Азаматтық құқық және заңды тұлға


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Құқық негіздерін оқуға кірісерден алдын, əлеуметтік қатынастарды тек құқықтың ғана реттемейтіндігін есте ұстау қажет. Бір қоғамды өмір сүретін адамдар өзін-өзі ұстаудың əралуан ережелеріне мысалы, əдет-ғұрып, мораль нормалары, діни жəне корпоративтік нормаларға бағынады.

Бүгінде рөлі артып келе жатқан діни нормаларға рухани ұстанымдар арқылы қоғамдық қатынастарды реттестіру міндеті жүктелуде. Адам Алланың еркін яғни, басқалай айтқанда, өсиеттерді өзін-өзі ұстаудың ережесі ретінде қабылдайды жəне Алланы осы өсиеттердің бекітушісі ретінде мойындайды.

Құқық адам қоғамының дамуының белгілі бір сатысында мемлекетпен бірге пайда болады. «Құқық» ұғымының екі мағынасы бар.

Біріншісі, субъективті мағынасы субъектінің (тұлғаның жəне тұлға- лартобының) бостандығына жəне өзін-өзі ұстаудың шегіне байланысты болады. Мысалы, білім алуға құқығы, еңбек ету бостандығына құқық, сайлау жəне (мемлекеттік органдарға) сайлану құқығы.

Екіншісі, объективтік мағынадағы құқық. Ол дегеніміз - мемлекет шығарған немесе бекіткен, мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.

Құқық жүйесі - оның бөлімдерінің ұйымдастырылуы мен орналасуының белгілі тəртібі. Құқық жүйесінің құрамдас бөлігі болып құқық салалары, құқық институттары жəне құқық нормалары танылады.

Азаматтық құқық - ол тауар, ақша қатынастары жəне қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.

Азаматтық заңдағы құқықтық нормалар өз бетімен азаматтық құқықтық қатынастарды тудырмайды, өзгертпейді жəне жоймайды. Ол үшін құқықтық нормалармен қарастырылған жағдайлар туындауы қажет, оларды азаматтық заңды дерек деп атаймыз.

«Шарт» термині азаматтық құқықта әртүрлі мағынаға ие. Шартты жағдай негізіндегі заңды деректі міндеттемелік құқықтық қатынастарды бекітетін құжат деп те түсінуге болады. Осыған сәйкес шарт азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкелетін бір немесе бірнеше тұлғалар арасында жасалатын келісім.

Заңды тұлға деп меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар жəне сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк жəне мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер жəне жауапкер бола алатын ұйым танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.

1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ

1. 1 Азаматтық құқықтың жалпы ережелері

Құқық негіздерін оқуға кірісерден алдын, əлеуметтік қатынастарды тек құқықтың ғана реттемейтіндігін есте ұстау қажет. Бір қоғамды өмір сүретін адамдар өзін-өзі ұстаудың əралуан ережелеріне мысалы, əдет-ғұрып, мораль нормалары, діни жəне корпоративтік нормаларға бағынады.

Ұзақ мерзім бойы сансыз көп қайталануы нəтижесінде қалыпқа айналып, өзін-өзі ұстаудың тарихи қалыптасқан ережесі əдет-ғұрып болып есептеледі. Мысалы, əр алуан халықтардағы үйлену əдет - ғұрпы.

Ал, моральдық нормалар адалдық жəне қиянат, əділеттілік жəне əділетсіздік, ар-намыс жəне арсыздық жəне т. б. осы сынды өнегелік құндылықтар туралы қоғамда қалыптасқан түсінікті сипаттайды. Өз жолдастарына сатқындық істемеу, сүйікті адамыңның көзіне шөп салмау, жалған сөйлемеу жəне т. б. ережелер қандай да бір арнайы түсіндіруді талап етеқоймас.

Бүгінде рөлі артып келе жатқан діни нормаларға рухани ұстанымдар арқылы қоғамдық қатынастарды реттестіру міндеті жүктелуде. Адам Алланың еркін яғни, басқалай айтқанда, өсиеттерді өзін-өзі ұстаудың ережесі ретінде қабылдайды жəне Алланы осы өсиеттердің бекітушісі ретінде мойындайды.

Құқық адам қоғамының дамуының белгілі бір сатысында мемлекетпен бірге пайда болады. «Құқық» ұғымының екі мағынасы бар.

Біріншісі, субъективті мағынасы субъектінің (тұлғаның жəне тұлға- лартобының) бостандығына жəне өзін-өзі ұстаудың шегіне байланысты болады. Мысалы, білім алуға құқығы, еңбек ету бостандығына құқық, сайлау жəне (мемлекеттік органдарға) сайлану құқығы.

Екіншісі, объективтік мағынадағы құқық. Ол дегеніміз - мемлекет шығарған немесе бекіткен, мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл анықтамадан құқықтың келесідей белгілерін шығаруға болады: нормативтілігі, жалпыға міндеттілігі, мемлекеттің кепілдік беруі, формалды айқындылығы, жүйелілігі.

Құқық жүйесі - оның бөлімдерінің ұйымдастырылуы мен орналасуының белгілі тəртібі. Құқық жүйесінің құрамдас бөлігі болып құқық салалары, құқық институттары жəне құқық нормалары танылады.

Құқық саласы - қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрлерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Құқық институттары - бұл жүйеге бір-бірімен байланысты нормалардың жəне қоғамдық қатынастардың ұқсастығына қарай реттеп, басқару.

Құқық нормалары - ол қоғам мүшелерінің мінез құлқын, іс - əрекетін реттейтін мемлекетпен қамтамасыз етілетін нормативтік құқықтық актілерде бекітілген ережелердің арнайы бір түрі. Құқық жария жəне жеке құқық деп бөлінеді. Жария құқығы - мемлекет пен өзге де тұлғалардың арасындағы қатынастарды реттейтін жəне бұқаралық, қоғамдық мүддені көбірек білдіретін құқық саласы болып табылады. Жеке құқық - азаматтық құқықтың қатысушыларының арасындағы қатынастарды реттейтін құқық саласы болып табылады. Жария құқық мынадай салаларды құрайды: қылмыстық құқық, əкімшілік құқық, салық құқығы. Оған императивті (міндеттемелі) нормалар тəнболады.

Жеке құқық (азаматтық құқық) мүліктік қатынастар мен жеке мүліктік емес қатынастарды негізінен өзара қатынастарының сипатын дербес айқындауға тараптарға мүмкіндік беретін диспозитивтілік (уəкілдік беруші нормалар) бастамалардареттейді.

Азаматтық құқық - ол тауар, ақша қатынастары жəне қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.

Құқық теориясы курсынан белгілі болғандай, құқық нақты жүйе құрады, оның ең үлкен буындары құқықтың салалары деп аталады. Құқық салаларын шектеу белгілері ретінде əдетте құқықтық реттеу пəні мен əдісін қолданады. Пəн мен əдіс азаматтық құқықты қазақстандық құқықтың жүйесінен бөліп алып, оқырмандардың азаматтық құқық туралы көзқарасының қалыптасуына əкелетін ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.

Кез келген сала сияқты азаматтық құқықта қоғамдық қатынастарды реттейтін жəне қалыптастыратын құқықтық нормалардан тұрады. Бірақ та азаматтар қатысатын қатынастардың барлығы да азаматтық құқықпен реттелмейді, сонымен қатар азаматтық құқық, азаматтар мүлде қатыспайтын қоғамдық қатынастарға да əсер ете алады. Азаматтық құқық нормалары өндірілген өнімді сатып алу, оны теміржол, теңіз, өзен немесе əуе жолдары арқылы тасымалдау, осы жүкті сақтандыру, тасымалданған жүк үшін төлемдер алу жəне т. б. қоғамда кездесетін тараптар арасындағы қатынастарды реттейді.

Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастар шеңбері өте кең жəне əртүрлі, сондықтан оларды толықтай атап өту мүмкін емес. Бұны істеудің қажеті де жоқ, өйткені азаматтық-құқықтық ғылымының пəніне азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың барлығын нақтылықпен атап өту кірмейді, оған азаматтық құқық деп аталатын саланың бір пəнін де олардың барлығын біріктіруге мүмкіндік беретін жалпы қасиеттерін анықтау жатады.

Азаматтық құқықтың пəні болып мүліктік жəне мүліктік емес қатынастар табылады. Азаматтық құқықтың мүліктік қатынастармен айналысатыны бірден көзге түседі. Мүліктік қатынастар деп əдетте түрлі материалдық қажеттіліктер, яғни заттар, жұмыстар, қызметтер жəне басқа мүліктер жайында туындаған қоғамдық қатынастарды айтады.

Бірақ азаматтық құқық біздің қоғамда пайда болатын барлық мүліктік қатынастарды реттемейді, ол тек қана мүліктік-бағалы қатынастар деп аталатын нақты бөлігін ғана реттейді.

Дамыған ақша жүйесі шарттарында мүліктік-құнды қатынастардың негізгі көлемін тауарлық-ақшалы қатынастары құрады. Біздің қоғамда бар тауарлық-ақшалы қатынастардың өте тез дамуы оларға адекватты құқықтық нысан қолданған кезде ғана мүмкін бола алады. Азаматтық заңдылыққа сəйкес азаматтық құқық пəнінің екінші бір құрамдас бөлігін жеке мүліктік емес қатынастарқарастырады. Өзіне тəн белгілеріне сəйкес жеке мүліктік емес қатынастар, ең аз дегенде екі қасиетке сүйене отырып, келесі түрлерде сипатталады. Біріншісі, көрсетілген қатынастар мүліктік емес қажеттіліктер негізінде көрініс табады, мысалы, ар, намыс, іскерлік бедел, азамат аты, авторлық шығарма, өндірістік үлгі, т. б. жайында туындайды. Екіншіден, жеке мүліктік емес мүлікпен байланысты қатынастар (мəселен, бұған белгілі бір құқықтар жатқызылады) . Бұл қатынастарда азаматтардың немесе ұйымдардың даралығы көрініп, олардың əлеуметтік қасиеттерін бағалау жүргізіледі.

Пəннің осы екі құрамдас бөліктерінің сыртқы қарама қайшылығына қарамастан, мүліктік-құнды жəне жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық құқық деп аталатын салада біріктіретін жалпы қасиетін анықтау керек.

Мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалай алады депесептейді.

Азаматтық-құқықтық реттеу əдістері. Азаматтық құқық пəнінің түсінігі азаматтық құқық пен реттелетін қоғамдық қатынастар туралы мəселелермен байланысты болса, əдіс түсінігі осы қоғамдық қатынастардың азаматтық құқық нормаларымен қалай реттелетіні туралы мəселелермен байланысты. Сондықтан құқықтық реттеу пəні мен əдісі арасында қатты байланыс бар. Əдіс құқықтық реттеу пəнінің ерекшеліктерімен қайта анықталады.

Азаматтық құқық пəнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзара бағалау сипатына ие. Қоғамдық қатынастарға қатысушылардың өзара бағалауы тек қана бағалаушы тараптар тең болғанда ғана қалыптаса алады. Сондықтан мүліктік-құнды жəне жеке мүліктік емес қатынастар тараптардың теңдік негізінде реттелсе ғана толық дами алады. Қорытындылай келсек, азаматтық құқықтарда тараптардың заңдық теңдігі əдісі қолданылады. Азаматтық құқықта бұны диспозитивтік қағида деп қарастырады.

Азаматтық құқықта тараптардың теңдігі дегеніміз - екі қатынасқа түсуші тараптың ешқайсы да азаматтық құқықтық қатынастарда өзінің осы құқықтық қатынастарда алатын орнын жоғары қоя алмаушылығымен айрықшаланады. Тараптардың заңдық теңдік əдісін қолдану азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушыларға тəуелсіздік қамтамасыз етеді, заңмен рұқсат етілген кез келген əрекеттер орындауға мүмкіндік береді. Бұл нарықтық экономика шарттарында азаматтық айналымның дамуы үшін өтемаңызды.

Осылайша, азаматтық құқық деп тараптардың заңдық теңдігі бастауларында мүліктік-құнды жəне жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын қарастырамыз.

Азаматтық құқық қағидалары түсінігі. Азаматтық құқық қағидалары деп қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі бастауларын айтады. Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтиды, оның ең маңызды қасиеттерін сипаттайды. Сондықтан азаматтық заңдылықтардың нормаларын түсіну жəне қолдану азаматтық құқықтың жалпы қағидаларын ескергенде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтып қана қоймай, азаматтық заңдылықтардың толық көлемін қамти отырып, АК 2-бабында көрініс тапқан.

Азаматтық құқық қағидалары, азаматтық қатынастарды заңдылық қарастырмаған жағдайларда, құқық аналогияның негізінде қолдануда танылады, яғни, азаматтық құқықтың нақты нормасымен реттелмеген қоғамдық қатынастарды реттеу үшін азаматтық заңдылықтардың негізгі бастаулары азаматтық құқық қағидалары қолданылады. Азаматтық құқықтың мынадай қағидалары бар (ҚР АК 2 бабы) :

Азаматтық құқықтар құқық қатынасқа түсуші тараптардың теңдігілігін;

Меншікке қол сұқпаушылық;

Жеке істерге рұқсатсыз кіріспеушілік;

Нұқсан келтiрiлген құқықтардың қалпына келтiрiлуiн қамтамасыз ету, олардың сотта қорғалуы;

Келісімнің, шарттың еріктілік қағидасы жəне т. б.

Азаматтық құқық жүйесі. Тараптардың заңдық теңдігі негізінде мүліктік-бағалы жəне жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтық нормалары ретсіз емес, олар нақты жүйеде орналасқан. Азаматтық құқық жүйесі объективті тұрғыда құрылған жəне азаматтық құқық пəніне кіретін қоғамдық қатынастардың өзіндік ерекшелігіне негізделген. Көптеген азаматтық құқық пəніне кіретін қоғамдық қатынастардың жалпы қасиеттері оларды құқықтық реттелуінің бірегейлігін, ал осы қатынастардың нақты түрлерінің кейбір сипаттамалары олардың құқықтық реттелуінің дифференциациясын қайта анықтайды. Азаматтық құқық жүйесі бойынша екі бөлімге бөлінеді, олар жалпы жəне ерекше бөлім. Азаматтық құқық бөлімінің пəніне кіретін қоғамдық қатынастардың бір сипаттылығы кез келген мүліктік-бағалы жəне жеке мүліктік емес қатынастарды реттеу кезінде қолданылатын азаматтық құқық нормаларын бөліп алуға мүмкіндік береді. Бұл құқықтық нормалардың жиынтығы азаматтық құқықтың жалпы бөлігін құрайды. Ол салалық реттеу пəнінің бір түрін көрсетіп, барлық салалық нормалар үшін біріктіруші бастау ретінде қызмет етеді, олардың заңды мазмұнының жалпылығын анықтайды. Жалпы бөлік табиғаты бірдей қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде қарама-қайшылықтарды болдырмауға жəне азаматтар мен ұйымдардың əрекеттерінің жеке салаларында пайда болатын қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің қажетті бірегейлігін қамтамасыз етеді. Жалпы бөлім азаматтық құқықтың жалпы ережелерін, меншік жəне өзге де заттық құқытарды, міндеттемелік құқықтарды, шарт жөніндегі жалпы ережелерді қарастырса, ерекше бөлім міндеттемелердің жекелеген түрлерін, интелектуалдық меншік құқығын, мұралық құқық жəне халықаралық жеке құқық қатынастарын зерделейді.

1. 2 Азаматтық құқықтық қатынастар түсінігі, ерекшеліктері, түрлері, субъектілері, объектілері

Азаматтық құқықтық қатынастар. Түрлі нормативті актілердегі азаматтық-құқықтық нормалар азаматтық құқық пəнін құрайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге шақырылған. Азаматтық-құқықтық реттеу механизмін ашуда басты рөлді азаматтық құқықтық қатынас түсінігі атқарады.

Қоғамдық қатынастардың азаматтық құқық нормаларын реттеу нəтижесінде олар құқықтық нысанды иемденіп, азаматтық құқықтық қатынасқа айналады. Азаматтық құқықтық қатынас - бұл азаматтық құқық нормасымен реттелген қоғамдық қатынас. Оның пəніне мүліктік жəне жеке мүліктік емес қатынастар кіреді. Мүліктік қатынастарды азаматтық құқықпен реттеу нəтижесінде азаматтық мүліктік құқық қатынастары туындайды. Егер жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттелмесе, жеке мүліктік емес құқық қатынастар тағайындалады.

Азаматтық құқық ең алдымен, қоғамның экономикалық базисі төңірегіндегі жатқан мүліктік қатынастармен байланысты. Олардың құқықтық реттелуі азаматтық құқықтық қатынастарда көрінбейтін бірқатар ерекшеліктермен сипатталады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері . Азаматтық құқық пəнін екі ретін қоғамдық қатынастар тараптардың заңдық теңдігі əдісімен реттеледі. Тараптардың заңдық теңдігі азаматтық құқықтық қатынастың негізгі қасиеті болып табылады. Осы қасиеттің жойылуынан құқықтық қатынас табиғаты да өзгереді. Азаматтық құқықтық қатынас оның құрамы мен элементтері түрінде қарастырылады, оларға құқықтық қатынастың мазмұны, нысаны, субъектілері мен объектілерікіреді.

Азаматтық құқықтың элементтерін талқылайтын болса, алдымен қатынасқа түсуші тараптары, яғни азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтық жағдайына зейін салу керек.

Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері:

1. Мүліктік, жеке мүліктік емес;

2. Абсолюттік, салыстырмалы;

3. Заттық, міндеттемелік.

Азаматтық құқық қатынас субъектілері деп қатынасты қалыптастырушы тарапты қарастырамыз. Негізінен оларды басты үш түрге жіктеуге болады жеке тұлғалар, заңды тұлғалар жəне мемлекет деп. Азаматтық құқық қатынас адамдар арасында қалыптасады. Сондықтан субъект түрінде жеке индивидтер, əйтпесе белгілі бір адамдар ұйымы көрінеді. Біздің елде субъект түрінде тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес, шетел азаматтары жеке азаматтығы жоқ тұлғалар бола алады.

Сонымен, азаматтық құқық қатынас субъектілері мыналар:

- Қазақстан азаматтары, шетел азаматтары жəне азаматтығы жоқ тұлғалар

- Қазақстандық жəне шетелдік заңды тұлғалар

- Қазақстан Республикасы əкімшілік-территориялық бірлестер

Азаматтық құқық қатынас объектілері. Азаматтық құқық қатынас объектісі түрінде оның субъектілерінің материалдық жəне жеке материалдық емес игіліктерге бағытталған əрекеттері мен нақты азаматтық құқықты қалыптастырушы жағдайларды жатқызамыз. Азаматтық мүліктік-құқықтық қатынастың спецификасы оның мүшелері өз əрекеттері мен тек бір-біріне ғана емес, белгілі бір материалдық игіліктерге əсер ете алатындығында. Жалпы азаматтық құқықтың объектілерін мынадай түрлерге жіктеу арқылы зерттеуге болады: мүлік - зат сипатындағы, мүліктік емес қатынастар, жұмыс жəне қызмет, ақпарат, интелектуалдық меншік нəтижелері. Мүліктік қатынас деп мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалаужағдайларын қарастырған.

Азаматтық құқықтың тағы бір қажетті элеметтінің бірі ретінде мазмұны қарастырылады, мазмұны деп осы азаматтық қатынасты қалыптастырушы тараптардың арасындағы негізгі құқықтары мен міндеттерін айтамыз. Ал азаматтық құқықтың нысаны деп осы жоғарыдағы жағдайларды рəсімдеу тəртібін айтамыз, мысалы азаматтық қатынасты ауызша немесе жазбаша нысанда рəсімдеуге болады.

Азаматтық қатынастар тақырыбын қарастыруда тағы бір зейін сала кететін жағдай ол азаматтық қатынастарды жіктеу болып табылады. Азаматтық қатынастарды мынандай түрлерге жіктеуге болады:

Азаматтық құқық көлеміне байланысты: мүліктік жəне жеке мүліктік емес;

Реттеу тəсіліне байланысты: заттық жəне міндеттемелік;

Тұлғаның құқықтық жағдайына байланысты: абсолютті жəне салыстырмалы;

Қатысушылардың арасындағы құқықтық жағдай бойынша: күрделі жəне қарапайым болып бөлінеді.

1. 3 Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері

Азаматтық заңдағы құқықтық нормалар өз бетімен азаматтық құқықтық қатынастарды тудырмайды, өзгертпейді жəне жоймайды. Ол үшін құқықтық нормалармен қарастырылған жағдайлар туындауы қажет, оларды азаматтық заңды дерек деп атаймыз. Сондықтан заңдық деректер құқықтық норма мен азаматтық құқық қатынас арасындағы байланыстырушы бөлік түрінде көрінеді. Заңдық дерексіз бірде-бір азаматтық-құқықтық қатынастар бекітілмейді, өзгертілмейді жəне жойылмайды.

Заңдық деректер азаматтық құқықтық қатынас негізінде жатқандықтан жəне оларды бекітуді, өзгертуді немесе жоюды тудыратындықтан, оларды азаматтық құқықтық қатынас негіздері деп атайды.

Азаматтық заңда азаматтық құқықтық қатынастар негізітүріндегі бірнеше заңдық деректер қарастырылған. Осы деректердің жалпы тізімі АК 7 бабында берілген. Жалпы азаматтық құқықта заңды деректердің пайда болуының негізгі екі түрін бөліп қарастырады, біріншісі нақты іс-əрекет негізінде, ал екіншісі оқиға негізінде. Жалпы заңдық деректер ағымдық сипатына қарай оқиға жəне əрекет деп бөлінеді. Оқиғаларға адам еркінен тыс шығатын жағдайлар жатады. Мысалы, апат жағдайлары, адамның тууы мен өлуі, белгілі бір уақыт аралығының аяқталуы, т. б. Ал əрекет адам еркімен жасалады. Мысалы, келісімге отыру, міндетті орындау, туынды жасау, ұрпақ қабылдау, т. б. Оқиға тек табиғат күшімен емес, адам əрекетімен де жасалады. Азаматтық құқық адамдардың қоғамдық қатынастарын реттейтіндіктен, азаматтық құқықта заңды фактілердің негізгі массасын адамдар əрекетіқұрайды.

Əрекет өз кезегінде құқықтық жəне құқықтық емес болып бөлінеді. Құқықтық емес əрекеттер заң талаптарына немесе басқа нормативтік актілерге қайшы келеді. Мысалы, басқа тұлғаға зиян келтіру оның орнын жабу бойынша міндет бекітуді тудырады. Ал құқықтық əрекеттер азаматтық заң талаптарына сай келеді. Азаматтық құқық экономикалық айналымның қалыпты дамуын қамтамасыз ететіндіктен, заңдық деректердің көбісін азаматтық құқықтық əрекеттер құрайды. Бірақ құқықтық əрекеттердің заңдық мағыналары азаматтық құқықта əрқашан бірдей емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі
Азаматтық құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі
Заңды тұлғаларды азаматтық құқық қатынастарында зерттеу
Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде - заңды тұлға
Мемлекет - aзaмaттық құқықтың субъектiсi pетiнде
Коммерциялық ұйымдардың сипаттамасы
Азаматтық құқық қатынасы субъектілері заңды тұлғалар
Азаматтық құқық субъектісі коммерциялық емес тұлғасы ретінде
Мүліктік оқшауланушылық
Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz