Қазақстан Республикасындағы жастар кәсіпкерлігін дамыту


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасындағы жастар кәсіпкерлігін дамыту

Развитие молодёжного предпринимательства в Республике Казахстан

Development of youth entrepreneurship in the Republic of Kazakhstan

Бұл мақалада біз қазіргі күндегі Қазақстандағы жастар кәсіпкерлігін дамытудағы қадамдарымыз бен жалпы осы істеліп жатқан шаралардың нәтижесі мен шет елдердегі жағдайды қарастырамыз.

«Алаш атын аспанға

Шығарар олар бiр таңда,

Мен жастарға сенемiн!», - деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтып кеткендей, қазіргі біз жастар кәсіпкерлікпен айналысуымыз ертеңгі елдің он жылдан кейінгі жай күйінің айнасы болмақ. Кәсіпкерлікті дамытудың маңызы:

  • Экономикалық жағынан қарағанда бұл бюджетке түсетін түсім болса, екіншіден әр елдің басты мәселелерінің бірі жұмыссыздыққа қарсы қару, яғни жаңа кәсіпорын ашылуы = жаңа жұмыс орындарының пайда болуы
  • Құқықтық жағынан қарасақ, кәсіпорын ашу үшін кәсіпкер заң жағынан сауатты болуы керек. Кәсіпкер заңды теориялық жағынан емес, тәжірбиеде кездескендіктен өзі іздену арқылы білімін жетілдіреді. Қай жағдайда болмасын, өз кәсібін қорғау үшін өз құқықтарын білу қажет
  • Әлеуметтік жағынан қарасақ, өзімізге мәлім адамның дамуына әсер ететін фактордың бірі - қоршаған ортамыз. Адам өзінің естігенін емес, өз көргенін істейтіндігіне көптеген мысалдар бар. Менің айтқым келіп отырған ойым егер ортамызда кәсіпкерлікпен айналысу арқылы табысқа жетіп жатқан адамдар саны көбейсе, соған орай біз бұл тұлғаларды өз көзімізбен көргендіктен бізде «Неге маған да кәсіпкерлікпен айналыспасқа?», - деген ой пайда болады. Және де кәсіпкерлер үшін, бұл өзін-өзі дамыту мен іштегі шығармашылық қабілетін ашудың жолы. [1]

Өкінішке орай, қазір Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму деңгейін көңіл толтырарлық деп айтуымыз екі талай. Статистикалық деректерге сүйенсек кәсіпкерлік сала ретінде 2015 жылы ЖІӨ- нің 24, 9% -ын құраса, ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 28, 3%-ын құрады. Әрине өсім бар екені сөзсіз, дегенмен өте баяу күйде өтіп жатыр.

Мемлекет атауы
2015 жылғы үлесі
2018 жылғы үлесі
№: 1
Мемлекет атауы: Ресей
2015 жылғы үлесі: 19, 9%
2018 жылғы үлесі: 28%
№: 2
Мемлекет атауы: Қытай
2015 жылғы үлесі: 60%
2018 жылғы үлесі: 60%
№: 3
Мемлекет атауы: Өзбекстан
2015 жылғы үлесі: 56, 9%
2018 жылғы үлесі: 28%
№: 4
Мемлекет атауы: Қазақстан
2015 жылғы үлесі: 24, 9%
2018 жылғы үлесі: 28, 3%

Менің 2015 пен 2018 жылдың өзінің салыстыруымның себебі «Қазақстан бизнес картасы 2020» атты бағдарламаның қабылдануына байланысты болып отыр. Бұл бағдарлама бойынша Қазақстанның 2020 жылға көрсеткіштері 50 %- ды құрау керек болған. Бірақ сандардан көріп отырғанымыздай, біздің нәтижелеріміз бұдан әлдеқайда алыс. [2] [3]

Енді дерекнама сүйенсек, "бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізуді бағалау үшін төрт мақсатты көрсеткіш қарастырылған болатын:

  • ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12, 5% - дан кем емес / ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің 9 айдағы үлесі 2018 11, 8%;
  • кәсіпкерліктің 2014 жылмен салыстырғандағы 1, 5 есеге өсуі / өндіріс 2018 жылдың 9 айында 2014 жылдың деңгейіне дейін 77, 9% - ға өсті;
  • белсенді кәсіпкерлік үлесінің 2014 жылғы деңгейден 50% - ға өсуі / белсенді кәсіпкерлер саны 2019 жылғы 1 қаңтарға 1 241 328 бірлікті құрады, бұл 2014 жылға қарағанда 33, 9% - ға артық (926 844 бірлік) ) %;
  • Кәсіпкерлік өсімі 2018 жылдың 2014 жыл 9 ай деңгейімен салыстырғанда 50% - ға өсті кәсіпкерлер саны 3. 233. 273 адамды немесе 2014 жылдың деңгейімен салыстырғанда 11, 6% - ға өсімді құрады. "

Соңғы жылдағы деректердің болмауы Статистика комитеті келесі жылдың екінші жартысында берген мәліметтермен түсіндіріледі делінген. Яғни, Үкімет өз жұмысының жылдық нәтижесін бағалай алмауда. Бірақ бұл бағалауды басқалар жасай алады. Атап айтқанда, Қазақстанда Ұлттық бюджеттің атқарылуын қадағалау комитеті жұмыс істейді. Бұл орган Үкіметтің бюджеттік қызметіне және Үкімет бағдарламаларына Министрлер Кабинетінің тиімділігін бағалай отырып, тәуелсіз бағалау жүргізеді деп болжануда.

Қаржылық орындау комитетінің 2018 жылғы баяндамасында атап өтілгендей, коммерциялық қолдау бөлігіндегі Үкіметтің тиімділігі өте жақсы емес. Мақсаттар мен міндеттерді белгілеу.

БЖК-2020 бағдарламасының өзі төрт негізгі көрсеткішті анықтайды.

Дегенмен, елдің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары мен кәсіпкерлік орта мен кәсіпкерлікті дамытудың негізгі ұлттық көрсеткіштерінің стратегиялық картасы төрт ұлттық көрсеткішті қамтиды, оның ішінде тек біреуі ғана-"шағын және орта бизнестің ЖІӨ-ге қатысуы", тікелей БЖК-2020 бағдарламасына кірді. Бағдарламаға "ЭЫДҰ Бәсекелестік Индексі", "экономикадағы кәсіпкерлік қызметтің орташа үлесі "және" бақылауға келмейтін экономиканың үлесі"сияқты көрсеткіштер енгізілмеген.

Шоттар жөніндегі Комитетте Үкіметтің деректері талданып, бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу формальды және нақты өзгерістерге әкелмейтіндігі туралы қорытынды жасалды.

Мысалы, қазан айында ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпорындардың үлесі 28, 9% - дан асты, бұл жылдық құнынан 7, 3% - ға артық. Бірақ Үкімет бұл бағалауға шығын есебінен жұмыс істей бастағандарды ғана емес, елдегі коммерциялық субъектілердің жалпы санын да енгізді. Есеп палатасының сарапшылары атап өткендей, бұл "Бизнестің жол картасы-2020"бағдарламасының қосымша құнын анықтауға мүмкіндік бермейді.

Елдің ЖІӨ-дегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесін бағалау тек жалпы санды көрсетеді: 11. 2018 жылдың 9 айында 8%. Бұдан басқа, мәселеде және шағын бизнестің құрамдас бөлігі болып табылатын сала құрылымында сала белгісіз. Мемлекеттік қолдауды қаржыландырудың тұрақты өсуіне қарамастан, Қазақстанда "қазіргі шағын және орта бизнес қызметкерлерінің өсу динамикасы және олардың қызметкерлерінің саны"тұрақсыз. Демек, біз бұл қаржыландыру жүргізілгеннен кейінігі, осы сектордан "қанша қайтарым" экономикаға әкелетіндігі жөнінде мүлдем бейхабармыз. [4]

Бұл дегеніміз біздің Үкіметтегі кәсіпкерлік саласы қаржаландырғаннан кейінгі, ол қаржы дұрыс қолданылып жатыр ма?, кәсіп ары қарай дамып жатыр ма?, - деген сұрақтарға Үкімет жауап бере алмай отыр. Менің ойымша бұл мониторинг жасаудың құралы болмағандықтан деген ой айтқым келеді. Сонымен қоса, иен оқыған статистакаларға қарап отырсақ кәсіпкерлік деңгейі өсуі мен қаржыландыру арасында байланыс болмай түр, яғни қаржыландыру көбейген кезде кәсіпкерлік бір деңгейде, ал керсінше қаржыландыру өспеген кезде кәсіпкерліктің өсім деңгейі байқалады. Заңды сұрақ неге ? - деген ой туады. Логикаға сүйенсек қаржыландыру өскені = кәсіпкерлік деңгейінің өсуімен аяқталу керек, бірақ олай болмай отыр. Алдында айтып кеткенімдей бірінші себепті бақылаудың жоқтығы деп есептеймін, екіншіден нақты бір осы бойынша есеп жүргізілмеуі.

Екінші себепке тоқталып өтсек, иә әрине қай салаға қаржы берілгені туралы есептер бар сөзсіз, бірақ енді соны басшылыққа алып қай салада қаржыландыру тиімсіз, қай салада қаржыландыру жасасақ, ол болащақта өз жемісін береді, - деген мәселе әлі де толықтай қарастырылды деп айта алмаймын. Мысалы, кәсіпкерлікті дамыту үшін ең басты құралдарының бірі: мемлекеттен қаржыландыру мен көмек болып табылады. Бізде қаржыландыру қарқынды түрде жүріп жатыр, бірақ шет елдердегі кәсіпкерлік деңгейі ЖІӨ -нің 50% -ын қамтып отыр. Неге біз осы деңгейге жете алмай келе жатырмыз ? - басты сұрағым осы.

«Өзіңді өзіннен кейінгілермен емес, көшбасындағылармен салыстыр демекші», біз де өзімізді дамыған елдермен салыстырамыз. Бірақ дегенмен де әр елдің өзіне сәйкес менталитеті, мәдениеті, дәстүрлері болғандықтан өзінің даму жолы бар деп есептеймін.

Осыған байланысты, өзімізді жақын көршіміз Қытаймен салыстырсақ. Қытайда 1970 жылдан бастап, экономикалық реформа басталды. Осы реформаға байланысты кәсіпкерлік деңгейі биік көрсеткіштерге жетті, өйткені біріншіден Қытайда халық көп соған сәкес сұраныс та көп, екіншіден «өзің өндір де басқаға сат», - ұранын ұстанды десек болады, яғни әрбір адам бастамасында өзі не істей алады киім, тамақ немесе басқа тауар болсын жасап отырды. Басында өндірістін отбасылық түрі өте таралған болды. Кейіннен отбасылық кіші бизнес жайлап, үлкен бизнеске алып келді. Бұл бәсекелестіктің өсуіне алып келді. Осыған орай Қытайда халықтын көптігінен, яғни қазіргі таңда сандық жағынан басымдығынан Қытайдың тауарлары өте көп және арзан. Бірақ бұл сапа кепілі деп айта алмаймыз. Соның нәтижесі ретінде Қытай тауарлары барлық жерді жаулаған, ал тауарларына сұраныстың азаймауы тауар тез бұзылғандықтан, қайта сатып алуға тура келеді. Дегенмен біздің елмен салыстырғанда қазба байлықтары, ресурстар жағынан біздің ел әлдеқайда бай. Сонымен қоса шығарып отырған заттарымыздың сапасы өте жақсы, өйткені табиғи таза өнім шығарамыз. Ендігі мәселе біздің ел қазба байлықтар мен ресурстарға бай бола тұрып, халықтың әл-ауқаты неге дамымай отыр, көп жастар жұмыссыз жүр.

Жастардың жұмыссыз жүруінің себебі біздің тәрбиемізде деп білемін, өйткені ата-анамыздың ойынша кәсіпкерлікпен айналысқаннан гөрі үйреншікті мұғалім, дәрігер, мамлекеттік органдардағы жұмыс тиімді, әрі тыныш деп есептейді. Біздің елде ата-анаға сый құрмет бірінші орында болғандықтан, біз жас ұрпақ ретінде оларды тыңдаймыз. Бұл бірінші себеп ретінде, яғни біздің ата-анамыз тікелей түрде біздің мамандық таңдауымызға әсер етеді. Өзім студент болғандықтан, көптеген қалаған мамандығына түспегендіктен, оқысы келмей, кейін оқу орнын тамамдағаннан кейінгі басқа мамандықта жұмыс істеп жүрген жастарды білемін. Сонымен қоса «жоғарғы білімім болмаса, болашағым жоқ», - деген ой көп тараған. Егер мен кәсіпкерлікпен айналыссам, банкрот болып қалсам ше? мен мүлде кәсіпкер бола алмаймын деген ой бізде қалыптасып кеткен. Кез-келген қалаған адам кәсіпкер бола алады, егер оны өзі қалап тұрса, әрине. Қазір де студенттер арасында «start up» жобалар арсындағы жарыс, ең жақсы жобаларға қаржыландыру жүргізіліп жатыр. Жетістікке жетіп кәзір өз кәсібін дамытып жатқан студенттер де бар, бірақ менің ойымша жаңа нәрселер жетіспейтін секілді. Ол жаңалықты ойлап таппайынша, біздегі өзімізде бар мәселе бойынша жұмыс істегеніміз дұрыс деп есептеймін. [3]

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар құқығын қорғауға бағытталған жастар саясаты
Солтүстiк Қазақстан облыстық кешендiк бағдарлама
Қазақстанда жастар саясатын іске асыру саласына тартылған жастардың үлесі
Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты
Жастар қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы ретінде
Қазақстандағы гендерлік саясат
Саяси партиялардың пайда болуы, мәні, белгілері
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық
Қоғамдық ұйымдар және қоғамдық қозғалыстар
Жастар әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz