Қазақ прозасындағы психологизм (Ж. Аймауытов Ақбілек романы)
Қазақ прозасындағы психологизм (Ж.Аймауытов Ақбілек романы)
Қазақ прозалары жеткізетін оқиғалар көбінесе басты кейіпкердің, яғни адамның төңірегінде орын алады. Көп факторлар авторға, оның жазу стиліне тәуеллді болса да, шығармаларда кейіпкедің портреті, сырт келбеті бейнеленеді. Бірақ, барлығы мұнымен шектеліп қана қоймайды. Адам баласы әрқашан қоршаған ортамен, бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, шығарма оқырманды қызықтыру үшін кейіпкердің басынан өтіп жатқан оқиғаларды, оның жан дүниесіндегі сезімдерді, мінезің, іс-қимылдарын баяндайды. Бұл - кез келген шығарманың басты құраушысы деп ойлаймын.
Психологизм туралы алғашқы ойлар, әдебиетте қолданысы грек шығармаларынан бастау аады деп айтылады. Алайда, оны дәлелдейтін нақты деректер жоқ. Сондықтан, психологизм әлі күнге дейін толық зерттелмеген, толықтай таңылмаған. Көптеген ғылымдар бір-бірімен байланысын табады. Прозада орын алатын жағдайлар кейіпкерлердің ойларнан, іс-әрекеттерінен туйындайтындықтан, әдебиет пен психолгизм де бір-бірімен өзара байланысады деп айтуға болады.
Қазақ прозаларында психологизм орын ала бастаған уақыты - шамамен XX ғасырдың басы. Осыған дейінгі туындыларда көбіне орын алатын оқиғалар ғана сипатталып, сол кездегі кейіпкерлердің жан дүниесіне аса терең үңілмегендіктен, біздің қаламгерлердің өз шығармашылықтарына психологизмнің сипатын енгізу үшін жан-жақты ізденістерге сүйене отырып, зерттеу қажет болды. Мысал ретінде, Л.Гинзбургтің О психологической прозе жұмысын атап өтуге болады. Сонымен қатар, бізден әлдеқайда ертерек психологизм аспектілерін өз шығармаларына қолдана бастаған шетелдік жазушылардың да еңбектері негіз болды.
Қазіргі таңда психологизм нақты терминге ие болып, толықтай зерттелмесе де, қазақ әдебиетінде орын алып, даму үстінде. Біздің қаламгерлеріміздің арасында осы ұғымға ең алғаш көңіл бөле бастағандар А.Байтұрсынов пен Ж.Аймауытов болып табылады. А.Байтұрсынов өзінің Әдебиеттантқыш еңбегінде психология ғылымына қатысты жиі кездесетін ұғымдарға, мысалы ес, тоқталып, оларға түсіндірме беріп кеткен. Ж. Аймауытов өзі мұғалім болып қызмет еткен және балаға берілетін тәрбиенің болашақта қаншалықты маңызды рөл атқаратындығы жайлы жиі жазған, бұдан оны психолог ретінде тануымызға болады. Сонымен қатар, ол көптеген орыс ғалымдарының, жазушылардың психология ғылымына қатысы бар еңбектерін оқыған, аударған. Және де оның өзінің ауқымды еңбегін атап өту қажет. Ол - Психология атты еңбегі, бірінші тарауын педагог жолын таңдаған мамандарға арнаған, келесі бөлімдерінде адамның жан дүниесіне, оның заңдылықтарын анықтауға, кейін басқа да психологиялық ұғымдарға дәлелдермен түсінік берген.
Қазақ ғалымдары арасынан, осы бағытта зерттеулер жүргізіп, психологизмнің дамуына орасан зор үлесін қосқандар қатарынан Б.Майтанов, Г.Ержанова, Г.Пірәлиеваларды атап өтуге болады. Б. Майтанов психологизм ұғымын реализмге әкелетін жол деп бағалаған: Психологизм, сөз жок, реализмге апарар сүрлеу екені мәлім. Рас, ол әртүрлі көркемдік әдістер шеңберінде көркемдік-эстетикалық қызмет атқарады. Әйтсе де, нағыз реалист әдебиетте ғана психологиялық талдау нақты мазмұн тауып, жүйелі стильдік міндет атқарады. Бұған дүниежүзілік әдеби процесстің даму заңдылықтары мен тарихы куә (Майтанов Б., 1996 жыл, 6-бет). Ғылыми зерттеулерді негізгі ала отырып, психологизм ұғымын үш жақты талдауға болады: синтетикалық, аналитикалық және динамикалық тұрғыда. Синтетикалық бағытта талдау ежелден бері қазақ шығармашылығында қолданылып келеді деп айтуға болады, себебі оның негізгі құраушылары кейіпкердің портреті жәгн іс-қимылдары болып табылады. Яғни, сыртқы факторлар арқылы кейіпкерді оқырманға танытады. Ал егер ішкі факторлар жағынан қарастырсақ, кейіпкердің жан дүниесіне үңіліп, оның сезімдерін жеткізуге тырысу - аналитикалық тұрғыдан алғандағы талдау. Динамикалық тұрғыда талдау кейіпкердің қозғалысы мен іс-әрекеттерін, сырт көзге көрінетін заттарды негіз етіп жүзеге асады. Аталған талдау түрлеріне өз анықтамасын зерттеуші Г. Пірәлиева Көркем шығармадағы психологизм еңбегінде келесідей берген: Демек, психологиялық талдаудың көркемдік тәсілдері сан алуан. Атап айтсақ, автордың өз толғаныстары немесе кейіпкердің өз-өзін талдауы ішкі монолог, ішкі сөз, сана тасқыны, түс көру т.б. аналитикалық принцип арқылы берілсе, рухани әлемді бейнелеудің жанама тәсілдері - ым мен ишараттар, сыртқы қимыл көріністері, көркемдік деталь, заттық әлем, психологиялық орта т.б. динамикалық принцип ретінде көрінеді (Пірәлиева Г., 2004 жыл, 14-бет). Осы талдау түрлерін шығармада дұрыс қолдану үшін әртүрлі бейнелеу құралдары пайдаланылады.
Психологизм ұғымы адамның іс-әрекетімен тығыз байланыста екендігі жоғарыда айтылды. Осы арқылы біз шығармадағы кейіпкедрдің өмір сүрген кезеңімен, сол кезеңнің ерекшеліктерімен таныс бола аламыз. Сонымен қатар, шығармада көбіне оқиғалар бірнеше адам арасында орын алады. Олардың арасындағы қарым-қатынас, іс-қимылдары да оқырманға қосымша мәлімет береді. Мысалы, Ж. Аймауытовтың Ақбілек романындағы Күлән мен Ақбаланың бір-біріне деген сүйіспеншілігі үстел үстінде, бір лампаның негізінде байқалады. Күлән екеуінің ортасында тұрған лампаның орнын бір жерден екінші жерге ауыстыруы, Ақбаланың бұл істі Күләннің араларында тұрған кедергіні алып тастауы ретінде бағалағаны, сонымен қатар қазақ қызының қызаруы, ұялуы - осының барлығын автор екі адам арасындағы жылы сезімдерді бейнелеу үшін қолданған. Ж.Аймауытов осы жердегі кішкентай бөлшекі, яғни лампаны сүйіспеншілік сезімін жеткізуде өте шебер пайдаланды.
Өз шығармасында психологизмге назар аударатын қаламгерлер заттарға қатысты жасалған іс-қимылдардан бөлек, сонымен қатар кейіпкердің айналасындағы орын алып жатқан табиғат құбылыстарына, ауа-райына көңіл бөледі. Және осы көріністерді адамның көңіл-күйімен, оның жан дүниесіндегі сезімдермен байланыстырады. Б. Майтанов мұны психологиялық параллелизм деп атаған. Мысалға, кейіпкер келе жатып, айналасына қарап, көгілдір ашық аспанды байқаса, оның көңілі тыныш, уайымсыз деп тұжырымдауға болады.
Ауа-райы мәселесіне ұқсас түстердің шығармада колданысы оқырманға кейіпкер туралы қандай да бір ақпарат береді. Яғни, бұл теория бойынша адамның таңдайтын, көзіне түсетін түстері өзінің көңіл-күйіне байланысты. Мысал ретінде тағы да Ж. Аймауытовтың Ақбілек романындағы Күлән мен Ақбала төңірегінде болған бір жағдайды қарастыруымызға болады. Олар Ақымның үйіне қонаққа келгенде, Ақбала қасындағы ер жігіттердің талқылап жатқан әңгімелерін елемей, араласпай, бар назары Күләнда болды. Оның бірінші болып көзіне түскендері - Күләннің бұйраланған шаштары мен үстіне киген қызыл киімі болды. Мұнда автор Күләннің таңдап киген киімінің түсін ерекшелеп атап тұр. Қызыл түс адамдардың назарын бірден өзіне аударатындығы анық, солардың бірі Ақбала болды. Сонымен қатар, қызыл түс жиі адамдар арасында махабатпен байланыстырылады, мүмкін сондықтан да адамдар жүректі (адам анатомиясында бейнеленгендей емес) салғанда, оны қызыл түспен бояйды. Бірақ, осы жерде қыз бала мен ұл баланың әрқайсысына тән болатын түстер жайлы туралы да ұмытпауымыз қажет. Мүмкін, Күләннің осы киімге тоқтау жасағанының себебі сүйікті түсінде жатқан болар. Алайда, егер автор оның киімінің түсін басқа етіп суреттегенде, мысалы қара делік, қазақ арасында қара жамылды ұғымы бар, яғни адамдар бірден мұны қайғымен немесе аурумен байланыстырар еді.
Адам көбіне белгілі бір жағдайларда шешім қабылдағанда, қандай іс-әрекет жасау қажеттігін ойланғанда өз санасына жүгінеді. Менің ойымша, адамның ойлары мен оның әрекеттерін бөлек қарастыру мүмкін емес. Бұл екеуі - адам өмірінің ажырамас бөліктері. Шығармада осы екі негізгі құрушысы болып табылатын адам өмірін әр жазушы әрқалай сипаттайды. Осыған байланысты көркем шығармаларда орын алатын психологизмді екі жақты қарастыруға болады: кең және тар типті психологизм. Бұл екі бағыт туралы түсінікті қазақ әдебиетінің көрнекті зерттеушілерінің бірі Г. Ержанованың Қазақ прозасындағы психологизм атты еңбегінен таба аламыз: Тар типтегі психологизм деп жеке адамның жан дүниесіне ерекше көңіл бөлетін, оны неғұрлым тереңірек, дәлірек, толығырақ сипаттайтын шығармаларды айтамыз. Кең типтегі психологизм деп адам өмірін, оның әлеуметтік тұрмысын ішкі жан сарайы арқылы жалпылама сипаттайтын әдебиетті айтуға болады (Ержанова Г., 1994, 35-бет).
Психологизм кез келген көркем шығарманың түрінде қолданыла алады. Оны қазақ әдебиетін жан-жақты зерттеп жүрген Б.Майтанов өз еңбектерінде айтып өткен. Алайда, қазақ прозасындағы психологизмнің жеткізулі деңгейі басқа көркем шығармалармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Себебі, прозада автор өзіне тиімді суреттеу стилін таңдап, шығармада кейіпкердің басынан кешіретін сезімдерін, оның әрекеттерін тереңнен зерделей, құрамына адамдар арасындағы диалогті немесе бірнеше монологті қосып, толықтай ашып жаза алады. Бұл жағынан, мысалы, поэзия түрінде жазылған шығармаларға мұндай бейнелеу құралдарын қолдану қиынға соғады. Сондықтан, әр жанрдың да өз ерекшеліктерін, жазылу кезіндегі сақтау қажет ережелерін ескеру қажет.
Психологизм ұғымын әр автор өздігінше жеткізгенімен, оны негізгі екі түрге бөліп ажыратады: ішкі және сыртқы психологизм. Бұл түрлердің түсіндірмелері өздерінің атауымен тығыз байланысты. Сыртқы психологизм адамның іс-әрекетіне негіз болады, мысалы адамның мимикасы, көзқарасы. Ал ішкі психологизм болса, ол оның ішкі жан дүниесінің жағдайын сипаттайтын ойлардың жиынтығы болып табылады, мысалы жалғыздықты сезіну, мұңаю. Бұл екі түр шығармаларда бірге де, бірегей де қолданыла алады.
Псизологизмнің жан-жақты әлі толықтай зерттелмегені жайлы жоғарыда айтылып өтілді. Ұғымның ең алғаш грек әдебиетінде кездесе басталғаны туралы да пікірлер бар. Мұны негізінде грек еліне тән театр өнерімен, яғни драматургиямен байланыстырады. Олар осы өнері арқылы адамдардың алдында комедия және трагедия жанрында көріністер қойған. Осылайша, психологизмнің екі негізгі құраушысы пайда болды деп айтуға болады. Оның бірі адамдарға көңілді, қуанышты болып жеткізілсе, екіншісі кейіпкерлердің бастан кешіретін қайғысын, мұңын сипаттап жеткізеді. Біздің әдебиетіміздің бастауларында бұл аспектілер күлкімен және жылаумен байланыстырылды. Ал оның түпкі себептерін, кейіпкерлердің сезімдерін тереңнен, кеңінен аша бастау XX ғасырлардың басында жазылған шығармалардан бастау алады. Осындай шығармалардың арасында тұңғыш психология ағымында жазылған еңбектердің бірі болып бағаланатын - Ж. Аймауытовтың Ақбілек романы.
Ж. Аймауытов Ақбілек романында өзінің кейіпкерлерінің, әсіресе басты кейіпкерінің басынан кешірген оқиғаларын, жан дүниесіндегі сезімдерін өрнектеп, шебер жеткізе білді. Осылардың негізінде қазақтардың қай кезеңдегі өмірі сипатталып тұрғанын, қандай қиындықтарды бастан кешіргенін анықтауға болады. Автордың сипаттайтын кезеңі Азамат соғысы болған жылдармен сәйкес келеді. Сол уақытта екіге бөлінген ақ пен қызыл әскерлердің арасындағы қарым-қатынас, адамдардың олардың барлығын теңдей орыс етіп көруі, ақтардың өз басына алғандағы құқықтары шектеулі болғандығы кесірінен қазақ ауылдарына, қазақ халқына көрсеткен қиянаттары, қатігездіктері сипатталады. Ақтар әскері қашқындар қатарында болып, әйел затын аңсағандықтан, көптеген қазақ қыздарының тағдырын аяқтарымен таптады, соның құрбандарының бірі - Ақбілек. Автор мұнда әйел психологизмін негіз етіп ала отырып, оқырманға көптеген жағдайлардың сипатын жеткізеді. Б. Майтановтың реализмге байланысты айтқандары осы романмен де байланысын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz