Жүгері өсірудің фитосанитарлық технологиялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жүгері өсірудің фитосанитарлық технологиялары
Жоспар
I. Кіріспе
Жүгері (лат. Zea mays) - астық тұқымдасына жататын бір жылдық дақылдардың бірі.
Жүгері-әлемдік егіншілік негізгі жемдік дақылдардың бірі. Ол бүкіл әлемде тропиктен бастап және Скандинавиямен аяқталады. Ол жан-жақты қолдануымен және жоғары өнімділігімен ерекшеленеді. Азық -- түлік мақсатына жүгері дәнінің 20% , техникалық мақсатта-15-20%, жемдік мақсатта-60% пайдаланады. Жүгері дәнінде 65-70% көмірсулар, 9-12 -ақуыз, 4 - май, сондай-ақ минералды тұздар, витаминдер бар. Дәнінен: ұн, жарма, үлпектер, консервілер, крахмал, этил спирті, декстрин, сыра, глюкоза, сірне, сироптар, бал, май, Е витамині, аскорбин және глутамин қышқылдары алынады. Сабақтардан, жапырақтардан және собықтардан қағаз, линолеум, вискоза, пластмасса және т. б. өндіріледі.
Халық шаруашылығындағы маңызы. Дүниежүзінде жиналатын жүгері дәні өнімінің 20-25%-ы азық-түлік ретінде қолданылады, соның өзінде ол, осымақсатта ең көп пайдаланылатын дақыл болып есептеледі. Жүгері дәнінен ұн, жарма, барлығы 250-ден астам тағам түрлері дайындалады. Кондитер бұйымдарын даярлау үшін оны бидай ұнына қосады, өнеркәсіптік жағдайда жүгері дәні крахмал, декстрин, спирт, глюкоза, қант, май, бал, аскорбин және глютамин қышқылдарын алуға қолданылады. Оны техникалық дақыл ретінде де кеңінен пайдаланады.
Сүттеніп піскен кезінде жиналған жүгері собықтары консервіленген (қантты жүгері), мұздатылған түрде қолданылады. Жүгері дәнінің құрамында 9-12% ақуыз, 65-70% азотсыз экстракты заттар (АЭЗ), 4-6% май, 1,8-2,2% клетчатка, 1,2-1,5% күлді заттар, 12-14% су болады. АЭЗ құрамына 90% крахмал, 10% тростник қанты кіреді. Крахмал эндоспермде, қант ұрықта шоғырланады, дәннің 262 майлылығы 6,5%, ал ұрықтың майлылығы 40%-ға дейін жетеді. Ұнның сапасын көтеру үшін, тартар алдында бөлініп алынған дәннің ұрығынан тағамдық және дәрілік май өндіріледі. Дән құрамында ақуыз, көмірсулар, майлар, күлді заттардан басқа ферменттер мен витаминдер бар. Ферменттер тұқымдағы қоректік заттар қорын өніп келе жатқан ұрыққа сіңімді жағдайға дейін ыдыратады. Негізгі ферменттер: диастаз көмірсуларды ыдырататын (крахмалды қантқа дейін), липаза, майларды ыдырататын, ақуыз заттарды өзгертетін-протеолетикалық ферменттер, тотықтырушы ферменттер-пероксидаза. Витаминдер- адам, жануарлар, өсімдіктер өмірінде маңызды рөл атқаратын күрделі және әртүрлі химиялық қосындылар.
Жүгері дәнінде В витаминінің кешені (В1, В2, РР, В6) және А провитамині.Жүгері егісін табиғи - экономикалық аудандарға дұрыс орналастырғанда және жоғары агротехника қолданып өсіргенде одан өте жоғары, тұрақты дән және көк балауса өнімі алынады. Малазықтық дақыл ретінде де жүгерінің маңызы зор. 100 кг жүгері дәнінің қоректік құндылығы 134 малазық өлшеміне тең болса, ондағы қорытылатын ақуыздың мөлшері 7,9 кг, 1 кг дәнде 2-3,4 г лизин, 1-2 -метионин, 0,5-1 г триптофан болады. Демек, жүгері дақылының дәнібарлық мал түрлеріне бағалы құнарландырылған жемазық. Жүгері біздің елімізде сүрлемдік дақыл ретінде бірінші орында. Оның сүттену-балауыздану мен балауызданып пісу кезеңінде жеке собықтарынан, немесе собықтарын жапырақтары және сабақтарымен қосып сүрлем дайындайды. Жүгері сүрлемінің жемдік қасиеті өте жоғары. Сүрлемнің ақуыздық тепе-теңділігін арттыру үшін оған бұршақты шөптерді немесе жембұршақты қосқан дұрыс. Жүгерінің құрғаған жапырақтары мен сабағын малға азық ретінде туралған күйінде, әсіресе шырынды жемдермен араластырып та пайдаланады. Ал жүгерінің жасыл жапырақтары мен сабақтары өңдемей-ақ тамаша мал азығы. Жүгерінің жасыл балаусасында жинаудың алдында 21,8% құрғақ зат, 2,5% протеин, 1,8% ақуыз, 0,9% май, 4,7% клетчетка және 12,4% АЭЗ болады. Жүгеріні өнеркәсіптің түрлі салаларында да кеңінен пайдаланады. Дәнінен спирт, крахмал, сірне, глюкоза, өсімдік майын өндіреді; сабағынан, собық өзегі мен орамынан - линолеум, қағаз және тағы да басқа заттар жасайды. Жүгерінің агротехникалық мақызы да зор. Отамалы дақыл болғандықтан, өзінен кейін егістік жер жақсы қопсыған, арамшөптерден тазарған және тамыр, сабақ қалдықтары түрінде органикалық заттармен молайтылған күйде қалады. Сондықтан жүгері басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл. Оны сүрі жерлерге ықтырма жасауға да себеді. Жүгерінің шыққан тегі - Орталық Америка.
Бұл дақыл XV ғасырда Америкадан Испанияға әкелінген. Россияда, Қавказда, Молдавияда және Украинада екпе дақыл ретінде XVII ғасырдан бастап егіле бастаса, қазір басқа да солтүстік аудандарға тараған. Жүгері дуниежүзінде кең тараған дақыл, егіс ауданы жөнінен (140,1млн га) бидай мен күріштен кейін үшінші орында. Егістік ауданы бойынша алдыңғы қатарда Солтүстік және Орталық Америка, Азия. Жүгері, сүрлемге өсіріле бастағаннан бері көптеген солтүстік аймақтарда орналасқан мемлекеттерде де өсіріле бастады. Кеңестер Одағы кезінде Қазақстанда жүгерінің жалпы егіс ауданы 2,5 млн гектар болатын, оның 134,2 мың гектарына (1985 ж) дәндік жүгері себілетін. Қазіргі уақытта егіс ауданы күрт азайды, республика бойынша жүгері 170 мың гектарға өсіріледі, оның 100 мың гектары дәнді, 70 мың гектары сүрлемдік жүгері. Жүгеріні астыққа өндіруде бірінші орынды АҚШ-28,8 млнга, екінші орынды Қытай 23,5 млнга , үшінші орынды Бразилия елі иеленеді 12,0 млнга. Жоғары өнімді будандар өндіріске ендірілгенінің арқасында көптеген елдер жүгерінің потенциалды өнімділігін алуға қол жеткізіп отыр.
Олар: Қытай әр гектардан орта есеппен 48,5 ц астық өнімін алып отыр, Иран - 76,2, Египет - 77,1, Канада - 78,2, Германия - 72,2, Испания - 77,4, Франция - 71,7, АҚШ - 89,2 ц, Австрия - 80,3, Италия - 87,0, Чили - 91,3 және Греция - 95,0. Еліміздегі әр гектар жүгері егістігінен орта есеппен 44,6 ц астық алынып жүр. Республикамыздың мемлекеттік жүгері будандарын сынау учаскелерінде әр гектардан алынған жүгері астығы Алматы облысында - 94,4, Жамбыл облысында - 101,8 ц жетті. Жамбыл облысындағы сортсынау нәтижесі бойынша Южный 3 буданы жоңышқадан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмсақ бидайдың алғы дақылы, топырақ өңдеу агротехнологиясы және арамшөптермен күресу шаралары
Филиалдың заңды мәртебесі
Жаздық жұмсақ бидай
Күздік бидай және қара бидай
Дәнді бұршақ дақылдарының ерекшеліктері
Мақта шаруашылығы және оның облыс экономикасындағы орны
Асыл тұқымды бұқалардың табынын толықтыратын таналарды азықтандыру
Күздік бидай өсіру
Көшеттіктерде гербицидтерді қолдану
Асқабақ өсіру
Пәндер