Прокуратура органдары қызметі жайында


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституциясына сәйкес, біздің мемлекетіміз өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды.

Елімізде мемлекеттік билік біртұтас. Ол Конституция мен заңдардың негізінде заң шығарушы, атқарушы және де сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.

Прокуратураның құқықтық мәртебесі мен өкілеттігі Қазақстан Республикасы Конституциясының VII бөлімінің 83-бабында көрсетілген. Прокуратураға негізделген конституциялық нормалар Конституцияның VII бөлімі «Соттар және сот төрелігінде» көрсетілгендей, прокуратура мен сот қызметінің бір екендігін немесе прокуратураның сот билігінің құрамына кіретіндігін білдірмейді. Сот төрелігі біздің Республикамызда тек сотпен жүзеге асырылады. Сот билігі азаматтық, қылмыстық және басқа да заңмен белгіленген сот өндірісі арқылы жүзеге асырылады, алайда соттың прокуратураға қарағанда қылмыстық қудалау функциясы жоқ. Менің ойымша, прокуратураның Конституцияның аталған бөліміне кіруі сот төрелігі сот процесінде прокурордың қатысуымен жүргізілетіндігінде, заң үстемдігін қамтамассыз етуде сот пен прокуратураның бірін бірі толықтырып тұратындығында.

Конституцияда белгіленген өкілеттікке сай, прокуратура ешбір билік тармақтарына кірмейді, керісінше сол билік тармақтарына кіретін органдар мен лауазымды адамдардың қызметінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады. Прокуратура жоғарыда аталып кеткендей, дәстүрлі билік тармақтарына кірмейтін де, өз алдына дербес билік тармаған құрмайтын да, ондай мәртебеге таласпайтын да ерекше мемлекеттік орган.

Қадағалау заңдылықты қамтамасыз ету бойынша әртүрлі мемлекеттік органдардың қызметінің бір саласы. Ол конституциялық, соттық, прокурорлық және т. б. болып бөлінеді. Көпшілік қадағалау сөзін бақылау болмаса, тексеру сөзімен байланыстырады. Бірақ прокурорлық қадағалау тек тексеруден ғана тұрмайды. Ал заңдардың дәлме-дәл, әрі біркелкі қолданылуын бақылау ол ешқандай әрекет жасай алмау, яғни әрекетсіздікті білдіреді. Сол себепті прокурорлық қадағалау ол прокуратура органдары қызметінің белсенді формасы, өзіне берілген императивті сипаттағы өкілеттігімен заң бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, қылмыскер тұлғаларды жауапқа тарту, бұзылған құқықты қалпына келтіруді жүзеге асырады

Біріншіден, прокурорлық қадағалау өте жоғары дәрежедегі қадағалау болып табылады, себебі ол мемлекеттің атынан жүзеге асырылады және жалпы мемлекеттік сипатта болады.

Екіншіден, прокурорлық қадағалау бұл прокуратурадан басқа мемлекеттік, қоғамдық дербес немесе өзге ұйымдар, мекемелер және де лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес түрі. Сондықтан, бұл осы қызметтің ерекшелігі болып табылады.

Үшіншіден, прокурорлық қадағалау - мемлекеттік қызметтің өзіндік түрі. Оның басқа мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешелігі ҚР-сы Конституциясының дәл сақталуын қамтамасыз ету, тексеру, заң талаптарының орындалуы, өзге де құқықтық актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратурға берілген құқықтық құралдардың көмегімен анықталған заң бұзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайтын қызметтерінің ерекше мазмұнымен анықталады.

Төртіншіден, прокуратура ҚР Президентіне есеп беретін орган екеніне қарамасатан, Конституцияға сәйкес ол барлық актілерге, соның ішінде мемлекет басшысының актілеріне де жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

1. 1 Құқықтық мемлекеттегі прокуратура органының

мәртебесі

Қазақстан Республикасы өзін құқықтық, демократиялық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыра отырып, 1995 жылы 30-тамызда өзінің негізгі заңын, яғни Конституциясын қабылдады. Нарықтық қатынастарға көшу, азаматтық қоғам құру, қоғамдық қатынастардың әр түрлі салаларын дамыту, ең негізгісі ескі кеңестік құрылымнан арылу мақсатында елімізде бірнеше реформалар жүргізіле бастады. 1995 жылы қабылданған Конституция заңы және шынайы мағынада негізгі заң болды, ағымдағы заңнаманың қайнар көзіне айналды. Конституция мемлекеттің қоғамның, адам өмірінің барлық салаларында туындайтын қоғамдық қатынастарды бекітеді және реттейді. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың мәртебесі мен өкілеттігін бекітті.

Еліміздегі құқықтық жүйе континентальдық құқык жүйесі болып табылады. Мемлекеттік билік біреу, ол тек тармақталынады: заң шығарушы, атқарушы және де сот билігі.

Мемлекеттік құрылыста оның дәстүрлі билік тармақтарына кірмейтін, бірақ өзіне жүктелген өкілеттерге сәйкес, сол билікті иемдене және қолдана алатын бірнеше мемлекеттік органдар бар. Олар Конституциялық Кеңес, Ұлттық қауіпсіздік органдары, Есептеу палатасы, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі, сондай-ақ прокуратура. Аталған органдар іс жүзінде мемлекеттік құрылыста белгілі бір айрықша топ құрастырады.

Прокуратураның құқықтық мәртебесі мен өкілеттігі ҚР Конституциясының VII бөлімінің 83-бабында айқындалған. Прокуратураға арналған конституциялық нормалар Конституцияның VII бөлімі «Соттар және сот төрелігінде болғаны, прокуратура мен сот қызметінің бір екендігін немесе прокуратураның сот билігінің құрамына кіретіндігін білдірмейді. Сот төрелігі біздің мемлекетімізде тек сотпен жүзеге асырылады. Сот билігі азаматтық, Қылмыстық және өзге де заңмен белгіленген сот өндірісі арқылы жүзеге асырылады, алайда соттың прокуратураға қарағанда қылмыстық қудалау функциясы жоқ.

Конституция белгіленіп көрсетілген өкілеттікке сай, прокуратура ешбір билік тармақтарына кірмейді, керісінше сол билік тармақтарына кіретін органдар мен лауазымды адамдардың қызметінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады. Яғни, прокуратура жоғарыда аталып кеткендей, дәстүрлі билік тармақтарына кірмейтін де, өз алдына дербес билік тармаған құрмайтын да, ондай мәртебеге таласпайтын да ерекше мемлекеттік орган.

1994 жылы 12 ақпанда Президенттің қаулысымен бекітілген «Құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы» қабылданғаннан кейін еліміздегі құқықтық жүйені қалыптастыруға жаңа көзқарастар жасалды. 1996 жылдан бастап прокуратура тергеу, функциясынан айырылды. Сол жылы Елбасының тапсырмасымен прокуратураға құқықтық статистиканы қалыптастыру функциясы берілді. Прокуратураға тән қылмыстық қудалаудың шектері айқындалып, тәртібі белгіленді, сот билігімен ара-қатынасы ажыратылды.

Конституцияға және онымен белгіленген мемлекеттік құрылымға сәйкес прокуратура тікелей Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді. Ол Президенттің Конституцияның мызғымастығының кепілі және мемлекеттік билік тармақтарының барлығының келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету функциясын атқаруына әрекеттеседі. Сондай-ақ, өзіне жүктелген міндеттерді атқара отырып, заңдылыққа жоғары қадағалауды жүзеге асыру барысында прокуратура мемлекеттік органдардың қызметіне келіп тіреледі. Мұнда билік тармақтарының әрқайсысымен қатынасы айқындалады.

Заң шығарушы билікке келгенде, мемлекетіміздің заң шығару функциясын атқарушы жоғары өкілді орган Қазақстан Республикасының Парламенті. 1995 жылғы Конституцияға дейін прокуратура сол кездегі заң шығарушы орган (Жоғарғы Кеңеске) есеп беретін және республиканың Бас Прокурорын Жоғарғы Кеңес 5 жыл мерзімге тағайындайтын.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын Парламент Сенатының келісімімен Президент тағайындайды және оның орынбасарларын, сондай-ақ облыстық прокурорларды қызметке тағайындау үшін келісім береді.

Прокуратураның заң шығарудағы бастама құқығы болмағанымен, заң шығармашылығы және оларды насихаттау бағытындағы белсенділігін атап өткен жөн. Ол заңдардағы жетіспеушіліктер мен ақауларды жетілдіру жөнінде Үкімет пен Парламентке ұсыныстар енгізіп отырады. Осы орайда прокуратураның Конституцияға қайшы келетін заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге наразылық келтіру құқығын айтып кеткен жөн. Әрине, прокуратураға осы мақсатпен Конституциялық Кеңестің алдында ұсыныс енгізу құқығы берілсе, заңсыз нормативтік құқықтық актілердің күшін жоюдың немесе Конституция мен заңдарға сәйкестендірудің жедел жүйесі ұйымдастырылған болар еді. Сонымен, прокуратура конституциялық орган ретінде ең әуелі Ата Заңның үстемдігін қамтамасыз етеді. Сондықтан да, прокурорлық қадағалауды - жоғары қадағалау деп атайды. Ал билік кеңістігіндегі алатын орнымен, ол өз кезегінде тежемелік және тепе-теңдік тетіктерін қалыптастырады. Прокуратураның заң шығару билігімен байланысы заңды да, қажетті құбылыс болып отыр. Бұл мемлекеттік құрылыстағы қажеттілік.

Атқарушы билікпен прокуратураның байланысы әр түрлі нысандарда көрініс табады, ол үкіметтік бағдарламалардың келісімін бекітуге қатысу, азаматтардың конституциялық құқықтарына қатысты Үкіметтің қаулыларын шығаруға ұсыныс жасау және басқа. Прокуратура тәуелсіз мемлекеттік институт ретінде атқарушы билік тармағының қызметіндегі заңдылыққа, Үкіметтің, министрліктер мен ведомстволар, жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволық бақылау органдарының құқықтық актілерінің заңдылығына қадағалау жүргізеді, прокуратура қызметінің негізгі аясы да осында, заң бұзушылықтың көптеген фактілері дәл осы атқарушы органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметінде орын алады.

Ал сот билігіне келетін болсақ, сот билігі өзге билік тармақтарынан тәуелсіз кызмет атқара отырып, сонымен қатар заң шығарушы және атқарушы биліктен біртұтас билікті құрайды. Прокуратура мен соттың қарым-қатынасы әділ соттылықтың, соттың тәуелсіздігінің және олардың тек заңға бағыныстылығының конституциялық принципіне сүйене отырып құралады. Прокуратура соттың үстінен қадағалау жүргізбейді және оның қызметін өзіне алмайды, қызметіне араласпайды, прокуратураның заңсыз шығарылған сот актілеріне келтірген наразылығы алдын ала белгіленген заңИ күшке ие емес, олар тек жоғары тұрған соттың төменгі тұрған согтың заңсыз актілерін жою немесе өзгерту туралы сұрақта ұсыныстык сипатқа ие болады, сол арқылы сот актілерінің заңдылығын қамтамасыз етуге үлес қосады. Осы тұрғыдағы сот пен прокуратураның қарым-қатынасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау бағытындағы қарым-қатынастың ерекше формасын білдіреді. Сотта мемлекет мүддесін білдіру, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот процестеріндегі прокурордың белсенді де кәсіби қатысуы сот әділдігін қамтамасыз етудің бірден бір кепілі болып табылады.

Мемлекеттік органдар жүйесінде Президент жоғарғы орынға ие. Конституция оны мемлекеттік билік пен халықтың бірлігінің, тұтастығының кепілі және нышаны, Конституцияның және адам құқығы мен бостандығының мызғымастығының кепілі ретінде анықтап береді. Президенттің мәртебесі ең алдымен халықпен сайлануымен анықталады. Сонымен бірге ол мемлекет басшысы және ең жоғарғы лауазымды тұлға болып табылады. Бұл халық пен мемлекеттік биліктің біртұтастығын білдіреді. Халықпен сайланатын жоғарғы өкілді орган Парламент. Мемлекеттік билік жүйесінде ол заң шығару қызметін жүзеге асырады. Дәл осы себептерге байланысты мемлекет пен халықтың мүддесін өздерінің конституциялық өкілеттігіне сай тек Президент пен Парламент білдіре алады. Ал Үкімет пен өзге органдар өз өкілеттігі шегінде тек мемлекеттің мүддесін білдіре алады. Бұл оларда халық мандатының жоқ болуына байланысты түсіндіріледі.

Прокуратура Президенттің қатысуымен құрылады және оған есеп береді. Бас Прокурордың наразылығымен Конституцияға қайшы келетін Үкіметттің немесе өзге орталық атқарушы органның қаулылары мен актілерін Президент күшін жоюы мүмкін. Осы тұрғыда заң әдебиеттерінде прокуратураны Президенттің өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін арналған құрал ретінде қарастырады. Бірақ, біздің ойымызша прокуратураны тек Президенттің кепілдендірілген функцияларын жүзеге асырушы орган ретінде ғана қарастыруға болмайды, себебі ондай жағдайда прокуратура тек Президенттің нұсқауларымен жұмыс істеген болар еді, прокуратура қызметінің тәуелсіздік принципі туралы сөз болмас еді. Республика Президенті прокуратура органдарына қатысты:

1) Парламент Сенатының келісімімен Республиканың Бас Прокурорын бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады;

2) Бас Прокурордың ұсынысы бойынша Республика Бас Прокурорының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) әр тоқсанда кемінде бір рет Бас Прокурордың елдегі заңдылықтың жай-күйі туралы есебін тыңдайды;

Прокуратураның Президентке есеп беруі оған бағыныстылығын білдірмейді. Прокуратура өз функцияларын жүзеге асыру үшін Президентпен белсенді жұмыс атқарады, бірақ ол өз қызметін атқару барысында өзге де мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс атқарады.

Сондықтан да, прокуратураны Президентке есеп беретін, қызметі барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың заңдылықты сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған, тәуелсіз және орталықтандырылған орган ретінде қарастырған жөн.

Прокуратураның мемлекеттік билік органдар арасындағы орны мен рөлін бөліп қарастыру бүгінгі күнде актуалды болып отыр, мемлекетте қылмыс пен құқық бұзушылықтар күнделікті өсіп отыр, оның криминогендік сипаты нашарлауда, сыбайлас жемқорлықпен ұштасып отырған қылмыстар көбеюде, құқықтық нигилизм өсуде, қоғамдық қатынастардың барлығында азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сақтала бермейді, азаматтардың құқыққорғау органдарына сенімсіздігі арта түсуде. Осының бәрі прокуратура органдарының орны мен оның қызметін қарастыруға септігін тигізді Осы тұста прокуратураның қызметін Әділет министрлігіне беру немесе оның соңғысына бағыныстылығы туралы даулар туып жүр. Прокуратура Үкіметтің құрамына кіретін Әділет министрлігіне бағыстылықта бола алмайды, себебі бұл министрлікте әртүрлі бағыттағы қызмет аялары пайда болушы еді, жаңа ведомствода прокуратура өзінің заңдылықты қамтамассыз ету функциясынан айырылады, сондай-ақ сот процесінде үкіметтің емес, мемлекеттің мүддесін білдіретін орган атқарушы биліктің құрамына кіре алмайды. Прокуратурада тек Қылмыстық қудалау функциясын қалдырып, оны Әділет министрлігіне бағынысты етуге нақты негіздер жоқ және бұл ой тек практиктер ғана емес, ғалымдар тұрғысынан да сынға алынып отыр.

Прокуратура - қызметі заң бұзушылықты анықтап, оны жоюға бағытталған, Конституция мен заңдардың, өзге де нормативтік актілердің құқық субъектілерінің барлығымен, олардың мемлекеттік билік органдарындағы орны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, дәлме дәл, әрі біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды жүргізетін жалғыз мемлекеттік орган. Прокуратура заңдылықты және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ете отырып, барлық мемлекеттік органдармен тығыз қарымқатынаста болады. Мұнда қадағалау актілерінің адресаттары, яғни заңсыз акті шығарған орган немесе одан жоғары тұрған органдарды атап кеткеніміз жөн. Прокуратура өзінің қадағалау актілерін Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы және өкілді органдар, соттарға жібере алады.

Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамассыз ету - қызметіндегі негізгі бағыт болатын органдар тек сот немесе прокуратура ғана емес, сондай-ақ ішкі істер қызметінің органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары және тағы басқалары. Бұл органдардың көбі өз функциясын құқықбұзушылық анықталған, яғни фактінің орны болған кезде ғана жүзеге асырады, олардың қызметі бұзылған құқықты қалпына келтіру емес, құқық бұзушыны ұстау мен оны сотқа беру болып отыр.

Атақты орыс ғалымы В. Е. Чиркин мемлекеттік биліктегі ерекше тармақ ретінде қадағалаушы билік, яғни прокуратураны, сондай-ақ Конституциялық Кеңесті қарастырады. Өз ұстанымын ол келесідей негіздейді: біріншіден, аталған органдар басқа билік тармақтарынан дербес, өз қызметін тәуелсіз жүзеге асырады; екіншіден, бұл органдар өз қызметінде тек тексеру мен тергеу, істі зерттеумен шұғылданады және басқа органдардың шаруашылық қызметіне араласпайды.

Прокуратурамен бірге, бірде бір билік тамағына кірмейтін органдар қатарындағы Конституциялық Кеңесті қарастырып кеткеніміз жөн. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 1бабына сәйкес, Конституциялық Кеңес мемлекеттік орган ретінде Республиканың бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етеді және өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде дербес және мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсіз, республика Конституциясына ғана бағынады әрі саяси және өзге себептерді негізге ала алмайды; республика Конституциясы мен аталған Конституциялық заңды басшылыққа ала отырып, соттардың немесе басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын барлық жағдайларда өзге мәселелерді анықтау мен зерттеуге бармай-ақ, өз өкілеттігін жүзеге асырады. Заңға сәйкес, Конституциялық Кеңестің құзыретіне дау туған жағдайда республика Президенті сайлауының; Парламент депутаттары сайлауының; республикалық референдумның дұрыс өткізілгендігі туралы мәселені шешу кіреді. Сондай-ақ, Парламент қабылдаған заңдардың Президент қол қойғанға дейін; Парламент және оның Палаталары қабылдаған қаулылардың; республиканың халықаралық шарттарының олар ратификацияланғанға дейін Конституцияға сәйкестігін қарайды, Конституция нормаларына ресми түсіндірме, Парламент тиісінше республика Президентін мерзімінен бұрын қызметінен босату туралы шешім, Республика Президентін қызметінен кетіру туралы түпкілікті шешім қабылдағанға дейін - белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталуы туралы қорытынды береді.

Конституциялық Кеңес, егер сот қолданылуға жататын заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп қараса, соттардың актіні конституциялық емес деп тану туралы өтініштерін қарайды; конституциялық іс жүргізу практикасын қорыту нәтижелері бойынша жыл сайын Парламентке Республикадағы конституциялық заңдылықтың жайы туралы жолдау жібереді. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар болып өтініштері бойынша

конституциялық іс қозғалып отырған келесі адамдар мен органдар танылады: 1) Республика Президенті; 2) Парламент Сенатының Төрағасы; 3) Парламент Мәжілісінің Төрағасы; 4) өздерінің жалпы санының кемінде бестен бірі болатын Парламент депутаттары; 5) Премьер-Министрі; 6) Республика соттары; 7) актілерінің конституциялылығы тексерілетін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар.

Осы орайда Бас прокурордың Конституциялық Кеңеске өтініш жасау құқығының болмауы логикаға бағынбайды, себебі прокуратура мемлекеттегі Конституция мен заңдардың дәл бірыңғай қолданылуына жоғарғы кадағалауды жүргізетін жалғыз орган болып табылады емес пе, прокурорлық қадағалау билік тармақтарының барлығы мен барлық мемлекеттік органдарға тарайды.

Бұл сұрақта Қазақстан Республикасы Бас прокурорына Конституциялық Кеңеске республикалық референдумда қабылданған заңдар, Бас Прокурордың наразылығы келтірілген және ол қаралмай тасталған Президент пен Парламенттің қабылдаған заңдарының Конституцияға сәйкессіздігі туралы өтініш жасау құқығын беру керек, оны Конституция мен өзге де заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асыру қажет деген отандық заңгерлердің позициясын қолдаймыз.

Мемлекеттік биліктің бірде бір тармағына кірмейтін тағы да бір орган бұл «қаржы полициясы» деп аталып жүрген Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі - ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша салааралық үйлестіруді әрі өзге де арнайы атқарушы және рұқсат беруші функцияларды жүзеге асырушы мемлекеттік орган.

Агенттіктің заңнамамен белгіленген негізгі функциялары келесідей: 1) мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функцияларды жүзеге асыру, оның ішінде: қаржы полициясы органдары қызметінің басым бағыттарын, оларды іске асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық тетіктерін анықтау, заңмен белгіленген өз өкілеттіліктері шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдау, экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес нысандары мен әдістерін жетілдіреді, жедел-iздестiру қызметінің стратегиясы мен тактикасын айқындайды; 2) мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін функцияларды жүзеге асыру, оның ішінде каржы полициясының органдары, оқу орындары және өзге де ведомствоға бағынысты мекемелер қызметінің негізгі бағыттары бойынша олардың қызметіне басшылықты, оны үйлестіруді және іс-қимылдардың келісімділігін қамтамасыз ететін функцияларды, оларға практикалық, әдістемелік көмек көрсету, өз құзыретінің мәселелері бойынша жалпы республикалық, өңірлік жедел-iздестiру мен алдын алу іс-шараларын үйлестіруді және жүргізуді, қолда бар күш пен құралдарды пайдалану жөнінде оңтайлы шешімдер тұжырымдауды, қаржы полициясының аумақтық органдары мен оқу орындарына практикалық және әдістемелік көмек көрсетуді, оң жұмыс тәжірибесін қорыту мен таратуды жүзеге асыру, қаржы полициясы органдары қызметінің тнімділігін арттыру жөнінде шаралар тұжырымдайды және іске асырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алдын ала тергеу органдары
«Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары» пәнінен дәрістер
Прокурорлық қадағалау жайлы
Қазақстан Республикасы Прокуратурасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ОҚУ ПӘНІНІҢ МӘНІ МЕН ЖҮЙЕСІ
Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ҚР-ның құқық қорғау органдары
Прокуратура органдарының құрылымы
ҚР прокуратура органдарының конституциялық құқық негіздері
Билікті бөлу қағидасын жүзеге асыру
Сот билігі органдарының бақылау өкілеттіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz