Қылмыстық іс-әрекет пен оның зиянды зардаптары арасындағы себептік байланысты анықтау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бастандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық бұзушылық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыстық құқық бұзушылық істеуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам мен (субъектімен) мемлекет арасында пайда болады.
Қылмыстық құқық ғылымын дамытудың негізгі шарты - оның құқық қорғау, құқық қолдану органдары тәжірибесімен тығыз байланысында.
Ішкі істер, тергеу, прокуратура, сот органдарының қылмыстық құқықтық нормаларды қолдану тәжірибесінің қорытындысын зерттеуге, сондай қорытындыларды іріктеуге ғылымдардың тікелей қатысуы, ғылым мен тәжірибенің біртұтастығын көрсетеді.
Жаңа Қылмыстық кодексте қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде орын алған сапалық өзгерістер еске алынған. Яғни, азаматтардың жеке басы, олардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бірінші кезекке қойылған. Қылмыстық-құқықлық қорғау объектісінің қатарына қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, Республиканың конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету міндеттері енгізілген.
Қылмыстық құқықтың келесі принципі - азаматтардың заң және сот алдында теңдігі, ол Конституцияның 14-бабында жарияланған. ҚК-нің 14-бабының 2-бөлігінде: қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына,нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрақтылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей делінген.
Бұл принциптің Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде берілген анықтамасы мен Ресей Қылмыстық кодексінде, ТМД елдері мамандары даярлаған Модельдік кодексте берілген анықтама арасында біршама өзгерістер бар.
Қылмыстық іс-әрекет пен оның зиянды зардаптары арасындағы себептік байланысты анықтау қылмыстың материалдық құрамдарындағы қылмыстық жауаптылықтың міндетті шарты болып табылады. Себептік байланыс болмаса келген зиянды зардап үшін қылмыстық жауаптылық көзделмейді.
Себептік байланыс қылмыстың материалдық құрамдарының объективтік жағының міндетті белгісі болып табылады.
Себептік байланыс туралы ілім қылмыстық құқықта себептілік теориясына негізделеді.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ТҮСІНІГІ

1.1 Қылмыстық құқық ғылымы
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бастандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық бұзушылық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыстық құқық бұзушылық істеуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам мен (субъектімен) мемлекет арасында пайда болады. Мұндай құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыстық құқық бұзушылық істеуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыстық құқық бұзушылық істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады.
Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.
Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бұзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық құқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген құқықтық функцияның толық жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқық бұзушылық нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен қорғануға құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.
Қылмыстық құқық туралы сөз болғанда оның үш түрлі мағынасын ескеруіміз қажет. Қылмыстық құқық - бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пәні болып табылады. Осы ұғымдардың бәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді.
Қылмыстық құқық пәнін құқық саласы ретінде қарастырғанда жалпы құқық теориясына тән белгілердің, негізгі принциптердің осы құқық саласына да тән екендігін ескеру қажет. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің ерекшеліктерін белгілейтін және өзін жеке құқық саласы ретінде қарастыруға негіз болатын өзіндік мазмұн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар құқық саласы болып табылады.
Құқық саласы ретінде қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормаларының жиынтығы болып табылады.
Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы - Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқықтың ережелері мен институттарының мазмұны қолданылып жүрген қылмыстық құқықтың нормаларында анық көрсетілген. Қылмыстық құқық номалары мазмұнына қарай екі түрлі қызметті жүзеге асырады. Оның біріншісі қылмыстық құқықтың жалпы ережелерін, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы негізгі екі ұғым - қылмыс пен жазаны анықтайды.
Бұл нормалар қылмыстық құқықтың Жалпы бөлігінің мазмұнын құрайды.
Екінші бір нормалар қоғамға қауіпті әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қылмыстық құқық бұзушылық қатарына жататын белгілерін, шеңберін және оны істегені үшін тағайындайтын жазаның түрлері мен шегін белгілейді. Мұндай нормалар қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің мазмұнын құрайды.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде мынадай өзіндік ерекшелік белгілерімен көрініс табады.
Қылмыстық құқық пәні қылмыстық құқық бұзушылық істеуге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді. Ал мұндай ретте қылмыстық құқықтық қатынастардың субъектілері болып бір жағынан қылмыстық құқық бұзушылық істеген адам және қылмысы үшін соларға мемлекет атынан шара қолданатын мемлекеттік құқық қолдану және құқық қорғау органдары болады.
Белгілі бір әрекетті немесе әрекетсіздікті қылмыстық құқық бұзушылық қатарына жатқызып, оған жаза тағайындау, қоғамға, жеке адамға және мемлекетке қарсы қылмыстық іс-әрекетке тыйым салып, оны бұзғаны үшін қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауапқа және жазаға тартатын нормаларды белгілеу - мемлекеттің құзыреті.
Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөліктен тұрады.
Қылмыстық құқық бұзушылық пен жаза туралы ұғым, қылмыстық құқық бұзушылық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының түсінігі, қылмыстық құқық бұзушылық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән-жайлар туралы түсініктер, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық істеу сатылары туралы ұғыммен, қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайластықпен бірге қатысу, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылықтан және жазадан босатудың мәселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі.
Ерекше бөлікте нақты қылмыстық құқық бұзушылық құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі. Жалпы және Ерекше бөлік өзара тығыз байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды. Жалпы және Ерекше бөліктің бірлігі олардың алға қойған мақсаты мемлекетті, қоғамды, азаматтарды және құқық тәртібін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау арқылы айқын көрінеді. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлігінің нормаларын қолдану арқылы Ерекше бөліктің нормалары жүзеге асырылады. Жалпы бөліктің ережелері мен институттары Ерекше бөліктегі нақты нормаларды қолданғанда негізгі басшылыққа алынады. Сол себепті осы екі бөлік нормалары бір-біріне сәйкес болуы қажет. Мысалы, бөтеннің мүлкін тонау деген не екенін білу қажет болды делік. Бұл үшін Қылмыстық кодекстің 191-бабына жүгінеміз. Бұл бапта тонаудың заңдылық ұғымы, сипаттамасы берілген. Бірақ та осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін міндетті түрде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы, жас мөлшері, кінәнің нысандары мен түрлері, қылмыстық құқық бұзушылық істеу сатыларын, қылмысты бірлесіп істеу мәселелерін анықтау қажет. Ол үшін міндетті түрде Қылмыстық кодекстің жалпы бөліміндегі 4, 10, 15, 19, 20, 21, 24, 29-баптарына жүгініп, сонда көрсетілген заңдылық ұғымдарды басшылыққа алу керек. Егер тонау туралы осы қылмыстық іс сотта қаралатын болса, онда сот жазаны белгілеу (немесе жазадан босату), жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін де Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің осы мәселелерге арналған ІІІ, ІV, V бөлімдерінің тиісті баптарына, сөз жоқ, жүгінеді.
Қылмыстық құқық құқық саласының жеке саласы болуымен бірге ол басқа құқық салаларымен де тығыз байланысты. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің бағыты, атқаратын рөлі, мәні мен құқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты басқа құқық салаларынан оқшауланып,ажыратылады.
Қылмыстық құқық пен қылмыстық істер жүргізу құқығы өзара тығыз байланыста болады. Қылмыстық құқық қандай іс-әрекеттердің қылмыстық құқық бұзушылық екендігін және оған қандай жаза қолданатынын белгілесе, қылмыстық істер жүргізу құқығы қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауапқа тартуды жүзеге асырады, қылмыстық істі тергеудің және сотта қараудың тәртібін белгілейді, яғни бұл жерде қылмыстық құқық пен қылмыстық істер жүргізу құқығы өзара мазмұнмен оның нысанының байланысы ретінде көрсетіліп отыр.
Қылмыстық құқық қылмыстық атқару құқығымен де тығыз байланыста. Қылмыстық атқару құқығының пәні болып, сот үкімі бойынша күшіне енген қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаны орындау, сотталғандарға түзеу ықпалын жүзеге асыруға, оларды қылмыс істеуден сақтандыруға байланысты қоғамдық қатынастарды ретке келтіру болып табылады және олар айыптау үкімінің заңды күшіне енген уақыттан бастап пайда болады. Яғни, қылмыстық құқықтық қатынастар негізі қылмыстық құқық бұзушылық істеуге байланысты болса, ал қылмыстық атқару құқығы қатынасының пайда болуының негізі заңды күшіне енген айыптау үкімі болып табылады.
Бұл қатынастардың субъектілерінде де айырмашылықтар бар Қылмыстық құқықтық қатынастар субъектісі болып қылмыстық құқық бұзушылық істеген, есі дұрыс, заңда белгіленген белгілі бір жасқа толған адам болса, сот үкімі бойынша сотталғандар қылмыстық орындау құқығының субъектісі болып саналады.
Қылмыстық құқық әкімшілік құқықпен де етене байланысты. Бұл екі құқық саласы ортақ міндет - қоғамға қауіпті іс-әрекет - құқық бұзушылыққа қарсы күрес жүргізіледі. Қылмыстық құқық бұзушылыққа қарағанда әкімшілік құқық бұзушылықта іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі төмен болады. Ондай теріс қылық істеген адамға арнаулы әкімшілік органдар қылмыстық жаза емес, әкімшілік шара қолданады. Әкімшілік шара сотталғандаық атақ болып табылмайды, ал істеген қылмысы үшін қылмыстық жазаны қолдану сотталғандық атаққа ұрындырады. Оның заңдылық салдары бар. Ал қылмыстың теріс қылық үшін жазаға тартылғандар сотталғандық атақ алмайды. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі азаматтардан басқа заңды тұлғалар да болуы мүмкін. Ал қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі тек қана заңда белгіленген жасқа толған, қылмыстық құқық бұзушылықты іс-әрекет істеген, есі дұрыс кінәлі адам ғана болады.
Қылмыстық құқық криминология пәнімен де тікелей байланысты. Бірақ бұл екеуінің бір-бірінен елеулі айырмашылықтары бар.
Егер қылмыстық құқық қылмыстық құқық бұзушылық пен жазаны белгілейтін ерекше құқық саласы болса, криминология қылмыстылық, оны туғызатын себептер мен жағдайлар, қылмыскердің тұлғасы, қылмыстылықтан сақтандыру шараларын белгілейтін ғылым саласы болып табылады. Криминологиялық деректер қылмыстылықпен күресудегі қылмыстық заңдардың тиімділігін, оны жетілдіру жолдарын, қылмыстан сақтандырудың негізгі бағыттарын жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының қылмыстық ғылымы да басқа ғылым салалары сияқты өзіне жүктелген зор, жауапты міндеттерді атқарады. Қылмыстық ғылымының негізгі зерттеу объектісі қылмыстық заң және оның құқық қолдану органдары тәжірибесінде дұрыс қолдануын, жаза тағайындаудың, қылмыстылықпен күрес жүргізудің ғылыми негіздерін белгілеп беру болып табылады.
Осы күрделі мәселелерді зерттеуде қылмыстық құқық ғылымы қылмыстылықпен күрес жүргізетін криминология, құқықтық статистика, қылмыстық орындау, криминалистика, сот психологиясы, сот психиатриясы және басқа ғылым салаларымен тығыз байланыста болады. Осы ғылым салаларының ортақ міндет - қылмыстылықпен күрес проблемаларын белгілеу, оны азайтудың, одан сақтандырудың жолдарын, әдістерін және тәсілдерін зеттеу болып табылады. Аталған ғылым салалары осы міндеттерді жүзеге асыруда әрқайсысы өзіне тән әдістерін қолданады. Қылмыстық құқық ғылымы қылмыстық заңдарды, қылмыстық институттар мен түсініктерді, нақты қылмыс құрамдарын, яғни қылмытық құқықтық нормаларын зерттейді.
Сонымен бірге қылмыстық құқық ғылымы Қазақстан Республикасындағы қылмыстық құқық ғылымының тарихын, даму кезеңдерін, шет мемлекеттердің де қылмыстық құқықтық ілімдерін терең талдайды. Дамыған, өркениетті елдердің қылмыстық заңдарының ғылыми жетістіктерінің пайдалы жақтарын елімізде кеңінен қолдануды ұсынатын да қылмыстық құқық ғылымы болып табылады.
Қылмыстық құқық ғылымын дамытудың негізгі шарты - оның құқық қорғау, құқық қолдану органдары тәжірибесімен тығыз байланысында.
Ішкі істер, тергеу, прокуратура, сот органдарының қылмыстық құқықтық нормаларды қолдану тәжірибесінің қорытындысын зерттеуге, сондай қорытындыларды іріктеуге ғылымдардың тікелей қатысуы, ғылым мен тәжірибенің біртұтастығын көрсетеді. Осы салада еңбек ететін ғалымдар қылмыстық заңдардың жобаларын дайындау, заңдарды жетілдіру саласындағы ғылыми ұсыныстар енгізу, Республика Жоғарғы Сотының, Прокуратурасының ғылыми-консультативтік және методикалық кеңестері қызметіне қатысу арқылы да құқық қолдану органдары жұмысымен тікелей байланысты болады. Қазіргі заманда қылмыстық құқық ғылымының негізгі міндеттері болып, қолданылып жүрген заңдарға жүйелі талдау жасап, оның пәрменділігін, тиімділігін жетілдіру, қылмыстық құқық бұзушылық заңдарды, оның институттарын, жекелеген қылмыстық құқықтық нормаларын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды жасау, қылмыстық құқық бұзушылық қатарына жататын немесе қылмыстық құқық бұзушылық қатарынан алынып тасталатын әлеуметтік құбылыстарды дер кезінде анықтап отыру; қылмыстық құқық бұзушылық үшін заңдарды әзірлейтін мемлекеттік органдардың қызметіне кеңінен араласып, олардың заңда қолдану, қылмысты саралау жөніндегі тиісті тұжырымдарды жасауына белсенді қатысу; шет мемлекеттердің қылмыстық заңдарының және олардың іс жүзінде қолданылу әдістерін, әсіресе жеке адамды, нарықтық экономиканы, тұтынушыларды қылмыстық құқықтық қол сұғушылықтан қорғау саласындағы үздік тәжірибелерін зерттеу арқылы, оның пайдалы жақтарын Қазақстан мемлекетінің қылмыстық заңдарын дайындағанда еске алу, құқықтық мемлекет құрудың мақсатына сәйкес келетін тиісті қылмыстық заңдарды әзірлеудің, қылмыстық құқықты дамытудың жолдарын айқындайтын ғылыми болжамдар жасау болып табылады.
Қылмыстық құқық - Қазақстан Республикасы құқығының негізгі салаларының бірі. Жалпы құқық сияқты ол да қоғамдық қатынастардың белгілі бір тобын реттейді. Бұлар - соттар мен құқық қорғау органдары арқылы көрініс табатын мемлекет пен қоғам үшін аса қауіпті құқық бұзушылық (қылмыс) жасаған азамат арасында қалыптасатын қоғамдық қатынастар. Мұндай құқықтық қатынастарда мемлекет қылмыстық әрекет жасағаны үшін кінәлі адамды қылмыстық жауапкершілікке тартып, оған жаза қолдануға немесе заңда көзделген жағдайларда оны қылмыстық жауапкершіліктен немесе жазадан босатуға құқылы және жазаның заңда белгіленген шекте қолданылуын қадағалауға міндетті, ал азамат бұл жазалау шарасына бағынуға тиіс және оның заңда белгіленген шектен аспауын, оны соттың жасалған әрекеттен қылмыстық құрамның барлық белгілері анықталған жағдайда ғана қолданылуын талап етуге құқылы.
Қылмыстық құқық реттеуші функциямен қатар қорғаушы функцияны да атқарады, ол адамды, қоғамды, мемлекетті қылмыстық қастандықтан қорғайды.
Бұл функция заңда қандай бір әрекеттің жасалуына қылмыстық-құқықтық тыйым жариялау жолымен де, реттеуші функцияның жүзеге асырылуы арқылы да, яғни заңда тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған адамға қылмыстық жаза қолдану процесінде іске асырылады. Жазаның жалпы және жеке ескертулер сияқты заңда жарияланған мақсаттарына қол жеткізе отырып (ҚК-нің 38-бабының 2-бөлігі) кейде қоғамдық қатынастарға ауырырақ зиян келуіне тосқауыл болады. Басқаша айтқанда, бұл екі функция өзара байланысты.
Сонымен, қылмыстық құқық дегеніміз қылмыстар ұғымы мен белгілерін, оларды жасағандық үшін қылмыстық жауапкершіліктің негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатудың жағдайын анықтайтын заң нормаларының жиынтығы.
Қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтық реттеуді және қорғауды жүзеге асырудың негізгі әдісі - мәжбүрлеу әдісі, яғни қылмыстық заңда көзделген ықпал ету шараларын қолданамын деп қорқыту немесе қолдану. Сонымен қатар қылмыстық құқық, қылмыстық заңның ықпалына ұшырап, онымен қақтығысты жағдайға келген адамның ондай жағдайдан шығу мүмкіндігін де қарастырады. Мемлекет, өз кезегінде, заң қолдайтын іс-әрекеттерді ескеріп, адамды қылмыстық жауапкершіліктен немесе жазадан босатуға (толықтай немесе жарым-жартылай) не оны жеңілдетуге (қылмыстардың артықшылықты деп аталатын құрамдары көзделген нормалар және т.б.) міндеттенеді.
Қылмыстық құқықтың ерекшеліктері мен мазмұны оның алдында тұрған міндеттерден көрініс табады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бабының 1-бөлімі қылмыстық заңнаманың міндетіне адам мен азаматтың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін, ұйымдардың меншіктерін, құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің қылмыстық қастандықтан заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қорғауды, сондай-ақ қылмыстардың алдын алуды жатқызады. ҚК-нің осы бабының 2-бөлігіне сәйкес бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін Қылмыстық кодекс қылмыстық жауапкершіліктің негіздерін белгілейді, адам, қоғам немесе мемлекет үшін қандай іс-әрекеттердің қылмыс болып табылатынын анықтайды, оларды жасағандық үшін жазалар және басқа қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын белгілейді, яғни бұл міндеттер қылмыстық құқықтың реттеуші және қорғаушы функцияларының іске асырылуы барысында шешімін табады.
Сонымен, қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері - жоғарыда көрсетілген әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу (олардан сақтандыру). Қылмыстан сақтандыру заңда өзінше бөлек мақсат деп аталғанмен ол қоғамдық қатынастарды қорғау міндетіне бағындырылған. Екі міндет өзара тығыз байланысты: қоғамдық қатынастарды қорғай отырып қылмыстық құқық жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алады, ал қылмыстың алдын алу арқылы қорғау функциясы орындалады.
Заң әдебиетінде, қылмыстық құқық, жоғарыда аталғандармен қатар тәрбиелік міндетті де көздейді делінген. Бұған келіспеуге болмайды. Ал, заң бұзбайтын азаматтарды қалыптастыру жалпы барлық құқық алдындағы мақсат.

1.2 Қылмыстық құқықтың міндеттері
Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық заңдардың міндеттері:
1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
2. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыстық құқық бұзушылықтар болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді делінген.
Жаңа Қылмыстық кодексте қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде орын алған сапалық өзгерістер еске алынған. Яғни, азаматтардың жеке басы, олардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бірінші кезекке қойылған. Қылмыстық-құқықлық қорғау объектісінің қатарына қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, Республиканың конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету міндеттері енгізілген. Яғни, қылмыстық құқықтың негізгі міндеті қылмыстық құқықтық құралдардың көмегімен заңда көрсетілген осы маңызды объектілерді қорғау, қылмыстылықпен барынша пәрменді күрес жүргізу болып табылады. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңдарда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін Қылмыстық кодекс қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылықтың негізін белгілейді. Яғни, қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекеттерді істеген адам осы заңда белгіленген негізде ғана жауапқа тартылады. Ол үшін қылмыстық заң жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қандай қауіпті іс-әрекеттер қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын белгілейді және оларды кінәлі түрде істегендерге жазалар мен өзге де қылмыстық-құқылық ықпал ету шараларын белгілейді. Жаңа Қылмыстық кодексте бұрынғы кодекске қарағанда ізгілік принципі басшылыққа алынып, қоғамға онша қауіпті емес іс-әрекеттер жасағандарға оларды қоғамнан оқшауламайтын жаза түрлерін (түзеу жұмысы, шартты жаза, міндетті жұмыс, шын жүректен өкінуіне немесе тараптардың келісімге келуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) қолдануға кең жол ашылған. Мұндай ізгілік қағидалар қылмыспен күресуге пәрменді әрі тиімді жағдай туғызады.
Қылмыстық құқықтың міндеттері қылмыстылықтың жағдайы мен деңгейіне де тікелей байланысты. Ұзақ жылдар бойы орын алған әміршілдік-әкімшілік, тоталитарлық жүйе, жеке адамға табыну, тоқырау және қайта құру кезеңдерінде қылмыстылық өрши түсті. Нарықтық экономикаға көшудің қиын процестері, экономикалық дағдарыстар, қоғам мүшелерінің едәуір бөлігінің өмір сүру деңгейінің қиындауы, өтпелі кезеңге байланысты қоғамдағы орын алып отырған жұмыссыздық, жоқшылық, құқық қорғау, құқық қолдану органдарының да жұмысын қиындата түсті, қылмыстылықтың сандық және сапалық жағынан өсу қарқыны үдеді. Бұрын жұртқа беймәлім ұйымдасқан, кәсіптік, банк жүйесіндегі қылмыстық құқық бұзушылықтар кең етек алды. Жалпы қылмыстылық құрылымында тұрақты ұйымдасқан қылмысты құрылымдар жетекші рөл арқаруда. Ұйымдасқан топ пен қылмыстық бірлестіктердің істеген ауыр қылмыстарының саны өсе түсуде. Кісіні қасана өлтіру, денеге ауыр жарақат түсіру, бөтеннің мүлкін қарақшылықпен тонау, ұрлау немесе алаяқтық жолмен талан-таражға салу, бандитизм, контрабанда сияқты қылмыстардың саны арта түсті.
Қылмыстылықтың санын азайтуда мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан кең көлемдеегі саяси, экономикалық және әлеуметтік шаралардың маңызы зор. Экономикалық реформаны дұрыс жүргізу, нарықтық экономикаға кең жол ашылу, өндірістің құлдырауын тоқтатып, еңбекті дұрыс ұйымдастыру, оның өнімділігін арттыру, жұмыссыздықты жою, қоғам мүшелерінің өмір сүру қажеттілігін тиісті деңгейге көтеру, құқықтық реформаны заман талабына сай іске асыру мемлекеттің алға қойған осы саладағы міндеттерін жүзеге асыруына кепілдік берді.
Қылмыстық заңның басты міндеттерінің бірі - қылмыстан сақтандыру болып табылады. Қылмыстық құқық жалпы және арнаулы сақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жалпы сақтандыру қылмыстық заң арқылы кез келген қылмысты істеуге тыйым салу, нақты қылмысты істеген адамдарға әділ жаза тағайындауды белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Арнаулы сақтандыру қылмыстық заң тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздіктерді істеген адамға қылмыстық-құқықтық нормалар арқылы белгіленген тиісті ықпал ету шараларын қолдану ретімен іске асырылады.
Қылмыстық құқыққа, сондай-ақ тәрбиелік функция да тән. Қажетті қылмыстық заңдардың болуы, оның іс жүзінде әділ қолданылуы, азаматтардың, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, қылмыстық құқық бұзушылық істеген адамның лайықты қылмыстық жауаптылыққа тартылуы азаматтарды заңды құрметтеуге тәрбиелейді және олардың заңға деген сенімділігін арттырады.
Қылмыстық құқыққа тән тағы бір функция бар. Ол - көтермелеу функциясы. Мұндай функция азаматтардың қылмысқа қарсы күрес саласындағы белсенділігін арттырады. Қылмыстық заңдарда мемлекеттің, қоғамның мүддесін, өзінің немесе басқаның мүддесін қорғауға, мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қорғану, сондай-ақ пара берген адамның осы жайында шын жүректен ерікті түрде мәлімдемесі болса, олар қылмыстық жауапқа тартылмайды деген нормалар бар. Бұл нормалар көтермелеу функциясының нақты қолданылатындығын көрсетеді. Қылмыстық заң, сондай-ақ, қылмыстық саясатты жүзеге асырудың да құралы болып табылады. Қылмыстық саясат әлеуметтік саясаттың бір бөлігі, оның негізгі мазмұны - қылмыстық заңдарды қолданудың міндеттерін, қылмыстан сақтандырудың тиімді жолдарын табу, қылмыспен күресуде заңдылық принциптерін қатаң сақтау. Ауыр қылмыс істегендерге қолданылуға жататын қылмыстық құқықтық шараларды жетілдіру, ал керісінше қоғамға онша қауіпті емес қылмыс істегендерге қоғамнан оқшауламай-ақ қолдануға жататын шараларды белгілеу болып табылады.
Қылмыстық заңның міндеттерінің бірі заңдылық ұғымдардың біркелкі қолданылуын қамту болып табылады.
Жаңа Қылмыстық кодекстің 3-бабында Қылмыстық кодексте (Жалпы және Ерекше бөліктерінде) жиі кездесетін, белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық құрамның белгісі болып табылатын ұғымдарға арнайы түсінік берілген. Мысалы: Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері болып айтарлықтай залал және айтарлықтай мөлшер, аса ірі залал және аса ірі мөлшер, ауыр зардаптар, ірі залал немесе ірі мөлшер, елеулі зиян сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтан туындайтын зардаптардың жекелеген түріне толық түсініктер берген. Мұндай түсініктер қылмыстық құқық бұзушылық заңдарын құқық бұзушылық іс-әрекеттеріне орай дәлме-дәл қолдануға мүмкіндік береді. Енді осы кодексте қамтылған кейбір ұғымдарды түсіндіріп көрейік.
Осы Кодексте қамтылған ұғымдардың, егер заңда ерекше нұсқаулар болмаса, мынадай мағыналары бар:
Адамды қанау - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кінәлі адамның мәжбүрлі еңбекті, яғни адам оны орындау үшін өз қызметтерін ерікті түрде ұсынбаған, осы адамнан күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру арқылы талап етілетін кез келген жұмысты немесе қызметті пайдалануы;
Кінәлі адамның алынған табыстарды иемденіп алу мақсатында басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін өзге де қызметтерді пайдалануы, сол сияқты кінәлі адамның осы мақсатты көздемей, адамды сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсетуге мәжбүрлеуі;

1.3 Қылмыстық құқықтың принциптері
Конституция негізінде қылмыстық құқықтың бірқатар принциптері пайда болды, олар жаңа қылмыстық заңнамада көрініс тапты (өзінше бөлек баптарға бөлінбесе де) және құқық қолдану практикасында іске асырылуы тиіс.
Бірінші кезекте, бұл - заңдылық принципі, оның мәні - қылмыскерлік пен іс-әрекеттің жазалануға жататындығы тек қылмыстық заңмен анықталатындығында.
Бұл ретте Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 10-тармақшасына сәйкес қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді. ҚК-де бұл принцип 9-баптың 1-бөлігінде бекімін тапқан. Практикада бұл ринципті іске асыру жасалған іс-әрекет қоғам үшін қаупті болғанмен, онда қылмыстың нақты құрамының белгілері болмаса, оны қылмысқа жатқызудан бас тартуға мәжбүрлейді.
Қылмыстық құқықтың келесі принципі - азаматтардың заң және сот алдында теңдігі, ол Конституцияның 14-бабында жарияланған. ҚК-нің 14-бабының 2-бөлігінде: қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына,нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрақтылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей делінген.
Бұл принциптің Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде берілген анықтамасы мен Ресей Қылмыстық кодексінде, ТМД елдері мамандары даярлаған Модельдік кодексте берілген анықтама арасында біршама өзгерістер бар. РФ ҚК-нің 4-бабында қылмыс жасаған адамдар заң алдында тең, олар жынысына, нәсіліне,...лауазымына,... басқа да мән-жайларға қарамастан қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс делінген. Егер қызмет бабы, басқа мән-жайлар қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселенің шешіміне ықпал етпейтін болса, онда депутаттық, дипломатиялық иммунитеттер, ақтамайтын мән-жайлар бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігі қаншалықты заңды деген сұрақ туады.
Бұл принципке Қазақстан заңнамасында берілген анықтамада қылмыстық жауапкершілікке қалайда тарту керектігі баса көрсетілмеген, ол қазіргі шындықтан туындаған, себебі бұл парақорлық, есірткінің заңсыз айналымы, ұйымдасқан қылмыстық қызметтер етек алып отырғанда мадақтайтын қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдануға мүмкіндік береді.
Қылмыстық құқықтың маңызды принциптерінің бірі - қылмыстық іс-әрекет жасағандық үшін кінәлі жауапкершілік.
ҚК-нің 19-бабында бекімін тапқан бұл принципке сәйкес адам өзінің кінәлі екені анықталған, қоғамға қауіпті іс-әрекеті және оның салдары үшін ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Зиянды кінәсіз келтіргендік үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға жол берілмейді. ҚК-нің 23-бабында мұндай кінәсіз зиян келтіру ұғымына түсініктеме берілген. Қылмыстық заңнамада бұл принциптің болуы азаматтарды құқық қорғау құрылымдары тарапынан болуы мүмкін озбырлықтан қорғайды, олардың бұл принципті елемеуі қылмыстық істің қысқаруына алып келеді.
Бұл кінәлі жауапкершілік принципінен тікелей жеке жауапкершілік принципі туындайды, бұл дегеніміз, ҚК-нің 14-бабының 1-бөліміне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тек жеке тұлға ғана тартылады және ол жеке өзі жасағанына ғана жауап береді. Бұл принциптің күші қылмысқа бірге қатысқандардың жауапкершілігін қарастырған нормаларда айқын көрініс тапқан (ҚК-нің 29-бабының 1-бөлігі, 30-бабы).
Қылмыстық құқықтың тағы бір негізгі принципі - әділдік принципі. Ол заңның қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, айыптының жеке басын, оның қылмыс жасалғанға дейінгі және одан ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталғанның түзелуіне және оның отбасы мен асырауындағы адамдардың жағдай-тіршілігіне тигізетін әсерін ескеріп әділ жаза тағайындау жөнінде соттарға қоятын талабынан туындайды. Сонымен қатар, ҚК-нің 3-бабында бір қылмыс үшін қайтара қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайтындығы туралы Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 2-тармақшасында жарияланған талап бекімін тапқан.
Тікелей Конституциядан қылмыстық-құқықтық саясаттың тағы бір принципі туындайды. Бұл - гуманизм принципі. Қазақстан өзін ең жоғарғы құндылық адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы деп жариялаған мемлекет екендігін өз Конституциясында көрсетті. Сондықтан да, қылмыстық қудалаудың қалай да қатаң болатындығын мойындап заң шығарушы оған нақ конституциялық шек қойды. Конституцияның 17-бабының 2-тармағына сәйкес ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
Бұл конституциялық норма ҚК-нің 38-бабының 2-бөлігіндегі жазаға қатысты нақтыланған (жазалауда адамға күйзеліс келтіру немесе оның ар-намысын таптау мақсаты жоқ).
Қылмыстық қудалауды үнемдеу принципі гуманизм принципіне жақын. ҚК-нің Ерекше бөлігін даярлағанда қоғам үшін қандай да бір қауіптілік тудыратын іс-әрекетті криминалдау немесе криминалға жатқызбау мәселесі біршама осы принцип тұрғысынан қаралады. Нәтижесінде іс-әрекеттердің кейбіреулері криминалдан алынып (мысалы, валютамен жасалатын заңсыз операциялар), әкімшілік құқық бұзушылық санатына жатқызылды. 52-баптың 2-бөлігінде қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс делінген.
Келесі принцип - қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан құтылмаушылық принципі, бұған сәкес қылмыс жасағаны үшін кінәлі әрбір адам қылмыстық жауапкершілікке және жазаға немесе ықпал етудің заңда көзделген басқа шарасына тартылады. Модельдік ҚК-де, сондай-ақ ҚР ҚК-нің жобаларының бірінде бұл принцип өзінше бөлек бапта көрсетілмеші болды.
Ал Ресей Қылмыстық кодексінде бұл бап жайында сөз етілмеген. Қазақстан заң шығарушысы да бұл принципті тікелей заң жүзінде бекітеді. Себебі ол қылмыстық жауапкершіліктен иммунитет, сондай-ақ қылмыстық заңда көрсетілген мадақтау нормалары сияқты баптармен онша үлеспейді. Бұл, бірінші кезекте, қылмыстық жауапкершіліктен босатудың шын өкіну, қорыққаннан немесе сасып қалып қажетті қорғану шегінен асып кету, жәбірленушімен бітісу сияқты негіздері бар нормалар. Сондықтан да, егер қылмыстық жауапкершілік пен жазадан құтылмаушылықты сөз еткенде, құқық қолдану процесінде, кейбір кездері, бұл принциптен ауытқу мүмкін екендігін ескеру керек.

2 СЕБЕПТІ БАЙЛАНЫС

2.1 Себепті байланыстың қылмыстық құқылық маңызы
Қылмыстық іс-әрекет пен оның зиянды зардаптары арасындағы себептік байланысты анықтау қылмыстың материалдық құрамдарындағы қылмыстық жауаптылықтың міндетті шарты болып табылады. Себептік байланыс болмаса келген зиянды зардап үшін қылмыстық жауаптылық көзделмейді.
Себептік байланыс қылмыстың материалдық құрамдарының объективтік жағының міндетті белгісі болып табылады.
Себептік байланыс туралы ілім қылмыстық құқықта себептілік теориясына негізделеді.
Философиялық себеп және салдар санаттары объективті себептік-салдарлық байланысты көрсетеді. Құбылыс (процесс, оқиға) басқа құбылыстың (процестің, оқиғаның) себебі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Себепті байланыс және қылмыстық нәтиже
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың өзіндік белгілерін ашып көрсету
ҚЫЛМЫС ҚҰРАМДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МАҢЫЗЫ
Қылмыстың обьективтік жағының түсінігі мен маңызы
Кінә нысандарының және қылмыстың субъективтік жағының өзге белгілерінің қылмысты саралауға ықпалы
Абайсызда адам өлтіру түсінігі
Адам өлтірудің объективтік белгілері
Қылмыс жасаудың нысаны - әрекет
Пәндер