Жауап алу және тергеп-тексеру
КІРІСПЕ
1 ЖАУАП АЛУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Жауап алудың түсінігі, маңызы және процессуалдық негіздері
Жауап алу дегеніміз - заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол арқылы жасалған қылмыстың мән - жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты ашуға пайдаланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда: жәбірленушіден, сезікті адамнан, куәден, айыпкерден жауап алу, бұл тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізуі тиісті, бірақ іс бойынша неғұрлым көп, маңызды мәліметтер жинап, бұған тиімді ыңғайлы тактикалық әдістер қолданылады. Бірақ қаншалықты тиімді болғанымен ол заңда көрсетілген тәртіпке қайшы келмеуі керек.
Жауап алғанда қылмыстық оқиғаға қатысты мынандай мәліметтер: қылмыстың болған уақыты, оның орны, амал - әдісі, қылмысты кімдердің жасағаны, оған қанша адамның қатысқаны, істелген қылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері және қылмыстық оқиғаның басқа да мән - жайлары анықталады. Заңда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар, қылмысты оқиғаға қатысы бар деректі мәліметтер. Сондай - ақ жауап алу арқылы тіклей қылмыстық оқиғаға қатысы жоқ, бірақ қылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер де алынады. Айта кетсек, қылмыскердің қайда жүргенін, оның мекен - жайын білу үшін қылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мұндай аралық түрінің, қылмыстық оқиғаға тікелей қатысы болмаса да, істі тез ашуда, қылмескерді тауып ұстауда, істің кейбір мән - жайын анықтауда үлкен маңызы бар.
Жәбірленушінің, куәнің жауаптары істегі басқа деректерді нақтылап, тергеушінің, соттың оқиғаның мән - жайында толық қанығып, тиісті шешім қабылдауына зор септігін тигізеді. Дегенмен, болған қылмыстың мән - жайын Қылмыскердің өзінен артық ешкім білмейді. Сондықтан қылмысты мойындап, өз қателігіндүрыс түсінген қылмыскерден аса маңызды мәліметтер алуға болады. Бірақ оны аерира бағалап, оған ерекше сенімділікпен қарауға болмайды. Өйткені, істегі деректердің дәлелде-мелік күштері бірдей, бірінен-бірінің артықшылығы жоқ. Сон-дықтан қылмыскердің қылмысын мойындап, берген жауабына да сын көзбен қарау керек. Тіпті, кей жағдайларда қылмыскердің жасаған ауыр кылмысын жасыру үшін, бір ұсақ қылмыстарын мойнына алып, тергеушіні осыған сендіріп, өзінің жасаған ауыр қылмыстарынан құтылып кетуге тырысуы мүмкін. Айып істегі барлық деректердің түжырымды қорытындысына ғана негізделуі тиіс.
Жауап алу - ең көп тараған, ал тактикалық мағынада - ең күрделі тергеу әрекеттерінің бірі болып табылады.
Жауап алу - бұл дәлелдемелерді алу және тексеру жөніндегі тергеу әрекеті. Жауап алудың көмегімен қылмыстық істің дұрыс шешілуі үшін қажетті қылмыс туралы мәліметтердің айтарлықтай бөлігін алуға және белгілеуге, қылмыстың ниеті мен мақсатын, сондай-ақ оған түрткі болған жағдаяттарды анықтауға болады.
Әдебиетте кездесетін әр авторлардың түсінігінде, жауап алу, қылмыстық іс жүргізу нормаларын қатаң түрде қолдану арқылы, сонымен қатар, жауап берушіге психикалық, физикалық зорлық, не болмаса қандай да бір күштеу сияқты заңсыз әрекеттерді қолданбай жүргізу керектігі айтылады.
Практикада жауап алу процесінсіз қылмыстық істің болуы тіпті мүмкін емес. Яғни, қандай да болмасын қылмыстық істі тергеген кезде, тергеуші куәдан, айыптаушыдан, жәбірленушіден жауап алады. Жауап алу, сипатына байланысты - көп жоспарлы, күрделі, процессуалдық, криминалистикалық, ұйымдастырушылық және этникалық аспектілері бар әрекет жауап алу - бұл жоғары шеберлікті талап ететін өнер болып табылады.
Жауап алудың түсінігі психологиялық тұрғыдан алғанда жауап алуды - жауап берушінің қабылдаған және ойында
сақталған қылмыс жөніндегі толық мәліметiн Заңға сәйкес жауап алушыға
беру деп сипаттайды.
Психологиялық жағынан алғанда жауап алудың негізгі мақсатының сипаты, тергеушінің айыпталушының психикасына еніп, оған белсенді түрде әсерін тигізуін талап етеді.
Жауап алу кезінде криминалистік тактика, сот психологиясы, логика, педагогика және сот этикасы кең қолданылады.
Жауап берушілер (куәлар, жәбірленушілер, айыпталушылар, сотталушылар бір-бірінен өмірлік тәжірибесімен, мамандығымен, білімімен, психикасымен ажыратылады, әрі ерекшеленеді. Жауап алуды ойдағыдай дұрыс жүргізу үшін, тергеуші, жауап берушіге сенімсіздік білдірмейтіндей жеке қасиеттерге ие болуы керек, яғни ол, объективті зергек, ұтқыр, ақылды, тәкәппар болуы тиіс. Тергеушінің жағымсыз, жат қылықтары жауап берушінің шынайы және толық айғақ беруге, тіпті айыпталушының тергеушіні ауыстыру туралы берген өтінішін қанағаттандыруға әкеп соғады.
Жауап алу кезінде сөйлеу және өзін-өзі ұстай білу мәнерінің де - жауап берушінің психологиясын зерттеп қоймайды, сонымен қатар
айыпталушы да өз тарапынан тергеушінің психологиясын, әрекеттерін, әрбір мимикасын, қимыл-әрекетін зерделеп отырады. Ал жауап алынатын адамдардың әрбіреуіне қатысты, олардың қықтарына қатысты, заңды мүдделеріне қатысты өрескелікке, менмендікке, келесітушілікке жол берілмейді.
Екінші жағынан жауап берушіде өз тарапынан шектен шығып кетпеуі тиіс. Кейбір жауап берушілер жауап алу кезінде өзін жүгінсіз үстап, тергеушінің күйгелектеуіне және күйіп-пісуіне әкеп соғады. Ұрлық қылмысын жасаған айыпталушы Сабиров, жауап алу кезінде өзін тыныш, тіл алғыш ұстады, айғақтарды еркін баяндау жолымен берді, бірақта келесі күні іске қатысты белгісіз болған мән жайларды анықтау қажеттілігі туған кезде Сабиров түйық болып, айғақтарды бергенін мойындамады. Осының салдарынан тергеуші күйгелектеп, жауап алуды келесі күнге ауыстыруға тура келді.
Толық әрі шынайы айғақ алуға, тек, тергеушінің құқыққа сай белгілі бір тактикалық тәсілдерді қолдану кезінде ғана жетуге болады. Тергеушінің таңдап алған тактикалық тәсілі жалпы талаптарға, сондай-ақ жауап берушінің түлғасының ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек. Жауап алу процесін тактикалық мағынада төмендегідей сатыларға бөліп, қарастыруға болады: Кіріспе жауап берушінің еркін баяндауы. Тергеушінің сұрағына жауап беру.
Осы жұмыста келтірілген және алда кездесетін мысалдардың барлығы өндірістік практикамнан алынған. Кіріспе сатысында, жауап алуға келген тұлғаның жеке басын анықтау, жауап берушіге оның процессуалдық құқтарын және міндеттерін түсіндіру, жауап беру тілін анықтау мүмкіндігі туады.
Жауап алудың алдында тергеуші жауап алынатын адамның жеке басын анықтауға тиіс. Егер жауап алынатын адамның іс бойынша іс жүргізіліп отырған тілді білетіндігіне күмән туса, оның қай тілде жауап бергісі келетіні анықталады.
Жауап алуға шақырылған адамға одан кім ретінде, қандай қылмыстық іс бойынша жауап алынатыны хабарланады, Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, бұл туралы хаттамаға белгі қойлады." (ҚР ҚПК 213-бап 1,2 тармақтар).
Екінші сатысы, жауап берушінің жауапты еркін баяндау түріндегі, өзіне белгілі мән-жайларды, яғни іс бойынша мән-жайларды айтумен басталады. Еркін баяндау кезінде тергеуші жауап берушіні бөлмей, мұқият тыңдайды. Егер жауап алынатын адам іске мүлде қатысы жоқ мән-жайлар туралы айтса, оған бұл туралы ескертілуі қажет. Еркін баяндау жауап алудың барлық мәселелерін шешіп коймайды. Сондықтан, жауап берушіге нақтылаушы сұрақтар қою қажеттілігі туындайды, бұл сұрақтар жауап берушінің жауабындағы қайшылықтарды болдырмау үшін қолданылады. Тергеушінің жауап алынатын адамға қойылатын сұрақтары: негізгі, қосымша, нақтылаушы, еске түсіруші, бақылаушы сұрақтар болып бөлінуі мүмкін.
негізгі сұрақтар - жауап алу пәнінің толығымен бір бөлігін қамтиды; қосымша сұрақтар - жауап алынып отырған адамның еркін баяндау кезінде ұмытып кеткен мән-жайларды анықтау үшін қолданылады; нақтылаушы сұрақтар - жауап алынып отырған адамның берген айғақтарын анықтау, нақтылгау үшін қолданылады; еске түсіруші сұрақтар - ұмытылғанды еске түсіру үшін қолданылады; бақылаушы сұрақтар - жауап берушінің іс үшін маңызы бар берген айғақтарын тексеру үшін қолданылады.
Өз еңбектерінде Карнеева Л.М., С.С.Ординский, С.Я.Розенблит сияқты авторлар криминалистердің пікірлеріне сүйене отырып, жауап алудың түсінігін 2 мағынаға бөліп қарастырады. Тар мағынада және кең мағынада.
Тар мағынадағы жауап алу - жауабы алынатын адамға сұрақ қойып, оған берілген жауапты тыңдауды айтса, кең мағынадағы жауап алу бұл айғақты жауап берушінің еркін баяндауымен қоса, жауап берушіге сұрақ қойып, ал өз
тарапынан қойылған сұраққа жауап беруі, сондай-ақ жауапты хаттамаға тіркеп, жауап берушінің айғағын алу деп түсіндіреді.
Жорғарыда аталғандарды қарастыра келе, жауап алу - бұл құқ қорғау органдарының іс үшін маңызы бар нақты және шынайы мәлімет алу үшін жүргізетін тергеу әрекеттері деген қорытындыға келдім, жауап алудың Қылмысты тез, әрі толық ашу үшін маңызы зор. Оның маңызы мыналардан тұрады:
Жауап алудың көмегімен:
- Болған қылмыстың көрінісін анықтауға болады.
- Кінәліні жауапқа тартуға болады.
- Нақты мәлімет алуға болады.
- Жасалған қылмыстың механизмі мен ескіру мерзімін анықтауға болады.
жауап алу тергеу органдарының немесе соттың іс жүргізу заңдарымен
белгіленген жауап алынатын адамның дәлелдеу пәніне кіретін мәліметтері туралы айғақтарын, тергеу органдарының және соттың әрекеттерін анықтай алады.
- Жауап алуға шақыру тәртібі келесідей жүргізіледі.
Куә, жәбірленуші, сондай-ақ бостандықта жүрген сезікті, айыпталушы жауап алуға олардан қол хат ала отырып тапсырылатын хабарлау қағазы арқылы шақыртылады, ал олар болмаған жағдайда кәмелетке толған отбасы мүшелерінің, көршілерінің, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің бірі арқылы немесе олардың жұмыс немесе оқу орындарының әкімшілігі арқылы тапсырылады. Жауап алынытын адам өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып шақыртылуы мүмкін.
Хабарлау қағазында кімнің және кім ретінде, кімге және қандай мекен-жай бойЫнша шақыртылатыны, жауап алуға келетін уақыт (күні, сағаты), сондай-ақ дәлелсіз себептермен келмеудің салдары көрсетіледі.
Кәмелетке толмаған адам оның ата-анасы немесе өзге заңды өкілдері арқылы шакыртылады.
Күзетпен ұстаудағы сезікті және айыпталушы жауап алуға ол күзетте ұсталып отырған орынның әкімшілігі арқылы шақыртылады.
- Жауап алудың орны мен уақыты:
Жауап алу алдын ала тергеу өтетін жерде жүргізіледі. Тергеуші қажет деп тапқан жағдайда жауап алуды жауап алынатын адам тұратын жерде жүргізуге құқылы. Жауап алу кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлардан басқасында күндізгі уақытта жүргізіледі.
Жауап алу үзіліссіз төрт сағаттан артық жүргізілмеуге тиіс. Жауап алуды дем алу мен ас ішуге арналған кемінде бір сағат үзілістен кейін жалғастыруға жол беріледі, мұның өзінде жауап алудың бір күн ішіндегі жалпы ұзақтығы сегіз сағаттан аспауға тиіс. Медициналық дəлəлдер болған жағдайда жауап алудың ұзақтығы дәрігердің жазбаша қорытындысының негізінде белгіленеді.
Жауап алудың алдында тергеуші жауап алынатын адамның жеке басын анықтауға тиіс. Егер жауап алынатын адамның іс бойынша іс жүргізіліп отырған тіл білетіндігіне күмән туса, оның қай тілде жауп бергісі келетіні анықталады. Жауп алу жауап алынатын адамға іс бойынша өзіне белгілі мән жайларды айтуды ұсынудан басталады. Егер жауап алынатын адам іске мүлде қатысы жоқ мән-жайлар туралы айтса, оған бұл туралы ескертілуге тиіс.
Мылқау немесе саңырау куәдан, жәбірленушіден, сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу оның белгілерін түсінетін және онымен белгілер арқылы сөйлесе алатын адамның қатысуымен жүзеге асырылады. Мұндай адамның жауап алуға қатысуы хаттамада көрсетіледі. Жауап алынатын адамның психикалық немесе өзге ауыр науқасы болғанда одан жауап алу дәрігердің рұқсатымен және оның қатысуымен жүзеге асырылады. (ҚР Қылмыстсқ іс жүргізу кодексі 211-214 б.б. )
1.2.Жауап алар алдында жүргізілетін
дайындық жұмыстары
Жауап алудың пәрменділігіне және сапасына тергеушінің осы тергеу әрекетін өткізу алдында жүргізген дайындық жұмыстары көп әсер етеді. Куәден, жәбірленушіден, не қылмыскерден жауап алар алдында тергеуші, біріншіден деректерді, ержаттарды толық оқып, танысып алуы керек. Іспен толық танысып болғаннан кейін, әрбір жауап алу барысында қандай мәселе-лерге назар аудару керектігін анықтап, жоспарлап, жазып алуы тиіс. Әр жауапкерге қандай сұрақ қою керек екендігін және осы сұрақтарды қандай кезекте қою керек екендігін алдын ала анықтап, белгілеген жөн.
Жауап алуға дайындық үстінде қажет адамның мінез-құлқы, моральдық және Зияткерлік (интеллектуалдық) қасиеттері жөнінде белгілі мәліметтер жинап, ол адамның діт, кандай адам екенін біліп, онымен қандай бағытта, қалай сөйлесу керек екендігі тергеушінің алдын ала жүйелеп алғаны жөн.
Дайындық жұмыстарын өткізу барысында жауапты қай уақытта, кай күні алу керектігін шешу керек. Бұл мәселені шеш-кенде, жауап алуға шақырылатын куәнің денсаулығы, жасы есепке алынуы тиіс. Әрине, егер оны біреулер өтірік жауап беруге азғырып, көндіруі мүмкін деген қауіп туса, одан уақыт өткізбей дереу жауап алған жөн. Жауап алу уақытын белгілегенде тергеуші бұған өзінің бос уақыты бар ма, жоқ па соны мұқият ескеруі тиіс. Бұрын басқа тергеу әрекеттері жоспарланған, басқа да жұмыстар қат-қабат келген күнге жауап алуды белгілеуге болмайды. Асығыс шаршап жүргенде өткізілген шараның сапасы, әрине, төмен болады.
Қай жерде жауап алу керек екендігі де алдын ала жоспарла-нады. Көбінесе тергеуші жауапты өзінің жұмыс бөлмесінде алады. Кей жағдайларда жауапкердің денсаулығына байланысты жауапты онын үйіне, не ауруханаға барып алуға тура келеді. Қылмыскер қамауда отырса, тергеуші одан жауапты көбінесе сол қамау орнында алады. Кейде айыпкерді тергеушінің талап етуі бойынша, қамау орнының әкімшілігі тергеушінің жұмыс бөлмесіне жеткізеді.
Жауап алуға керек жағдайда мамандар, тілмаш, ал жасы тол-маған куəден жауап алғанда педагог, дәрігер, не тергеушінің қалауы бойынша жасы толмаған куәнің ата-анасы да қатысады.
Дайындық жұмысы жауап алу жоспарын құрумен аяқталады. Жауап алынатын әр адамға арнап кұрған жоспарда, оған қойылатын сұрақтар жазылады, етегі қандай деректер мен фактілердің дәлелденілетіні көрсетіледі, ол деректерді қандай кезекте көрсету керектігі белгіленеді. Жазбаша жоспар құру тәжірибесі аз, жас тергеушілерге өте қажет. Көп көріністі істерде мұндай жоспар істің мән-жайын толық зерттеп, анықтауға көмектеседі.
Айыпталушыдан жауап алудың жалпы тәртібі ең бастысы ҚР ҚПК-нің 217-бабында қарастырылған, осыған сәйкес, айыпталушыдан жауап алуды тергеуші айып тағылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей, ал айыпталушы келуден жалтарған жағдайда немесе оған іздеу салынған жағдайда ол айдап әкелінгеннен немесе ұсталғаннан кейін дереу жүргізіледі. Айыпталушыдан жауап алудың көлемі айыпкер ретінде тану туралы қаулымен шектелген. Бұл дегеніміз, айыпталушы осы қаулыда қалыптасқан жағдайлар, мән-жайлар бойынша жауап беретіндігін білдіреді.
Айыпталушының ойынша, іс үшін шындыққа жеткізетін маңызы бар мәнжайларды, айтуға құқылы. Айыпталушыдан жауап алу пәні, куəден жауап алуға қарағанда кең ауқымды фактілі жағдайларға байланысты болады. Айыпталушы өзі жасаған әрекеттері үшін ғана емес, сонымен қатар осы іске қатысты басқа да айыпталушылардың айыбын мойнына салу фактілер мен жағдайлар туралы жауап беруі мүмкін.
Айыпталушының айғағы іс бойынша орынды дәлелдеме болып табылады, барлық дәлелдемелер сияқты тексеруді және бағалауды қажет етеді.
Айыпталушының берген айғағын дұрыс бағалау керек. Оның өз кінәсін мойындауы жәй ғана дәлелдеме болып табылады. Бірақ та тергеуші айыпталушыдан мойындау мен шынайы айғақ алу маңызды болып табылады: айыпталушы, басқаларға қарағанда өзі жасаған қылмысының мән-жайын жақсы білетіндіктен, тергеушіге белгілі болмаған қылмыстың жасалу ниетін, оның айғағын дәлелдейтін тұлғаларды және т.б. дәлелдемелерді анықтап бере алады. Сонымен қатар, айыпталушының кінәсін мойындаудың үлкен тактикалық маңызы бар.
Айыпталушыдан жауап алуға дайындық және жауап алудың өзіне тән сипатты белгілері бар: айыпталушы, сезікті ретінде бұрындары жауап берген, мүмкін осы тергеуші жауап алған да шығар. Бір жағынан, тергеуші айыпталушыны танығандықтан, бұл тергеушінің жауап алуға дайындығын жеңілдетеді, ал екінші жағынан - іс бойынша жауап алудың өзін қиындатуы мүмкін, себебі тергеушінің қолданғалы отырған дәлелдемелері, осы тұлғаны сезікті ретінде жауап алу кезінде қолданылады. Осыдан, біріншіден, осы тұлғадан алдыңғы жауаптарын бағалап, осыған байланысты енді болғалы отырған жауап алу тактикасын құру, екіншіден, іске байланысты тергеуді бір ғана тергеуші жүргізуі керек, істі бір тергеушіден, екінші тергеушіге себепсіз беру келеңсіз жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін (айыпталушымен қатынастың бұзылуы, тергеу мерзімнің созылуы, тергеудің толық еместігіне әкелуі т.б.).
Айыпталушыдан жауап алуға мұқият түрде дайындалу қажеттігіне байланысты, тергеушіге: "Бір сағаттан кейін сені жауап шу күтіп тұр. Сен оған дайындалып, мықты қарулануың керек. Айыпталушыдан жауап алған кезде, сен онымен жекпе-жекте кездесетінің есте ұста. Бұл жекпе-жекте ол күшті қарсылас, себебі ақиқатты біледі және де ол ақиқатты сенен жасыруға тырысады, ал сен ол шындықты кейде аңғарып қаласың, сол себепті оны алуға тырысуың керек. Сондықтан, жауап алуды қалай жүргізетініңді мұқият ойланып ал. Ол үшін, сен қарсыласыңның осал жерін тауып, біліп алуың керек".
Жауап алуға мүқият дайындалу көп жағдайда табыстарға әкелетіні анық. Ол жауап алынатын адамның процессуалдық жағдайымен және жауап алудың пәнімен анықталады. Істің нақты мән-жайларына байланысты жауап алуға дайындықтың тактикалық тәсілдері: іс үшін маңызы бар мән-жайларды білетін адамдар тобын анықтауға, болғалы отырған жауап алудың пәнін анықтауға, жауап алу орнын, уақытын анықтау және оларды жауап алуға шақыру тәсіліне; заттай дәлелдемелер мен басқа да заттарды жауап алуда пайдалану үшін дайындауға, шешілуі үшін арнайы білімді қажет ететін сүрақтарды белгілеуге және қажетті көлемде арнайы әдебиеттермен, терминологиямен таныстыруға бағытталуы керек.?
Дайындықтың негізгі элементі болып, жауап алу кезінде айқындалуға қажетті, мән-жайларды анықтайтын және нақты айғақ алуды қамтамасыз ететін тактикалық тәсілдерден тұратын жауап алу болып табылады. Алдын ала мақсат қүрып алмай және жүргізілу жолын белгілемей жүргізілген жауап алу, қайта жауап алуға, әкеп соқтырады, ал бүл тергеуді қиындатуы және біраз мақсаты кеті жағдайда тергеушінің тәжірибесіне, болғалы отырған жауап алуы, күрделілігіне байланысты. Жауап алуға дайындық кезінде жекелеген сұрақтарды анықтау үшін жазбаша жауап алудың қажеттігі шамалы. Ал күрделі жауап алу кезінде кейде тек қана жазбаша жоспар ғана қүрып қоймай, жауап алудың графикалық үлгісін қүрып алу керек, сонымен қатар негізгі қойылатын сұрақтарды түжырымдап алу керек. Жауап алу жоспары әдетте кесте түрінде қүрылады, ол жерде біртекті элементтер графаларға бөлінеді. Жауап алудың уақытымен өткізілетін орнын анықтаудан басқа, ол келесідей граф алардан тұруы мүмкін:
1. айғақ алу күтілетін мән-жайлар және оларды анықтау жүйелілігі;
2. әрбір мән-жайларды анықтау үшін қойылатын сұрақтар;
3. қажет болған жағдайларда айыпталушыға көрсетілетін заттай дәлелдемелер, суреттер, қүжаттар және т.б. материалдар;
4. әрбір мән-жайларда бар материалдаргасілтеу;
5. жауап алу кезінде тергеушінің қолданғалы отырған басқа да тактикалық әдістері. Бұл негіздер болғалы жатқан жауап алудың ғана түсінігін бермейді, сонымен қатар, оған дайындық жұмысының көлемі туралы да түсінік береді.
Алдын-ала тергеу аяқталған кезде де қылмыстың болуына әсер еткен жағдайларды анықтауға және шараларды қолдануға болады, осы кезде жауап алу жүргізілген уақытта айыпталушыға нақты сұрақтар қою жолымен, қылмыстың болуына әсерін тигізген себеп пен жағдайларды уақытылы, (алдын-ала тергеу аяқталған кезде емес) толықтай және детальді анықтап алуға болатындығын айта кетуім керек.
Тергеу үшін маңызы бар информацияны иемденуші куәлар мен жәбірленушілер қылмыстық іс материалдарын оқып үйрену кезінде анықталады.
Жауап алуға дайындық кезінде айыпталушының тұлғасы туралы толық, жеткілікті мәлімет болу керек, сондай-ақ оның осы іске және осы істің қатысушыларына қандай қатысы бар екендігін анықтап алу керек. Мүндай түсінік, яғни мәлімет объективті болу үшін, бір-біріне тәуелсіз, бір-біріне байланысы жоқ қайнар көздер қолданылады.
Тергеуші жауап алынатын түлғалардың жеке басы жөніндегі мәліметтерді, оның психофизиологиялық қажеттерін жауап алудың дайындық сатысының өзінде-ақ тактикалық мәселелерді шешу үшін пайдаланады. Бірнеше айыпталушы болған жағдайда, олардан жауап алу кезегі, олардың, жауап алу кезінде беретін мәліметтерінің көлемімен, анықталады.
Айыпталушыдан жауап алу үшін тергеушінің істің мән-жайына байланысты анықтайтын жауап алу сәтін дүрыс таңдап алудың маңызы зор.
Бүл жерде екі аспект анықталады:
1) бір-біріне қайшы келмейтін процессуалдық және тактикалық аспектілер. Қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларына сәйкес, айыпталушы анықтаудан, алдын-ала тергеуден немесе сотган жасырынады, не істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетінен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға негіз болған кезде (ҚР ҚІЖК-нің 139 бабы) және тағылған айыптың; ауырлығы, айыпталушының жеке басы, оның жас мөлшері, денсаулық жағдайы, немен шуғылданатындығы, мүліктік жай-күйі, тұрақты тұратын жерінің бар-жоғы және басқа мән-жайлар ескеріле отырып (ҚІЖК-нің 141-бабы) бүлтартпау шаралары қолданылуы (ҚР ҚІЖК-нің 142бабы) мүмкін. Бұл реттегі айыптау айыпталушыға бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап он тәуліктен кешіктірмей, ал егер сезікті үсталып, содан кейін қамауға алынса, - үсталған кезден бастап осындай мерзімде тағылуға тиіс.
Сонымен қатар адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шығарылған кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей тағылады және бұл қаулымен айыпталушыны қаулы шығарылғаннан кейін, қырық сегіз сағат ішінде, таныстырып және осыдан кейін бір тәуліктен кешіктірмей айыпталушыдан жауап алу керек. (ҚР ҚІЖК-нің 209, 211-баптары). Осы мерзімдердің шегінде тергеуші, тактикалық көзқараспен жауап алудың ыңғайлы сәтін таңдап алады.
Айыпталушы жауап алуға, одан қолхат ала отырып тапсырылатын хабарлау қағазы арқылы немесе өзге де байланыс құралдарын, яғни телефонограмма, телеграмма арқылы шақыртылады (ҚР ҚІЖК-нің 211 бабы)Тергеушінің жауап алуға шақыру тәсілі, шақырылушының жауап алу орнына уақытылы келуіне қамтамасыз етуі керек. Шақыру фактісін қүпияда сақтау қажеттілігі туған жағдайда, тергеуші өзі немесе басқа адамға жауап алынатын адамды шақыртуы керек. Жауап алуға шақырудың тездету шаралары, қылмыстың алдын-алу, қылмыстан сақтандыру үшін мәліметтер бере алатын тұлғаларға қатысты қолданылады. Жауап алуды, айыпталушылардың сөз байласуына немесе оған мүдделі тұлғалардың әсер етуі мүмкін деген қауіпке негіз болған кезде де кейінге қалдыруға болмайды.
Заңға сәйкес жауап алу тек қана күндізгі уақытта жүргізіледі, бірақ кейінге қалдыруға болмайтын айырықша жағдайларда ғана -түнгі уақытта жүргізіледі.
Тергеуші айыпталушыдан өз кабинетінде, үшінші жақтардың қатысуынсыз (егер айыпталушы қамауда болса-тергеу изоляторында) жауап алады. Тергеуші қажет деп тапқан жағдайда, жауап алуды жауап алынатын адамның тұрған жерінде жүргізілуі мүмкін, мысалы, тергеушіге келе алмайтын тұлғадан (науқас) жауап алу. Емделіп жатқан тұлғалардан жауап алу тергеуші үшін кейінге қалдырылмайтын жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Осы кезде тергеуші жауап алудың науқас адамның денсаулығына әсерін тигізбейтіндігіне көзі жетуі керек. Денсаулығының ауыр жағдайында жауап алу дәрігердің рұқсатымен және оның қатысуымен өткізіледі.
Заңда кей жағдайларда, жауап алуға прокурордың, аудармашының, қорғаушының қатысу міндеттілігі айтылады. Прокурордың жауап алуға қатысу құқығы ҚР ҚiЖК-нің 62-бабына сәйкес жүргізіледі, осы бапқа сәйкес прокурор анықтау және алдын-ала тергеу органдарына қадағалау жүргізе отырып, жауап алу кезінде қатысуға құқұлы. Жауап алуға аудармасының қатысуы ҚПК-нің 85-бабында айтылған. Егер де қорғаушы, айып тағылған кезден бастап іске қатысқан болса, ол айыпталушыдан жауап алу кезінде де қатысып, тергеушінің рұқсатымен айыптаушыға сұрақ қоя алады.
Қылмыстың кейбір түрлерін тергеген кезде жауап алудың пәні -өндірістік техникалық жағдайлар болуы мүмкін, бұларды анықтау үшін, сәйкесінше халық шаруашылығының белгілі бір салаларының ережелерін білу, арнайы атаулар мен терминдерді біліп, олардың мағынасын түсіну қажет етіледі. Айғақтардың пәні болып табылатын процестің мәнін түсінбей, қажетті криминологияны біле алмай, тергеуші айыпталушымен "ортақ тілге" келе алмауы, тіпті айыпталушының берген айғағының мағынасын түсінбеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда сәйкесінше нормативті материалдарды және арнайы әдебиеттерді оқып - білу, не болмаса маманнан консультация алу қажет. Кей жағдайларда сәйкес мекемелерге алдын-ала барып, сол жердің өндірістік технологиясымен танысып алу пайдалы болады. Кейбір жағдайларда, зерттеліп отырған фактілер терең білімді қажет етеді. Осы кезде жауап алуға сәйкесінше тергеушінің айыпталушыға қоятын сұрақтарын құруға көмек беретін және оның айғақтарын дұрыс бағалайтын маман шақыртылуы керек. ҚР ҚІЖК-нің 84-бабына сәйкес, "Тергеуге және сот әрекеттеріне маман ретінде қатысу үшін іске мүдделі емес, дәлелдерді жинауда, зерттеуде және бағалауда, сондай-ақ техникалық құралдарды қолдануда жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар адам шақыртылуы мүмкін.
Іске маманды шақыртқан кезде, жауап алуды маман емес, тергеуші жүргізіп жатқанын есте ұстау керек. Жауап алу басталар алдында тергеуші, жауап алуға қатысып отырған тұлғаларға, тергеу шінің рұқсатымен сұрақтар қоюға, жауапм алу хаттамасымен танысуға, ондағы жазылғандардың дұрыстығына және толықтығына байланысты жазбаша ескертулер жасау құқығы түсіндіріледі.
Жалпы тәртіп сияқты, айыпталушыдан жауап алу, тергеушінің айып тағуы үшін жеткілікті дәлелдемелерді жина ғаннан кейін жүргізіледі.
Жауап алудың басында тергеуші, айыпталушыға, тағылған айыптың мәнісін түсіндіре отырып, оның тағылған айып бойынша өзінің толық немесе ішінара кінәлі екенін мойындайтынын, не өз кінәсін теріске шығарыгынын анықтайды (ҚР ҚІЖК-нің 217-6.). Sto
Айыпталушының тағылған айыпқа көзқарасын анықтағаннан кейін, тергеуші, оған тағылған айып пен іс үшін маңызы бар басқа жағдайлар бойынша айғақ беруді ұсынады. Алдын-ала тергеуде айыпталушының айғақ беруден бас тартуы тергеушіге істі аяқтауға кедергісін келтірмейді. "Тағылған айыпқа және айғақтың объективтілігіне қатынасына сәйкес 5 түрлі негізгі тергеу жағдайларын анықтауға болады:
1) айыпталушы өзінің кінәлі екендігін мойындайды және іс бойынша жиналған материалдарға сәйкес өзінің жасаған әрекетін шын жүрекпен және объективті түрде айтып береді;
2) айыптаушы өзінің кінәсін толығымен мойындайды, бірақ оның айғағында, осы материалдарға қайшы келетін мәліметтер болады;
3) айыпталушы өзінің кінәсін ішінара мойындайды және оның берген айғақтарында, осы материалдарға қайшы келетін мәліметтер болады;
4) айыпталушы өзінің кінәсін мойындамайды және оның себебін түсіндіреді;
5) айыпталушы өзінің кінәсін мойындамайды және айғақ беруден бас тартады;
Айыпталушыға, "тағылған айып бойынша өзінің кінәлі екенін мойындайды ма?" - деген сұраққа жауап алғаннан кейін, тергеуші айыпталушыны тағылған айыпқа кінәлілігін айқындайтын еркін баяндау түріндегі айғағы тыңдалады. Тергеуші айыпталушының айғағын тыңдай отырып, ондағы нақты мәліметтерді зерттеп, басқа түлғалардың айғағымен салыстырып, өзіне белгісіз болған оқиғаның деталдарын анықтайды.
Айыпталушының еркін баяндауы аяқталғаннан кейін, жауап алынып отырған адамға айғақтарды нақтылау мен толықтыруға бағытталған сүрақтар қойылуы мүмкін (ҚР ҚІЖК-нің 213 бабының 4-тармағы).
Бұл сұрақтар негізгі, қосымша, айқындаушы, еске түсіруші, бақылаушы сұрақтар болып бөлінеді. Ол сүрақтар қысқа, анық, нақты болып, сәйкесінше айғақтын да толық болуын қамтамасыз ету керек. Сүрақтар айғақты еркін баяндау барысында толық ашылмаған фактілер туралы мәліметтер алу үшін, кейбір жағдайларды нақтылау үшін, оның үмытып қалған фактілерді еске түсіру үшін, қарама-қайшылықты болдырмау үшін егерде айыпталушы шынайы айғақ бермеген болса, оның берген айғағын тексеруі үшін қойылады.
Жауап алудың жалпыдан жекеге көшіп отыруы, жауап алынатын адамға жауап алу тактикасымен тергеушідегі бар дәлелдемелерді және жауап алу тактикасын шамалауға мүмкіндік береді. Айыпталушының әрбір сұраққа берген жауабы сол сәтте хаттамаға жазылып, бірден оған қол қоюға беріледі. Ойланып, дұрыс қойылған сұрақтар және уақтылы көрсетілген дәлелдемелер жауап алу соңында айыпталушының жауабының жалған екендігін мойындауға әкеп соқтырады.
Айыпталушыға қойылатын сұрақтардың қойылу тактикасы әртүрлі болуы мүмкін. Кейде негізгі сұрақтар жайбарақат қойылуы мүмкін. Басқа жағдайда негізгі сүрак айыпталушыға кенеттен қойылуы мүмкін. Мүндай əд і сті қолданудың мәні жауап алынып отырған адамға жалған жауапты тез арада ойлауына мүмкіндік бермеуінде. Сұраққа алдын-ала дайындалмай, және оның негізіне қандай дәлелдемелер қойылғанын білмей, кей жағдайда айыпталушы шынайы жауап береді. Кездейсоқтық факторын ойдағыдай жасау үшін, айыпталушының ойын алдандыратын әртүрлі сұрақтар қоюға немесе басқа да тактикалық әдістерді қолдануға болады.
ТЕРГЕП ТЕКСЕРУДІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2.1. Сотқа дейінгі тергеп тексерудің басталуы жəне жалпы шарттары
Алдын ала тергеу екі формада жүргізіледі: алдын ала тергеу және анықтау. Алдын ала тергеу -- бұл ең алдымен қылмыстық іс жүргізу институты, яғни тергеуші арқылы жүзеге асырылатын қылмыстық сот өндірісі туралы заңдылық нормаларының жиынтығы. Алдын ала тергеу -- бұл сондай-ақ ұлттық қауіпсіздиу органдары, ішкі істер органдары және қаржы полициясы органдары тергеушілері жүргізетін қылмысты тергеу. Оны тергеу бөлімінің бастығы да жүргізуі мүмкін (ҚР ҚІЖК 63-бап).
Алдын ала тергеу өндірісі барлық қылмыстар бойынша міндетті, тек қана ерекше жағдайларда ауыр емес қылмыстық істер бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылғанда ғана болуы мүмкін (ҚР ҚІЖК 33, 285-баптар). Р
Қылмыс жасалған жер (ҚР ҚІЖК 193-бап). Қоғамға қауіпті зардаптың басталған жерінен тәуелсіз оның аяқталған жері қылмыс жасалған жер болып есептеледі. Қылмыс жасалған жерді дәл анықтау мүмкін болмаған жағдайда алдын ала тергеу (бұл жерді толық ашу сәтіне дейін) қылмыс болған жерде немесе зардаптың жасалуы басталғаң жерде жүргізіледі. Тергеуші қызметінің жері деп әдегге оған алдын ала тергеу жүргізу тапсырылған аймақ (аудан, қала, т.б.) айтылады. Алдын ала тергеу ондірісінің басталуы.Алдын ала тергеу тек қана қылмыстық іс қозғалғаннан кейін басталады. Жалпы тәртіп бойынша қылмыстық іс қозғалғанға дейін тергеу іс әрекеттерін жүргізуге (окиға болған орынды тексеруден басқа) тыйым салынады.
Алдын ала тергеу мерзімі. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 196 бабына сәйкес адцын ала тергеу мерзімі тек қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығарылған сәттен есептеледі. Тергеуші мен анықтаушы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 64, 67-баптарында анықталған өз өкілеттігі шеңберінде қылмыстық істі қозғайды және оны қылмыс қозғалған күннен бастап екі ай мерзімінен кешіктірмей аяқтауы тиіс. Бұл мерзім ішіне қылмыстық істі қозғау сәтінен бастап, істі айыптау қорытындысымен прокурорға жолдағанға немесе медициналық сипаттағы шара қолдану туралы болмаса істі тоқтату не тоқтата тұру туралы сотта қарауға жіберу жөніндегі қаулыға енеді. Алдын ала тергеу мерзімі аудандық, қалалық және оған теңестірілген прокурор арқылы 3 айға дейін ұзартылуы мүмкін.
Тоқтатылған және уакытша тоқтатылған істерді қосымша тергеу, оны қадағалауды жүзеге асыратын прокурор арқылы анықталады және оған іс тергеушіге түсіп оның iстi өз өндірісіне қабылдаған сәтінен бастап бір айдан аспайтын мерзім беріледі. Айыпталушының және оның қорғаушысының іс материалдарымен танысу уақыты, сондай-ақ тергеу тоқтатылған уақыт тергеу мерзімін есептеуде есепке алынбайды.
Тергеу айрықша күрделі істер бойынша облыс прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор алдын ала тергеуді алты айға дейін созуы мүмкін. Тергеу мерзімін одан әрі созу істің күрделілігін есепке ала отырып, ерекше жағдайларда ғана тергеу мерзімі аяқталуға дейін он күннен кешіктірмей тергеушінің толық дәлел келтірген қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Бас прокуроры, оның орынбасарлары және бас әскери прокурор арқылы шешімін табады.
Алдын ала тергеу жүргізу үшін қылмыстық іс сларна прокурор немесе сәйкесті тергеу бастығы, анықтау органының жетекшісі арқылы берілуі мүмкін. Тергеуші немес анықтаушы өзі қозғаған немесе оған берілген іс бойынша оны өз өндірісіне қабылдай отырып, дереу тергеу жұмысын бастауға міндетті.
Тергеушінің, анықтаушының істі өз өндірісіне қабылдауы қаулы шығару жолымен жүзеге асырылады. Тергеушінің, анықтаушының қылмыстық іс бойынша істі өз өндірісіне қабылдау туралы қаулы шығармай тергеу әрекетін бастап кетуі қылмыстық іс жүргізу заңын бұзу болып табылады.
Қауырт тергеу әрекеттері.Алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын Қылмыс белгілері бар іс әрекет бойынша анықтау органы Қылмыстық іс қозғап қауырт тергеу әрекетін жүргізуге құқылы.
Қауырт тергеу әрекетіне мыналар жатқызылады: тексеру, бөлектеу, тінту, куәландыру, күдіктіні ұстау және жауап алу, қылмыс іздерін табу және тіркеу, бекіту мақсатында жәбірленуші мен куәлардан жауап алу, сол сияқты дереу бекітуді талап ететін дәлелдемелер, алып қою және зерттеу (ҚР ҚІЖК 200-бап, 1-бөлік).
Кейінге қалдыруға болмайтын қауырт тергеу іс әрекеттерін орындағаннан кейін іс қозғалған күннен бастап, бес тәуліктен кешіктірмей анықтау органы немес анықтау органының өкілеттігі бар лауазымды адам істі тергеушіге беруге, бұл жөнінде 24 сағат ішінде прокурорға хабарлауға міндетті. Тергеуші өз қалауы бойынша не анықтау органының бастамашылдығы бойынша өз өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізуді және жедел іздестіру шараларын анықтау органына тапсыруы мүмкін.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері:
Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар болмаған кезде, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер, атап айтқанда:
1) қылмыстық құқық бұзушылық не адамның хабарсыз кеткені туралы жеке тұлғаның арызы не мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның хабары;
2) кінәсін мойындап келу;
3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар;
4) қылмыстық қудалау органының лауазымды адамының дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы рапорты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері болып табылады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға себеп болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор өз құзыреті шегінде және Кодексте белгіленген тәртіппен өз қаулысымен қылмыстық істі іс жүргізуге қабылдайды Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу тәртібін, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергептексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.
Азаматтардың қылмыс туралы арыздары ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін. Жазбаша арызға оны беріп отырған адам қол қоюға тиіс. Тергеу іс-әрекетін жүргізу кезінде немесе сот талқылауы барысында жасалған қылмыс туралы ауызша арыз тиісінше тергеу іс-әрекетінің немесе сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Өзге жағдайларда жеке хаттама жасалады. Хаттама арыз беруші, оның тұратын жері немесе жұмыс орны, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді қамтуға тиіс. Хаттамаға арыз беруші және арызды қабылдаған лауазымды адам қол қояды. Арыз берушіге әдейі жалған сөз жеткізгені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 351-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туралы ескертіледі, бұл туралы хаттамада белгі қойылып, ол арыз берушінің қол қоюымен куәландырылады. "Домалақ арыздар" тек олар алдын-ала тексерілгеннен кейін, егер оларда терроризм басқада ауыр қылмыстар көрсетілмесе.
Кінәсін мойындап келу - адамның оған қатысты әлі күмән келтірілмегенде немесе аталған қылмысты жасағанына айып тағылмағанда өзі жасаған кылмысы туралы ерікті мәлімдеуі. Аталған мәлімдемені жазбаша да және ауызша да нысанда жасауға болады және оны мәлімдеуші қылмыстық процесті жүргізетін органға беруге тиіс. Ауызша мәлімдеме хаттамаға енгізіледі, хаттамада жасалған мәлімдеме егжей-тегжейлі жазылады. Хаттамаға кінәсін мойындап келген адам және мәлімдемені қабылдаған лауазымды адам қол қояды. Кінәсін мойындап келген кездегі мәлімдемеде қылмысқа бірге қатысқан адамдар аталған жағдайда мәлімдеушіге әдейі жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертіледі.
Мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын атқаратын адамның қылмыс туралы хабарлауы жазбаша түрде жасалуға тиіс. Оған қылмыс туралы жасалған хабарды растайтын құжаттар мен өзге де материалдар қоса тіркеледі.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар газетте немесе журналда жарияланғанда не радио немесе теледидар аркылы таратылғанда қылмыстық іс қозғауға себеп бола алады. Қылмыс туралы хабарды жариялаған немесе таратқан бұқаралық ақпарат құралдарында басқару функцияларын атқаратын адамдар қылмыстық іс қозғауға құқығы бар адамның талап етуі бойынша жасалған мәлімдемені растайтын өз қолындағы құжаттар мен өзге де материалдарды беруге, сондай-ақ мәліметтерді ақпарат көзін құпия ұстау шартымен берген жағдайларды қоспағанда, сол мәліметтерді берген адамның атын атауға міндетті.
Қылмыс туралы мәліметтерді анықтау қылмыстық істі қозғауға мынадай жағдайларда:
1) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде анықтау органының қызметкері, тергеуші, прокурор қылмыстың куәлары болғанда не қылмыстың ізін немесе салдарын ол жасалғаннан кейін бірден байқағанда;
2) анықтау органы мен анықтаушы қылмыс туралы мәліметтерді өз функцияларын жүзеге асыру кезінде немесе басқа бір қылмыс туралы іс бойынша анықтауды жүргізу кезінде алғанда;
3) тергеуші қылмыс туралы мәліметтерді басқа қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша тергеу кезінде алғанда;
4) прокурор қылмыс туралы мәліметтерді заңдардың орындалуына қадағалау жасаған кезде алғанда себеп болады. Қылмыстық ізге түсу органы кез келген жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдауға, тіркеуге және қарауға міндетті. Арыз берушіге арызды немесе хабарды қабылдаған адамды, оны тіркеген уақыт пен арыз немесе хабар бойынша шешім қабылдануға тиісті уақытты көрсете отырып, қылмыс туралы қабылданған арыздың немесе хабардың тіркелгені туралы құжат беріледі. Қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдаудан негізсіз бас тартуға прокурорға немесе сотқа ҚРҚІЖК белгіленген тәртіп бойынша шағымдануға болады. Сотқа түскен қылмыс туралы арыз немесе хабар, жеке айын тағу ісін қозғау жағдайларын қоспағанда, прокурорға жіберіледі, бұл туралы арыз берушіге хабарланады. Сот қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істі талқылау кезінде қылмыс белгілерін байқағанда ол туралы жеке қаулы арқылы прокурорға хабарлауға міндетті.
Қылмыс туралы арыз немесе хабар бойынша шешім ол түскен күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей қабылдануға тиіс. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап ету, оқиға өткен жерді қарау, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz