Әзербайжан-қазақ қатынасының мәні



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Әзербайжан-қазақ қатынасының мәні тереңде жатыр

Әзербайжан-қазақ қатынасының мәні тереңде жатыр .ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басында мұнай кәсіпшіліктерінің арқысында байыған әзірбайжан байлары (татар байлары сияқты) Ресей империясы құрамындағы түркі халықтарының көпшілігіне жәрдем жасаған
Осыдан 1000 жыл шамасы бұрын Қазақстан аумағынан (дұрысы Сырдария бойынан) шыққан оғыз тайпалары Алдыңғы Азияға қарай жылжи бастайды, бір тобы Анадолыға кетсе, тағы бір тобы қазіргі Ирак, Сирия, Иран жерлеріне тоқтады, ал келесі бір тобы Кавказ жерінде тұрақтады. Орталық Азияда қалғаны бір төбе, әрине, бұған түркімендерді айтуға болады.
Жалпы, оғыз тектес халықтарға түріктерді, әзірбайжандарды, түркімендерді, туркомандарды, гаджалдарды, гагауыздарды, саларларды, қашқайлықтар мен қараманлыларды, сондай-ақ, қырым татарларының бір бөлігін жатқызады. Көптеген өзге де шағын этникалық топтар бар, бірақ оларды мысалы, месхеттік түріктер мен Кипр түріктерін түрік халқының құрамына қосқан сияқты, қаджарлар мен афшарларды, айналлу мен қарапапахылыларды әзірбайжан халқының суэтникалық тобы деп бағалауға болатын болса, юрюктердің де аталған топ (оғыз тілдері тобы) құрамына кіретіні түсінікті.
Ал, жалпы бүгінгі біздің тақырыбымыз әзірбайжан-қазақ халықтарының байланысына қатысты болмақ. Аталған халықтардың (оғыз халықтарының) ішінде Түркия мен Әзірбайжан және Түркіменстан ғана тәуелсіз мемлекеттер, қалғандары әртүрлі автономия болғанмен, көпшілігінің мемлекеттік бірлестігі жоқ. Мысалы, Иран аймағындағы әзірбайжандар саны парсылардан кейін екінші орын алатын болса, туркомандардың Ирак пен Сирияда үшінші этникалық тобы болғанына қарамастан, араб шовинизмі мәдениеті мен тілін дамытуға оларға еш мүмкіндік берер емес. Қазақ және әзірбайжан байрақтары
Осы тізім ішіндегі әзірбайжандар мен қазақ байланысына тоқтайтын болсақ, Сефевидер әулеті болсын, оған дейінгі және кейінгі Исмаил шаһ немесе Нәдір шаһ болсын, олардың заманындағы қызылбастармен қазақтардың соғысып жүргенін де көреміз. Мысалы, Қобыланды батыр жырында қызылбастармен соғыс жайында айтылады, бәлкім бұл соғыстар Кавказдағы Темір қақпада (Дербант) немесе Орта Азияда болды ма екен?
Қай жағынан алсақ та біздің көрші болғанымыз белгілі, әрине, ата-бабаларымыз темір таяғы тебендей, темір етігі теңгедей болып өзге елге өткені де белгілі. Дегенмен, Нәдір шаһ сияқты Иран шаһтарының тегі әзірбайжандық еді, дұрысы қызылбас. Тағы бір тоқтала кететін жағдай, әзірбайжан текті түркі әулеттері көп жағдайда Иранды билеп келгені тағы бар.
1740 жылдары шамасында Нәдір шаһ Орта Азияға қауіп төндіргенін де білеміз. Тағы бір қызықты деректі айта кетейін, қазіргі күні қызылбас атауы Ауғастанды мекен ететін қызылбас атты этникалық топқа (ұлтқа) ғана телініп жүр, сол қызылбастардың руларының бірінің атауы - қазақлы (қазақлу) екен.
Енді нақты тақырыбымыз бойынша айта кетсек. Біріншіден, біздің Қорқытымыз бен әзірбайжанның Dәdә Qorqud - жалпы түркі халықтарына ортақ тұлға, айтқандай Қазақстанда Қорқыт ата кешені болатын болса (Совет Одағы кезінде Қызыордада осындай кешенді тұрғызудың өзін үлкен ерлік деп санаймын), Қорқыт ата кешені Әзірбайжан мен Түркияда да бар. Айтқандай, Қорқыт ата ескерткіші Брюссельде де тұр екен.
Екіншіден, Көроғлы туралы әфсана түркі халықтарының көпшілігінде, оның ішінде қазақ пен әзірбайжан халықтарында да кездеседі. Дәулеткерейдің Көроғлы күйі - қазақ күйлерінің ішіндегі бірегейі және тамаша күйлердің бірі. Үшіншіден, тағы бір қызығы, Әзірбайжанда Қазақ ауданы болатын болса, біздің өз атауымыз қазақ екені баршаға аян.
Айтқандай, Әзірбайжанның Қазақ ауданында қазақ кілемі мен қазақ аты деген де ұғым бар, әрине олардың жергілікті деңгейдегі атаулары болуы мүмкін, дегенмен Борчалы әзірбайжандары кезінде Гүржістанда қалған Дәшті Қыпшақ жұртының жұрнағы деседі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекетаралық экономикалық және саяси ынтымақтастық моделін іздестіру
Қазақстанның тәуелсіздігі Түркияның қоғамдық пікірінде
Есімдіктер
Мухаммед Насыреддин Әт-Туси ғылым-тәлім тур алы (1201-1274)
ТҮРКІЛЕРДІҢ ЭТНОДИДАКТИКАЛЫҚ ДҮНИЕБЕЙНЕСІНІҢ ҰЛТТЫҚ КОДЫ
ӨЗБЕКІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМ БЕРУ
Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында саяси қатынастардың даму тенденциясы
ТРАСЕКА бағыты арқылы жүзеге асқан Қазақстан - Әзірбайжан арасындағы халықаралық тасымал көлемі
Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ – түрік әдеби-мәдени байланыстары
Тілдік жағдаяттың бірнеше типологиялық түрі
Пәндер