Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ақылы шарттардың көбісі бойынша затты бергені, жұмысты атқарғаны, қызмет көрсеткені үшін жауап ретінде екінші тараптың ақша төлеу жөніндегі міндеті туындайды. Көп жағдайда олар жоғарыда аталған мақсаттарға немесе несиелеу үшін жеке, заңды тұлғалармен берілетін ақша қаражаттарын ауыстырумен айналысатын банктер, арнайы коммерциялық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, кейбір жағдайларда несиелеумен тікелей банктер айналысады. Осы кезде бірқатар құқықтық қатынастар туындайды, оларды жалпы түрде екі топқа бөлуге болады:
1) Есеп айырысу құқықтық қатынастары;
2) Несиелік құқықтық қатынастар.
Олар өзара тығыз байланысты, сатып алу сату, мүлікті жалға алу, мердігерлік, комиссия және т.б. шарттардан туындайтын басқа да ақша міндеттемелерін жүзеге асыру сияқты, екіншіден біріншісінсіз жүзеге асыру тәжірибе жүзінде техникалық жағынан мүмкін емес болады.Егер есеп айырысу қатынастарын (міндеттемелерін) сипаттауға талпынатын болсақ, онда оларға заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттары арқылы ақша қозғалысының процесіне себепші болатын және оларды осы шоттарға орналастыру (қаражаттарды сақтау) тәртібін реттейтін құқықтық қатынастар жататындығы, атап өтуге болады.Бұл құқықтық қатынастардың ерекшелігі болып олардың жеке өзіндік экономикалық мазмұнға ие емес екендігі және тек сол немесе өзге бір құқықтқы қатынастарға қызмет көрсететіндігі табылады. Олардың экономикалық мазмқны туралы тек шартты түрде есеп айырысу құқықтық қатынастарының өмір сүруі мен жүзеге асырылуы банктік капиталдың қозғалысымен және оны пайдаланумен тығыз байланысты екенін еске ала отырып айтуға болады.Олар қандай да бір қосымша қатынастар нысанында құрастырылмайды, керісінше олар дербес құқықтық қатынастар болып табылады. Бір жағдайларда олар ақша операциялары үшін алғышарт ғана болады, мысалы, оған банктік шот шарты жатады, ал басқа жағдайларда есеп айырысу қатынастары бір субъектілерден екіншілеріне сод немесе өзге бір негіздер бойынша, ақша қаражаттарын алмастыруға тікелей бағытталады, мұндай есеп айырысу құқықтық қатынастарына ақша аудару туралы шарт жатады.
Қазір әлемде есеп айырысу қатынастарының маңызы өте үлкен болып табылады. Қолмақол ақшамен есеп айырысудың маңызы кәсіпкерлік айналымда және коммерциялық емес заңды тұлғалар арасындағы есеп айырысуда тәжірибе жүзінде жоққа шығарылуда. Уақыт пен тәжірибе қолмақол ақшасыз есеп айырысудың қолайлы екенін көрсетті. Қолмақол ақщасыз есеп айырысуды пайдалануға заңды тұлғалар қаражаттарының қозғалысын тіркеудің, оларды пайдалануға салықтық бақылау жасаудың қазіргі тәсілдері негізделеді. Бұл салада ақшалардың қолмақол емес айналымын реттеумен байланысты көп мөлшердегі императивтік нормалардың да көзделгенін атап өтуге болады.
Несиелік құқықтық қатынастар нарық қатысушыларында айналымға түсіретін құжаттарға, ақшаларға, шикізат мен материалдарға деген тұрақты қажеттіліктің болуымен байлынысты туындайды. Екінші жағынан, еркін ақша капиталы бар(мысалы банктер) субъектілер де оны пайдалы мақсатқа пайдалануға мүдделі. Нарық қатысушыларының нысаны қолданылады. Осылайша, несиелік құқықтық қатынастардың есеп айырысу құқықтық қатынастаранан өзіндік ерекшіліктері бар, ола, текті белгілермен анықталатын ақшаларды немесе заттарды, кеін қайтару шартымен, беруден көрініс табады. Мұндай міндеттемелердің заңдық ерекішелігі - жеке белгілермен анықталатын заттарға қатысты туындайтындарға қарағанда, олар түр жоғалмайды қағидасын қолданумен заттың белгісі бойынша құрастырылатындығында.
Несиелеу әр алуан түрде жүргізілуі мүмкін. Ол орын алып отырған құқықтық қарым қатынас аясында жүзеге асырылуы мүмкін, мысалы, несие беруші борышқорға оның ақшалай немесе өзге міндеттемесін орындауды кейінге қолдыру мүмкіндігін бергенде несиелеудің мұндай нысаны коммерциялық несие атауына ие болған. Кейбір жағдайларда несие беруші борышқорға оның міндеттемесін орындауға қажет қаражатты алдын ала беріп қояды, мысалы тауарларды кейіннен оларды сатып алушыға беру мақсатымен сатып алу. Басқа жағдайларда несиелеуге осы үшін арнайы бекітелтін шарт түрі беріледі. Оларға зайым шарты, соның ішінде банкілік несие шарты, салым шартын. Сонымен, несиелік құқықтық қатынастарды несие берушінің қайтарымды немесе уақытша негізде қандайда да бір игілікті (ақша, тектік белгілермн анықталатын заттар, міндеттемені орындау мерзімін кейінге қалдыру) борышқорға берумен байланысты қатынастар ретінде сипаттауға болады. Есеп айырысу құқықтық қатынастарына қарағанда, несиелік қатынастар ақшалай да, натуралды заттық та сипатқа ие болуы мүмкін.
Несиелік және есептік қатынастарды реттейтін заңнама. Несиелік және есептік қатынастар ерекше реттеледі. Бұл жағдайда мемлекет экономиканың бұл аса маңызды саласын бақылаусыз қалдырмайды және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің көмегімен бірыңғай ақша-несие саясатын жүргізеді. Осыған байланысты есептік және несиелік құыққтық қатынастар тек қана азаматтық құқық нормаларымен реттелмейді.
Сондай-ақ аталған реттеу мемлекеттің ақша және несие жүйесінің құрылысын, банктік операцияларды жүзеге асыру тәртібін, субъектілердің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің белгілеген нормативтері бұзылатын жағдайлардағы жауапкершілігін анықтайтын нормалардың әрекетіне негізделген.Сондықтан есептік-несиелік қатынастарды реттеу үшін әкімшілік, қаржылық және басқа да құқық салаларының бірқатар заң актілері қолданылады. Мысалға, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 30 наурызындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңының күші бар Жарлығы қабылданды. Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының банктік қызмет мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Заңына сәйкес, аталған заң актісі Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы ретінде әрекет етеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 31 тамызындағы Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Жарлығы қолданылады.
Сондай-ақ есептік және несиелік қатынастарды реттейтін заңға қосымша нормативтік актілері де бар. Атап айтқанда, оларға ҚР Ұлттық банкі қолданылатын нормативтік актілер жатады.
Заем шарты.
Заем шарты бойынша бір тарап (заем беруші) басқа тараптың (заемшының) меншігінне (шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектік білгілермен айқындалған заттарды заттарды береді (беруге міндетенеді), ал заемшы берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегі және сападағы заттардың тең мөлшерін уақытында қайтаруға міндеттенеді. Заем шарты реалды шарт болпы табылады, заңнамамен көзделген жағдайларда, ол консенсуалды болуы мүмкін. Реалды заем шарты ақша немесе заттарды беру туралы келісімге қол жеткізілген сәттен бастап бекітілді деп саналады. Егер шарт тараптардың алдын ала келісіміне негізделсе, онда ол консенсуалыд болып табылады. Реалды заем шарты көп жағдайда бір жақта болып табылады, өйткені заем беруші ақша немесе заттарды берілгеннен кейін міндетті тарап болып заемшы ғана табылады, ал заем берушіде оған талап қою құқығы ғана болады.Заем шарты заемшының облигациясы, қол хаты немесе оған заем берушінің белгілі бір соманы немесе заттардың белгілі бір мөлшерін бергендігін куәландыратын өзге де құжат болған жағдайда да тиісті жазбаша нысанда жасалды деп есептеледі.
Заем шарты ақша немесе заттар берілген кезден бастап жасалды деп есептеледі. Шартта ақшаны немесе заттарды бөлшектеп беру көзделген жағдайларда, егер шартта өзгеше көзделмесе, олардың бірінші бөлігі берілген кезден бастап шарт жасалды деп есептеледі.
Көптеген жағдайларда нақты заем шарты бір жақты болып табылады, себебі заем беруші ақшаны немесе заттарды берген соң тек заемшы ғана міндетті тарап болып қалады, ал заем беруші тек оған талап қоюдың құқығын иеленеді. Заемшының белгілі бір ақша немесе зат көлемін тиісті мерізмде қайтару міндетімен қатар заем берішінің ақшаны немесе заттарды әрі қарай беру міндеті де жүктеледі. Осылайша, тараптардың екеуіде бір-біріне қатысты, бірақ қарама-қарсы емес талап қояды. Ақшаның бөдіп-бөліп төленуін көздейтін заем шарты нақты болып табылады, себебі ол ақшаның бірінші бөлігі берілген кезден бастап жасалған болып есептеледі.
Заем шарты, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, өтелмелі болып табылады, яғни сыйақы төленеді. Оны төлеу тәртібі мен мерзімі шартта белгіленеді. Егер ол белгіленбеген болса, ай сайын төленіп тұрады.
Заем шарты жазбаша немесе ауызша нысанда жасалады. Заем шарты заемшының облигациясы, қолхаты немесе оған заем берушінің белгілі бір соманы немесе заттардың белгілі бір мөлшерін бергендігін куәландыратын өзге де құжат болған жағдайда да тиісті жазбаша нысанда жасалды деп танылады. Кез келген субъектілер заем беруші мен заемшы бола алады.
Заңды тұлғалар мен азаматтарға кәсіпкерлік қызмет ретінде азаматтардан заем түрінде ақша тартуға тыйым салынады және мұндай шарттар олар жасалған кезден бастап жарамсыз деп танылады.
Заем шартының нысанасы ақша немесе тектік белгілермен анықталатын заттар болып табылады. Мүліктік құқықтар заем шартының нысанасы бола алмайды.
Қарыз алушымен - жеке тұлғамен жасалатын қарыз шартының мынадай ерекшеліктері бар:
1) тектік белгілерімен айқындалған, оның ішінде төлемнің кейінге қалдырылуы және бөліп төленуі арқылы берілген ақша немесе заттар қарыз шартының нысанасы болып табылады;
2) дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға қарыз шарты бойынша қарыз алушы ретінде әрекет етеді;
3) қарыз Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беріледі;
4) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі міндетті түрде қамтылуға тиіс;
5) қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі берілген қарыз сомасының жүз пайызынан, оның ішінде қарызды қайтару мерзімі өзгертілген жағдайда аса алмайды;
6) қарыз шарты бойынша қарыз сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсiмпұлдың) мөлшері мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,5 пайызынан, бірақ берілген қарыз сомасының жылына он пайызынан аспайды;
7) қарыз нысанасын қоспағанда, сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл), комиссиялар және қарыз шартында көзделген өзге де төлемдер сомасын қоса алғанда, қарыз алушының қарыз шарты бойынша барлық төлемі жиынтығында қарыз шартының бүкіл қолданылу кезеңiнде берілген қарыз сомасынан аса алмайды;
8) қарыз шарты бойынша міндеттемелер мен төлемдерді кез келген валюталық баламасына байланыстыра отырып индекстеуге жол берілмейді;
9) қарыз шартының сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл), комиссиялар және өзге де төлемдер мөлшерлері туралы талаптары оларды ұлғайту жағына қарай өзгертіле алмайды.
Заем шартының банктік заем шарты және мемлекеттік заем шарты сияқты шарты түрлері қарастырылған. Банк заемы шарты бойынша заем беруші заемшыға төлемділік, мерзімділік, қайтарымдылық шарттарымен қарызға ақша беруге міндеттенеді. Банктік заем шарты консенсуалдық шарт болып табылады.
Мемлекеттік заем шарты болып мемлекет заемшы, ал белгілі бір азаматы немесе заңды тұлға - заем беруші ретінде қатысатын шарт есептеледі. Мемлекеттік заемдар ерікті болып табылады. Мемлекеттік заем шарты заем берушінің шығарылған мемлекеттік облигацияларды, содай-ақ басқа да мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы арқылы жасалады. Олар заем берушінің заемшыдан оған қарызға берілген ақшаны немесе заемның талаптарына қарай, басқа да мүліктік эквивалентті, не өзге мүліктік құқықтарды аталған заемды айналымға шығару талаптарымен қарастырылған мерзім ішінде алу құқығын куәландыратын болады.
Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты.
Факторинг шарты бойынша бір тарап, яғни қаржы агенті ақшаны басқа тараптың, яғни клиенттің билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің осы үшінші тұлғамен қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді. Факторинг шарты өзара және өтелмелі шарт болып табылады.
Бұл шарт жазбаша түрде жасалуға тиіс және талапты беру нысанына қойылатын талаптар сақталу керек. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акшалай талапты беріп қаржыландыру шартының жалпы ережелері
Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг шарты)
Банктердің форфейтингтік операцияларының экономикалық негіздері
Заем шарты. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг)
Факторингтік операциялары
Несие және есеп айырысу қатынастары
Факторинг шарты
Коммерциялық банктердің факторингтік қызметін талдау
Несиелік-айырысу міндеттемесі
Банк және банкілік қызметі лекция тезистері
Пәндер