Жалпы педагогикалық технологияларды оқу- тәрбие үрдісінде ендіру арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру


ЖОСПАР
Кіріспе
- Жалпы педагогикалық технологияларБілім беру үрдесін жетілдірудің қазіргі таңдағы технологиялар классификациясы
- Педагогикалық технологиялар және ұлттық тәрбиеҰлттық тәрбие беру мазмұныПедагогикалық технологиялар арқылы ұлттық тәрбие беру
Қорытынды
Пайдаланан әдебиеттер
Кіріспе
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде реформалар жүріп жатыр. Осы реформаларға сәйкес жоғары мектептің оқу үрдісіне педагогикалық технологияларды енгізу белсенді түрде қолға алынып отыр. Ол бүгінгі заман талаптарынан туындап, болашақ мамандардың даярлығын жетілдіруді көздейді.
«Технология» латынның «техне»- өнер, шеберлік, қолөнер және «логос»- ғылым деген сөзінен шыққан. 1960-1970 жылдардан бастап педагогика ғылымында педагогикалық технология деп аталатын жаңа ұғым пайда болды. Оның мағынасын ғалымдар түрліше анықтайды:
- педагогикалық технология- мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың және ол жүйелердін тиімділігі жөніндегі жаңа ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюдың тұтас үрдісі.
- Педагогикалық технология- тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс- тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана.
- Педагогикалық технология- оқу үрдісіне белгілі бір мақсатты көздей әсер ететін педагогикалық ықпал.
Педагогикалық технологиялар мен тәрбие мазмұны терең ғылыми негізде бола отырып, көп қырлы дәстүрлер мен халықтың ұлттық психологиясын бейнелеуі қажет. Өйткені кез- келген халықтың мұрат тұтар тұлғалары болады. Олардың бойында ұлтқа тән өзіндік санасы, кемеңгер ой- пікірі, елдің тарихи даму барысында қалыптасқан жақсылық пен жамандыққа қатысты көзқарасы, т. б. сомдалады.
Ұлттық тәрбие қалыптастыруды жүзеге асырудың шарттары төмендегідей деп білеміз:
- оқыту және тәрбие мазмұнына енген оқу материалдары мег іс- әрекеттерінің тәрбиелік, ұлттық дүниетанымдық элементтері;
- ұлттық тәрбиені қамтамасыз ету ұстанымдары;
- ұлттық тәрбиені тәжірибеде қолдануды қамтамасыз ететін оқытудың әдістері.
1. Жалпы педагогикалық технологиялар
1. 1. Білім беру үрдесін жетілдірудің қазіргі таңдағы бағыттары
Қазіргі заман талабына сәйкес білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдірудің аса маңызды кезеңінде білім беру стандартында біздің алдымызға қойылатын мақсаттар мен міндеттер аймағы нені қамтиды?
- оқыту нәтижесіне сәйкес білім мазмұнын жете сипаттауға мүмкіндік тууы- мемлекеттің жалпыға міндетті білім беру стандартын жасаудағы теориялық ой- тұжырымдардың бірінші нәтижесі.
- Білім берудің мазмұны мен құрылымына және оқушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын иынтығы анықтайтын негізгі тірек ұғымдарының нақтыдануы және олардың анықтамаларының берілуі- екінші нәтиже.
Педагогикалық технология- бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым- қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым.
Педагогикалық технология- бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қисынды ілім амалдары мен әдістердің жүйелі жиынтығы, жұмыс реті.
Алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен наты жағдайға сай болуы басты шарты.
Педагогикалық технология ынтымақтастық педагогика негізінде қарастырылуы қажет.
Қазіргі кезде жеке тұлғаны қалыптастырып, дамыту, жан- жақты терең білім беру технологияары сараланып ұсынылуда.
Саралап, даралап
оқыту
Мақсаты: баланың танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, бала жанына, жүрегіне жылылық ұялату.
Мәселелік технология.
Мақсаты: баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық, шығармашылық икемділіктерін дамыту.
Мұнда оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу.
Балаға білімге деген қажеттілікті ұғына отырып, мақсатты білім беру.
Мақсаты: барлық баланы қамту, оқытуды жеделдету.
Модульдік технология- дамыта оқыту идеясына негізделген.
Менің негізгі мәселем- оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу. Ой тұжырымдауға дағдыландыру.
1. 2. Педагогикалық технологиялар классификациясы
Қазіргі білім беру жоғары технологиялық деңгейге көтерілуде. Жаңа технологияларды іздестіру үрдісі бұрынғы дәстүрлі технологияны ығыстырумен, педагогикалық үрдісті тұтас үрдіс, яғни оны жалпыадамзаттық құндылықтар, ізгілендіру теорияларына сүйенген жүйе ретінде қарастырумен, субъект- субъекті қарым- қатынастың басымдық танытуымен байланысты туындауда.
Осыған орай соңғы онжылдықта алуан түрлі педагогикалық жүйелер ұсынылып, нәтижесінде түрлі инновациялық типтегі мектептер пайда болуда. Олардың ерекшелігі онда оку-тәрбие үрдісін үйымдастыруга өзіндік амалдар мен тәсілдер, окыту мен тәрбиенің соңғы технологиялары дүниеге келіп, тәжірибеде сыналуда.
Педагогика және психология ғылымында «педагогикалық технология», «білім беру технологиясы», «оқыту технологиясы», «тәрбие технологиясы», «түлғаны дамыту технологиясы» және т. б. ұғымдар кеңінен колданылуда.
«Технология» ұғымын түсіндірудегі көзкарастар да түрліше. «Технология» сөзі грек тілінен аударғанда «өнер, шеберлік+ілім» дегенді білдіреді. Демек, ол дайындау, өндеу, күйін өзгерту әдістерінің жиынтығын білдіреді екен. Бүл термин әдетте өндірістік үрдісті сипаттауда кеңінен қодданылып келген. Ал педагогика ғылымы тұрғысынан қарастырғанда шеберлікпен ілім қосындысын білдірмек.
Т. К. Смықовская, Т. Б. Руденколардың пікірінше: «Әдістеме тек бір ғана - оқыту үрдісіне көңіл бөлсе, технология бір мезетте оку және оқыту үрдісімен катар жүмыс істейді. Және технология алға қойылған мақсаттың накты соңғы нәтижесіне кепілдік береді». Ежелгі философтардын өзі педагогикалық шеберлікті тарату туралы айтқан, ал бұл осы күнгі технологияға жақьн. Сондай-ақ, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко да технологиялық рәсімдерді анық көрсете білген.
Педагогикалық технология дегенге В. П. Беспалько: «Практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба», - деп анықтама береді. Мұнда ғалым педагогикалық жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған мақсатты, бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қарастырады.
Ал белгілі педагог-ғалым В. М. Монахов болса, «Педагогикалық технологиялар дегеніміз - оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудіц ойластырылған моделі» деп түсіндіреді.
Белгілі ғалым Г. Селевконың осындай педагогикалық технологияларды топтастырып оларды төмендегідей классификацияға жіктеуі біздердің педагогикалық технология туралы түсінігіміздің айқындала және кеңейе түсуіне көмектеседі деп ойлаймыз.
Енді көптеген мектептерде оку үрдісіне енгізіліп, көп таралып жүрген Л. В. Занковтың дамыта оқыту технологиясын ғалым Г. К. Селевко ұсынған классификация бойынша жіктейік.
Л. В. Занковтын дамыта оқыту технологиясынын классификациялық сипаттамасы
1. Қолдану деңгейіне карай: жалпы педагогикалық.
- Философиялық негізіне қарай:гумандық+сциентистік.
- Психикалық дамудын жетекші факторына қарай:әлеуметтектік+психотектік.
- Игерудің ғылыми тұжырымдамасына карай:ассоциативті-рефлекторлық+дамытушылық-
- Мазмұндық сипатына қарай:білімдік, тәрбиелік+ гуманистік.
- Басқару типінекарай: шағын топтар жүйесі.
- Ұйымдастыру формасына қарай:сыныптық-сабақтық + академиялық + клубтық +топтық +жеке.
- Балаға қатынас амалына карай:тұлғалық-бағдарлық.
- Басымдық танытатын әдісінекарай: дамытушы.
- Оқушылар категориясына карай:жалпы.
- Жетілдіру бағытына қарай:балама.
Дамыта оқыту дегеніміз - бұл оқу үрдісінде оқушының ықтимал мүмкіндігінін толық іске асуына бағдарланған оқыту.
Дамыта окыту теориясы сонау Г. Песталоций, А. Дистервек, К. Ушинскийден басталады. Бүл теорияны алғаш ғылыми негіздеген Л. С. Выготский деп саналады. Кейінірек бүл теория Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Н. А. Менчинскийдің тәнарибелік-эксперимент-терінде әрі қарай өзІңдік жалғасын тапты. Л. В. Занқов технологиясы тұлғаның жан-жакты, жалпы дамуына бағытталған. Ресей білім министрлігі 1986 жылы бұл технологияларды (Л. В. Занков, Д. Б. Әльконин-В. В. Давыдов) ресми түрде озық деп жариялады да, қалган дамыта оқыту технологиялары авторлық және балама мәртебеге ие болды.
Л. С. Выготский идеясы іс-әрекеттің психологиялық теориясына (психолог А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин) негізделген және 30 жылдары кеңтарады.
Педагогикалық технологиялар классификация
Оқушылар катеогориясына қарай
2. Педагогикалық технологиялар және ұлттық тәрбие
2. 1. Ұлттық тәрбие беру мазмұны
Еліміздің егемендік алуына байланысты жалпы білім беретін орта мектептерде "Әдеп" циклындағы пәндер, арнаулы орта және жоғары оку орындарында "Этнопедагогика" оку курсы өтіліп келеді. Оған сай оку бағдарламалары, оқулықтар, апталық "Қазақ халкының салт-дәстүрлері" (С. Қалиев, т. б. ), "Инабат" (Ж. Нұскабаев, т. б. ), "Жантану және әдеп" (Қ. Жарықбаев, Ә. Табылдиев), "Этнопедагогика" (З. Әбілова), "Қазақ тәлім-тарбиесі " (Қ. Жарықбаев, С. Қалиев) жазылған. Бұлардың барлығы оку орындар жүйесінде пайдаланылып, жастарға ұлттық тәлім-тәрбие негіздерін үйретуде елеулі орын алып отыр. Әйтсе де аталған әдебиеттер этнопедагогикалық білім, тәрбие беру ісінде ұғымдар мен түсініктерді жүйелі дамыту жағын шеше бермейді. Бұлай дейтініміз кез келген оку пәні, болмаса оку курсы белгілі бір ғылыми білім жүйесін (ұғымдар мен түсініктерді) окыту арқылы біртіндеп дамытып, шәкірттерді сөйлеуге, карым- катынасқа, іс-әрекетке, құндылықтарды тануға, өз бетімен шешім қабылдауға, жаңа өзгерістер жасауға және кәсібін таңдап, оны үйренуге, қысқасы тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді. Мысалы, орта мектепте "Химия" пәні оқушыға химия жайлы ұғым беруге, химиялық атауларды үйретуге, химиялық реакцияларды жүргізіп, оны өмірде пайдалануға бейімдейді. Осы сиякты "Этнопедагогика" да шәкірттердін ойында жуйелі ұғымдар мен түсініктерді дамытуы керек.
Ұлттық педагогика - жаңа қалыптасу кезеңіндегі педагогика ғылымдарының арнайы саласы болғандықтан, онын ұғымдары қалыптасу үстінде. Бұдан этнопедагогика жаңа пайда болған ғылым саласы деген ой тумайды. Ол ұлтымыздың тыныс-тіршілігімен бірге дамып келе жатканмен, әр түрлі қоғамдық күштердің әсерінен кешеуілдеп, тек XX ғасырдын 60-70-жылдарында ғана өз атына ие болып даму үстінде.
Этнопедагогикалық әдебиеттерге қараганда онда білім мазмүны ретінде әдет-ғүрып пен салт-дәстүрді, акын-жыраулар мен би-шешендердің ой-пікірлерін, ауызекі және жазба әдебиет материалдарын қамтып, одан ұғым мен түсінік беру жағы ойластырылған. Бұл дұрыс, дегенмен этнопедагогикалық білімдер жүйесінің аясы тар көрсетілген сиякты. Ол біздің өміріміздің барлық жақтарын қамтиды. Сондықтан этнопедагогикалық білімдер жүйесінің ауқымы әлдеқайда кең әрі терең.
Оқу орындарында берілетін білім мазмұны табиғат, онда болатын өзгерістер, карым-катынас, қоршаган орта, адам баласы жасаған құндылықтар т. б. болатыны білім мазмұнын тандау ісімен шұғылданатын дидактик ғалымдардың (М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер, В. В. Краевский т. б. ) еңбектерінде көрсетілген. Сондай-ақ педагогика оқулығында жастарға берілетін білім мазмұнын таңдау қағидалары да белгіленген (Ю. К. Бабанский) .
Осы негізге сүйене отырып, біз әлеуметтік өмірімізде екшеле келіп тәлім-тәрбие ісінде кәдемізге жарап келген мыналарды:
- отбасының бала тәрбиесі жөніндегі тәжірибелер,
- әдет-ғүрып, салт-дәстүр,
- ауызекі және жазба әдебиет туындылары,
- мәдениет, өнер және этнология материалдары,
- ғүламалардың, би- шешендердің ой-пікірлері мен қас ,
- төл тарих,
- тұрмыс, шаруашылық тәжірибелері,
- ұлтымыздың балалар мен жастарға білім беру тәжірибесі,
- білім беру жөнінде мемлекет қабылдаған құжаттар этнопедагогикалық білім мазмұнын қамтиды деп санадық. Мысалы,
"Ғүламалардың, би-шешендердің ой-пікірі мен кас батырлардың ерлік өнегесі" деп аталатын этнопедагогикалық білімдер топтамасында "ғұлама", "би", "шешен", "шешендік", "ғылым", "білім", "нақыл сөз", "тағылым", "тұлға", "батыр", "ерлік", "ұлы түлға", "ел корғау", "отан" сияқты ұғымдардың мән-мағынасын ашып, оған окушыны тәрбиелеуге болады.
Этнопедагогикалық білімдер - тарихи даму кезінде ұлтымыздың әлеуметтік өмірінде екшеле келіп жүйеге түскен және тәлім-тәрбие ісіне арқау болатын ұғымдар мен түсініктер.
Корыта айтқанда, этнопедагогикалық білімдер жастардың бойында ұлттық тұрпат (менталитет) белгілерін дамытуда жетекші орын алатын оқу мазмүнын қүрайды.
2. 2. Педагогикалық технологиялар арқылы
ұлттық тәрбие беру
Қазірғі кездегі тәрбиенің басты қашдасы оқушыларды адамтершілікке, имандылыққа тәрбиелеу. Тәрбиеде жеке тұлғалық бағыт ұстау, жастардың бостандығы мен әлеуметтік хұқын мойндау.
Осыган орай болашақ мұғалімнің өзіне ғана емес, оның тәрбиеші ретіндегі дайындығына да талап күшейіп отыр.
Республикада бұрынғы адамгершілік сапаларына қарым-қатынас өзгеріп отырған кезенде мұғалімдердің оқушылармен жұмысын кәсіптік жағынан дайындығын күшейту күрделене түседі. Болашақ мұғалімді кәсіптік жағынан дайындауда өзінің әртүрлі ісінде халықтық тәжірибелерді пайдалану қажеттігі осыдан туындайды. -
Студенттерді мектептегі сыныптан тыс тәрбие ісіне дайындауды жоғары оқу орындарындағы бүкіл оқу-тәрбие жұмыстарының жүйесі қамтамасыз етуі керек.
Педагогика курсы бойынша "Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу" тақырыбының мазмұнын ашу процесінде оқытушы педагогикалық ықпал ретінде мұғалімнің кәсіптік әдептілігінің мәнін ашады, өйткені ол бала санасына әсер ете отырып, оның адамгершілік сапаларыні қалыптастырады.
Бұл жөнінде ұлы педагог А. С. Макарснко тәрбиешінің жеке басына мынадай талаптар қойды:
- тәрбиеші болатын адам өзінің жүріс-тұрысын, мінезінжөнге салып, ұйымдастыра білу қажет;
- арнаулы білім дағдыны меңгеруі;
- жұмысты ұйымдастыра білетін, тиісті жерінде ашулана даалатын болуы;
- баламен сөйлесе білуі;
- көзқарасымен, ыммен де оз ойын түсіндіру;
- тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс-тұрысының өзібалаларға өнеге, төлім-тәрбие берерліктей болуға тиіс.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz