Қазақ хандарының шығу тегі
Қазақ хандығының құрылу мәселесінде зерттеушілердің айналып өте алмайтын, міндетті түрде қарастыратын сұрақтарының біріне - қазақ хандарының шығу тегі мәселесі жатады. Бұл сұраққа дұрыс жауап тапқанымызда біз, ХІІІ-ХV ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы мемлекеттілік, саяси, билеуші әулеттер тарихының мәселелерін, ең бастысы Қазақ хандығындағы билеуші әулеттің шығу тегі мен ол әулеттің ХV ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстан аумағындағы тарихынан хабардар боламыз. Сондай-ақ Қазақ хандығының негізін қалаушылар - Керей мен Жәнібек хандардың не себепті жаңа этникалық сипаттағы мемлекетті қалыптастыруға күш салып, күрескенін түсіне аламыз. Міне, сол себепті де, тарихшылар үшін Қазақ хандығының құрылуы тарихын зерттеуде хандықтың негізін қалап, оны билеген әулеттің шығу тегін анықтаудың маңызы ерекше.
Бұл мәселе жөнінде зерттеушілер арасында біржақты пікірдің жоқтығына М.Қ. Әбусейітова көңіл аударып, былай деп жазады: Қазіргі кезде қазақ хандары әулетінің шығуы жөнінде екі түрлі пікір бар. Зерттеушілердің бір тобы оларды Орда Еженнен таралады деп есептейді, - дей келе, қазақ хандары Жошының он үшінші ұлы Тұқай Темірдің ұрпақтары, - деген өзінің пікірін ұсынады [50, 38 б.]. Ал белгілі тарихшы З.Қинаятұлы болса, Қазақ мемлекетінің бастауында Орыс хан, оның ұрпақтары тұрғандығы ғылымда мойындалған шындық. ... Орыс хан қазақ хандарының атасы деп танылады. Орыс ханның ата тегі жайлы тарихи әдебиетте екі жақты пікір бар, - деп жазады да, әр пікірге негіз болған жазба деректер мен әр пікірді жақтайтын бірнеше тарихшыларды атап өтеді [58, 227-229 бб.]. Біз де кезінде осы мәселенің тарих ғылымында шешілмей тұрғандығына назар аударып, былай деп айтқан едік: Қазіргі күнде қазақстандық тарихнамада осы мәселе бойынша екі бағыттағы пікірлер толық айқындалып отыр. Алғашқы пікірді қолдаушылар қазақ хандарының шыққан тегі Жошының үлкен ұлы - Орда Еженнен бастау алады деп көрсетсе, ал кейбір тарихшылар қазақ хандарын Жошының кенже ұлдарының бірі - Тұқай Темірден тараған деп дәлелдейді [63, 54-55 бб.].
Екі түрлі пікірге негіз болған жазба дерек мәліметтерін талдамас бұрын, алдыменен пікір білдірген зерттеушілерге және олардың дәлелдеулеріне тоқталып өтелік.
Қазақ хандары Тұқай Темірден тараған деген пікірді Ш.Уәлиханов, Ш.Құдайбердіұлы, Құбанғали Халид, В.П. Юдин, М.Қ. Әбусейітова жақтайды [315.; 16.; 241.; 316.; 144.; 46.; 50, 38-39 бб.]. Ал ордаежендік бағытты ұстанатындарға В.В. Вельяминов-Зернов, Стэнли-Лэн-Пуль, М.Тынышпаев, М.Г. Сафаргалиев, А.Ю.Якубовский, П.П. Иванов, К.И. Петров, Б.А.Ахмедов, Г.А. Федоров-Давыдов, К.Э. Босфорт, К.А. Пищулина, Т.И. Сұлтанов, З.Қинаятұлы және осы жолдардың авторы жатады [2, 231 б.; 198, 192 б.; 18, 169-170 бб.; 44.; 42, 17-19 бб.; 43, 34 б.; 45, 32 б.; 199, 204 б.; 187.; 47.; 52.; 58, 227-231 бб.; 273, 311-312 бб.; 63, 54-55 бб.].
Осы екі топтағы авторлардың біреулері өз пікірлерін деректер арқылы немесе басқа тәсілдермен дәлелдеуге тырысса, ал екінші біреулері ешбір дәлелдеулерсіз өз пікірлерін ұсынған. Сол себепті де біз, өз пікірлерін дәлелдеуге тырысқан авторлардың пікірлеріне қысқаша болса да тоқтап өтуді жөн көріп отырмыз.
Қазақ хандары Тұқай Темірден таралады деген пікірді жақтаушылар: Ш.Уәлиханов, Ш.Құдайбердіұлы, Қ.Халид және М.Әбусейітова өз пікірлерін негіздеу үшін Әбілғазының дерегіндегі мәліметтерді алға тартады. Ұрыс шыққан әулет, Әбілғазының айтуынша, Жошының кіші ұлдарынан тарайды, олардың аталары Тоқай Темір, - деп 1856-1857 жылдары Ш.Уәлиханов жазса, Ш.Құдайбердіұлы Жошының төртінші баласы - Тоқай Темір, біздің қазақ осының қол астында болған және Әбілмансұр - Абылай ханның арғы атасы осы еді, - деп түсіндіреді [315, 162 б.; 16, 51 б.]. Шоқан, Шәкәрім, Халид секілді М.Әбусейітова мен В.П. Юдин де өз пікірлерін ХVІІ ғасырдағы тарихшы Әбілғазының дерегіне негідейді. Біз Әбілғазының дерегіндегі Қазақ хандарының шежіресіне қатысты мәліметтер жөнінде ойымызды сәл кейінірек айтамыз.
Ал енді Қазақ хандарының шығу тегін Жошының үлкен ұлы Орда Еженнен тарататын зерттеушілердің дәлелдеулеріне назар аударсақ.
Олардың пікірлеріне негізінен Рашид ад-дин мен Муин ад-дин Натанзидың деректеріндегі, сондай-ақ Гаффаридың (156768 жж. қ.б.), Хайдар Разидың (161819 ж. жазылған) шығармаларындағы мәліметтер тірек болған [110, 66-71 бб.; 200, 129-131 бб.; 210-211 бб.; 214-215 бб.]. Осы пікірді жақтайтын бірнеше тарихшы өз пікірлерін дерек мәліметтерімен қатар, өзіндік дәлелдеулермен де негіздеп, қарсы пікірлерді теріске шығарады. Оларға М.Тынышпаев, Т.И. Сұлтанов, З.Қинаятұлының дәлелдеулері жатады. М.Тынышпаев өз дәлелдеуін былайша ұсынады: Ежен мен Тұқай Темірдің әкесі Жошы 1227 жылы, ал Орыс 1376 жылы қайтыс болған, яғни олардың арасы 150 жыл; бірінші пікір бойынша (М.Тынышпаев бұл жерде бірінші пікір деп Ордаежендік бағытты айтып отыр - Б.К.) бұл уақытқа 7 буын сәйкес келеді, ал екінші бағытқа (Тұқай-Темір, Өз Темір, Қожа, Бадақұл, Орыс) - 4 буын келіп тұр. Көптеген шежірелерде 100 жылға 4 буынның, кейде 5 буынның, өте сирек жағдайда 3 буынның сай келетінін аңғарамыз. Қазақтарға қарағанда хан әулетінде ерте үйлену кең тараған, сол себепті де 100 жылда оларда 4 ұрпақтан аса буын өзгереді. Осы есептеу қазақ хандарының шығу тегін Тұқай Темірден емес, Еженнен тарайтындығын көрсетеді [20, 169-170 бб.]. Екінші бір дәлелдеуінде ол былай түсіндіреді: Тіпті қазақтарда, оның ішінде Шыңғыс ұрпақтарында белгісіз бір Ежен хан жөнінде естелік қалған (кейбір төрелер оны өздерінің түп атасы деп санайды), ал Тұқай Темір оларға мүлде беймәлім [20, 170 б.]. Біздің ойымызша, М.Тынышпаевтың екі дәлелдеуі де өте орынды. Әсіресе, оның бірінші дәлелдеуі ерекше назар аудартады. Біз оның осы дәлелдеуіне қосымша ретінде Жошының Орда Еженнен кейінгі екінші ұлы Батыйдың, бесінші ұлы Шайбанның ұрпақтарын есептегенімізде, Батыйдан Бердібек ханға дейін 7 буын, шибанилық Әбілқайыр ханның (1412-146869) атасы Ибрагимге дейін де 7 буын болатынына көз жеткіздік. Бұл дегеніміз біріншіден - Әбілғазы дерегіндегі Тұқай Темірден Орыс ханға дейін төрт буын болады деген мәліметтің дұрыс еместігін көрсетсе, екіншіден, Қазақ хандары - Орда Еженнің ұрпақтары деген пікірдің дұрыстығын дәлелдей түседі.
М.Тынышпаевтың кейін бұл мәселеге арнайы назар аударып, өз дәлелдеулерін ғылыми түрде негіздеген Т.И. Сұлтанов болды. Ол екі пікірге негіз болған жазба дерек мәліметтерін келтіре отыра, зерттеушілердің бұл мәселеде ортақ пікірге келе алмай отырғандығын айтып өтеді де, мәселені шешуді Тұқай-Темір мен Орда Еженнің және олардың ұрпақтарының қай кезде, қай өңірлерде билік құрған іздерінен қарастырады. Оның көрсетуі бойынша Тұқай Темір 1236-1242 жж. монғолдардың батысқа жорығынан кейін Маңғышлақ пен Солтүстік Кавказ өңірлерін алған, сондай-ақ Батый мен оның алғашқы мұрагерлері Тұқай Темір мен оның ұрпақтарына Хажы Тархан (Астрахан), Кафа, Қырым уалайаттарын басқаруға берген. Жазба деректер Тұқай Темір ұрпақтарын хан ұлдары (хан-оғлы), ал тұқай темірлік әулет Ханедан-и Тукайтимурийан деп аталған [52, 141-142 бб.]. Одан әрі ол көптеген жазба дерек мәліметтеріне негіздеп, Орда Ежен ордасының алғашқы кездерде Ертістің жоғарғы ағысы бойы мен Алакөл маңында болғандығын, оның мұрагерлері: Күнқыранның (Орда Еженнің төртінші ұлы), Қонышаның (Орда Еженнің немересі, Сартақтайдың ұлы), Баянның (Қонышаның ұлы)билік еткендігін айта келе, ХІІІ ғасырдың екінші жартысында ұлыс орталығы Алакөл маңынан Сырдария маңына ауысады да, сол кезден бастап Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойы мен оған іргелес аймақтарда Орда Ежен ұрпақтары билігінің мықтап орныққандығын айтады. Бұған қоса ол, Орыс ханның өзі де, аталары да, ұрпақтары да Сыр бойынан саяси қарсыластарына қарсы жорықтар жасап, Сыр маңындағы өз иеліктеріне қайтып оралып отырған деп айтады да, Орыс хан - Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің ұрпағы деген қорытынды жасаймыз, - деп дәлелдеуін түйіндейді [52, 143-144 бб.].

Қазақ хандары Жошының үлкен ұлы Орда Еженнен таралған деген пікірді З.Қинаятұлы монғол тіліндегі дерек мәліметіне сүйеніп дәлелдейді. Ол Орыс ханның шығу тегі Орда Еженнен бастау алады деген пікірді қостайтынын білдіре келе, оны тек араб, парсы тарихи шежірелері ғана емес, Моңғолдың төл тарихи шежірелерінің бірі Чингис хааны язгуур торлийн цадигууд (Шыңғыс ханның ата шежіресі) де растайды. Шежіренің (цадиг) №5 кестесінде Жошы әулетінің Ақ Ордалық хандар кестесін Шыңғыс хан - Жошы - Ордана - Кали (Кули) - Буян (Баян) - Сасыбұқа - Абисан (Эрзен) - Шымтай - Орыс хан деп, Орыс ханды Орда Еженнің тоғызыншы ұрпағы деп таниды, - деген болатын [58, 228-230 бб.].
Енді біз де қазақ хандары Орда Еженнен таралады деген пікірді негіздейтін өзіміздің дәлелдеуімізді ұсынайық. Біздің дәлелдеуіміздің негізіне жазба дерек мәліметтерін деректанулық тұрғыда қарастыру жатады. Алдыменен екі пікірге негіз болып отырған деректерге тоқталып, олардағы өзімізге қатысты мәселе бойынша мәліметтердің оригиналдылығы мен компилятивтілігін анықтап көрелік.
Қарастырып тырған мәселеміздің деректерін Т.И. Сұлтанов төмендегідей топтастырады. Ол бірінші топтағы деректерге, яғни Орыс ханды Жошының кіші ұлы Тұқай Темірден тарататын деректерге мыналарды жатқызады: 1) 1426 жылы Темір әулетінің билеушісі Шахрухтың тапсырмасымен белгісіз автор құрастырған Му'изз ал-ансаб (Книга, прославляющая генеологии) еңбегінің мәліметтері. Ол бойынша Орыс ханның шығу тегі мынадай болып келеді: Тұқай Темір, одан Урингтам, одан Аунк, одан Бактук, одан Темірхожа, одан Бадак, ал одан Орыс хан [52, 140 б.; 200, 61 б.].
2) 1504 жыл шамасында Орта Азияда белгісіз автор жазған Тауарих-и гузида-ий нусрат-наме (Нусрат-наме) дерегінің мәліметтері. Ол бойынша Орыс ханның шығуы былайша беріледі: Тұқай Темір, одан Өзтемір, одан Хожа, одан Бадық, ал одан Орыс хан [52, 140 б.].
3) Әбілғазының (1603-1664) Түрік шежіресінің мәліметі. Ол бойынша Тұқай Темірден Өзтемір, одан Хожа, одан Бадақұл, ал одан Орыс хан [52, 140 б.].
Сондай-ақ осы топтағы деректерге Т.И. Сұлтановтыңкөрсетуі бойынша ХVІ ғасыр авторы Өтеміс қажының Шыңғыс-наме мен ХVІІ ғасыр тарихшысы Махмуд бен Уәлидың Бахр ал-асрар еңбектері жатады [52, 140 б.].
Ал екінші топтағы деректерге, яғни Орыс ханды Жошының үлкен ұлы Орда Еженнен таралатындығын көрсететін деректерге Т.И. Сұлтанов төмендегідей еңбектерді жатқызып, оларды былайша көрсетеді.
1) 1413-14 жылы Муин ад-дин Натанзи жазған Мунтахаб ат-тауарих-и Муини немесе Ескендірдің анонимі атты шығарма.
2) 1564-65 жылы жазылған ал-Гаффаридың Нусах-и джаханара атты еңбегі.
3) 1611 және 1619 жылдар аралығында жазылған Хайдар ибн Әли Хусайин Разидың Тарих-и Хайдари атты еңбегі. Сонымен бірге бұл топқа ХVІІ ғасырдағы Осман тарихшысы Мунаджим-башының Джами ад-двуал (Собрание династий) атты шығармасы да жатады. Бұл деректер бойынша Орыс ханның тегі былайе берілген: Орданың ұлы Құли, одан Нукай, одан Сасы Бұқа, одан Ерзен, одан Шымтай, ал одан Орыс хан [52, 140-141 бб.].
Мәселеге қатысты деректердің бәрін анықтап алғаннан кейін, олардың жазылған уақытына қарай келе, біз, Орысханды Тұқай Темірден тарататын деректердің негізгісіне 1504 жыл шамасында Орта Азияда жазылған Тауарих-и гузида-ий нусрат-наме еңбегінің мәліметтерін жатқызамыз. Муйизз ал-ансаб мәліметінде Орыс хан Тұқай Темірден таратылса да, одан кейінгі буындар мүлде басқаша айтылады. Сондықтанда біз бұл шығарманың мәліметін қарастырмаймыз. Әбілғазы, Өтеміс қажы және Махмуд бен Уәлидың мәліметтері Орыс ханның шығу тегін анықтауда негізгі, оригиналды дерек көзі бола алмайды, өйткені олардың мәліметтері ХVІ ғасырдың алғашқы жылдарында жазылған Тауарих-и гузида-ий нусрат-наме дерегінен алынған. Сол себепті де біз, төменде осы шығармадағы Орыс ханның шығу тегі жөніндегі мәліметті деректанулық тұрғыдан саралап, оның ақиқаттылығының шынайылық деңгейін анықтауға тырысамыз.
Жазба деректерге деректанулық тұрғыдан талдаудың маңызды бір бөлігіне тарихи сын, яғни ондағы информациялардың ақиқаттығына көз жеткізу, шығарманың жазылуы мен оның авторына әсер еткен қоғамдық-саяси факторларды анықтау және т.б. тарихи жағдайлар жататындықтан, Тауарих-и гузида-ий нсурат-наме еңбегін осы тұрғыдан қарап көрейік.
Тауарих-и гузида-ий нусрат-наменің қай жылы жазылғандығын оны зерттеген тарихшылар 1-2 жыл айырмашылықпен көрсетсе де, анығы сол, ол - шығарманың ХVІ ғасырдың алғашқы жылдары жазылғандығы [45, 20 б.; 193, 12 б.; 130, 12-13 бб.]. Шығарманың авторы және жазылу тарихы мәселесіне келсек, бірінші мәселе бойынша бір жақты пікір жоқ. А.А. Семенов бұл шығарманың авторы Мұхаммед Шайбани ханның өзі болған деген пікірді білдірсе, А.М. Акрамов шығарманы жазған Мұхаммед Салих деп көрсетеді [28, 113 б.; 129, 16 б.].
Р.Г. Мукминова болса Таварих-и гузида-йи нусрат-наменің жазылуына Мұхаммед Шайбани хан тікелей атсалысқан, ал шығарманы Шайбани ханға жақын адам жазған деген ойды айтады [206, 126 б.]. В.П. Юдин бұл шығармаға Мұхаммед Шайбани ханның қатысын және нақты шығарма авторы туралы мынадай ойды айтып өтеді. Біздің ойымызша, Мұхаммед Шайбани ханның авторлығы екі жағдайдан көрінеді, - дей келе, бірінші жағдайға Мауереннахрды бағындырғанға дейін Мұхаммед Шайбани хан шығармаға негіз болған алғашқы нұсқаны дайындаған, ал Самарқанмен Бұхараны алғаннан кейін, оған Мұхаммед Салих және т.б. өте мықты әдебиетшілер оның жағына өтеді. Осы әдебиетшілер өздеріне ұсынылған Тауарих-и гузида-йи нусрат-наменің жоспары мен фактологиялық материалдары пайдаланса, сондай-ақ қойылған мақсатты ескере отыра, өз тілдерінде Мұхаммед Шайбани ханды мадақтайтын шығарманы жазып шығады. Мұхаммед Салих шығарма деректерімен жұмыс істеуге мүмкіндік алған алған бірінші адам болуы мүмкін. Дегенменде, оның авторлығы күмән тудырып отырса, Мұхаммед Шайбани ханның авторлығын сөзсіз деп есептейміз [207, 10-11 бб.].
Мұхаммед Шайбани ханның авторлығын дәлелдейтін екінші жағдайға Тауарих-ий гузида-йи нусрат-наменің тілі мен ханның басқа шығармаларының тілі (лексикасы, фонетикасы, морфологиясы) арасындағы ұқсастық жатады, - деп ойын тұжырымдайды В.П. Юдин [207, 11-12 бб.]. Ал Б.А. Ахмедов болса, шығарма авторының Бейшара, кедей, түгі жоқ қайыршыға Төлей ханның ұлы Менгу ханға [арналған] Тарих-и жахангушайды Газан-ханның қызына [арналған] Тауарих-ий гузида-йи нусрат-намені, Ұлығбек мырзаның атынан жазылған Мунтахаб-и тауарих-и шахиды, монғол тілінде жазылған монғол бақсыларының кітаптарын, сондай-ақ парсыша жазылған [кітаптарды] ретке келтіруге, түсінуге жеңілдету үшін аударуға бұйрық берілді. Еңбек Тауарих-ий гузиде нусрат наме деп аталды, - деген мәліметіне қарап, шығарманы Шайбани ханның тапсырмасымен оның айналасындағы ғалымдардың бірі жазған, - деген тұжырымға келеді [193, 12-13 бб.].
Осылайша біз, шығарманың авторы жөнінде пікірлер айтқан зерттеушілердің тұжырымдарын қарастыра келе, Тауарих-ий гузида-ий нусрат-наменің Мауереннахрда шибанилық әулеттің негізін салып, оның алғашқы билеушісі болған Мұхаммед Шайбани-хан арнайы тапсырыспен жаздырған деген пікірлерді қолдаймыз.
Р.Г. Мукминова осы мәселеге арнайы тоқтап, Тауарих-ий гузида-йи нусрат-наме и его автор атты мақаласында В.П. Юдиннің пікірін қостай келе, оны мынадай тұжырымдармен толықтырады. Шейбани-ханның билікке келуі мен оның жаулап алы соғыстарын мадақтауды міндет еткен ақындар мен жазушылардың еңбектеріндегі және Тауарих-ий гузида-йи нусрат-намедегі фактологиялық материалдардың сәйкес келуі, баяндаудың бірдей болуы В.П. Юдин айтқандай, мадақ кітаптар жазу үшін ортақ бір дерек-құралдың болғандығын дәлелдейді [317, 157 б.]. Одан әрі ол шығарманың нақты авторын атамаса да, шығармаға негіз болған дерек-құралдың авторы - Мұхаммед Шайбани-ханның нақ өзі, - деп көрсетеді [317, 157 б.].
Осылайша, қарастырып отырған шығарманың авторы жөніндегі зерттеушілердің тұжырымдарын талдай келе мынадай қорытындыға келеміз.
Біріншіден, Тауарих-ий гузида-йи нусрат-наме және ХVІ ғасырдың басында жазылған басқа да Шайбани-ханды мадақтап, дәріптейтін тарихи шығармаларға әлі де болса жеке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz