Батырлар жырындағы қару-жарақ атауларының танымдық сипаты

Ганмиркүн Ганмирханқызы Тұрғаналиева,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың магистр-оқытушысы,
Орал қаласы, Қазақстан
Бірнеше дәуірдің тарихы адамзат баласының болашақ үшін қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық т.б. күресі, рухани жаңғырулары сан ғасыр өтсе де, сол халықтың ұрпағынан ұрпағына сол этностың тілінде сақталуы арқылы жетеді. Соның арқасында ұрпақ ана тілдің өміршеңдік қызметінің қуаты мен құдіреті негізінде ұлтымыздың көне тарихы мен мәдениетін дұрыс танып-білуге бастау алады. Осы бастаулар көзі кешенді тіл ғылымының көкжиегінде ұлттық мәдениеттің көзі ретінде тағлымдық мәні зор ұлттық тілдің өн бойынан табылады. Осымен байланысты тіл табиғатының құпиясы ғылымның басқа салаларымен (психология, антропология, мәдениеттану, мифология т.б.) тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде танылып, ашылып отыр. Өйткені, кез - келген ұлттық тілдің сырын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түпкі тамыры сол тілде сөйлеуші этностың сан дәуірдегі жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде тұрмысына орнықтырған мәдениетімен, күнкөрісіне арқау болған жан рухымен, ой-санасымен тікелей байланысты екені сөзсіз. Сондықтан да ұлттық тілді халықтың мәдениетімен, жан ілімімен, ой танымымен, тарихымен біріктіре қарау мәселесі бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі.
Қазақтың қару-жарағына қатысты бүгінгі ғылымда шешуін таппаған мәселелер аз емес. Қазақтың дәстүрлі қару-жарағы осы уақытқа дейін этнография ғылымының тікелей зерттеу обьектісі болған емес, ал тарих және әскери тарих ғылымында қару-жарақ әскери істің бір бөлігі ретінде ғана қарастырылғандықтан ол генезистік, морфологиялық, семантикалық тұрғыдан кешенді зерттелмеді. Этностың дәстүрлі мәдениетіндегі қару-жарақтың алатын орны мен мәні, оның қызметі ғылыми проблема ретінде осы уақытқа дейін ғылыми зерттеулерде арнайы қарастырылмады.
Батырлар жырларында көбіне мынадай қару - жарақ атаулары кездеседі: ақберен, алмас, бес қару, найза, қылыш, көк сүңгі, ақ сүңгі, көк балдақ, шарайна, кездік.
Мысалы, атақты Қобыланды жырында:
Үстіне сауыт кигізді,
Жанына байлап болатты,
Беліне садақ ілгізді.
Қолына алып толғанып,
Қозы жауырын жебені
Ат үстінен ширеніп,
Сонда тұрып тартады.
Қарағай найза саптатты,
Алмас қылыш соқтырып,
Күміспен қынап шақтатты.
Беліне семсер іледі
Ақ сауытын бөктеріп,
Ноғай бөркін киеді.
Қылышпенен өлтірсем,
Қиқаладың дерсің сен
Найзаменен өлтірсем,
Миқаладың дерсің сен.
Садақпенен өлтірсем,
Қапыл қалдым дерсің сен,
Мылтықпенен мен атсам
Жазым қалдым дерсің сен.
Қанжарменен қармасты,
Семсерменен серместі
Қанжар қалды қайысып,
Семсер қалды майысып.
Ақ семсерді қолға алып,
Көк найзаны толғанып -
деген үзіндіде батырдың барлық қару-жарақтар суреттелген.
Байырғы көшпелілердің орта қашықтықта ұрыс жүргізгенде қолданылатын түйреу қаруының бірінші түрі - найза болса, екінші түрі - сауытты әскерге қарсы қолданылатын қару осы сүңгі. Мысалы:
Қорамса жоқ белінде,
Ақ сүңгі жоқ қолында,
Алты құлаш алмасты,
Беліне тартып буады.
Сауытсыз тидің шарайна,
Жебені қолға алмадың.
Будың алмас беліңнен
Жалғыз кеттің елінен.
Найза менен жебең жоқ,
Өзің де жас баласың (Алау батыр).
Қолындағы ақ найза,
Жарқылдайды жебесі,
Садақтың бауы сыртылдап,
Сарт-сарт етіп соғады
Жанындағы ақ берен.
Кемітіп сөз айтқаны,
Мылтықпенен атқаны
Жүрегіме найзадай
Әр сөзінің батқаны (Айсаның ұлы Ахмет).
Еуразиялық көшпелі халықтарда қорғаныс жарағының негізгі түрлерінің қалыптасуы да б.з.д. І мыңжылдықтың ортасынан басталады. Көшпелі сауыттарының бірінші түрі - төртбұрышты ірі металл тақталарды теріге, мата, матаға шегемен қатарлап бекіту арқылы жасалған берен сауыт.
Ертеде көшпелі жауынгерлер сауыттың шарайна деп аталатын қосымша жарақ түрін киген. Көшпелі халықтар қолданған шарайнаның екі типі бар. Шарайнаның бірінші типі төрт дөңгелек тақталарды қайысбаумен жалғап жасалған. Бұл шарайна типі алғаш рет түркі заманында пайда болып, Х - ХІІ ғасырларда қыпшақтарда кең қолданыста болған. Шарайнаның екінші типі - белді қорғайтын үлкен төрт төртбұрышты болат тақтадан құралған белдік шарайна. Бұл шарайна типі түркі халықтарында ХҮ ғасырда кең қолданысқа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz