайды, тәуелсіз сарапшыларды тартады және дұрыс құқықтық бағалау жүргізуге тырысады.
Қиянат дәрежесі көп жағдайларда қылмыскердің қолданатын құралы мен қару-жарағына да байланысты. Бірақ та бұл жерде қол сұғушы шабуылда қандай құрал немесе қаруды қолданса, қорғаушы да соған тойтаруға ғана құқылы деп айту қате болар еді.
Мысалы: Қасым деген азаматтық әрекетті қорғану деп бағаланған. Іс бойынша былай болған. Қараңғы түскен кезде Жұманов пен Сәкенов мас күйлерінде Қасым деген азаматты көше бойында тоқтатып, оған негізсіз тиіскен. Қасым олардың сөзіне мас екен деп құлақ аспай жүре берген. Бірақ екі мас оны қуып жетіп, жерге құлатып тепкілей бастаған. Өзін қорғау мақсатында Қасым қалтасындағы бәкісін алып, Жұмановтың қарнына тереңдетіп сұғып жіберген. Жұмашов сол бойда қаза болады. Алғашқыда сот Қасымды 99 бап бойынша, қажетті қорғану шегінен асқан жағдайда кісі өлтіргені үшін соттаған. Бұл жерде Қасымды пышағы жоқ адамдарға қарсы пышақ қолданған деген айып танылған.
Бірақ бұл іс сотта қайта қаралғанда Қасымға төнген шабуыл оның өмірін қауіпті болғанын және екі бірдей басым екендігін есепке алып, оның әрекетінде қажетті қорғану шегінен шығушылық жоқ деген қорытынды шығарылған.
Көп жағдайда кенеттен болған қиянаттағы абыржу, қорқу салдарынан, адам барлық уақытта қауіп төндірудің сипатына дәл баға бере алмайды және соған сәйкес келетін қорғану құралдарын қолдануға мүмкіндігі болмайды.
ҚК-те қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (99 бап); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109 бап). Қылмыстары көрсетілген. Байқасақ қажетті қорғаныс шегінен асып кеткені үшін жауаптылық тек қасақана қылмыстар істегені үшін көзделген. Демек, абайсыздықпен істеген қажетті қорғаныс шегінен шыққаны үшін заңда жауаптылық белгіленбеген.
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру.
ҚРҚК-ң 33б. 1б. сай: Қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін ұстау амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды.
Көп жылдар бойына сот тәжірибесі бұл әрекетті қажетті қорғануға жатқызып келді. Яғни бұндай әрекет және заң нормасы ретінде ҚазССР ҚК-де көрсетілмеген еді. Осындай арнаулы заң нормасы Украина, Өзбекстан ҚК-де бұрын бар болатын.
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіруді өз алдына бөлек норма ретінде шығаруды алғашқы рет Х.Қ. Халиков ұсынған болатын. Қазір бізде өз алдына жеке норма бар, ол 33 бап.
Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде оған зиян келтірудің заңға сыйымдылық шарттарын екі топқа бөлуге болады:
қылмыс жасаған адамға және оның жасаған қылмысына байланысты;
қылмыс жасаған адамды ұстауға байланысты әрекеттерге қатысты.
І. Қылмыс жасаушы адамға қатысты ғана зиян келтіруге болады. Өзге құқық бұзушыға қатысты зиян келтіруге болмайды. Дегенмен қылмысқа қатысты да алатын болсақ, қылмыстық заң зиян тигізуге болатын қылмыстардың шекарасын бөліп көрсетпейді. Демек, барлық қылмыс жасаған адамға қатысты зардап тигізуге тағы да болмайды. Мысалы, қорлау жасаған (130 бап) адамға зардап тигізіп қорғануға болмайтыны айдан анық. Тіпті ондай кінәсі анық дәлелденген адамның өзіне сот бас бостандығынан айыру жазасын қолдана алмайды.
Бірінші топқа қатысты келесі шарт-қылмыс жасаған адамға, қылмыс жасап болғаннан кейін зардап тигізуге болатын уақыт анықталуы қажет. Бұл жерде де қажетті қорғнудағыдай бастапқы және соңғы кезеңдер анықталуға жатады. Бірінші кезеңге - қылмыскердің қылмыс жасауы жатады.
Соңғы кезеңге қылмыстық жауаптылыққа тартудың немесе айыптау үкімінің ескеру мерзімдерінің өтуі жатады.
ІІ. Қылмыскерді ұстауға байланысты әрекеттерге қатысты:
Зиян тигізу объектісі;
Келтірілген зиянның және қылмыскерді ұстау жағдайының сипаты;
Зиян келтіруге бағытталған әрекеттің мақсаты.
Ұстау үшін қажетті зиянның шекарасынан аспау.
а) зиян тек қана қылмыс жасаған адамға ғана келтірілу қажет. Егер де адам қылмыс жасамаса оған зиян тигізуге болмайды. Ондай адамға қатысты күш қолданып зиян тигізу-жалған ұстаушылық болып ондай адамның кінәсі анықталса, қылмыстық жауаптылықты көздейді.
Зиян тигізу сипаты әртүрлі болуы мүмкін. ол қылмыскердің жасаған қылмысының қауіптілік дәрежесіне және ұстаудың жағдайына байланысты. Қылмыскерді ұстау барысында оған келтірілген зиян мөлшері істелген қылмыстың қауіптілігіне, қылмыскердің тұлғасына, оның мінез-құлқына немесе оны ұстау жағдайына да байланысты болады. Ауыр, аса ауыр оған елеулі зиян келтірілуі мүмкін. мысалы, әйел зорлап, қарақшылық жасаған адамдарды ұстағанда олардың қарсылығына қарай ұстағанда олардың қарсылығына қарай келтірілген зиян мөлшері де соған қылмыскерге келтірілген зиян мөлшері қылмыскердің тұлғасына да байланысты. Мысалы: аса қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде оған келтірілген зиян мөлшері алғаш рет қылмыс жасаған адамға келтірілген зиянға қарағанда едәуір көп болатыны өзінен-өзі түсінікті. Зиян мөлшері ұсталатын қылмыскердің жынысына, жасына да байланысты. ҚР ҚАК-ң тиісті баптарына сай: тұтқын орнынан қашқан әйелдерге, жасөспірімдерге қару қолдануға болмайды. Оларға қолданылатын күштеу шаралары шектелу керек. Аса ерекше жағдайларда ғана мұндай адамдарды ұстау оларға зиян келтірілумен ұстасу керек.
Зиян келтіру кейбір жағдайларда ұсталатын қылмыскердің қаралуына, қылмыс істеген уақытқа, орынға, жағдайына да байланысты.
в) Қылмыскерлерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қажетті қорғану
Жaлғaн қoрғaну жәнe oның қылмыcтық құқықтық cипaттaмacы
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің түсінігі, маңызы және жіктелуі
Басты сот талқылауын тағайындау сатысын жүзеге асыру нысандары
Жеке мүліктік емес игіліктер
Жер сілкінісі, сипаттамасы, қорғану шаралары
Материалдық емес игіліктер және жеке мүліктік емес құқықтар
Кокс жылубергішінің қайнаушы кабатында үздіксіз кокстеу қондырғысын жобалау
Оқушылардың мамандыққа қызығушылығын диагностикалау
ЖАЛҒАН ҚОРҒАНУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Пәндер