МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

1. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. Мемлекеттің пайда болуы, негізгі белгілері, қалыптасуы

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір- бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процесінің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс- б. з. д. 1015 мыңжылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылык жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбек өнімділігін арттырып, қоғамның шығысынан кірісін асырды.

Қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. 5-4 мыңжылдықтарды сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды. Мемлекет пен құқық тарихы туынды - қоғамның антогонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.

Құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары:

- қосымша өнімнің пайда болуы;

- жеке меншіктің қалыптасуы;

- таптар мен топтардың арасында күрестің басталуы, қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі.

Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрлыс тапқа бөлінуін туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда үкіметтің күш- қуатына сүйенетін басқару жүйесі. Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб елдерінде) мемлекеттің қалыптасуы басым түрде қоғамдық меншікті қорғауға байланысты. Себебі бұл елдерде алғашқы қоғам ыдырау кезінде күрделі құрылыстар болды: ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер қалыптастыру, құрғақшылықпен күресу. Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық мемлеекттік меншік қалыптасты. Сол меншіктіңиеліктері: чиновниктер, ру, тайпалар басшылары, король императорлар болды. Король - императорлар жердегі құдай дәрежесінде болды. Сөйтіп, бұл елдерде көбінесе мемлекеттік деспотизм орнады. Бұл елдердің экономикасы, әлеуметтік жағдайы, демократия өте бәсең дамыды. Мемлекеттік биліктің, қоғамдық меншіктің басында- абсолютті монарх болды, одан төменгі- екінші дәрежедегі билік уәзір министрлердің қолында, одан төменгі билікчиновниктерде болды. Осы сатылық биліктер бәрі бірігіп қалың бұқараны қанауда болды. Қоғамдық меншікпен қатар жеке меншік те дамыды. Шығыс типті (Азия типті) мемлекеттер кейінгі ғасырларда шығыс Еуропа, Африка, Оңтүстік Америка елдерінде де қалыптасты. Сонымен, Азия типті мемлекеттердің қалыптасу себептері:

- ірі ирригациялық жүйелерді жасау;

- оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру; барлық жұмысты бір орталықтан басқару.

Мемлекеттік басқару аппараты бұрынғы ру - тайпаны басқаратын аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп, әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, ХІХ - ХХ ғасырларға дейін көп өзгермей сақталып келді (Қытай, Иран т. б. )

Еуропалық елдерде - мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты. Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде - мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе демократиялық жүйедегі сияс бірлестік болып қалыптасты. Мұнда құлдардың саны жергілікті халық санынан бірнеше есе көп болып, жаңа мемлекеттік басқару аппараты құрылды. Жергілікті халықтың арасында қайшылыққа жол бермеу саясаты қалыптасты. Республикада қатаң заңдылық, құқықтық тәртіп орнады.

Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Мұнда құл иелену көп дамымады. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Рим империясының біраз жерін Германия өзіне қаратып, феодалдық мемлекеллің дамуын тездетті. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда, Азияда, Орта азия елдерінде қалыптасты.

Мемлекеттің алғашқы қоғамдағы биліктен айырмашылығы:

1. Халықты туысқандығына қарамай, территориясына сәйкес біріктіру. Билікті осы территорияда жүргізу;

2. Қоғамдыдағы басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы. Бұл аппарат үстем таптың, топтың мүдде - мақсаттарын орындау үшін калыптасты;

3. Салалық жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті басқаратын апаратта қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін салық қалыптасты.

Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:

- қоғамды басқаруды жақсарту, дамыту;

- қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады;

- жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;

- қалың бұқаранып, қаналушы таптың үстем тапқа топқа қарсы іс - әрекеттерін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;

- қоғамды, экономиканы дамыту үшін әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды;

- қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.

Мемлекеттің негізгі белгілері:

1) Басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесінің болуы (әскер, полиция, сот, т. б. ) Қоғамдық өмірдің дамып, күрделене түсуіне байланысты мемлекттің механизмі де күрделене түседі;

2) Үстем таптың мүдделері мен максаттарына сәйкес қоғамдық қарым - қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.

Мемлекеттің билік жүргізетін белгілі территориясының болуы, халықты руына қарай емес, жеріне сәйкес бөлу. Аймақтық ұйым ретінде мемлекет сол көлемде белгілі бір ұлттың, ұлттық мемлекеттің қалыптасу процесіне әсер етті. Дамыған қоғамда мемлекеттік органдармен қатар әр түрлі партиялар, одақтар, бірлестіктер т. б., бұлардың жиынтығы қоғамның жалпы саяси ұйымын құрайды. Таптық қоғамдағы басқа саяси институттардан мемлекеттің ерекшелігі қоғамдағы жоғарғы үкімет билігіне (тәуелсіз - суверендік құкықка) иелігі. Мемлекеттік үкімет билігінің күші сол елдегі бүкіл халықты және барлық қоғамдық ұйымдарды қамтиды.

Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан айырмашылық белгілері:

- мемлекет қоғамдық көлемде бірден - бір билік жүргізетін ұйым;

- басқа бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана барлық қоғамға күші бар нормативті актілерді қабылдай алады;

- мемлекет қоғамдағы барлық құқықтық нормалардың дұрыс, уақытында орындалуын, іске асуын қадағалап, заңдылықты, тәртіпті бақылып отырады;

- мемлекеттің ішкі және сыртқы істеріндегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі.

Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс - әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде - мақсатты орындауға жұмсайды. Қазіргі уақытта мемлекеттің пайда болуы туралы келесідегідей теориялар қалыптасқан:

1. Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т. б;

2. Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде - мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірті - бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылыр орта, жаңа ғасырларда пайда болды (Фильмер, Михайловский т. б) ;

3. Органикалық теория - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б. з. д. IV -III ғ) . Бірақ теория толық түрде XIX 1ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г. Спенсер, Вормс, Прейс т. б. ХІХ ғасырдағы ғылымның жтістіктеріне сүйене отырып, бұл теория - адам қоғамында табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі - адамның басы-миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсіндіреді;

4. Табиғи құқықтық теория - XVI-XVIII ғасырларда қалыптасқан теория. Өкілдері: Г. Гроцский, Т. Гоббс, Д. Локк, Ж. ЖРуссо, Б. Спиноза, А. И. Радищев т. б. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады ( бостандық, теңдік, еңбек жасау т. б. ) . Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды. Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың арақатынасында қайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап, мемлекетті құрады. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді;

5. Психологиялық терия - ХІХ ғасырда бұл теорияны уағыздаған: Ч. Тард, Л. И. Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл териия адамдардың психологиялық біріккен көзкарасы. іс - әрекеті, мінезі, тәртібі - бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді;

6. Күштеу теориясы - ХІХ ғасырда қалыптасқан пікір. Өкілдері: К. - Каутский, е. Дюринг т. б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз ру, тайпаларды күштеп, зорлық, озбырлық жасап, өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады;

7. Материалистік теория - мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, сбептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама - қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде - мақсатты қорғауы.

Басқару іліміне антика дәуірінде де белгілі жетістіктер енгізілген болатын. Б. з. дейінгі 400 жылы грек ғалымы Сократ басқару әмбебаптылығы қағидаларын қалыптастырған. Онымен бір мезгілде өмір сүрген персия падишахы Кир адамдардың бірігіп әрекеттенулерінің себебін, басқару мәселелерін, арнайы зерттеу қажеттілігі жөніндегі идеяны алға қойды және басқару ақпараттарын өңдеу, жоспар жасау мәселелерін қарастырды, сондай - ақ мемлекетте еңбектену әрекеттерін орындау тәсілдерін зерделеумен айналысқан болатын. О Біздің эрамызға дейінгі 325 жылы Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) алғашқы рет әскери соғыс қимылдарын басқару орталығы ретінде штаб құрған еді. 1911 жылы американдық инженер Тейлор Ф. «Ғылыми басқарудың принциптері» атты кітабы жарық көрді. 1920 жылы Гастев А. К. Басқаруды жетілдіру жөніндегі концепцияларды алға қойды. Басқару іліміне айтарлықтай үлес қосқан басқару мектебінің классиктері ретінде Тейлор, Гильберт - Файоль, және басқаларды атауға болады. Бұл оқымысты басқарушылардың алға қойған мақсаты басқарудың әмбебап қағидаларын құру болып табылады. Француз ғалымы Анри Файоль 1923 жылы: «басқару дегеніміз болжамдау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестіру, бақылау» деп айтқан болатын, сондай -ақ басқарудың 14 қағидаларын дайындаған:

1. еңбекті бөлу;

2. өкілеттілік және жауапкершілік;

3. төртіл;

4. орталықтандыру;

5. қызметкерлерді марапаттау;

6. жеке адамның мүддесінің қоғам мүддесіне бағыныштылығы;

7. бірыңғай мақсатта болу;

8. дара басшылық;

9. лауазымды адамдардың дәреже - деңгейі;

10. әділеттілік;

11. қызметкерлер үшін тұрақты жұмыс орнының болуы;

12. бірлесу;

13. ретке келтіру;

14. бастамашылық.

Мемлекеттік басқару процесін құрылым тұрғысынан алып қарасақ, онда басқару субъектілері мына келесідегідей негізгі сатыларды белгілі бір бір тәртіппен жүзеге асырады:

1. Басқарудың бастапқы сатысында басқару органдарының жүйесінің атқаратын қызметтері ұйымдастырылады және басқару субъектілері мен объектілерінің мәртебелері алдын- ала белгіленеді.

2. Бұл сатыда шешімдердің, белгіленген ережелер мен нормативтердің орындалуы оларға түзетулер жүргізілуі және тікелей жарлық ету жүзеге асырылады.

3. Басқару жүйесінің қызмет атқаруын тексеру және кадағалау.

Мемлекеттік басқарудың функцияларына тоқталсақ, бұл жөнінде пікірталастар өте көп. Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша, олардың ішінде Афанасьев В. Г., Козлов Ю. М., Бачило И. Л., көбінесе басқару процесіне тән функцияларды бірқатар жағдайларда лауазымды адамдар мен нақты басқару органдары атқаратын функцияларымен шатастырады. Басқару функциялары негізгі және қосалқы функциялар болып топтастырылады. Негізгі функциялар мемлекеттік басқарудың мәні, маңызымен тығыз байланысқан басқарушы қызметтің түрлері болып табылады және олар тиісті объектілерге мақсатты, бағдарлы түрдегі басқарушы ықпал етуді жүзеге асырады. Негізгі функциялар жалпы және мамандандырылғанг болып екіге бөлінеді. Жалпы функциялар объективті түрде қандай- да болмасын басқару процесінде болады. Жалпы функцияларсыз басқару процесі жүргізілмейтіні белгілі. Осы функцияларға мыналар жатады:

1) жоспарлау;

2) ұйымдастыру;

3) басқару; басшылық ету;

4) жарлық беру;

5) бакылау.

Ал мамандандырылған функциялар объектінің өзіне тән айрықша ерекшеліктерін және оған ықпал ететін басқарушы қызметті көрсетеді. Басқарудың қосалқы функциясы жалпы және мамандандырылған функциялар шегінен шықпай басқару процесіне қызмет етуге арналған. Мысалы: іс жүргізу, заңды кеңес беру, шаруашылық қызмет көрсету, т. б.

Басқару функциялары іс жүзінде басқару органдарының тиісті ісқимылдарына жүргізіледі. Басқару функцияларына байланысты басқару теориясы басқарушы ықпал жасау әдістерін алға шығарады. Мемлекеттік басқару процесінде бұл әдістер мемлекет атынан, оның тапсырмасы мен мүддесін көздей отырып пайдаланылады.

Бұл әдістерден мемлекеттік басқару органдарының мемлееттік- өктем өкілеттіктері көрініс табады. Мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен функциялары өзара шарттас. Мемлекеттік басқару функциялары мемлекеттің қоғамдық функцияларымен тығыз байланысты және олар мемлекеттің қоғамдық функцияларының жүзеге асу жолдарын көрсетеді. Егер мемлекеттің қоғамдық функциялары мемлекеттің қоғамдық табиғаты мен оның ролі педе екенін ашып берсе, мемлекеттік басқару функциялары оның қалай және қандай жолдармен іске асатындығын көрсетеді. Мемлекеттік басқару функциялары басқарудың тұтас субъектісі ретінде мемлекеттің өзара байланыстарын сипаттайды және ашып береді. Мемлекеттік басқару функциялары:

- ішкі функциялар, бұл мемлекеттік басқарушы жүйенің ішіндегі басқаруды білдіретін функция. Олардың болуы мемлекеттің көпдеңгейлілігімен, түрлі компоненттілігімен байланысты. Басқарудың бұл функциясының мақсатты бағдарлануы әрбір мемлекеттік органға динамикалылық пен заңдылықты берумен байланысты;

- сыртқы функциялар бұл мемлекеттік органдардың қоғамдық процестерге ықпал ету процесі.

- жалпы функциялар ішкі және сыртқы), бұлар мемлекеттік басқарудың негізгі обьективті қажетті өзара байланыстарын білдіреді. Жалпы функциялар ішінде түрлі функцияларды бөліп көрсетуге болады. Р. М. Фалмер жоспарлау, ұйымдастыру, орындау, бақылау туралы жазады". К. Киллен жоспарлау, ұйымдастыру, жетекшілік, ынталандыру, бақылауды бөледі'; Г. Кунц, С. 0 Доннел - жоспарлау, ұйымдастыру, жетекшілік пен лидерлікті көрсетеді”. Әрекеттердің тізбектілігі мен сипаты бойынша басқарудың жалпы функцияларына келесілерді енгізуге болады: ұйымдастыру, жоспарлау, реттеу, кадрлық қамтамасыз ету мен бақылау. мемлекеттік басқарудың арнайы функциялары жеке ықпалдың ерекше мазмұнын білдіреді. Ол басқаруда өзара әрекеттесуші компоненттердің көп түрлілігімен шарттас. Олар әдетте жеке салаларда, сфераларда, мемлекеттік басқарудың бөліктерінде іске асырылады. Арнайы функциялар басқарылатын объектілердің түрлері бойынша бөлуге болады. Мысалы: қаржыландыру, инвестициялау, лицензиялау, еңбек пен жалақыны реттеу тб. р.

Мемлекеттік басқарудың нақты әдістері екі топқа бөлінеді:

- экономикадан тыс ықпал ету әдістері, яғни басқарылушы объектілерге

міндетті шешімдерді қабылдау арқылы басқару функциясын іске асыру;

- экономикалық ықпал жасау әдістері- бақылаушы объектілердің материалдық жағдайларына тиісті мөлшерде әсер ету арқылы басқару функциясын жүзеге асыру.

Мемлекеттік басқару, оның функциялары мен әдістері өздерінің объектісі ретінде адамдардың іс-қимылдары мен тәртіптерін білдіреді. Осыған байланысты басқарушы қатынастарда тұрақты қатысатын мына ұйымдық - қуқықтық категорияларды бөліп шығаруға болады:

1) адамдардың әртүрлі ұжымдары;

2) өндірістік- техникалық және басқа да кешендер - бірлестіктер кәсіпорындар т. б.

3) мемлекеттік басқару салалары;

4) мемлекеттік басқару аялары;

5) мемлекеттік басқару облыстары.

Мемлекеттік басқару функциялары мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, сондай- ақ азаматтарға байланысты жүзеге асырылады Осыған орай басқарушы сипаттағы қоғамдық қатынастарға әсер ететін жалпы механизм ішінен мына қызметтерді бөліп көрсетуге болады:

1) мемлекеттік заңды тұлғаларға басшылық ету жөніндегі қызмет;

2) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жұмыстарын мемлекеттік реттеу және олармен байланыстарды дамыту жөніндегі қызмет;

3) азаматтардың заңды мүдделері мен мұқтаждықтарын қанағаттандыру және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызмет.

Мемлекеттік заңды тұлғалар тұрғысында орталықтандырылған басшылық және тікелей басқару жүзеге асырылады. Орталықтандырылған басшылық тікелей емес өзара қатынастар туындатады. Бұл жерде басшылық ортадағы звенолар арқылы жүргізіледі. Ал тікелей басқару кезінде басқару органы заңды тұлғалар - басқарушылармен тығыз, тікелей байланыста болады.

Сонымен әлеуметтік басқару қандай да болмасын қоғам өміріне қажетті элемент болып табылады. Басқарудың осы түрінің мән- маңызы - әртүрлі - әлеуметтік бірлестіктердегі адамдарға мақсатты және ұйымдастырылған түрде ықпал ету. Әлеуметтік басқаруды мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады және осы басқарушы қызметтер ерік беру сипатында болады. Әрбір нақты басқарушы қызметінен, қатынастардан басқару субъектілер мен объектілерін айыра білу қажет.

Мемлекеттік басқару әлеуметтік басқарудың бір түрі болып табылады. Сондықтан оған толық сипаттама беру үшін оны әр тұрғыдан қарастыру қажет.

1) мемлекеттік басқарудың басқа мемлекеттік қызметтермен арақатынасы;

2) мемлекеттің басқарудың қоғам дамуындағы тарихи орны;

3) мемлекеттік басқару белгілі бір қызмет процесінің мәні. Мемлекеттік басқару мемлекеттік қызмет түрлеріне бөлінеді. Осы әртүрлі мемлекеттік қызмет түрлері арқылы мемлекеттің барлық міндеттері мен функциялары жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметтер ұйымдастырылуы және басқа да белгілері бойынша бөлінеді:

а) жүзеге асыру кезінде атқаратын рөлдеріне байланысты;

б) жүзеге асыратын органдары бойынша;

с) жүзеге асыру әдістері мен нысандарына байланысты;

д) қызметтің ауқымы бойынша.

Мемлекеттік басқару осы қызметтердің бір түрі болып табылады және тек арнайы мамандандырылған басқару аппараты арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік басқарудың саяси мағынасы бар. Бұл жерде барлық мемлекеттік қызмет мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам ммемлекет атынан қызмет атқарады және оларға басқаруға қажетті белгілі бір өкілеттіліктер берілген, сондай- ақ оның қызметі мемлекет тарапынан қорғаныс, қолдау табады. Мемлекеттік басқаруды саяси- әлеуметтік тұрғыдан алып қарасық, онда оны барлық мемлекеттік механизмнің қызметі, сондай- ақ оның бөлек алғандағы буындарының қызметі деп түсінеміз. Мемлекеттік басқару жоғары тұрған үкімет билігі орындарының бұйрықтарының негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан басқару қызметі атқару күйінде болады. Атқару билігіне ие болу үшін мемлекеттік күші бар жарлық беру қажет болады. Жарлық берудің басты элементі өкілетті мемлекеттік басқару органдарының нормативті актілер қабылдауы болып табылады. Демек, мемлекеттік басқарудың екі жағы- атқару және жарлық беру тығыз байланыста болады.

Басқару қызметі басқару принциптерін басшылыққа ала отырып, жүзеге асады. Басқару принциптері әлеуметтік- саяси және ұйымдастырушы болып бөлінеді. Әлеуметтік- саяси принциптер: заңдылық, жоспарлылық, нормативтілік, халықтың талап-тілегін есепке алу, бұқаралық және жариялылық. Ұйымдастырушы принциптер:

1. Құзыреттерді (басқарушылардың өкілеттіктері мен қызмет бағыттарын) белгілеу және бөлу принциптері;

2. Басқарудағы салалық, салааралық және аумақтық мүдделердің есепке алынуы;

3. Басқарушылардың құзыреттері шегіндегі жауапкершілік;

4. Алқалық басқаруды жеке дара басқарумен салыстыру және алқалық басқаруды, үстемдігін есепке алу;

5. Тікелей және жан- жақты басқару.

Лазарев Б. М. мемлекеттік басқарудың төмендегі белгілерін атап көрсеткен:

- Мемлекеттік басқару заңға сәйкес сипатта болады және осы заңдар негізінде нормативтік актілер шығарумен қатар нормативтік емес те басқару актілерін қабылдайды;

- Мемлекеттік басқару атқару- жарлық беру сипатында болады. Мемлекеттік басқарудың атқару жағы заңдарды өмірде жүзеге асыру болып табылады. Бірақ көп жағдайда бұл атқару қызметі жарлық беру қызметіне де (яғни мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік мәжбүр ету шараларымен қорғалатын өктем актілерді шығару кезінде) айналады;

- Мемлекеттік басқару өзінің негізіне сай саяси сипатта болады.

Атқару билігі органдарының функциялары-заңдарды атқару (орындалу) және олардың атқарылуын қарап отыру. Атқару билігі органдары өз ұйғарымдары бойынша шешім қабылдауға және құқық қолдану нормативтікқұкықтық актілері мен нормативтік емес актілер шығаруға құқылы. Д. М. Овсянко атқару билігі органдарының мына төмендегідей негізгі бағыттарын атап көрсеткен:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару ғылымының пәні мен әдістері
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Менеджмент теориясы
Маркетинг тұжырымдамаларының эволюциясы
Экономикалық ілім пәні мен әдістері
Экономикалық ілімдер тарихы
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Әлеуметтік қызметкер және отбасы
Саясаттанудың заңдары мен принциптері
Жер ресурстары – ел байлығының негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz