азаматтық құқықтағы өкілдік түсінігін ашу және оны сипаттау


КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері: жеке тұлғалар және заңды тұлғалар. Бұл субъектілер мәмілелер жасағанда тікелей қатысады, кейбір жағдайдалда өздері тікелей қатыса алмай басқа бір тұлға арқылы мәміле жасау қажет болады. Осындай жағдайларды реттеу үшін азмататтық заңнамада өкілдік институты көрсетілген.
Өкілдік (ағылш. representation) - бұл бір тұлғаның (өкілдің) басқа тұлға (өкіл беруші) үшін құқықтар мен міндеттер туғыза отырып (өзгертіп, тоқтатып) өзінің уәкілеттігі негізінде соның атынан әрекет жасау бойынша құқықтық қатынас. өкіл өкіл берушінің атынан әртүрлі мәмілелер жасай алады (тұрғын үйді сату-сатып алу, жалға беру, айрбастау, т. б. ) .
Жұмыстың өзектілігі. Өкілеттік түрінде басқа тұлға атынан және қызығушылығмен өзінің құқық шегінде әрекеттің бір тұлғамен, оөкілімен жасалуын түсіндіреді. АК 169 бабына сәйкес, өкілмен жасалатын мәміле өкілетттіктің азаматтық құқығы мен міндеттемелерін құрайды, өзгертеді және жояды.
Азаматтық айналымда өкілеттілік институты кең қолдану сферасын иемденеді. Оған қажеттілік өкіл өзінің құқықтары мен міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда ғана туындамайды (ауыр-сырқаттан, іс сапардан, жұмыс бастылығымен, т. б) Өкілдік қызметтерге өкілдің арнайы білімі мен тәжірибесін қолдануға, уақыты мен қаражатын үнемдеу үшін келеді. Көпетеген заңды тұлғалардың қызметі өкілет көмегінсіз мүлкінді болмайды. Өкілеттілік көмегімен тек мүліктік емес, кейбір жеке мүліктік емес құқықтар да жүзеге асырылады.
Өкілеттілік субъектілерін анықтау қажет Өкілеттік қатынасында үш субъектіні ажыратады - өкілет беруші, өкіл және үшінші тұлға. Өкілет беруші түрінде азаматтық құқықтың кез келген субъектісі бола алады - заңды тұлға немесе азамат. Біріншіден, өкілдер толық әрекет қабілеттілікті иемденуі қажет. Екіншіден, заңды тұлғалар тұлғалар өкілдік қызметтерді өз мойнына ала алады. Үшіншіден, заң кейбір субъектілердің өкілдік қызметтерді орындау қатынасында бірқатар тыйым салуларды құрайды. Азаматтық құқықтың кез келген субъектісі үшінші тұлға бола алады.
Өкілеттікте құқықтық байланыстар күрделі құрылымды иемденіп, келесі үш түрлі қатынастан жасалады: 1) өкілет беруші мен өкіл арасында; 2) өкіл мен үшінші тұлға арасында; 3) өкілет беруші мен үшінші тұлға арасында.
Өкілеттіктің оған ұқсас құқықтық қатынастардан айырмашылығы. Өкіл өкілет беруші атынан әрекет жасаса да; мәміле және басқа да заңдық әрекет жасауда өз еркін білдіреді. Осы жағдаймен оның қабілетіне жоғары талаптар және мәміле жасау шынайылығының тікелей тәуелділігі байланысты. Өкілге қарағанда жіберушібір тұлға еркін (пікірін, ойын) екіншісіне өткізеді, бірақ өз еркін білдірмейді.
Жұмыстың басты мақсаты - азаматтық құқықтағы өкілдік түсінігін ашу және оны сипаттау болып табылады.
Мақсатқа сай келесі міндеттер анықталды:
Өкілдіктің құқықтық теориялық негіздерін зерттеу;
Азаматтық құқық жүйесінде өкілдік түсінігін ашу;
Өкілдіктің құқықтық реттелуін талдау.
Жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы өкілдік түсінігі.
Жұмыстың пәні - азаматтық құқық.
Жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыбына жазылған жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ӨКІЛДІК ТҮСІНІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Өкілдіктің түсінігі мен маңызы
Өкілдік - тапсырылған өкілет бойынша бір тұлғаның атынан басқа тұлғаның мәміле не басқа да құқықтық маңызы бар әрекет (мысалы, талапкер атынан сотқа қатысу) жасауы. Өкілет сенімхат не құзыретті органның актісі арқылы тапсырылады немесе заңда көрсетілуі мүмкін. Өкіл тікелей өкілет беруші үшін азаматтық құқықтар мен міндеттер туындатады, өзгертеді немесе тоқтатады. Өкілдік адамның мүліктік қатынастарға тікелей қатысуына әрекет[1] қабілеттілігі жоқтығына, науқастығына, жұмысбастылығына немесе жер шалғайлығына байланысты қолданылады. Заңда көрсетілген реттерде және өзінің сипатына қарай мәмілелердің жекелеген түрлерін (өсиет қалдыру, некеге тұру, рента шартын жасасу) өкілдік арқылы жасауға жол берілмейді. Заңды өкілдік әрекетке қабілетсіз (науқас, мүгедек) адамдарға қатысты тағайындалады. Ерікті өкілдік шарт (тапсырма шарты, еңбек шарты, т. с. с. ) негізінде пайда болады. Өкілдіктің ерекше түрі - коммерциялық өкілдік. Мұнда өкіл кәсіпкердің атынан үнемі және дербес өкілдік етеді. Коммерциялық өкілдік ақылы қызмет болып табылады, өкілге төленетін ақыны тараптар шартпен белгілейді; қысқаша Дипломатиялық өкілдік. 2) Халықаралық қатынаста өкілдік шетелдік ұйымдарды немесе олардың субъектілерін білдіреді. [2]
Өкіл арқылы басқа да заңды әрекеттер жасалуы мүмкін - претензия қою, жалақы, жәрдем-ақы алу, т. с. с. Өкіл арқылы сипаты бойынша тұлғаның жеке өзі жасауға тиіс мәмілелер жасалынбайды (некеге тұру туралы өтініш, кейбір неке-отбасы қатынастары, асырап алу) . Өкілдік арқылы тікелей заңды маңызы жоқ әрекеттер жасалынбайды (мысалы, жұмыс істеу) .
Өкілдің уәкілеттігі көбінесе сенімхат арқылы рәсімделеді. Кейбір жағдайларда заңның негізінде (мысалы, заңды өкіл ретінде ата-аналардың өз кәмелетке толмаған балаларының атынан өкілдік жасауы, қамқоршының қамқорындағы адамның өкілі болуы), әкімшілік акт негізінде (мысалы, әрекет ететін жағдайға байланысты сатушы, кассир, жүк қабылдаушы, т. б. лауазымдарды тағайындау) .
Өкіл болатын азаматтар әрекет қабілеттілікке ие болу керек. Заңды тұлғаның өһкіл болуы оның жарғысына қайшы болмау керек. Заңды тұлғалар өзінің тұрғылықты жерінен тыс орындарда заңмен көрсетілген тәртіпте өкілдік функцияларын орындау үшін арнайы бөлімдер ашуы мүмкін; өкілдік сәйкес заңды тұлғаның сенімхаты негізінде осындай бөлімдердің бастығы арқылы жүзеге асырылады. Өкіл әр жағдайда өкіл берушінің мүдделерін қорғау мақсатында әрекет ету керек, сондықтан ол өкілдің атынан өз өзімен мәміле жасай алмайды және тағы басқа бір тұлғаның өкілі болса екі өкіл берушілердің арасында мәміле жасай алмайды.
Жалпы ереже бойынша, азаматтық құқық субъектілерінің басқа тұлғалардың - өкілдіктің жәрдеміне жүгінбей-ақ мүліктік айналымға өз бетінше қатысу мүмкіндігі болады. Солай болса да, азаматтық айналымда өкілдік институты кеңінен қолданылады. Азаматтық құқықта бір адамның екінші адамның атынан жасаған мәмілелері немесе басқа да заңдық маңызы бар әрекеттері (мысалы, сотқа талап-арыз беру немесе сот отырысына қатысу) тікелей екінші адам үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын құқықтық қатынастар өкілдік деп аталады. Басқа адамның мүдделері үшін мәміле жасайтын адам өкіл деп, оның мүддесіне мәмiле жасалатын адам - сенім білдіруші немесе өкілдік беруші деп, ал сенім білдірушінің (өкілдік берушінің) мүдделері үшін өкіл мәміле жасайтын адамдар - үшінші жак деп аталады.
Бірқатар мәмілелер немесе заңдық маңызы бар әрекеттер, мысалы, некелесу, еңбек шартын жасасу, өмір бойы күтіп-бағатын келісіммен үйді иеліктен шығару шартын жасасу заң актілерінде тікелей тыйым салынбағанның өзінде өзінің сипаты бойынша өкілдің өзі қатысуын талап етеді, сондықтан оларды өкіл арқылы жасау мүмкін емес.
Өкілдің өкілдік беруші адамның мүддесіне заңцық мәмілелер жасауы өкілдіктің елеулі қызметі болып табылады. Бұл АК-ның өкілдікке анықтама беретін 163-бабында тікелей баянды етілген.
Өкілдік өкілдiң сенім білдіруші адамның атынан мәміле жасалуын көздейді.
Өкілдік қатынастардың субъектілері. Өкілдікте өкіл, өкілдік беруші (сенім білдіруші) және үшінші тұлға арасында қатынастар туындайды. Өкілдікте және өкілдіктің көмегімен жасалған мәміле бойынша қатынастардың тууы үшін үш тұлғаның бірлескен және үйлесімді еркі болуы қажет: өкілдік беруші адам арқылы құқықтар мен міндеттерді белгілеу үшін - өкілдің; өкілдік беруші адаммен қатынас орнату үшін - үшінші адамның; өкіл арқылы мәміле жасауға өз келісімін ертерек немесе кешірек беру үшін - өкілдік берушінің еркі болуы керек.
Өкіл мен өкілдік беруші адам арасындағы құқықтық қатынас өкілдіктiң өзі болады, оны ішкі қатынасдеп атайды. Өкіл мен үшінші адам арасындағы қатынас сыртқы қатынасболады, ол өкiлдік бойынша өкілеттікті жүзеге асыру болып табылады, оның дербес сипаты жоқ, өйткені өкілдіктiң мәні - өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады. Бір тарабы өкіл болатын мәміледе өкілдік беруші адам құқықтар мен міндеттер субъектісіне айналады, ал үшінші жақ үшін өкіл фигурасының айтарлықтай мәні болмайды, өйткені үшінші жақ өкіл арқылы тікелей өкілдік берушімен құқықтық қатынас орнатады.
Өкілдің мәмілесі - бұл заңдық факт, ол өкілдік беруші мен үшінші адам активті және пассивті субъектілері болып табылатын қатынастарды туғызады.
Өкілдік өкілеттіктер. Өкілдің жасауына рұқсат етілген мәмілелер ауқымын өкілеттік деп атайды. Өкілеттік өкіл үшін ғана емес, сондай-ақ оның өкілдік берушінің атынан құқықтық қатынас орнататын адамдары үшін де міндетті, өйткені кейін оларды өкілдік беруші мақұлдайтын жағдайлардан басқа реттерде өкілеттігі жоқ немесе өкілеттігі көп өкілдік заңдық салдар туғыза алмайды. Сондықтан, жалпы ереже бойынша, өкілдің өкілеттігі оларды үшінші жақтың танысуына және тексеруіне болатын әдістермен бекітіледі. Өкілдің өкілеттігі, әдетте, өкілдікке негіз болған заңдық фактінiң мазмұнынан туындайды.
Заң немесе шарт өкiлдіктің пайда болуының негізі болып табылады. Заң арқылы пайда болатын өкілдік заңды немесе қажетті өкілдік деп аталады. Шарттың негізінде пайда болатын өкілдік шарттық немесе ерікті өкілдік деп аталады.
Белгілі бір адам кемістіктерінің немесе әрекетке қабілетсіздігінің орнын толтыру қажет болатын жағдайларда заңды өкілдік пайда болады. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған кәмелетке толмағандарға (есі ауысқан, нашақор, маскүнем және т. с. с. науқастарға) қамқоршылық белгілеу заңды өкілдікке мысал болады. Заңды өкілдіктің пайда болу жағдайлары зандарда баянды етілген. Заңда заңды өкілдіктің пайда болуына қажетті заңдық фактілердің белгілі құрамы көрсетілген.
Заңды өкілдік тікелей мынадай заңдық фактілердің негізінде пайда болады:
- өкілдік қатынастардың басталуына себепші болатын оқиғалар, мысалы, заң баланың туылуына байланысты ата-аналарға өкілдік қызметін атқару уәкілеттігін береді;
- өкілдік қатынастарды белгілейтін сот шешімі, мысалы, соттың шешімімен азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану және оған қамқоршылық белгілеу әрекетке қабілетсіз азамат пен оның қамқоршысы арасында өкілдік қатынастар орнатады;
- заңға сәйкес өкілдік қатынастар туғызатын әкімшілік акт, мысалы, бала асырап алушылықты ресімдеу.
Коммерциялық өкілдік. Құқықтық реттелуінде елеулі ерекшеліктер бар коммерциялық өкілдік ерікті өкілдіктің ерекше түрі болып табылады, оның құқықтық реттелу ерекшеліктері АК-ның 166-бабында баянды етілген. Коммерциялық өкілдіктің айырым ерекшелігі - өкілдікке ерекше субъект - коммерциялық өкілдің қатысуында. Кәсіпкерлер өкілдік беруші адаммен еңбек қатынастары жоқ, өкілдік беруші адаммен жазбаша түрде жасасқан шарттың негізінде жұмыс жүргізетін, өзінің қызметі үшін сыйақы алатын және өзіне берілген тапсырманы орындауда әдеттегі кәсіпкердің қамқорлығындай әрекет етуге міндетті кәсіпкерлік қызмет саласында шарт жасасуда кәсіпкерлердің атынан ұдайы және өз бетінше әрекет ететін адам коммерциялық өкілдеп танылады. Коммерциялық өкілдік кәсіпкерлік қызметтің дербес түрі болып табылады.
Өкілдік деп басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады.
Өкілдік инсттутының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше нарықта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін білетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы келеді.
Іс-әрекеттердің бәрін өкіл арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігі заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі. Мәселен, өсиет қалдыру мәселесіне өкілдік болмайды, өйткені, қағазға өсиет қалдырушы өзі қол қоюы керек, некені тіркеуде, лекция оқу, сахнада ойнау тәрізді жеке өзіндік міндеттерді орындағанда арада өкілдік жүрмейді. (АК-тің 163 -бабының 5-тармағы) .
Өкілдік институтының мазмұны субъектілер құрамы туралы ережемен айқындалады, ал ол өз кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, олардың мазмұндарына, қорғану түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі элементтердің сипаты өкілдік ұғымы арқылы көрінеді. Өкілдіктің субъектілерінің құрамы үш адамнан - өкілдік беруші, өкіл, және үшінші жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе өкіл өзінің қызметтерін оның нүсқауы немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады. Азаматтық құқықтың кез келген субъектілері, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады .
Ал Азаматтық құқық субъектілерінің бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез келген тұлға, яғни азаматтар мен заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, өйткені, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттігі толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқық қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс.
Үшінші жак, - азамат немесе заңды тұлға. Өкілдің онымен әрекетке түсуі нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық құқық қатынастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.
Өкілдік негізінде бір тұлғаның (өкілдік беруші, сенім беруші) екінші тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік болмаған және өкілдік қатынасын асыра пайдаланғанда екінші жақтың өкілдік беруші тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірақ, Азаматтық кодекстің 165-бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа бір адамның атынан немесе өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оның жасаған кезінен бастап жарамды етеді.
Өкілеттіктің туындауының негізі - заң фактісі болып табылады. Заңда мынадай өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде көрсетілген өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда көрсетілген фактілер; мәселен, ата-ана өздерінің балаларының заңды өкілдері бола алады, әрі олардың құқықтары мен міндеттерін кез келген жеке және заңды тұлғалар алдында қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы өкіл болып қатыса алады ( АК-тің 164-бабы) ; уәкілетті органның актісі - тұлғаға өкіл болып қатысуға рұқсат беретін акт. Мысалы, өкілеттік міндетті атқаруды талап ететін лауазымға тағайындау өкілеттік, сондай-ақ өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т. с. с. ) әрекет жасайтын жағдайынан да көрінуі мүмкін ( АК-тің 163-бабының 1-тармағы) . Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы сауда кодексі бойынша кеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге байланысты кеме иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не барған жерінде кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға байланысты талап қою мәселесін өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге билік етеді.
Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп аталады. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілді тауып қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды. Сонымен бірге өкілдік берушінің атынан заңдық әрекет жасарда өкілдің өзімен де келісім жасау талап етіледі. Өкілдік беруші мен өкіл арасында шарт жасалып, онда өздерінің ішкі қарым-қатынастарын айқындайды (мысалы, тапсырма шарты) .
Өз атынан болу - заңды тұлға өкілді өз құрылымынан тағайындайды және ол арқылы өзінің құқықтары мен міндеттерін орындап, мүддесін қорғайды. Мұндай өкілдікте бір субъект болады, сырттан бөтен тұлғаны аиналымға қатыстырмайды (АК-тің 163-бабының 1-тармағы) .
Коммерциялық өкілдіктің екінші түрі - басқалардың мүдделері үшін болса да өз атынан әрекет ететін адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлік кезіңде өсиетті орындау тапсырылған адамдар және т. б. ) .
Коммерциялық өкілдің өкілеттігі жазбаша шартта тікелей көрсетілуі тиіс немесе оған берілетін сенімхатта да жазылады. Коммерциялық өкіл бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шарттың түрлі тараптардың мүлделерін білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген тапсырмаларды кәдімгі кәсіпкердің ыждағаттылығымен орындауға міндетті.
Коммерциялық өкіл өзіне белгілі болған сауда мәмілелері туралы мәліметтерді өзіне берілген тапсырманы орындағаннан кейін де құпия сақтауға міндетті (АК-тің 166-бабының 4-тармағы) .
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларындағы коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері заңмен белгіленеді. [1]
1. 2. Өкілдіктің белгілері және қағидалары
Өкілдік беруші адамға қатысты алғанда, коммерциялық өкіл қашан да бөгде адам болып саналады. Лауазымдық немесе еңбек қатынастарына сәйкес заңды тұлға өкілдігін коммерциялық өкілдікке жатқызуға болмайды, өйткекі коммерциялық өкіл өкілдікті кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыратын тұлға болыл табылады.
АК-ның 166-бабының 2-тармағына сөйкес, коммерциялық өкілдіктің ерекшелігі, ол сонымен бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын шарттың түрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады.
Кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыратьщ заңды тұлғалар да, азаматтар да коммерциялық өкілдер бола алады. Мысалы, өкілдік беруші (сенім білдіруші) кәсіпкерлердің атынан және тапсыруы бойынша қор биржасында үзақ мерзімді мәмілелердің негізінде мәмілелерді жүзеге асыратын брокерлер және бағалы қағаздар рыногының өзге де кәсіби қатысушылары, шарт бойынша клиенттің бағалы қағаздар пакетіне басшылықты жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары, шарттың негізінде сенім білдірушінің атынан оның ақша қаражатына және өзге мүлкіне басшылықты жүзеге асыратын сенімгер басқарушылар, оның ішінде клиенттің атынан сенім операцияларын жүзеге асыратын банктер де өкілдер болып табылады.
Коммерциялық өкіл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратындықтан, оған заңда көзделген, кәсіпкерлік құқықтық қызметті реттеудің барлық ерекшеліктері, атап айтқанда, АК баптарының кәсіпкерлік қызметке байланысты міндеттемелерді мерзімінен бүрын орындау туралы, кәсіпкерлік қызметке байланысты ортақ міндеттемелерді орындау туралы, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысыңда міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған адамдардың жауапкершілігі туралы, борышқордың үшінші жақтың әрекеттері немесе әрекетсіздігі жауапкершілігі туралы нормалары таралады. Коммерциялық өкілге кәсіпкерлікті жүзеге асыратын адамдардың жауапкершілігі туралы заңдардың барлық нормалары қолданылады (кінәсыз жауаптылық) .
Коммерциялық өкілге сыйақы төлеу тәртібін, мөлшерін және тапсырманы орындау барысында оның шеккен шығындарының орнын толтыру тәртібін, сыйақы төлеу жөніндегі міндетті бөлу және коммерциялық өкіл өкілдік ететін тұлғалар арасындағы шығындардың орнын толтыру тәртібін тараптардың келісімі анықтайды. Сонымен бірге, заңда коммерциялық өкілге төленетін сыйақыны бірдей үлесте бөлу және ол шеккен шығынды тапсырманы орындау барысында коммерциялық өкіл осымен бір мезгілде олардың мүдделерін қорғаған кәсіпкерлер арасында бөлу тәртібі туралы толықтыратын норма бар.
Заңда, атап айтқанда, АК-ның 166-бабының 4-тармағында коммерциялық өкіл өзіне белгілі болған сауда мәмілелері туралы мәліметтерді өзіне берілген тапсырманы орындағаннан кейін деқұпиясақтауға міндетті екені айтылған. Бұл норма заңда коммерциялық (кәсіпкерлік) құпияны қүрайтын мәліметтер тізбесін белгілеу мүмкіндігін көздейтін коммерцияпық құпия туралы заңдар ережелерінің дамуы болып табылады. Коммерциялық өкіл тапсырманы орындау барысыңда, сондай-ақ оны орыңдағаннан кейін де мүндай мәліметтерді күпия сақтауға міндетті. Қүпияны сақтау туралы талаптарды орындамау коммерциялық өкілцің коммерциялық (кәсіпкерлік) қүпияны жария ету арқылы келтірген залалының орнын толтыру түріндегі жауаптылығына негіз болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz