АҚШ-тың ақша жүйесі


Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Баяндама
Пәні: Ақша. Несие. Банк
Тақырыбы: АҚШ-тың ақша жүйесі
Орындаған: Э-17-2(У и А)
тобының 2 курс студенті
Мұсағали Мирас
Тексерген: Сұлтанова Г. И,
2019
Ақша жүйесі - белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға бірдей балама ретінде қабылданған асыл металға және ақша айналысының негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге бөлінеді. [1] Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:
ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;
ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
нақтылы акша тшемейтін төлем айналымын ұйымдастыру;
ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.
Елдін ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын, қаржы-несие органдары жүргізеді.
Металдық ақша жүйесі негізгі екі типке: биметализм мен монометализмге бөлінеді. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін екі метал атқарады (алтын мен күміс), монометализм тұсында - тек бір метал. Биметализм жүйесі Еуропада XVI-XVIII ғасырларда кең тараған. Бірақ жалпы эквивалент болып табылатын ақшаның табиғатына, ақша рөлін екі металдың атқаруы қарсы келеді. Осылайша уақыты жеткен мерзімде бұл жүйе монометализмге алмастырылады. Тарихқа монометализмнің үш түрі мәлім: Мыс (Рим - б. дд. V-III ғғ. ), күміс (Ресей - 1843-1852 жылдары; Голландия, Үндістан - XIX ғ. ), алтын (Англия - XVIII ғасыр аяғынан, басқа елдер - XIX ғасыр аяғынан) .
Алтын аса құнды болғандықтан алтын монометалдығы күміс монометалдығы мен биметалдықты ығыстырып, 19 ғасырдың аяғында ақша жүйесінің негізіне айналды. Монометалдық жүйеде ақша жүйесін құрушы бір металдан істелген шақалар ғана төлем құралы болып саналады және айналымда жаппай қабылданады. Ақша жүйесінің негізі - алтын, ол тауардың қай түріне де айырбастала береді. Экономикалық дағдарыстар кезінде ақша жүйесі құлдырауға ұшырайды. 1-дүние жүзілік соғыс кезінде банкноттарды ақшаға еркін айырбастау тоқтатылды, алтын ақша айналыстан шығып, банкноттар қағаз ақшаға айналды. Ал оларды аса көп, мөлшерсіз шығару ақшаның құнын төмендетті. 1924-1928 жылғы валюталардың ішінара тұрақтануы дәуірінде алтын монометалдығы уақытша қалпына келтірілді. Кейін қайтадан қағаз ақшалар айналымы қалыптасты. Ақша жүйесі валютаның алтын баламасы заңмен белгіленетін ақша жүйесі (мысалы, АҚШ-та доллар таза алтынның 0, 888671 г-на теңгеріледі) және валютаның алтын баламасы заңмен белгіленбейтін ақша жүйесі болып бөлінеді. Соңғы жағдайда ақшаның алтындық курсы тұрақты алтын баламасы бар валютаға байланысты анықталады. Халықаралық валюта қорының шешімі бойынша фунт стерлингтің алғашқы курсы АҚШ-тың 4 доллары, 1949 ж. қағаз ақшаның ресми құны тұрақтағаннан кейін - 2, 8, ал 1967 ж. - 2, 4 долл. болды. Ақша жүйесі әр елде тарихи қалыптасқан және сол елдің заңымен бекітілген ақша айналысын ұйымдастырудың бір түрі болып табылады. Ақша жүйесіне валюталық металды, ақша бірлігін, шақаларды шығару және қағаз ақшаларды эмиссиялау тәртібі кіреді.
АҚШ
1792 жылғы монета акті АҚШ-та ақша жасау туралы заң негізінде биметалдық айналымның ақша жүйесіне енген. Заң 1-дің 15-ке сияқты алтын бағасының күміске арақатынасын бекіткен. Кез келген адам Теңге сарайына кесек алтын немесе кесек күміс алып келіп, жеткенше монета соқтыра алған.
Биметализм - жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен күміске) негізделген ақша жүйесі.
Монометаллизм - бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.
Алтынның күміске шаққандағы бағасының ауытқуы ақша айналымының тұрақсыздығын тудырған. «Ең нашар ақша ең мықты айналымнан ығыстырылып шығарылады» деген Грешем заңы жарамсыз болып қалады. Осылайша алғыр, пысық адамдар айналымнан алтын монеталарды шығара бастайды. Кейін оларды балқытып, күміс кесектерге ауыстырып алады. Сонан соң тағы да күміс монеталар санына сәйкес көрсетілген баға бойынша алтынға айырбастайды. Күміске баға артқан кезде күнделікті қолданыстан күміс монеталар ығыстырылады.
Алтынның күміске шаққан бағасы кезеңімен қайта қарастырылады. 1834 жылғы монеталық актіге сәйкес алтынның күміске шаққан бағасы 1-ден 16 деңгейіне тұрақталды. 1853 жылы 1-ден 15, 5 деңгейін құраған. Курстың ауытқуы жаңа түрдегі монеталардың пайда болуына әкелді. Дизайндегі өзгерісі көптеген монеталардың әрбір өзгерісінде болып отырған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz