Жер пайдалануларды зерттеу жолдары және әдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
1. Теориялық бөлім

0.1 Жерге орналастыруды жобалау

Жерге орналастыру - жерді тиімді (ұтымды) пайдалануды ұйымдастыру мен қорғауға, нақтылы табиғи, экономикалық, мелиоративтік, агротехникалық, әлеуметтік және басқада шарттарды ескере отыруға, қолайлы экологиялық орта жасауға және шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамытуға бағытталған шаралар жүйесі.
Жобалау- жерге орналастыру процестерінің ең маңызды және күрделі кезеңі болып саналады. Жобаны құру және негіздеу- барлық жерге орналастыру
процесінің жүрегі. Жобалық шешімдерді өңдеу әдісі, оларды экономикалық,
экологиялық, әлеуметтік және құқықтық негіздеу жерге орналастыруды
жобалаудың пәні болады.
Қазіргідей алуан меншік және шаруашылық жүргізу нысандарында жерді тиімді пайдаланудың өзекті мәселесі топырақ құнарлылығын арттыру,қоршаған ортаны қорғау,одан әрі қарқынды жер пайдалануға қажетті әлемдегі ғылыми жетістіктер мен озық тәжірибені өндіріске енгізу шараларының тұтас кешенін қамтиды. Бұл ең алдымен, халық шаруашылығының барлық салаларында жер ресурстарын тиімді пайдалануда табиғи және экономикалық сипаттамаларын, ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығының және халық шаруашылығының басқа да салаларының жерге орналастыру жұмыстарын ұтымды ұйымдастыруға, болашағы зор салаларын дамытуға ықпал етеді.Міне осы мәселемен жерді пайдалануды жоспарлауымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес, Жер пайдалануды Жоспарлау жүйесі Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуына бағытталған жер қатынастарын реттеу, тиімді ұйымдастыру, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге арналған кешенді іс-шаралары жүйесі болып табылады. Жер пайдалануды жоспарлау меншік және шаруашылық жүргізу нысандары түрлеріне қарамастан барлық санаттағы жерлерде жүргізіледі. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыстарды жүргізу нәтижесінде белгіленген жоспарлау, жерді пайдаланудың нысаналы мақсаты, жерді пайдалану режимі және оларды қорғау, шектеулер мен ауыртпалықтар, жер учаскелерінің шекарасы, осы жердің сапасы мен саны туралы және басқа да деректер заңнамада қаралған және бекітілген тәртіпте, жер құқығы қатынастары субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
Қазіргі жерге ораластыру теориясы экономикалық, құқықтық проблемалар
бойынша бұрынғы негізгі техникалық, технологиялық аспектілерді сақтай
отырып қоғамдық құрылымдағы түпкілікті өзгерістерді ескере отырып яғни
жоспарлы- таратушы жүйеден нарықтық қатынасқа өтуі жерге орналастыруда
айтарлықтай өңдеуді талап етеді.
Қазіргі жерге орналастыру ғылымы зерттеудің қәзіргі әдістерін кең
қолданады(есептік-варианттық, статистикалық, монографиялық, экономико-
математикалық (ЭММ), болжамдау әдістері және т.б.), ұғымның диалектік-
материалистік әдісіне негізделген.
Жерге орналастыру ғылымының даму барысында жоғарғы оқу орындарында жеке ғылыми пәндер қалыптасып келеді. Солардың ішінде Жерге орналастырудың ғылыми негіздері, Жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау, Жерге орналастыруды жобалау, Жер ресурстарынпайдалануды жоспарлау және болжау, Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар және т.б.
Жалпы жерге орналастыру теориясы жобалаудың, оның экономикалық мәні мен тығыз байланысты және бірге көп жылдар бойы дамып келеді. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін: жер, су және басқа
ресурстарды пайдалану жөніндегі болжамдық белгілер негізінде қабылданған
жүйе бойынша қатаң болуы мүмкін, ауданның жерге орналастыру схемасын
құрады, сосын шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын және шаруашылық жерін ораластыру жобасын, экономикалық мүмкіндіктерінің пайда болуы мен талабының өсу шамасына қарай жеке учаскелерге әртүрлі шараларды қажет ететін учаскелік жерге орналастыру жобалары өңделеді. Осындай жолмен
қабылданған ауданның схемасы мен жобалық шешімдері жекеленіп жүзеге асады. Бірақта, тәжірибеде әр түрлі ситуациялар кезігіп жатады, бұндай кездері
көрсетілген қатаң жүйені сақтау мүмкін болмайды немесе қиынға соғады.
Жерге орналастыру өзінің жүзеге асуының барлық тарихи кезеңінде алдына қойған мәселелерді түрлі құралдармен және жобалау тәсілдерімен орындады. Жеке немесе өзіндік жер иеленушілік пен жер пайдаланушылық болған мерзімде(мысалы Ресейдегі ХХ ғасырдың басындағы столыпиндік реформа жүргізілгенде) шаруа қоғамдарының шектері және әсіресе аула,кіші аулалар мен хуторлар, басқада жер иеленушілердің шекараларын жоғары дәлдік қағидасы аналитикалық тәсілмен жобалаған.
Осыған байланысты жерге орналастыруды жобалау туралы ғылым ең бастысы аудандарды бөлу ұсынылған математикалық және геодезиялық тәсілдер бойынша ұсынылған, сондай-ақ жерді иелену мен пайдалану құқығын заңды рәсімдеу ұсынылған. Революциядан кейінгі жылдары және Кеңес Одағы кезінде жерге орналастыруды жобалау революциядан бұрынғы жылдардан алынып сақталған, дегенмен жерді ұлтандыру негізінде жердің қайта қалыптастыру (1917-1921жж) жерге орналастырудың кластық және әлеуметтік мазмұны түпкілікті түрде өзгерді. Жерге орналастыру ғылымы толығымен немесе оның құрам бөлігі- жерге орналастыруды жобалау сол уақытта қалыптасқан колхозды-совхозды жер пайдаланумен дамып отырды.
Кейбір тұғырықтық құбылыстарды өткізгеннен кейін, жер пайдаланудың
қалыптасқан формаларын түпкілікті өзгерісін жерге орналастыру ғылымы жер
құрылымының жаңа тәсілдерін іздеуге мақсат қойған болатын, бұл қайта
қалыптасқан колхоз және совхоздарды ұйымдасқан- шаруашылық бекітуді талап
етеді. Біртіндеп, колхоздардың шекарасын нақты мәнге шығару қарапайым
тәсілінен жерге орналастыру бұрын қалыптасқан а.ш кәсіпорындың жерін
құрудың ең күрделі тәсілдеріне өтті.
Жерге орналастырудың ірі жер массивтерін, адамдардың коллективтік
еңбегін ұтымды пайдалануды және машина техниканы пайдалану өндірісін
қамтамасыз ететін ең жетілген жаңа әдістерін өңдеу қажеттілігі туды.
Бұнымен қатар, құқықтық және техникалық аспектілермен бірге жаңа шекаралары рәсімдеумен байланысты жерге пайдалану құқығына мемлекеттік актілерді беруге жер пайдалануды дайындау, бірінші жоспарда колхоз және совхоздың шаруашылық орталығын орналастыру жөнінде, өндірістік бөлімшелерді ұйымдастыру және оған жер массивтерін бекіту, қажетті алқаптар құрылысын белгілеу, дұрыс ауыспалы егісті енгізу және т.б.жаңадан орналастыру бойынша экономикалық және әлеуметтік мәселерді шешуге алып келеді. Жерге орналастыру ауылдар арасынан ауылдар ішіне ауысуынан, шаруашылық аралық және шаруашылық жерін орналастыруға өтті. Көрсетілген мәселерді шешу жолдарын ғылыми өндеудің объективті қажеттілігі туды. Жерге орналастыру ғылымында және тәжірибесінде жобалау әлеуметтік- экономикалық бағыттан жер өлшеу - техникалық(геодезиялық) бағытта болды.
Ол енді әлеуметтік-экономикалық теорияға негізделді, жиырмасыншы жылдары көрнекті ғалым П.Н.Першин (1890-1970ж.ж.) сол уақыттағы жерге орналастыру ғылымына ұйымдасқан-құқықтық және жерөлшеу-техникалық бағытымен қарама қайшы келді. П.Н. Першин алдын ала көрді халық шаруашылығының жоспарлы жүйесі барысында Аумақты жерге орналастырумен құрылған мемлекет ұйымдастырушы әрекеттің жемісі болады, қоғамдық шаруашылық формасында қоғамның өндірістік күшін дамытуға бағытталған.
Ауыл шаруашылығын реттеумен байланысты жаңа жерге орналастырудың
мәселесін қалыптастыруды алғаш рет профессор И.Д.Шулейкин берді. Оның актив қатысуымен қысқа мерзім ішінде(1932-1938ж.ж) Аумақты Ұйымдастыру Ғылыми Зерттеу Институтын құрылды, ұлкен ғылыми жұмыстар жүргізді, оның нәтижесі бір қатар монографияларда жарық көрді.
АҰҒЗИ трудтарымен Жерге орналастыру мектебін құру және дамыту үшін
қажетті бағыт құрылды. Бұл ғылыми мектепті отыз жылдан артық уақыт ВАСХНИЛ академик С.А.Удачин (1903-1974жж.) басқарды.
Жерге орналастырудың ғылыми түсінігі қалыптасты, оның мақсаты мен
міндеті, ұйымдастырудың жалпы қағидалары, жерге орналастыру шаруашылық
аралық және шаруашылық жерін орналастыру болып бөлінуі ұсынылды,
шаруашылық жерін орналастырудың құрылымдық бөлінуі өңделді.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жерге орналастырудың жалпы
теориясын одан әрі дамыту және экономикалық аудандар мен табиғи аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып жобалау әдісін жетілдіру жөнінде жұмыстар жүргізілді. Жер-бағалау жұмыстарымен, аудандық ауыл шаруашылық
жоспарлаумен, келешектік жоспарлаумен, ұзақ мерзімді болжамдармен, мелоирациямен, агроорманмелиорациясымен, жол жұмыстарымен,ауыл елді
мекендерді жоспарлаумен және т.б. жерге орналастырудың өзара байланысы

0.2 Жерге орналастыру техникасы

Жоғарыда айтылғандай, жерге орналастырудың экологиялық, әлеуметтік-экономикалық және қүқықтық негіздері техникалық, бірінші кезекте, геодезиялық әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Геодезиялық техника көптен бері жерге орналастыру жобалары мен схемалардың план-картографиялык, негізін жасауға, ал жобалау аяқталғаннан кейін оларды жер бетіне түсіруте қолданылды.
Ол арқылы жерге орналастыру процесінің барлық стадияларында техникалық іс-қимылдарының қажетті дәлдігі қамтамасыз етіледі. Бұл:
-план - картографиялың негізді таңдау және оның дәлдігін бағалау;
-іздестіру және топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жүргізу
жөніндегі қажетті әдістемелерді қолдану;
-план-картографиялық материалдарды жасау дәлдігі;
-жобаның барлық элементтерінің аудандары мен межелерін жо - балау жобаны жер бетіне түсіруге қажетті геомәліметтердің дәлдігі;
-жобаны жер бетіне түсіру жөніндегі нақты геодезиялық іс-қимылдар.
План-картографиялық негіздің таңдалуы жобалау жұмыстарының түрлері мен жобалау көлеміне байланысты. Мысалы, облыстық және аудандық жерге ораналастыру схемаларын, ал кей кезде шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасағанда көбінесе 1:100000 1:50000 масштабтағы пландар
пайдаланылады. Ішкі-шаруашыльщ жерге орналастыру жобаларының масштабы жер пайдаланушылықтың көлеміне тікелей байланысты, соңғысы а.ш. көсіпорнының мамандандырылуымен себептеледі. Дала аймақтарындағы жер пайдаланушылықтардың ауданы 15-50 мың га аралығында. Бұнда көбінесе 1: 25000, шөл және шөлейт аймақтарындағы 50-150 мың гектарлық жер пайдаланушылықтарда -1:50000, суармалы егіншілік аймақтарында (2-10 мың га) -1:10000 масштабтағы план-картографиялық материалдар қолданылады. Елді мекендердің территориясын реттестіру жөніндегі жобалар 1:5000 немесе 1:2000 масштабта жасалады.
Іздестіру және топографиялық - геодезиялық жұмыстар ведомстволық нұсқаулар бойынша жүргізіледі. Соңғыларында бұл жұмыстарды жүргізу реттілігі, жер ауданының бір гектарына алынатын үлгілер мен өлшемдер саны, топырақ контурларын картаға түсіру дәлдігі және басқалары көрсетіледі. Нәтижесінде, жобалық шешімдердің негізі болып табылатын, белгілі бір масштабтағы топырақ, геоботаникалық, топографиялық карталарда контурлар мен межелерді бейнелеу дәлдігі қамтамасыз етілуге тиісті. Тым толық және нақты план-картографиялық материалдарды жасау зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржы мен уақыт көлемін едәуір көбейтеді. Жерге орналастыруда қолданылатын план-картографиялық жұмыстар аэрофототүсіру және жер бетінде түсіру жұмыстарының нәтижесінде әзірленеді,
Жерге орналастыру жобаларын жасағанда және жер кадастрын жүргізгенде негізгі картографиялық материалдар болып табылатын топографиялық пландар аэрофототүсіру әдістері арқылы алынады. Бұл пландар толыктығы мен нақтылығына қарағанда жерге орналастырулық жобалау қажеттіліктеріне әбден жарамды. Олардың дәлдігі жеткіліктідей жоғары.
Аэрофотосуреттер, фотопланшеттер және баска осы тәріздес материалдар дайындық және зерттеу жұмыстарын, сондай-ақ аумақта рекогносцировка жүргізу барысында пайдаланылады.
Шағын жер учаскелеріне мензулдық, теодолиттік немесе тахеометриялық түсіру арқылы пландар жасалады, өйткені бұнда аэрофототүсіру әдістерін қолдану тиімсіз.
Топографиялық пландар, аэрофотосүреттер мен фотопланшеттер ауқымды территорияларды (100 кмден астам) алатын жобалық жұмыстарды жүргізгенде пайдаланылады. Жер бетінде түсіру әдістері көбінесе шағын ауданды, қаржы мен еңбекті мол талап ететін объектілерде (гидротехникалық, табиғат қорғау, эрозияға қарсы бағытталған) қолданылады.
Жерге орналастырулық жобалау нәтижесінде жобалық планда қажетті дәлдікпен, экономикалық тұрғыдан негізделген учаскелердің аудандары мен межелері графикалық түрде көрсетіледі.
Учаскелердің аудандары мен олардың межелерінің дәлдігіне қойылған өндірістік талаптарды орындау үшін, геодезиялық тірек жүйесінің бар болуына қарай, мынадай жобалау тәсілдері қолданылады:
- аналитикалық (координаттар бойынша);
- графикалың (планда сызықтық өлшемдер арқылы);
- механикалық (планиметр арқылы).
Аналитнкалық жобалау тәсілі арқылы есептелген аудандардың салыстырмалы қателіктері 12000 шамасында, ал механикалың жобалауда - 1300 болуы мүмкін.
Жобаны жер бетіне түсіргенде мынадай әдістер пайдаланылады:
- өлшеу әдісі (арнайы құралдар арқылы);
- бұрыш өлшеу тәсілі (теодолит жөне т.б. аркылы);
- графикалық - мензула өдісі.
Аналитикапық жобалау барысында жасалған тексеру өлшемдер мен сызықтарды өлшеу әдісі арқылы жер бетіне түсіру айырмашылығы 11500 аспауға тиісті.
Мензула арқылы жобалық нүктелерді жер бетіне түсіру дәлдігі оларды планда көрсету дәлдігіне сәйкес 0,4 мм тең болуға тиісті.
Қазіргі кезде геодезиялық жұмыстарды жүргізу барысында, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері ескерілген өлшеу аспаптары мен құралдары, соңғы үлгідегі компьютерлер мен аэрофото және аэроғарыштық әдістер мен материалдар кең қолдануда.

1.3 Жерді пайдалану

Жерді пайдалану -- қоғамдағы адамдар мен әлеуметтік топтар арасында қалыптасқан әлеуметтік және экономикалық қарым-қатынастар формаларының бірі. Оның жүйесі мен түрлері өндірістік қатынастардың тарихи дамуы мен ауысуына байланысты өзгеріп отырады. Жерді сол қоғамда қабылданған заңдарға сәйкес пайдаланады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы (егінші, мал бағушы тайпалардың бөлініп шығуы) және осыған байланысты отырықшылыққа көшу алдымен рулардың, тайпалардың және қауымдардың арасында, содан соң жеке жанұялардың арасында жер бөлінісін туғызды. Мұның өзі жерді пайдаланудың тұрақты формаларының құрылуына әкелді. Егістік жер, мыс., қауым меншігіне қалғанымен, әр егінші өзіне пайдалануға берілген егістікті өз күшімен өңдейтіндей етуі үшін қауым мүшелерінің арасында жер дүркін-дүркін қайта бөліске салынып тұрды. Қазақстанның табиғи-климаттық ерекшеліктеріне қарай жер әр түрлі дәрежеде, көбінесе, егіншілік, жайылымдықтар мен шабындықтар үшін пайдаланылады. Ол үшін жерді құнарландыру мәселесін қолға алып, жер байлығын мал өсіру мен егіншілікте тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Жер аграрлық экономиканы шектеуші фактор болып табылады. Сондықтан жерді пайдалану және жерді иемдену аграрлық қатынастар жүйесінің негізін құрайды. Иемдену деген әлі толық меншік емес. Иемдену қатынастарындағы меншік объектері, тікелей иемденетін объект емес, олар шаруашылық жүргізудің шарты болып табылады. Жерді пайдалану одан да қарапайым қатынас. Бұл екі жағдайдан тұрады: жерді өндіріс құралы ретінде қолдану және жасалған өнімді иемдену. Қолдану, пайдалану иемденудің жалпылама шарты болып табылады. Жерге меншік формасы қандай болмасын, иемдену және пайдалану, жерде шаруашылық жүргізу үшін қажет болып табылады.
Натуралдық аграрлық өндірістен тауарлыққа көшкенде, меншік формасы шешуші шарт болып табылмайды. Жерге жеке меншік, өндірістің басқа факторларына жеке меншіктен көп кейін қалыптаскан және осы күнге дейін ол жетекші рөл атқармайды. Көп елдерде жерге меншік ұлттық деңгейде болып отыр және жоғарғы меншік иесі мемлекет болып табылады. Шығыс, Африка, Көне Азия, Америка, Ресей халықтары аграрлық экономиканың әмбебап кезеңінен өткен. Бұларда жерді пайдалануға негізделген, ауыл шаруашылық егістік қауымының мемлекеттік жүйесі қалыптасқан. Экономикалық теорияда осы болмыс азиялық өндіріс тәсілі деп аталады. Германдар, франктер, кельттер жерді жергілікті тайпалардан күшпен алып, оған жеке меншік орнатқан. Осы халықтарда индивидуалдық қауымдар, жерге жеке меншік болуына және оны жалға алуға (аренда -- иемденудің бір формасы) негізделген.
Нарық шаруашылығының дамуына жерге жеке меншік осылай әсер етеді деп кесіп айтуға болмайды. Жердің тауар айналымына енгізілуі, оны басқа ресурс тәрізді сатып алуға мүмкіндік береді. Аграрлық нарықтың дамуына жердің сатып алу-сатылуы өте жаман ықпал етеді - жермен айналысу қиынға түседі. Жерге жеке меншіктің болуы, аграрлық капитализациялауға кедергі болады: ол капиталдың еркін ағымына шек қояды.
Жердің меншік иесі өзінің жерінде капитал қолданған үшін ақы төлеуді талап етеді. Бұл кәсіпкердің табысын төмендетеді. Нарық экономикасы тұңғыш рет Нидерландияда қалыптасқаны бекер емес -- бұл елде барлық жер дәстүрлі түрде мемлекет меншігінде болған. Бүгін нарық экономикасы жоғары дамыған көп елдерде жер мемлекет меншігінде болып отыр.
Жер пайдалану формалары
Жер пайдалану нысандары ауыл шаруашылығының келесі түрлерін ажыратады:
-жеке пайдалану - жеке жұмыс күшімен жер өңдеу,
- құлдық шаруа қожалық
- серф қожалығы
- жалақы, ферма жұмысшылары
Жерге меншік капиталдың негізгі формасы болды, ол иесіне тіршілік пен саяси билік берді. Жер иесі тек еркін және толыққанды азамат бола алады. Жаулап алған елдерде жер иеліктері жоғары әскери және азаматтық шендер арасында бөлінді; ауылшаруашылық халқы иелерінің пайдасына жер өңдейтін құл немесе серфтерге айналды.

2. Негізгі бөлім

2.1 Қалытасқан жер пайдалануды талдау

Қазіргі кездегі кемшіліктерді табу, олардың шаруашылықтардың өндірістік-қаржаттық іс-әрекетіне тигізетін әсерінің көлемін анықтау, оларды жою қажеттілігін және мүмкіншілігін анықтау.
а) Қалытасқан жер пайдалануды талдаудың мазмұны және онда шешілетін сұрақтар:
-Логикалық есептеулер арқылы (коеэффиценттермен) жер пайдаланудың кеңістіктің кемшіліктерін анықтау;
-Шаруашылықтардың өндірістік дамуына кемшіліктердің тигізетін әсерін анықтау;
-Әр шаруашылық бойынша және шаруашылықтардың өзара байланыстарын есепке ала отырып, кемшіліктерді жою жолдарын және қажеттіліктерін анықтау;
ә) Жер пайдалануларды зерттеу жолдары және әдістері.
б) Жобалануға жататын территорияға кіретін шаруашылықтардың жер пайдалануларын құрамы жоспардағы бейнеленген сыртқы пішінін зерттеу арқылы аттамалы, бір жер пайдаланушының жерінің екінші жер пайдаланушының жерінде орналасуы, алыс жерлік шекаралардың иректенуі және тағыда басқаларды анықтау. Жер пайдаланудың тиімсіз мөлшерлері қалыптасқан тиімді мөлшермен немесе ғылыми ұсыныстармен салыстырыла отырылып анықталады. Құрамы жоспарды көзбен қарай отырып, логикалық зерттеген нәтижелер арнайы кестеге енгізіледі. Логикалық есептеумен қатар сапалық талдау жүргізіледі.
Сапалық талдау жер пайдаланулардың кеңістіктің кемшіліктерін келесі көрсеткіштер арқылы сипаттайды:
-жер пайдаланудың жинақылығы;
-шекараның иректілігі;
-ұзындығы;
-алыс жерлік.
Жер пайдаланудың жинақылығы сыртқы және ішкі болып бөлінеді:
-Сыртқы жинақылығы - жер пайдаланудың шекарасы құрайтын сыртқы пішіні. Ішкі жинақылығы - бөлімшелердің, жер алқаптарының, ауылшаруашылық алқаптардың, шаруашылық орталықтарының өзара орналасуы.
Сыртқы жинақылығы - жер пайдаланудың сыртқы конфигурациясына, созылып орналасуына, шекарасының орналасуына байланысты болады және жинақылық коэффициенті арқылы анықталады:

Kk=П4P

П - жер пайдаланудың іс жүзіндегі (фактілі) периметрі км;
Р - оның ауданы га;
-Ішкі жинақылығы жер пайдаланудың шаруашылық жинақылығы арқылы мына формуламен анықталады:

Kш.ж.= Rф0,043*P

Rф - әр ауылшаруашылық алқаптарының жер массивінің ортасынан жолдар бойынша шаруашылық орталықтарына дейінгі фактілі аралық, км;
Р - жер пайдаланудың ауылшаруашылық алқаптарының ауданы, км;
Жер пайдаланудың шекарасының иректігі шекараның түзулік коэффицентімен анықталады:

Kтүзу = П П тікбұрышты төртбұрыш

Онда: П тікбұрышты төртбұрыш - ауданы жер паудалануға тең тік бұрышты төрт бұрыштың периметрі.
Жер пайдаланудың кемшіліктерін түзету, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және тағыда басқа тиімділік берген жағдайда ғана жерге орналастыру жобасын құру арқылы орындалады
Жерді пайдалану мен жерді пайдалану жүйесін ретке келтіру немесе жақсарту - бұл жерді пайдалану мен қорғаудың, өндірудің және жер пайдаланудың кемшіліктерін жою мен жоюдың тиімділігін арттыру үшін аумақтық жағдайлар жасау мақсатында олардың орналасуына, құрылымына, шекараларын жақсартатын олардың конфигурациясына, ауданына мақсатты өзгертулер енгізу бойынша жерге орналастыру шаралары.
Жерді иеленудің және жерді пайдаланудың кемшіліктері - ауылшаруашылық өндірісі мен азаматтарға берілген жер массивтерінің немесе учаскелерінің конфигурациясы, ауданы, құрылымы, орналасуы мен шекаралары, жерді пайдалануға, экономикаға және өндірісті ұйымдастыруға теріс әсер ететін қолайсыздықтар.

2.2 Жерді пайдалану және жерге иелік етудің әлеуметтік экономикалық негізі

Жерді пайдалану экономикалық категория ретінде қоғамның әлеуметтікэкономикалық дамуы, үй шаруашылығының нақты түрімен, өндірістің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.Жерді пайдалану экономикалық құқығының кілті - материалдық өндірістің табиғи обьективтік (өндіруші) және субъективтік (жеке тұтыну) сипаты.
Жерді экономикалық бағалау - экономикалық көрсеткіштер бойынша экономикалық құнарлығын салыстырып бағалау.
Жер өндірісінің құралы ретінде жердің жұмыс істеуі жермен тығыз байланысты, әлеуметтік өндіріс процесінде жердің экономикалық маңызын сөздің кең мағынасында көрсетеді.
Агроөнеркәсіптік кешенді жерге орналастырудың экономикалық сипаттамасын анықтау кезінде мынадай негізгі ерекшеліктер:
а) өндiрiс құралы және өндiрiстiк құралдар ретiнде өндiрiстiк тұтыну (жұмыс iстеу), өндiрiстiк процесiнде жермен тығыз байланысты;
ә) жер өндiрiс құралы ретiнде жұмыс iстейтiн шаруашылықтың әлеуметтiк түрi.
Осы анықтаманы белгілі бір ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына қолданып, жерді пайдалану тұжырымдамасын келесідей тұжырымдауға болады. Агроөнеркәсіптік кешенді жер пайдаланудың экономикалық маңызы жерді жердің функционалдығы ретінде тұтастай алғанда кәсіпорынның кеңейтілген көбею үрдісінде жермен тығыз байланысты өндіріс құралдары ретінде түсіну керек.
Қазақстанда қолданыстағы ауыл шаруашылығының әлеуметтік жүйесі әртүрлі жерді иеленуге негізделген - мемлекеттік және жеке құрылым.
Қазақстан Республикасында меншік нысандары арасында жер учаскелерін бөлу 1-кестеде келтірілген
1 Кесте- 2015 жылғы 1 қарашадағы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін құқықтық меншік формасындағы меншікке бөлу.
Əртүрлі типтегі шаруашылық субъектілерінің әлеуметтік-экономикалық формалары бар, олар белгілі бір ерекшелікке ие.
1 Кесте- 2015 жылғы 1 қарашадағы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін құқықтық меншік формасындағы меншікке бөлу.

Жер телімдерінің саны,бір мың дана

Аумағы

Мың га
%
Ауыл шаруашылығының жалпы ауданы

761

93388

100

оның ішінде
жеке меншік
жалға берілгені

561
200

930
92458

1
99

Оның ішінде уақытша
жалға берілгені
тұрақты жалға берілгені

198
1

90950
1508

97
2

1-кесте

Бұл қазіргі кездегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің (ЖШС), акционерлік қоғамдардың (АО), шаруа (шаруа) қожалықтары қауымдастығының, шаруа қожалығының, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің және жеке тұлғалардың қосалқы шаруашылықтары.
Сондықтан жерді пайдаланудың әлеуметтік маңызы орнықты өндіріс пен жер қатынастары, жерге меншік нысандары мен жерді басқару арқылы анықталад.

2.3 Жер пайдалану құқықтық негіздері

Жер пайдалану құқығы жер құқығының жерлерді пайдалану мен қорғауға байланысты жер құқығы қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардан тұратын институты ретінде анықталады.
Жер пайдалану құқығы -- жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізде мерзімсіз (тұрақты) немесе белгілі мерзім шегінде (уақытша) иелену және пайдалану құқығы. Жер пайдалану құқығының субъектілері болып азаматтар мен заңды тұлғалар есептеледі.
Қазақстан Республикасының "Жер туралы" Заңына (2001) сәйкес олар төмендегі топтарға бөлінеді:
а) мемлекеттік және мемлекеттік емес жер пайдаланушылар;
ә) осы елдің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар;
б) тұрақты және уақытша жер пайдаланушылар;
в) бастапқы және кейінгі жер пайдаланушылар;
г) жеке және заңды тұлғалар.
ҚР Жер кодексінің 12 - бабының 30 - тармағында жер пайдалану құқығының анықтамасыберілген. Оған сәйкес, жер пайдалану құқығы - бұл тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және (немесе) ақысыз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы.
Сол себепті де, ҚР Жер кодексінің 5 - бабында,жер заңдарының міндеттерінде жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығытуындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін бекіту жерге меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы бір қатарға қойылған
Жер учаскесінің меншік иесі мен жер пайдаланушының құқықтары (иелік ету, пайдалану және билік ету) жер учаскесінің құқықтық режимін сипаттамайды, олар субъектілердің заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылатын құқықтарының мазмұнын айқындайды. Құқықтық режим жеке меншікке немесе жер пайдалану құқығына берілген жер учаскесіне қатысты белгіленеді.
Құқықтық режим - бұл субъектілердің жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндетттерін жер туралы заңнаманың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жүзеге асыруға бағытталған нормалардың жиынтығы.
Құқықтық нормалардың жиынтығына: жерлердің нысаналы мақсаты, оларды нормалау және табиғат объектісі және меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының объектісі ретінде қорғау, жер учаскесінің түрлері мен табыстау мерзімі енеді. Аталған құқықтық режим ҚР Жер кодексінің 9 - тарауында көзделген жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының пайда болу, өзгеру және тоқтатылу нормаларынан да тұрады. Сол себепті, ҚР Жер кодексінің 28 - бабының (Жер пайдалану құқығының режимі) редакциясы аталған мәселені толық қамтымайды. Бұл бапта былай делінген: Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады. Осы кодексте немесе заттық құқықтың мәніне қайшы келмейтіндіктен, жер пайдалану құқығына меншік құқығы туралы нормалар қолданылады. Бұл дұрыс емес, біз жоғарыда атап өткеніміздей, жер пайдалану құқығындағы жер учаскесінің азаматтық құқықпен реттелетін заттық құқықтың объектісі болуы мүмкін емес. Жер пайдаланушыларға мемлекет берген және беретін жер учаскелерінің құқықтық режимі жер туралы заңнамамен, нақты айтқанда, Жер кодексімен реттеледі.
Тұрақты Жер пайдалану құқығы тек қана мемлекеттік жер пайдаланушыларға беріледі, ол ешқандай мерзіммен шектелмейді. Оларға кондоминимум объектілеріндегі мүліктерді шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын, қорғалатын табиғи аумақтар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады. Уақытша Жер пайдалану құқығын қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болып бөлінеді. Уақытша Жер пайдалану құқығын беру мерзімдері жердің нысаналы мақсатын ескере отырып тағайындалады. Мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға Жер пайдалану құқығын беру жер учаскесін жалға беру шартының немесе өтеусіз уақытша жер пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын беру, Жер пайдалану құқығын тапсыру, Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру) ауысуы арқылы Жер пайдалану құқығы пайда болады. Жер пайдалану құқығынан айыру азаматтық құқықтық мәмілелер (сатып алу, сату, сыйға тарту, айырбастау, т.б.) негізінде жүзеге асырылады. Жер пайдалану құқығын белгілі бір мерзімге басқа тұлғаға тапсыру жалдау немесе жерді өтеусіз уақытша пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жалдау -- бастапқы жер пайдаланушы өзінің Жер пайдалану құқығын иелігінен шығармай, өзіне тиісті учаскені өкілетті органға хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша пайдалануға беретін жағдайда, ал өтеусіз уақытша пайдалану -- келісімшарт негізінде пайда болады. Кейінгі жер пайдаланушының өз құқықтарын басқа жер пайдаланушыларға беру құқығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге орналастыру жобасы
Шаруашылық аралық жерге орналастыру принциптері
Жер учаскесін рәсімдеу
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары
Жерге орналастырудың экономикалық факторлары
Жерге орналастыруды жобалау және ауылшаруашылық жерлерін пайдалану саласы бойынша
Жоба алды жұмыстар
Берілетін учаскені орналастыру
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары
Ауыл шаруашылығы өндірісінің қысқаша бағдарламасы
Пәндер