Азаматтық іс жүргізудің құқықтық қатынастарына қатысушы тараптар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Азаматтық іс жүргізудің құқықтық қатынастарына қатысушы тараптар

Азаматтық процесс - бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы құқықтық қатынастардың күрделі жүйесі, әрқайсысы азаматтық іс жүргізу құқығының белгілі бір нормаларының негізінде пайда болады. Азаматтық іс жүгізу құқықтық қатынастарының міндетті субъектілері: бір тараптан - сот, екінші тараптан процеске қатысушылар борлып есептеледі. Сонымен қатар, азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы іске қатысушы тұлғаның ерік білдіруіне байланысты. Құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін осы қатынастарға қатысушылардың құқық қабілеттіліг мен әрекет қабілеттілігін айқындайтын құқық субъектілігі болуы керек.
Азаматтық іс жүргізудің құқық қабілеттілігі - бұл іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттеріне ие болу қабілеттілігі. Ол азаматтар мен ұйымдардың бәрі үшін бір деңгейде танылады және азаматтардың туған сәтінен басталып, қайтыс болған сәтінде бітеді. Ұйымдар да тіркелген сәтінен басталып, таралған сәтінде тоқтатылады.
Субъектілер, яғни азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарына қатысатын немесе қатыса алатын адамдар үш топқа бөлінеді.
1.Сот төрелігін жүзеге асыратын адамдар.
Сот процестің ерекше қатысушысы болып табылады, себебі арнайы құрылған мемлекеттік билік органы ретінде сот төрелігін жүзеге асырады. Сотқа азаматтық процестің анық сатыларында басшылық рөл берілген. Іске қатысушы тұлғалар судьяға қарсылық білдірулері мүмкін, мұндай жағдайда судья ауыстырылып, істі басқа судья қарайды.
Сот отырысының хатшысы азаматтық істерді қарау барысында сот отырысының хаттамасын жасайды және сот отырысына төрағалық етушінің басқа да тапсырмаларын орындайды. Сот отырысының хатшысы сотқа іс бойынша шақырылған адамдардың қайсысының келгенін, келмей қалған адамдарға хабарланғандығы туралы және олардың келмей қалуының қандай себептері бар екендгін хабарлайды.
Сот приставы - төмендегідей мндеттерді атқаратын адам: сот отырысы кезінде залдағы қоғамдық тәртіпті қадағалайды, сотқа іс жүргізу әрекеттерін орындауды жәрдемдеседі, сот ғимаратын, судьяларды жне процестің басқа қатысушыларын қорғауды қамтамасыз етеді, соттың және басқа органдардың атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындалатын сот орындаушыларына көмек көрсетеді.
Сот орындаушысы - бұл мемлекеттік қызметтегі және заңмен жүктелген соттың және басқа органдардың актілерін орындау жөніндегі міндеттерді атқаратын лауазымды тұлға.
2.Іске қатысушы адамдар - тараптар; даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар; прокурор; мемлекеттік органдар; процеске қатысатын жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жеке азаматтар; ерекше өндіріс тәртібінде сотта қаралатын істер бойынша өтініш берушілер және басқа да мүдделі тұлғалар.
Іске қатысушы адамдар өздеріне тиесілі барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануы тиіс. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық процессуалдық құқық қабілеттілік және азаматтық процессуалдық әрекет қабілеттілік
Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының туындау негіздері
Сот төрелігін жүзеге асыратын адамдар
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ТҮСІНІГІ
Тараптардың түсінігі, құқықтары мен міндеттері
Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар және олардың субъектілері
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
Азаматтық іс жүргізу құқығы туралы ақпарат
Азаматтық іс жүргізу туралы ақпарат
Пәндер