Несие туралы түсінік


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

М а з м ұ н ы

  1. тарау Несие туралы түсінікБанктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу . . . 3Банктен тыс мекемелердің берген несиесін есепке алу . . . 5Басқа да несие операцияларын есепке алу . . . 13

II- тарау. Несие үшін төлемдер

  1. Салық міндеттемелерінің есебі . . . 20Міндеттеме тәсілімен табыс салығының есебі . . . 21

1. 1 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу

Қарыз капиталының қозғалысын несиелеу - ол пайыз (процент) түрінде қарызға төлем ақы ретінде қайтарылатын капитал.

Несиенің объективтік қажеттілігі ең алдымен өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық заңдылығымен байланысты.

Несиелерді есепкс алу үшін 60 "Несиелер" бөлімшесіне енгізілген 601 "Банк несиелері", 602 "Банктен тыс мекемелердін несиелсрі", 603 "Басқа да несиелер" сияқты пассивті шоттары пайдаланылалы.

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі бекіткен "Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне сәйксс жүргізіледі.

Несие беру және оның оперлцияларын жүргізуді лицензия берілген Ұлттық банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпрынлдрға берілелі. Несие өтеу қабілетгілі мен кәсіпорынның өзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын атаймыз. Кәсіпорындарға несие, негізінен, арттыруға және оның ғылыми-техникалық деңгейін көтсруге, тиімлілігі жоғарғы жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға халыққа түрлі қызметтерлі көрсетуге, халық үшін экспортка тауар шығаруға байланысты шаралар мен мақсаттарына беріледі. Олардың ішінен жете көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерің дер кезінде орындайтын клиенті ерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне және шоттарына сақтайтын банк акциионерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.

Несие мерзімділік, қайтарымдылық және төленетін жағдайында коммерциялық және келісім-шарт негізінде беріледі.

Несие беру банктердің өздерінде бар несие қорларының көлемінде жүзеге асырылады. Банк қарыздары (саудасы) бұрындары берілген сауда бойынша қайтару мерзімі өтіп кеткен қарыздары жоқ болса ғана беріледі. Банк мекемесі табысы темен кәсіпорындарға несие беру үлкен қауіп туғызатындықтан, ондай кәсіпорындармен несие қатынастарын орнату мәселесі жан-жақты зекрттеледі.

Кәсіпорын несиелеу үшін несиенің және пайдалану мақсаты, өтеу мерзімі, сондай-ақ несиеленетін қысқаша сипаттамасы және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жазбаша түрін білдіреді. Банк жасалған өтініштің негізінде, егер кәсіпорынның қарызы жоқ болса және бұрындары аталмыш кәсіпорын олардың берген несиесін оқтын-оқтын пайдаланып отырған болса, онда кәсітік орынның берген болуы мүмкін.

1. 2 Банктердің несиелерін есепке алу.

Сонымен қатар несие алу үшін бірінрше рет барған кәсіпорын өзінің жарғысын ұйымдастыру құжаттарының көзшірмесін ережелерін, алу келісімдерін, тіркеу куәлігін және клиенттің несие алу құқығының барлығын растайтын басқа да құжаттарын банкке ұсынады. Қарыз алушының несиені алғаш рет алып отырғандығына немесе несиені үнемі пайдаланып жүргендігіне қарамастан несиені алудың мақсаты, пайдалану мерзімі зерттеледі, содан сон, ғана несиелендірілетін шараның техникалық-экономикалық негіздемесі, күтілетін түсімнің себебі жылдықпен тоқсандық бухгалтерлік және статистикалық есептері, қаражат нәтпжесі жөніндегі себептері, басқа банктердегі ашылған шоттарының көшірмесі; қарыз алушының несиені қайтару қабілеттілігі және қаражат жағдайын анықтайтын басқа да деректері банк тәжірибесінде қабылданған нысандағы несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ететін мүмкіндігі (кепілдікке салынатын мүліктері, сақтандыру куәлігі және т. б. ) және басқа да құжаттарының көшірмесі банкке ұсынылалы.

Аталған құжаттар болған жағдайда банкке заңмен белгіленген талаптарға, санитарлық-тазалық, экологиялық және басқа да нормаларға жауап беретін кәсіпорындарының құрылысының (қалпына келтіруге) жобасы (жұмыс жобасы) . сондай-ақ жоспарында аталған нормаларын, келісімдердің сақталатынлыын растайтын сараптау мекемелерінің және схема құжаттары бар.

Несие беру келісім шарты бекітілгенге дейін банк қарыз алушының несиені қайтару қабілеттілігін мұқият талдауға, қарызөдың (ссуданын) өтелмеуіне әсер ететін факторларына қарыз алушының атағын, бұрын алынған ссуласын уақытында өтеуі (соның ішінде басқа банктерден де), басқа міндеттемелеріне қатынасын, қарыз алушынын экономикалық және қаражаттық жағдайын, байланысы бойынша төлем қабілеттілігін және несиені пайдалану тиімділігін жәнс т. б. мүмкіндігін зерттеуге міндетті.

Қарыз беруші банк қарызалушыдан негізгі қарызында, оған төленетін пайызын да өндіріп алуға және олардан кепілдік мүліктерін талап етуге құқығы бар. Тауарлы-материалдық құндылықтарды, өнімдерді және басқа да кепілдік салуға болатын мүліктерін ұсынған жағдайда банк несие береді.

Қарыз алушының мүлкіне банк олардың арасында жасалған келісім-шарт бұзылған жағдайда ғана иелік ете алады. Сондай-ақ кепілге алу міндеттемесі қарыз алушы төлеуге қабілетсіз және банкротқа ұшыраған кезде, кепілге салынған мүлікті өткізуден түскен түсімді несиені өтеуге жатқызылады. Кепілге салу жөніндегі келісім тұрғын үйді кепілге салуды қоспағанда, нотариалдық жазбаша түрде жасалады.

Қарыз алушыға тиесілі тауарлы-ма құндылықтарды немесе шығарылуына қарай дайын өнімді кепілге салу кепілге салудың бір түрі болып абылады. Кепілге салуға ақшалай бағаланатын мүліктер, соның ішінде бағалы қағаздар да ұсынылуы мүмкін. Кепілге салынған құндылықтар әдетте қарыз алушының иелігінде қалады, қарыз алушы кепілге салынған тауарлы-материалдық құндылықтарды басқа құндылықтарға ауыстырған жағдайда сатуға немесе өз өндірісінде қайта өңдеуге құқылы.

Кепілге салынған бағалы қағаздар несие келісіміне кол қойылғаннан кейін, банкке сақталуға беріледі және несие толық өтеліп, ол бойынша пайыз төленгеннен кейін қарыз алушыға қайтарылады. Борышкер кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындамаған жағдайда "кепілге салынған" мүліктің құнынан банктің талабын қанағаттандыру соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Банк мүлікті кепілге салуға қабылдаған кезде, әсіресе, кепілге салынған мүлікті сақтау кезінде оның толық сақталуы қамтамасыз етілмеген жағдайда, қарыз алушының есебінен оның сақталуын талап етуге құқылы.

Кепілге салынған мүлік жойылған (опат болған) жағдайда, егер ол сақтандырылған болса, банк талабын сақтандыру өтемінен қанағаттандырудың айрықша құқығын пайлалана алады. Банк шартта белгіленген тәртіпке сай, қарыз алушының кепілге салған мүлігінің құнынан несиенің сомасын өндіріп алуға құқылы.

Кепілдеме негізінен жазбаша түрде ұсынылады және ол несиені пайызымен бірге өтеудің міндеттемесі болып табылады.

Қарызданушы кепілдеме хатын өзінің шоты тұрған жердегі банк мекемесіне ұсынады. Бұл жерде қарыз да, оның толығымен өтелгенге дейін сақталады. Қарыз алушының банкісіне кепілші-банктің кепілдеме қабылдағаны жөнінде (яғни, банк мөрімен бекітілген кепілші-банктің басшысы мен бас бухгалтерінің қолы қойылған) белгісі бар көшірме. Кепіл емес қарыз берілгенге дейін беріледі, ол төлемлі кейінгі қалдыруы жөнінде банкке барған қарызалушыдан талап етілуі мүмкін. Толтырылған кепілдеме хаты төменде келтірілген.

Кепілшінің даусыз түрдс қаржыны есептеп шығару төлемді талап тапсырмасын жүзеге асырылады. Қарызалушының несиесі үшін жауапкершілігін сақтандыру "Сақтандыру жөнінлегі" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады. Банк қарыз алушыға берілген несиені сақтандыру компаниясы мен несиелік тәуекелділігімен өз еркімен сақтандыру жөніндегі шарт жасасу жолымен, өз бетінше сақтандыра алады.

Бұл жағдайда банк несиелік үшін жауапкершілігі өз еркімен сақтандыру шарты бойынша банк төлеген сақтандыру төлемінің сомасын банкке қарастыруы мүмкін.

Қарыз алушыға несие жасалынған шартына сай беріледі. Бұл келісімде несиенің мақсаты, мөлшері және мерзімі, құжаттар тізімі және олардың банкке ұсынылу мерзімділігі, несиенің мақсатты пайдалануын және қамсыздандырылуын тексеру несис бойынша қарыздарды өтеудің барысында кепілге салынған мүліктерін өткізудің рәсімдеу тәртібі, қамсыздандыруды тексеру үшін банкке ұсынылатын ақпараттардың мазмұны ашылалы.

Банк қарыз алушыға несиелік қызмет көрсету үшін онымен бір жылға немссе одан ұзак мерзімге шарт жасайды және әрбір неие берудің жағдайын әрбір клиент бойынша жеке дара анықтайды.

Қысқа мерзімді несие, әдетте, 12 айдан аспайтын мерзімге несиеленетін материалдық құндылыктардың шыққан шығынның өзін-өзі ақтауына негізделгені беріледі.

Жекелеген жағдайларда өндіріс циклының ерекшслігіне байланысты несиелср неғұрлым ұзағырақ мерзімге де, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін.

Несие, қарыз алушының есеп айырысу шотында қаражаттың бар болуына қарамастан, қолма-қолсыз тәртіпте беріледі нсмесе оның есеп айырысу шотына аударылады.

Банк нсеиелік келісім шартты жасамастан бұрын, қарыз алушының немссс қарыз несиені өтеу қабілетгілігін, қарызданушының репутациясын, қаржылық және және жағдайын, баланс өтімділігін, айналмалы қаражаттың пайдалану тиімділігін басқа да жағдайларын жан-жақты талдап зертгейді.

Тұрақты түрде несиеленетін қарыз банкке қойған кепіліне бухгалтерлік баланстың мәліметтсрі бойынша бақылау жасалынады. Олардың әрбір зат астары мен шығындарының өзгерісі, дебиторлық және кредиторлық қарыз талданады, ал керек болған жағдайда, қойма мәліметтері және бухгалтерлік есептегі натуралдық көрінісі зерттеледі.

Мысалы. Кәсіпорын банкіден 1105600 текнге несие алған, ол бір жыл екі айға берілген және оның жылдық пайызы 20% құраған.

Әр тоқсанның соңында эквивалент сомасын марапаттау пайызын төлейтін болып келісілген. Сол пайыз бойынша оның сомасы былайша анықталады:

Шетелдік валютада алынған несиенің есебі. Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілері өкілетті банктерден шетелдік валютада несие алуға құқылы.

Несие заңды тұлға резидентерге қолма-қол ғана беріледі.

Валюталық құндылықтарды өкілетті банк кепілдік ретіиде заңды тұлға-резиденттерге несие беру үшін деп пайдплана алады және ол шетел және ұлттық валютада беріледі.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы қарыздарды алу туралы келісімдерді тіркеу міндетті емес, егер олардың сомасы 100 мың доллардан және 120 күішен аспаса, Бұлардың қатарына қаржылық резизинті де жатады.

Несиені алған кезде 431 немесс 432 шоттары кредиттелген. Ал егерде алынған несие қайтарылса, онда 601 шоты дебеттеліп, 431, 432 шоты кредиттеледі. 60I шоты бойынша бухгалтерияда міндетті түрде алдамалық ессбі жүргізіледі.

Мысал. Несиелік келісім-шартқа сәйкес кәсіпорын 01. 04. 02 ж.

300 000 доллар, 6 айға несие алды делік.

Келісім-шартта қалқып жүретін мөлшерлемесі қарастырылған. Лондондық банк аралық нарық бойынша (ЛИБОР) .

Енді біз осы аталған жағдаймен байланысты шоттар корроспонденциясын жасап көрейік.

Несие алған жағдайда: 441, 451-есеп айырысу мен касса шоты; 671-жабдықтаушылар мен мердігерлердің шотын несиенің есебінен төлеген кезде аталған шоттар дебеттеліп және 601 "Банк несиелері" шоты кредиттелелі. Несиені өтеген жағдайда 601 шоты дебеттеліп және 441 шоты кредиттеледі.

Алынған несие бойынша мерзімінде өтелмеген қарыздарды төлеу мерзімі жеткенде 601 "Банк несиесі" шотына: "Мерзімінде өтелмеген ссудалар" немесе Қайтару мерзімі ұзартылған талдамалық шоттарына есептен шығарылалм.

Несиені пайдаланғаны үшін банк үстеме пайызын есептейді. Есептелінген пайыздардың сомасы 831 "Пайыздар бойынша шығындар" шотының дебеті және 684 "Теленугетиісті проценттер" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Банктен тыс мекемелердің берген несиелерін есепке алу (заемдық қаржыларын) .

Сонымен қатар, бухгалтерлік есептің Бас шоттары тізбегінде төлемдер мен міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететіні берілген және алынған кепілдемелердің қозғалысы мен қолда барын, есепке алу үшін баланстан тыс екі шотын: 008 "Алынған міндетемелерді қамту мен төлемдер" және 009 "Берілген міндеттемелерді қамту мен төлемдер" деген шоттарын пайдаланады.

Міндетемені қамтамасыз етудің кепілі ретінде үіпінші тұлғаның кепілдігі, кепілге салудың шарты, сақтандыру полисі және т. б. болады. Кепілдеменің және кепілге салудың мәнін қарастырайық. Кепілдеме кепілгер-кәсіпорыннан несие берушіге (несиеберуші кәсіпорынға) борышкерден (несие алушы кәсіпорыннан) алынуға тиісті соманың уақытында төленуін қамтамасыз ету үшін беріледі. Кепілдемені банктер, кәсіпорынлар және мекемелер берс алалы. Кепілдеменін моні: борыіпкср-косіпорын несие бойынша өзінен алынуға тиісті төлемдерді мерзімінде төлейалмаған жағдайда банктер, кәсіпорындар немесе ұйымдар несиені төлеулі өз мойындарына алады. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін тәсіл ретінде кепілдеме кәсіпорындардың казіргі өндірістік және коммерциялық қызметтерінде аталған жағдай кеңінен қолданылып жүр.

Кепілдемеге байланысты кепілдік ролін атқарған кәсіпорындардың ортақ жауапксршілігі емес, ету (қосымша) жауапкершілігі туындайды. Кепілдік ролін атқарған кәсіпорынның жауапксршілігінің көлемі, әдетте, қарыз алуды косіпорынның алған қаржысы бойынша өтелмеген сомасының шегінде шектеледі. Кепілгер, әдетте, несие беруші кәсіпорынның қарыздарын несие алушы кезінде қайтара алмау қауіптілігінен шығуы мүмкін, яғни кепілдік болған кәсіпорын жабуға арналған кепілдеме сомасынан процентті несие алушы кәсіпорыннан ұстап қалады.

Яғни, бұл кепілдік шартты міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің бір тәсілі болып табылады.

Кредиторлардың талабын қанағаттандыру үшін кепілдік келісім-шарттың рәсімделуін реттеу ретінде Қазақстан Республикасының №254-1 30 маусым 1998 жылы шыққан "Кепілдік мүліктің қозғалысын тіркеу туралы" заңы негізгі құжат болып табылады.

Осы заңға сәйкес кредитор (кепілдік үстаушы), егер де қарызданушы өз міндеттемесін орындай алмаса, кепілдікке қойылған мүліктен берілген несиснің құнын ұстап қалуға құқылы.

Кепілдікке қойылған мүлікке деген талап білдірушілердің талабын қанагатгандыру үшім оларлың кезектілігін белгілеп, кепілліктегі мүлік қозғалысын тіркейді. Кепілдік заңы бойынша кез келген міндеттемені орындаудын мүмкіндігін қамтамасыз етеді (банкі несиені бергенде, құрал-жабдықты, қаражатты уақытша пайдалануға алғанда, салып-сатуда, жазғанда, жүкті тасымалдауда т. б. Кепілдік бұйымы (нәрсесі) кәсіпорынның мүліктік айналысынан алынбауы мүмкін (ғимарат, қондырғы, өндіріс құралдары, бағалы қағаздар, ақша қаражаттары, мүліктік құқықтары т. б. Қазақстаин Республикасының заң актілеріне сәйкес өндіріп алуға (төлетуге) болады.

Кепілдік міндеттеменің қамтамаеыз етілуі тоқтатылса, кепілдік тоқтатылады: кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда, кепілге салынған мүлікке меншік иссі ретінде иеленген жағдайда, кепілге салынған мүлік мәжбүрлік жолмен сатылған жағдайда және т. б. Кепілдіктің түрлері болып мүлікті салу және ипотека саналады.

Кепілге салу кезінде кепілдікке (закладкаға) салынған мүлік кепілге берушіден кепілге ұстаушының иелігіне өтеді. Кепілге ұстаушының келісімімен кепілге салынған зат кепілге берушіде айрықша сақталынып, мөр қойылып, сол жерде қалдырылуы мүмкін.

Ипотеко жағдайына кепілге салынған мүліктер кепілгек берушінің немесе үшінші тұлғаның иелігі мен пайдалануына болуы мүмкін.

Ипотека несиелік келісім-шарт бойынша негізгі қарыздың сомасын кепілдік ұстаушыға төлеуді немесе ипотекалық келісім-шарт бойынша қарастырылған басқа міндеттемелерді толық не ішінара бөлігін орындауды қамтамасыз етеді.

Егер де келісім-шартта басқаша шаралар қаралмаса, онда ипотека тек сол кезеңлегі талапты толық көлемде демек, зиянды қалпына келтіруін; негізгі міндеттемесін бұлжытпай орындауын және басқа да заң актілерімен немесе негізгі міндеттемелерімен қарастырылған жағдайларын. Кепілдікке заттық нысандарға ие объектілерінен басқа да құқықтарды (кен орындарын пайдалану және кен шығару, кәсіпорынға құрылысқа, ғимаратқа, қондырғыларға және т. б. жалгерлік құқық және бағалы қағаздарды акциялар, облигациялар, нексельдер және т. б. қабылдауы мүмкін. Ипотекалық келісім-шарт тараптардың негізгі ниеттерін құптайтын құжат болып табылады және ол қағаз нысанында жазылып, оған кепілдікберуші де, кепіддікті алушы да, сондай-ақ қарызданушы да қол қояды, егер де ол кепілдік беруші қарызданушы болмаса (яғни, тұрақты тапсырма ретінде болуы мүмкін. Ипотекалық келісім-шарт мемлекеттік тіркеуден өтеді, сол тіркеуден өткен кезден бастап оның ипотекалық құқығы пайда болады. Ипотекалық келісім-шартта кепілдік берушінің де, кепілдік алушының да мекен-жайы негізгі міндеттемесінің мәні, олардың деңгейі және орындау мерзімі т. б. мәліметтсрі көрсетіледі. Кепілдік ұстаушының құқығы ипотекалық куәлік берілуімен қуатталады, негізгі міндеттеменің орындалуын талап етуге, кепілдікке қойған мүлікті алуына құқысының бар екендігін көрсетеді. Ипотекалық куәлік бір ғана данада жасалалы, ал ол тек кепілдік ұстаушының қолында болады. Ипотекалық куәлік басқа бір тұлғаның пайдасына жазылып берілуі мүмкін. Жазып беру бұл ипотекалық құқықтың басқа тұлғаға берілгсндігін көрсетеді. Бұндай жазып беру операциясын банктер жасамайды. Жазып берілген құқықта берілген тұлғаның толық ат-жөні болуы тиіс, ал егер де ол бланкалық тұрғыда (толтырылмаған, қол койылмаған нысанда) болса, онда ол ипотекалық куәліктің беру жазбасы болып саналмайды. Егер беру жазбасы бірінші беріліп отырса, онда ипотекалық көрсетілген кепілдік ұстаушысы қол қояды, ал егер де ол бірінші болмаса, онда жатып берген тұлғақ ол қояды. Егер де беру жазбасы арқылы құқығын жүзеге асыратын болса, онда онымен бірге, сол берілген тұлғаға міндеттемесі де, куәлігі бойынша құкығыда өтеді.

1. 3 Басқа да несие операцияларын есепке алу.

Жоғарыда айтылғандай, несие берудің басқа түрлері 603 "Басқа да несиелер" есебі жүргізіледі.

603-ші шотында кәсіпорын еңбеккерлері үшін банкіден алынған несиесі, шығарылған облигациясы, тауарлары (жұқмыстары, қызметтері) және берілген пексельдері есепке алынады.

Тауарларды жұмыстарды, алу үшін берілетін несиелдердің есебі. Сатып алушы сенімхат арқфылы жабдықтаушыдан жеткізілген тауармен (жұмыспен, қызметпен) есеп айырысу кезінде жай немесе аудармалы пайдалануы мүмкін.

Вексель ұстаушы жабдықтаушылармен, мердігерлермен және басқа да кредиторлармен есеп айырысуға берілген нексельмен қамтамасыз етілген қарызын 603 шотта есепке алалы.

Пайыздық вексель бойынша 603 шотқа "Берілген пекссль" деп аталатын субшотын ашуды ұсынады.

Пайыздық вексельдің пайызсыз пексельден айырмашылығы, олар өзінің номиналдық (аталуы) құнына пайызды қоспайды, ал пайыздықта ол қосылып келеді.

Пайызсыз вексельде пайыз мөлшерлемесі көрсетілмейді, бірақ маалпаттау сомасын анықтайды. Пайызсыз берілген некселые 603/2 "Берілген нексельлін сомасынан марапаттау сомасы шегерілген" және 603/3 "Берілген пекселі, бойынша марапаттау сомасы" деген қосымша екі субшоттар ашылуы мүмкін.

Мысалы "Шығыс" ААҚ озінің кредиторлық қарызын өтеу мақсатында 60 күндік мерзімдегі векселін "Тасты" ЖШС берді, тауарлы алған кезінде қарызлын сомасы 1100 мың тенге құраған болатын, бірақ оны сатым алу барысынла оның марапаттау сомасының әсерінен оның құны 1200 мың тенге жеткен. Сондықтам "Шығыс" ААҚ, өзіне қарыз "Созақ" ААҚ-на, "Тасты" ЖШС-не жауып берулі ұсынған.

Сонымен, "Созақ" АЛҚ векселді акцептеу кезінде үшінші тұлға (трассат) болып табылады. Қабылданған аудармалы вексель жағдайында төлем үшімші тұлғаға аударылса да, векселді дер кезінде сату жауапкершілігі вексель ұстаушыдан алымбайды, яғни вексель ұстаушы вексель берушінің алдында жауапты болып қала береді. Осы аталған факт вексель берушінің баланстан тыс шотында (011 "Вексель бойынша шартты міндеттемесі") көрініс табады. Бұл міндеттеменің сомасы үшінші тұлға векселді өтеп біткенше жалғаса береді.

Біздің мысалда пайыздың мөлшерлемесі көрсстілмеген, сондықтан марапаттау сомасын анықтаған кезде олардың номиналдық құнынан оның бастапқы құнын (немесе керісінше) алып тастайды, нәтижесінде 100 мың тенге (1200-1100) ; аудармалы, негізінен бұйрық жолымен орындалатындықтан, трассант трассатқа ремитентті төлеуді білдіреді.

Индоссамент бойынша векселді беру операцияларының есебі . Кез-келген жай немесе аудармалы вексель индоссамент арқылы берілетін жазуы айналысқа түсуі мүмкін, яғни осы пекссль бойынша бір тұлға екінші бір тұлғаға өз құқығын, яғни қойылатын шарттардан басқаларын береді, демек вексель ұстаушы аударма вексельде, бірақ соған ұқсас мағынадағы сөзді көрсетеді.

Мысал. (жоғарыда көрсетілген шоттар корреспонденциясының жалғасы) . "Тастыы" ЖШС' вексель өтелгенге дейін (бір ай өткесін) өзінің кредиторлық қарызын өтеу үшін "Қаратау" ААҚ-ның. "Тасгы" ЖІІК' Барлық субьектілер оның берген вексельдерін акцентке де, индоссанаса немесе оған апарып қойса яғни мақұлдаса да вексель ұстаушының алдында бәрібір ортақ жауап береді, яғни міндетті болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша – несие саясатының түрлері
ҒЫЛЫМИ ЖОБА. МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҚАРАПАЙЫМ ЕСЕПТЕУЛЕРДІ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДА ҚОЛДАНУ
Ақша, несие, банктер пәнін оқып-үйренудің студенттер үшін маңызы
Банктік тұтыну ссудасы
Қаржының экономикалық рөлі мен маңызы
Экономиканың ақшалай-несиелік тұрақтылығындағы орталық банктің атқарылатын рөлі
ҚР-ның банк жүйесі
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне талдау
Макроэкономикалық саясат
Банктер жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz