Ортағасырлық Түркі ойшылдары


Ортағасырлық Түркі ойшылдары
Кіріспе
Қазақ халқының осы өзіндік дүниетанымдық, сана-сезімдік көзқарастары түрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген ұлы ойшылдар мен жыршы-жыраулардың, ағартушы-қоғам қайраткерлерінің шығармашылық еңбектерінде көрініс алады. Егер, Әбу-Насыр әл-Фараби қоғам дамуының, әлеуметтік өмірдің, этикалық қасиеттердің көптеген мәселелеріне тоқталып, «мәртебелі мемлекеттің болуы, ондағы халықтың бақытты, алаңсыз өмір сүруі ел басшысына байланысты, . . . жан-жақты білімі бар, әділ, инабатты, мейірімді, жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан жаны жиренетін, жұртымен санаса білетін адам ел басқарса, халықтың қадір-қасиеті артады, хал жағдайы жақсы болып, көсегесі көгереді», деп ой түйіндесе, Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» дастанында қарапайым халықтан бастап, түрлі дәрежедегі әлеуметтік топтардың, түрлі кәсіп иелерінің мінез-құлық нормаларының, қоғамда алатын орындарының қандай болуы керектігіне тоқталады.
Әбу Насыр Әл-Фараби IX-X ғ. (870-950 жж. ) бүкіл әлемге «Екінші ұстаз» ретінде танылды. Орта ғасырдағы ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби Сырдария өзенінің жағасында орналасқан Отырар (Фараб) қаласында 870 жылы дүниеге келген. Толық аты-жөні - Әбу Насыр Мұхаммед ибн Узлағ Тархан. Асқан білімділігімен «Шығыстың Аристотелі» атанған энциклопедист ғалым Әл-Фараби Бұхара, Самарқан, Дамаск, Бағдат, Александрия қалаларында өз білімін жетілдірген. Ол - философ, математик, тарихшы, физик, астроном, асқан дарын иесі. Араб, грек, парсы тілдерін еркін меңгерген. Архимед, Аристотель, Евклид, Пифагор еңбектерін зерттеген. Александрия, Отырар кітапханаларынан нәр алған. Оның әйгілі «Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдардың шығуы», «Жұлдыздар бойынша болжаулар», «Мәселелердің түпкі мазмұны», «Вакуш туралы трактат» т. б. еңбектері тамаша ғылыми жетістіктер екені белгілі. Қыпшақ тайпасынан шыққан ұлы ойшыл Әл-Фараби 950 жылы Дамаск (Шам) шаһарында қайтыс болды.
Махмұт Қашғари
XIғ. (1030-1090 жж. ) . Қашғарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген. Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан. Толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед. Түркі халықтарын түгелге жуық аралап, заң ілімі, арифметика, Құран, шариат пен хадис бойынша білім алды. Араб-парсы тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін меңгерді.
1072-1074 жылдары жазылған «Диуани лұғат ат-түрік» («Түрік тілдерінің сөздігі») атты еңбегі тілтану ғылымына үлкен үлес қосты. Бұл шығарма - түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, тілі туралы тарихи дерек. Түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы атанды. Бұл еңбек ғалым А. Егеубайдың аударуымен 1997-1998 жж. қазақ тілінде жарық көрді.
Жүсіп Баласағұни XIғ. (1021-1075 жж. ) Жүсіп бай, белгілі түркі отбасынан шыққан, сол уақыт өлшемі бойынша өте терең білім алған, парсы-тәжік және араб поэзиясын тамаша білген, олардың әсері ақын шығармаларынан байқалып отырады. «Құтты білік» дастанын дайындауға 30 жылын арнап, 1 жарым жылда жазып шыққан (1069 ж. ) . Дастанда өмір сүрген ортаның шындығы, әлеуметтік топтың қоғамдық түсінігі мен саяси тұжырымы берілген. Бақытты болудың негізі - білім деп түйіндейді. Баласағұни еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартып, Ұлы хас-хажип атанған. «Құтты білік» 6520 бәйіттен құралған, қосымша 124 бәйіті бар, Бәйіт - ұйқасқа құрылған екі тармақтан тұратын өлең. «Құтты білік» - Шығыс ақындарының көптеген буындарына үлгі болған, ерте түркі поэзиясының аса құнды маржандарының бірі.
Ахмед Иүгінеки
,
Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд
(12 ғасырдың соңы- 13 ғасырдың басы) Ахмет Йүгінекидің туып- өскен елі Түркістан қаласы маңындағы Жүйнек деген жер. Әкесі Махмұд ақын болған. Ахмет араб тілінде еркін сөйлеген. Қожа Ахмет Йассауидің шәкірті. Ол түркі халқы әдеби тілінің қалыптасуына ықпал еткен. Өзінің атақты «Хибатул-л-хақайық», яғни «Ақиқат сыйы» деген еңбегін жазады. Кітап 466 жол өлеңнен тұрады, 20 шақты тақырыптарға бөлінген. Шығарма арзу өлең өлшемімен түркі тілінде жазылған. Бір-бірінен айырмашылығы аз үш түрлі нұсқасы және әр түрлі үзінділері бар.
Ақынның осы атақты кітабының қолжазбасы Стамбұл мешітінде сақталған. Шығармалары 1444 жылы Арслан, Әмір мен 1480 жылы Түрік ғылымы Нәжит Асыл жасаған көшірмелерімен белгілі. Түрік тілінде алғаш рет Рашид Рахмети Арат жариялады. Ал қазақ тіліндегі транскрипциясын Әмір Нәжит (1981 жылы) жасады.
Сүлеймен Бақырғани , Бақырған ата, Хаким ата, Сүлеймен ата (12 ғ-дың 2-жартысы) - ақын, ойшыл, ғұлама. Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті. Еңбектері - Бақырған кітабы (қыпшақ тілінде жазылған өлеңдер жинағы), Хазрет Мариям кітабы, Ақыр заман кітабы. Сүлеймен Бақырғани (туған жылы белгісіз -1186 ж. ) Түркістан қаласында дүниеге келіпті. Ол өзінің "Ақырзаман" кітабында: Ысқақ Баб ұрығы, Шайқы Ибраһим құлыны, Машайықтар ұлығы - Шайқым Қожа Ахмет Ясауи. Шариғаты мінсіз, Тариқаты түпсіз, Хақиқатта өрен жүйрік - Шайқым Ахмет Ясауи, - деп жырлағандай, әйгілі Әзірет Сұлтанға шәкірт болған. Кейін Самарқанд, Бұхара, Хорезм, Шам қалаларында білімін толықтырды. Халық арасында Әкім Ата деген атпен белгілі. Оның басты және көпке танымал "Ақырзаман", "Бақырғани кітабы" еңбектерінде эстетика, этика, тазару, адам жанының үндестігі (гармония) мәселелеріне көңіл бөлінеді. Оның ойынша, мәңгілік әдемілік - Құдай. Алла - таза абсолюттік болмыс. Сүлеймен Бақырғани 82 жасында Түркістан қаласында дүние салады.
Райхан әл-Бируни X-XI ғғ. (973-1050 жж. ) 973 жылы Хорезм орталығы Қият қаласының маңында туған. Ол - математик, физик, геолог, философ, астроном, этнограф, ақын, энциклопедиялық білімі бар ғалым. Орта ғасырдағы ғылымда араб, парсы, грек тілдерін меңгерген 22 жастағы Бирунидің аты шарықтаған, 150-ден астам кітаптың авторы. Дүниенің гелицентрлік жүйесін, дененің Жерге тартылысын, Жердің күнді айналатынын Бируни Галилей, Коперник, Ньютон сияқты ортағасырлық батыс ғалымдарынан 500-600 жыл бұрын айтқан. Хорезмде билік құрған Ғазнаның қол астында 33 жыл еңбек етеді. 600-ден астам қаланың координаттарын анықтап шығарады және глобус жасайды. «Астрономиялық кілт», «Ежелгі халықтардың хронологиясы», «Минералдардың сыбағалы салмағын табу ережелері» атты еңбектерді жазады.
Қожа Ахмет Иассауи XII ғ. (1103-1167 жж. ) Орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының сопылық бағытын дамытқан тұлға. Ахмет Иассауи XII ғасырда өмір сүрген. Өмірінің көбі Сайрам мен Иасыда (Түркістан) өтеді. Бұхара қаласында діни білім алған ол, Түркістан қаласында ислам дінін уағыздайды. Бұл кез Қазақстан жерін ислам дінінің жаңадан тарала бастаған уақыты болатын. Қожа Ахмет Иассауидың басты шығармасы «Диуани хикмат» (Даналық жайындағы кітап) 4 томнан құралған. Ол 63 жасқа, яғни Пайғамбар жасына жеткеннен кейін өзінше о дүниеде өмір сүреді. Жер асты қапаста қалған өмірін өткізеді. Ахмет Иассауи өзінің ұстазын Арыстан бабты қатты құрметтеген. XIV ғасырда Ақсақ Темір Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауидің бейітінің басына үлкен мазар салғызған. Сондықтан бұл жер мұсылмандардың «екінші Меккесі» аталған. «Мединеде Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет» деген сөз содан қалған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz