Жерге орналастыру жобасы


Кіріспе
Жер табиғат ресурсы және жалпы алғанда адамның негізгі тіршілік жағдайы. Басқа материалдық құндылықтардың қатарында оның орны ерекше. Жер ең маңызды, ештеңемен салыстырылмайтын ұлттық дәулет. Сондықтан оны жоспарлы түрде, тиімді және ысырапсыз пайдалану әр қоғамның басты міндеті. Халық шаруашылығының қай саласы болса да жер орналасу орны, ал ауыл және орман шаруашылықтарында ол өндіріс құралы ретінде пайдаланылады. Сондықтан экономиканың басқа салаларына қарағанда ауыл шаруашылығының, құқықтық тұрғыдан, жерді пайдаланудағы үстемділігі болуға тиісті.
Жер кеңістік базис және өндіріс құралы ретінде шектелген және еркін пайдалануға болмайды. Әсіресе, егіншілікте жерді дұрыс, жүйелі және ғылыми негізделген түрде пайдалану, оның бұл салада қажетті табиғи қасиеттерін арттырады. Ауыл шаруашылық пайдалануда, егіншілік пен мал шаруашылығында, перспективалық технологияларды енгізу, агротехникалық шараларды пайдалану, мелиорациялау жұмыстарын жүргізу, егіншілік мәдениетін арттыру арқылы жердің құнарлығын көтеру негізінде ауыл шауашылық дақылдарының өнімділігін көтеруге болады.
Ал ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерде жерді тиімді территориялық ұйымдастыру, әсіресе (мүмкіншілігіне қарай) әр жер учаскесін ең жоғары кіріс беретін қажеттілікке пайдалану және әр өндірістік немесе өндірістік емес мекемелерге, ұжымдарға, кәсіпорындарға ыңғайлы территориялық жағдай жасау арқылы бір аудан бірлігіне келетін тиімділікті көтеруге болады. Өнеркәсіп қажеттіліктеріне жер бөлудегі жерге орналастыру принциптерінің бірі өнеркәсіп кәсіпорындарын территориялық-өндірістік кешендендіру. Оның негізінде транспорттық және басқа шығындарды азайтуға болады және бұл қажеттіліктерге бөлінген жерлердің ауданын кішірейтіп, жерді ысырапты пайдалану тиімділігіне келуге болады.
Әрине ауылшаруашылық жерлердің, оның ішінде суармалы егістік алқаптарының мәні адамзат өмірінде өте зор. Бірақ бүгінгі адамдардыдың қоныстану жиілігінің жоғарылауы, жер бағасының және жерді жалдау бағасының өсуі, әсіресе ірі мегаполистерде, қалаларда және адамдардың жиі шоғырланған аймақтарда жердің объектілерді орналастыру орны ретінде мәні өте тез өсуде. Міне осы жоғарыда аталған қажеттіліктерді жермен қамтамасыз ету, әр жер учаскесін тиімді пайдалану жолдарын анықтау, жер қатынастарын реттеу жерге орналастырудың мақсат міндеттері болып келеді.
Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар жүйесi болып табылады.
Қазіргі кезде «Жобалармен басқару» деген түсінік жиі кездесіп жатыр. Ал жерге орналастырудың жалпы мақсаты мен міндеті, арналуы - әр жер учаскесін, оның табиғи қасиеттеріне, орналасу орнына, нысаналы пайдалану мақсатына және т. б. байланысты тиімді пайдалану жолдарын жерге орналастыру жобаларында белгілеу. Яғни жерді пайдалануда тек қана жоба ұсынысына сүйенуге болады.
Сонымен жерге орналастыру жобасы арқылы жерді пайдалануға басшылық жасауға болады.
ҚР жерге орналастыру - жер ресурстарын басқару механизмдерінің бірі болып келеді.
Жерге орналастыру жобасының әр түрінде көптеген проблемалар шешіледі. Мысалы шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларында жерді салалар арасында, сала ішінде жер иелері мен жер пайдаланушылар арасында тиімді бөлу, арнайы жер қорларын құру, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың шегін белгілеу болып келетін болса, ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларында ауылшаруашылық өндірісімен айналысатын мекемелердің жерлерін, оның алқап түрлері, табиғи өсімдіктері, топырағы, сумен қамтамасыздығы және т. б. қасиеттеріне байланысты дифференциалды түрде пайдалану, күту және жақсарту жолдары әртүрлі мамандардың ғылыми ұсыныстары негізінде қабылданып, пайдалану жолдары белгілененеді.
Сондықтан жерге орналастыру шаралар жүйесі деп аталады және оны орындауда жерге орналастыру маманынан басқа әртүрлі мамандар қатысады немесе олардың ұсыныстары жобада қабылданады. Жерді пайдалану, күту және сақтау шаралары жерге орналастыру жобаларына әртүрлі ғылыми зерттеу нәтижелерінің негізінде белгіленеді. Ол әртүрлі ғылым салаларының ұсыныстарынан әр жер учаскесіне, жерді пайдалану мақсатына сәйкес керектері таңдалып, жер пайдаланушыға жобада қарастырылған шаралар ретінде ұсынылады.
I Теориялық бөлім
1. 1 Жерге орналастыру жобалау
Жерге орналастыру жобасы дегеніміз - халық шаруашылығында, әсіресе ауыл шаруашылығында жерді жаңаша орналастыруда жасалатын шаралардың жобасы және олардың тиімділігін экономикалық, техникалық және заңдық түрде дәлелдеу құжаттарының (есептеулер, сызбалар және т. б. ) жиынтығы.
Жер заңдылығы бойынша, бірде-бір мекеме, бірде-бір ұйым құрылыс жүргізу жұмыстарын, жер бөлу жобасы бойынша жер бетінде берілетін жер учаскесінің шекарасы түсірілмей, оның мөлшері анықталмай, бастауға тиісті емес. Сондықтан ең басты жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Қазіргі жерге орналастыру теориясы экономикалық, құқықтық проблемалар бойынша бұрынғы негізгі техникалық, технологиялық аспектілерді сақтай отырып, қоғамдық құрылымдағы түпкілікті өзгерістерді ескеру негізінде жерге орналастыру жұмыстарында жоспарлы-таратушы жүйеден нарықтық қатынасқа өтуді талап етеді.
Бүгінгі күнде жерге орналастыру ғылымы зерттеудің қазіргі әдістерін кең қолданады: есептік-варианттық, статистикалық, монографиялық, экономика-математикалық (ЭММ), болжамдау әдістері және эксперимент жүргізу арқылы. Зерттеуде жерге орналастыру ғылымы диалектикалық- материалистік зерттеп білу әдісінің талаптарына сүйенеді - фактілерді, құбылыстарды, қоғамдық категорияларды бір-бірімен өзара байланыста және тәуелді, статикалық емес, динамикада (дамуда) зерттеу, дамуды саннан сапаға көшу ретінде қарастыру, фактілерді және құбылыстарды зерттеуде қарама-қарсылықтардың бірлігі позициясынан қарау, жаңашылықты, прогрессивті, болашағы барларын табу.
Жерге орналастыру ғылымының даму барысында жоғарғы оқу орындарында жеке ғылыми пәндер қалыптасып келеді. Солардың ішінде «Жерге орналастырудың ғылыми негіздері», «Жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау», «Жерге орналастыруды жобалау», «Жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау және болжау», «Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар» және т. б.
Жалпы жерге орналастыру теориясы жобалаудың экономикалық мәнімен тығыз байланысты. Жобалау жұмыстарын ұйымдастыру әртүрлі болуы мүмкін: жер, су және басқа ресурстарды пайдалану жөніндегі болжам схемалар негізінде қабылданған жүйе ретінде қатаң орындалуы тиіс. Немесе ауданның жерге орналастыру схемасын құрады, сосын шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын және ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын, экономикалық мүмкіндіктерінің пайда болуы мен талабының өсу шамасына қарай жеке учаскелерге әртүрлі шараларды қажет ететін учаскелік жерге орналастыру жобалары жасалады. Осы жолмен қабылданған аудан схемасы мен жобалық шешімдер жекеленіп жүзеге асырылады.
Бірақ, іс жүзінде әртүрлі жағдайлар кезігіп жатады, бұндай кездері көрсетілген қатаң жүйені сақтау мүмкін болмайды немесе қиынға соғады.
Бұндай жағдайларда жобалық мәселелерді шешу әдісі мен ұйымдастырылуы қатты өзгермейді, бірақ жобалық шешімдер әр жағдайға жеке таңдалып, орындалады. Дегенмен, кез келген жағдайда жобалау барысында, жерге орналастыру процессі толық орындалған немесе жеке жобалауды жүзеге асыруда жалпы қажетті басқару ережелері мен біріңғай талаптарды, қағидаларды және нормаларды басшылыққа алу қажет.
Жобаны жасау алдында дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұған мынандай бірқатар ic-қимылдар кіреді:
- жерге орналастыру процесіне қатысатын жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құрамы анықталады;
- жерге орналастыруды жүргізуге қажетті құжат-материалдар (құқықтық, планды-картографиялық, іздестіру, экономикалық т. б. ) жиналады;
- кәсіпорындардың шаруашылық аралық байланыстары;
- инфрақұрылымның орналасуы және даму деңгейі;
- жер мен табиғатты қорғау жөніндегі талаптар;
- жобалық құжаттардың құрамы;
- жобаның ықтимал варианттары және жалпы көріністері.
Жерге орналастыруды жобалаудың заты - жоба шешімдерін орындау әдістері, оларды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және заңдылық негіздеу.
Жерге орналастыру жобасы игерілгенде көптеген ауылшаруашылықтық және ауыл шаруашылығына жатпайтын жер иеліктері мен жер пайдаланулар, жерге орналастыру объектілері, пайда болады.
Жерге орналастыру жұмыстарының нәтижелері:
- жер пайдаланудың экономикалық тиімді көлемі, орны және ыңғайлы шекарасы;
- тиімді орналастырылған шаруашылық орталықтары, ауыспалы егістер, жайылымдар, шабындықтар, жеміс жидектер және жүзімдік кварталдары және басқа шаруашылық учаскелері және олардың экономикалық тиімді көлемдері, орналасуы және шекаралары.
Сондықтан жоба, әсіресе ауыл шаруашылығы үшін, прогрессивтік технологияны енгізуде және өндірісті ұйымдастыруда негіз болып есептелінеді.
Жерге орналастыру жобаларындағы және схемаларындағы өндірісті технологиялық ұйымдастыру мұқият экономикалық дәлелдеуге салынады.
Жоба екі бөліктен тұрады: мәтіндік және графикалық. Жобаның тиімділігін агроэкономикалық, инженерлік-экономикалық және сметалық-қаражатты егжей-тегжей дәлелдеу есептеулері және жобаның графикалық бөлігі бірге біртұтас жобалау-сметалық құжаттары болып келеді.
Жобаның графикалық бөлігіне: жобалау планы, жұмыс сызбалары, схемалар және иллюстрациялау суреттері, графиктік диаграммалар жатады.
Жобалау планы - негізгі құжат. Онда жер пайдаланулардың шекаралары, көлемі және орны көрсетіледі.
Ауыл шаруашылығы мекемесі үшін жер пайдаланудың тек қана шекарасы мен мөлшері анықталып қоймай, әрі қарай ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы арқылы ауылшаруашылық өндірісіне прогрессивтік технологиялар енгізіледі, ауылшаруашылық алқаптарының құрамы анықталады, ауыспалы егіс жүйелері, онымен байланысты егіншілік және шаруашылық жүргізу жүйелері белгіленеді.
Ауылшаруашылық мекемесінің ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы оның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының негізі болады, жалпы шаруашылықтың құрылысын белгілейді.
Жерге орналастыру жобасын орындау дегеніміз - жобаны жер бетіне көшіру, жобаның барлық элементтерін игеру, жерге орналастыру материалдары мен құжаттарын рәсімдеу және тапсырма берушіге тапсыру.
Жерге орналастыруды жобалау принциптері дегеніміз жобалау жұмыстарын орындауда міндетті түрде басшылыққа алатын қағидалар. Олар жобалауда жер заңдылығында қабылданған жағдайларды бұлжытпай орындауға, жоғары тиімділіктерге жетуге, капиталдық шығыстың минимальды болуына және оның тез арада қайтарылуына бағыттайды. Жерге орналастыру принциптері жобалаудағы есептеулерде прогрессивтік нормативтерді және технологияларды пайдалануды; ұзақ және қысқа мерзімдік жоба алды болжамдардың материалдарын пайдалануды; жоғары сапалы зерттеу және ізденіс материалдарын пайдалануды талап етеді. Сондықтан жерге орналастыруды жобалауда жерге орналастырудың жалпы принциптері басшылыққа алынады:
- жерге орналастыру жұмыстарын орындауда жерге жеке меншіктің, жерді пайдаланудың және онда шаруашылық жүргізудің формалары жайында заңдылықтарды қатал орындау;
- жерді аймақтау материалдарын пайдалану;
- ауыл шаруашылығының, басқа салалардың мүдделерін неғұрлым толық есепке ала отырып, жерді пайдаланудағы ауыл шаруашылығының приоритеттілігін сақтау;
- ауылшаруашылықтық құрылымдардың жер пайдалануларының тұрақты болуын, әрқашан оларды жетілдіре отырып, қамтамасыз ету;
- жерге орналастыру жұмыстарын орындауда оның объектілерінің табиғи, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайларын, жердің кеңістіктік қасиеттерін және бағалық аймақтарды түбегейлі есепке алу;
- жер пайдалануды ұйымдастыруды және территорияны ұйымдастыру-шаруашылықтық орналастыруды экономикалық, экологиялық және технологиялық біріңғай жолмен орындау;
- жер учаскесінің топырағы мен бедеріне, өсімдігіне және т. б. ерекшеліктеріне байланысты экономикалық және қоғамдық тиімді пайдалану;
- жерді тиімсіз, берекесіз пайдаланудан сақтау;
- жобалау жұмыстарын бір жүйеде орындау және оларды орындауда аудандандыру жерге орналастыру схемаларының, мелиоративтік, жол салу және т. б. жобалардың шешімдерін есепке алу.
Жоғарыда аталған жалпы принциптердің ішінен жерге орналастыруды жобалауда міндетті түрде орындалуға тиісті принциптер:
- ҚР жер заңдылығына сәйкес жерге меншік құқығы мен пайдалану құқығын қамтамасыз ету қажет;
- ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге жерді ысырапсыз пайдалануды болдырмау;
- ауылшаруашылық өнімдерін максимал көлемде алу үшін әр жер учаскесінің болашақта пайдалану қарқындылығын әрдайым бірте-бірте жоғарылатуды белгілеу қажет;
- жобаланатын шараларды мекеменің, шаруашылықтың, ұйымның және әкімшілік ауданның экономикасымен байланыстыру, жердің нарықтық механизмге енгізілуін ескере отырып, игерілетін капиталдың нақты мүмкіншілігінен және оны тез қайтару қажеттілігінен шығу қажет.
Жоғарыда аталған талаптар жобалаудың барлық кезеңдерінде шешім қабылдауда және кез келген объектілерде: аудан, шаруашылықтар немесе олардың бірлестіктерінде, жеке учаскелерде (массивтерде) орындалуы тиіс.
Жерге орналастырудың жалпы принциптерін және оның ең негізгі бөлігі - жобалаудың талаптарын ескере отырып, жерге орналастыруды жобалаудың принциптерін келесідей қысқаша тұжырымдауға болады.
Жерге орналастыруды жобалаудың негізгі шешетін сұрақтары жалпы жерге орналастырумен бірдей: жерді неғұрлым толық, ғылыми негіздеу арқылы, тиімді және өнімді пайдалануды ұйымдастыру. Соған байланысты келесі жерге орналастыруды жобалау принциптері орындалуы тиіс:
- жоба ұсыныстарының экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тиімділігінің жоғары болуы;
- жерді тиімсіз пайдаланудан, нәтижесіз шаруашылық жүргізуден және табиғаттың жағымсыз құбылыстарынан сақтау;
- жоба мәселелерін кешенді шешу;
- жобалауда табиғи-ауылшаруашылық аймақтау нәтижелерін міндетті түрде есепке алу.
- қазіргі кездегі жерге құқықтық қатынастарды есепке алу.
1990 жылдары басталған қайтадан құру жер заңдылығына және жер қатынастарына көп жаңалықтар енгізді. Қазақстанда болып жатқан нарықтық экономикаға көшу жер реформасын қазіргі кездің актуальды проблемаларының бірі қылды. Соған байланысты бұрынғы қалыптасқан жерге тек қана мемлекеттік меншікті өзгертуге арналған заңдар қабылдана бастады.
1990ж. Жер кодексы барлық жердің мемлекеттің меншігі екендігін жариялады. Бірақ оның енгізген негізгі жаңалығы - кейбір жер учаскелерін (шаруа қожалығын құруға, көмекші шаруашылық жүргізуге, бақ және мал өсіруге, құрылыс жүргізуге) мәнгілік пайдаланып, мұраға қалдырылатындығы енгізілді. Берілетін жер учаскелерінің мөлшерлеріне қойылатын шектеулер алынып тасталды, жер учаскелері иелерінің оны пайдалануларына мемлекеттік және қоғамдық органдардың араласуы тоқтатылған, жер иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары реттеліп, заңды бекітілген: шаруашылық жүргізу еркіндігі, жер учаскесін арендаға беруді, жер учаскесінен алынатын өнімге және кіріске иелік құқығы. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастарын реттеудегі құқықтары кеңейтілді, жерді пайдаланудың ақылылығы енгізілді, жерге таласты, оның ішінде сот арқылы, шешу тәртібі бекітілген.
Жер реформасының мақсаты, қалыптасқан жер қатынастарын, жерге әртүрлі меншік түрлерін енгізу арқылы, өзгерту. Реформа экономиканың көпжақтылығын дамытуға, жерді қайтадан бөлуге және республиканың жер ресурстарын басқарудың заңдық және экономикалық әдістеріне көшуге бағытталған. Жерге меншік түрін енгізу жерді нарықтық айналымға, нарықтық қатынасқа енгізуге бағытталған.
«Қазақстан Республикасының жер реформасы туралы» заңға байланысты Қазақстандағы жер реформасының бастапқы кезеңіндегі негізгі бағыттары:
- кейін қайтадан тарату үшін аудан жер қорын құру;
- азаматтарға мәнгілік пайдаланып, мұраға қалдыруға жер беру;
- ауылды елді мекендердің шекараларын белгілеу және дәлдеу, оларды жер-шаруашылық орналастыру;
- жер учаскелеріне меншік және пайдалану құқықтарын бекітетін құжаттарды дайындау.
Жер реформасының бастапқы кезеңінің ерекшілігі совхоздар мен колхоздардың жер пайдалануларын әр адамның еңбек үлесіне қарай бөлу механизімін және жер пайдаланудың, жер иелігінің және жерде шаруашылық жүргізуде.
1. 2 Жер учаскесін рәсімдеу
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысымен «жеке тұрғын үй құрылысының жер учаскелеріне құқық беру ережесі»бекітілді. Аталған құжатта ҚР азамататрына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру нормалары мен тәртіптері белгіленген. Азамататрға жеке меншікке 0, 10 га тегін беріледі. Аталған мақсат үшін жер учаскелерін қайта тегін алуға жол берілмейді.
жеке басын куәландыратын құжат немесе төл құжат;
жеке тұлғалар үшін салық төлеушінің куәлігі (СТН) ;
азаматта жер учаскесінің, жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген құқықтардың, жер учаскесінің болуы немесе жоқтығы туралы анықтама) жер қатынастары жөніндегі өкілетті органдармен жеті күн ішінде беріледі)
азаматта жеке үй құрылысының болуы және жоқ болуы туралы анықтама (жылжымайтын мүлікті тіркейтін орган жеті күн ішінде береді) .
Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін:
- азаматта осы мақсаттар үшін тегін берілген жер учаскесінің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- жеке куәлік немесе төлқұжат;
- салық төлеушінің куәлігі (СТН) .
шаруа (фермер) қожалығы үшін:
- шаруа (фермер) қожалығының басшысы мен мүшелерімен қол қойылатын шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің тізімі;
- басқа жер жер учаскесінің болуы (болмауы) туралы анықтама;
- ауыл шаруашылық өндірісін жүргізудің қысқаша бағдарлмасы;
- қожалық басшысының ауыл шаруашылық өндірісіндегі еңбек қызметін растайтын құжаттар.
Шаруа (фермер) қожалығын құру үшін шаруашылық серіктестіктің, өндірістік кооперативтердің қатысушылары (мүшелері) құрамынан шыққан кезде де бөлінетін жер учаскесінің орналасқан жерін және оның жер үлесінің мөлшерін көрсете отырып, қатысушылардың (мүшелердің) немесе олардың өкілдері қол қойған ауыл шаруашылық ұйымдардың немесе олардың өкілдерінің қатсыушыларының жиналысы хаттамасынан көшірме беріледі
Объекті құрылысы үшін:
- объектілер құрылысының орналастыру сызбасымен қоса сұралып отырған алаңды тұтыну негіздемесі;
- кен пайдалану шартының көшірмесі (егер жер учаскесі кен пайдалану шарты талап ететін қызметті жүзеге асыруға арналса) ;
- жеке куәлік немесе төлқұжат;
- салық төлеушінің куәлігі (СТН) .
II Негізгі бөлім
2. 1 Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды және жер меншігін құру шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы
Ауыл шаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды және жер меншігін құру іс барысы:
- берілетін жердің орны және ауданы жайында қызығушылығына тиетін мекемелермен, кәсіпорындармен, ұйымдармен және жеке азаматтармен алдын ала келісім жасау;
- жергілікті жерде сол жер учаскесін таңдап алу;
- жер бөліп беру жобасын жасау және оны пайдалануға беру.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын құруға өтініш берушінің арызына байланысты тиісті деңгейдегі әкімшіліктің объектінің орналасатын орнын анықтау бойынша шешімі негіз болып келеді.
Жеке адамдар, мекемелер, шаруашылықтар, басқа жер алуға мүдделілер жобалау жұмыстарын жүргізер алдында жер иелерімен, жер пайдаланушылармен және тиісті Үкімет орындарымен алдын ала объектінің орналасатын орны және алынатын жер учаскесінің ауданы жайында келісім жасаулары керек.
Алдын ала келісім жасау
Объектінің орналасуы жайында алдын ала келісім материалдары тапсырма берушімен келісім құжаттары және жобалауға тапсырма бойынша дайындалады. Бұл кезеңде келесі жерге орналастыру жұмыстары жүргізіледі:
- дайындық жұмыстары;
- жергілікті жерде жер учаскесін таңдап алу және оның ауданын және орналасқан орнын негіздеу;
- таңдап алынған жер учаскесінің шамамен мөлшері, орны жайындағы құжаттарды дайындау және келісім жасау.
Дайындық жұмыстарында тиісті құжаттар мен материалдар жиналады: жер бөліп беруде қамтитын жер пайдаланулар мен жер иеліктерінің пландарының көшірмелері және жер-есептік деректері; жерге орналастыру объектісінің территориясында жүргізілген топырақты бонититеттеу және жерді экономикалық бағалау материалдарын жинау және зерттеу; өндірістік маңызы бар пайдалы қазбалардың болуы жайында анықтама алу; бұрынғы жүргізілген зерттеу және ізденіс жұмыстарының (топырақ, геоботаникалық, агрошаруашылық, мелиоративтік және т. б. ) материалдарын жинау, жүйелеу және зерттеу; бөлінетін жерде үйлердің, ғимараттардың, жеміс-жидек, қорғаныш орман алқаптарының, аяқталмаған өндірістің бар болуы және олардың бағасы жайында деректер жинау.
Жергілікті жерде жер учаскесін таңдап алуды аудан әкімшілігінің Үкімі бойынша құрылған комиссия орындайды. Ол комиссия жер учаскесін беру мүмкіндігін: жер қорынан, қолданыстағы заңдылық негізінде басқа біреуден алып қою немесе сатып алу жолдарын қарастырады.
Жер комиссиясы келесі талаптарды басшылыққа алады:
- құнды ауылшаруашылық алқаптарын және қазіргі кезде қалыптасқан территорияның ұйымдастырылуын неғұрлым сақтап қалуды;
- эрозиялық процесстің, жердің балшықтануын және тұздануын болдырмауды;
- жерлерін алатын шаруашылықтардың жер пайдаланулары мен жер иеліктерінде кемшіліктердің пайда болмауына;
- ауылшаруашылық алқаптарын жақсартуға, территорияны инженерлік дайындауға және жабдықтауға арналған күрделі қаржы жұмсалуының тиімді болуын және объектінің аймақтың экологиялық жағдайын өзгертуін ескеру;
- сұралатын жерлерде орналасқан ерекше құнды жерлер тізіміне кіретін тарихи және мәдениет ескерткіштерінің, сауықтандыру объектілерінің және ерекше қорғалатын табиғи және тарихи-мәдениет объектілері орналасқан, және алуға жатпайтын жерлердің сақталуын қамтамасыз етуді.
Жергілікті жерде жер учаскесін таңдап және оның орналасқан орнын негіздеу үшін келесі жерге орналастыру жұмыстары орындалады :
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz