Жеке сыныптағы балалар қарым-қатынасының психологиялық жағдайын бақылау және талдау негізінде қорытынды пікір


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БАӨЖ

Тақырыбы: Жеке сыныптағы балалар қарым-қатынасының психолоиялық жағдайын байқау және талдау негізінде өзімнің пікірімді білдіру.

Орындаған: Бухарбай А.

Қабылдаған: Құлжабаева Г. А.

Тобы: ЕП-17-11К

Шымкент, 2019ж

Жеке сыныптағы балалар қарым-қатынасының психолоиялық жағдайын байқау және талдау негізінде өзімнің пікірімді білдіру.

Мұғалімнің өзі жұмыс істейтін сыныптағы балалар ұжымының қарым-қатынасын зерттеп, оған психологиялық мінездеме жазуы міндетті шара.

Сыныптағы балалар ұжымының қарым-қатынасының қалыптасуы бірнеше даму сатысынан өтеді. Сонымен қатар, оның қалыптасуы, дамуы ішкі және сыртқы факторларға байланысты.

Сыныптағы балалар ұжымының топтасуы мен дамуы көбінесе мұғалім-ұстаздың тікелей қатысуымен және солардың ықпал етуіне байланысты болады. Мұндай жағдайда олардың жауапкершілігі зор, әрі қиын болып келеді. Себебі, ол, бір жағдайда ұжым мүшесі, екінші жағдайда ақылшы болса, ал үшіншіден - оларды бақылаушы да болып келеді.

Сыныптағы балалар қарым-қатынастарының зерттеу жұмыстарын мына төменде көрсетілген бағыттар бойынша жүргізген дұрыс:

  1. Сынып балалары жайында жалпы мағлұмат.
  2. Сынып құрылымы.
  3. Сынып балаларының іс-әрекеттері және оларды орындау барысы.
  4. Сынып балаларының даму дәрежесі.
  5. Сынып балалары туралы жалпы қорытынды.

Жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша төмендегі бағдарламаны ұсынуға болады:

1. Сынып балалары жайында жалпы мағлұмат.

Қай сынып, мектеп, аудан. Оқушылар саны қанша/ұлдары, қыздары/, жастары.

2. Сынып құрылымы.

Сынып белсенділері. Сынып старостасы және оның жұмысының сапасы; сыныптың басқа белсенділеріне қысқаша сипаттама/ бастамалары, дербестіктері, табандылық, қайсарлықтары, өздері мен басқаларға талап қоюшылықтары, жолдастары арасындағы беделдері, ұйымдастырушылық қабілеттері, басқа оқушыларға қамқорлықтары, қоғамдық пікірге қатынастары.

Балалар өзара қарым-қатынас барысында:

  • адамдардың іс-әрекеттің, ұлттық салт-дәстүрлердің жақсы жақтарын аңғара алады, шындықты айтуға, жағымды ойлауға үйренеді;
  • өзара сыйластықты түсінуге қабілетті, айналасындағыларды ұнатып, жақсы көре біледі, жақсылық жасауға дайын тұрады;
  • сабырлы, салмақты болуға, тәрбиелі болуға, ойланып сөйлеуге үйренеді;
  • әдептілікке, ұқыптылыққа үйреніп, көмектесе біледі, қамқорлық жасай алады, үлкендерді құрметтей біледі;
  • өзгені ренжітпеуге тырысады, кешірімді болуға үйренеді.

Оқушылардың бойында қарым-қатынас қалыптасу деңгейі мен сапасын өлшеп көрсету өте күрделі. Адамгершілік қасиеттерді сақтай отырып, басқа адамдарға психологиялық қысым көрсетпей оң бағытта қарым-қатынаста болғанда ғана, қарым-қатынас мәдениетін сақталғанын көруімізге болады.

Жалпы оқушылардың қарым-қатынасын зерттеуде түрлі әлеуметтік психологияда қалыптасқан әдіс-тәсілдердің басым көпшілігін қолдануға болады. Осы әдістемелердің негізінде сыныптағы балалардың өзара қарым-қатынастарын зерттеу барысында көптеген ұтымды жерлері бар. Балалар сабақ барысында, сыныптан тыс көптеген іс-шаралар жүргізгенде, оқу-тәрбие мәселелерін шешу барысында бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Сонымен балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда, психологиялық түзету жұмыстарын жүргізу, тәрбиелік мәні бар іс-шаралар ұйымдастыру үшін сынып ұжымы ыңғайлы. Баланың өзі оқитын сыныпта достары, бос уақытында бірге ойнайтын құрбылары бар. Сыныптағы ұжымішілік қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу арқылы балалардың қарым-қатынасының қалыптасу деңгейін анықтауға болады.

Оқушылардың бойында қарым-қатынасты қалыптастыра отырып, сонымен бірге түзету жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор. Топта қолайлы жағдайларды қалыптастырудың тиімді жолы - ойын тренингін жүргізу. Тренингтің негізгі мақаты - әрбір жеке тұлғаның өз ортасында, өзге адамдармен қарым-қатынас орнатуда жаңа мүмкіндіктер табу. Топта жүргізілетін тренингтер арқылы оқушылар өзін еркін ұстап, өз ойларын еркін жеткізіп, эмоцияларын меңгере алады, шешім қабылдауға үйренеді, тұлға аралық қарым-қатынас құра алады.

Балалар қарым-қатынасын дамытуда түрлі ойындар өткізуге болады.

Мысалы:

Шеңбер бойымен тұрып, ойыншықты бір - біріне лақтыру арқылы өзі білгісі келетін сұрақты қояды:

  • Сенің алға қойған мақсатың қандай?
  • Сен қандай кино көруді ұнатасың?
  • Сенің сүйікті әншілерің?
  • Сенің сүйікті пәндерің?

т. б. шеңбер бойымен балалар өздері білгісі келетін сұрақтарын бір - біріне қояды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар үйіндегі жеткіншектердің қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері мен коррекциялық технологиясы
Бастауыш мектеп кезеңіндегі балалардың қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері
Жасөспірімдердің қоршаған ортамен қарым-қатынасының психологиялық және педагогикалық негіздері
Қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық негіздері және сабақтағы мұғалім-оқушы қарым-қатынасының стильдері
Оқу процесіндегі мұғалім имиджі мен оқушы қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері
Оқыту процесінде педагог пен оқушының қарым-қатынасының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Мұғалім мен әр жастағы оқушылардың педагогикалық және психологиялық қарым-қатынасының ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзара қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері
Науқастың психологиясы және медициналық қызметкердің науқаспен қарым-қатынасының психологиялық аспектілері
Ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балалардың қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz