Өндірістік менеджменттің мәні мен функциялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
I тарау
Өндірістік менеджмент пәніне кіріспе
1.1 Өндірістік менеджменттің зерттеу обьектісімен заты, мақсаты мен міндеттері
1.2. Өндірістік менеджмент дамуының қысқаша тарихы.
1.3.Өндірістік менеджменттің мәні мен функциялары
1.4. Операциялық стратегия және бәсекелестік қабілет

Өндірістік менеджмент пәні техникалық және экономикалық маман даярлайтын бүкіл әлем университеттерінде кеңінен тараған. Бұл пәнсіз толық кәсіби білім алдым деуге болмайды.
Өндірістік менеджмент пәнінің зерттеу объектісі - кәсіпорын (үйым).Кәсіпорындар түрі көп болғандықтан, олардың барлығына ортақ сипаттамалар зерттелінеді және нақтылы кәсіпорындарға тән ерекшеліктері қарастырылады. Бұл кітапта кәсіпорындар ішінде машина жасау зауыттарына көңіл бөлінген, өйткені бұл ең күрделі және көбіне ортақ мәселелерді көтеретін кәсіпорын.
Өндірістік менеджменттің зерттеу заты - кәсіпорынның өндірістік (операциялық) қызметін басқару ұстанымдары мен әдістері. Материалдық өндірісте - өндірістік қызмет, қызмет көрсету саласында - операциялық қызмет қарастырылады. Соңғы жылдары кәсіпорынның операциялық қызметі деп бір-бірімен тығыз бірлескен өндіру (тауарлар немесе қызмет көрсету) және өткізу (сату) үдерістерін атайтын болды. Өндірістік менеджмент пәнінің мақсаты студенттерге кәсіпорынның өндірістік қызметіне қарасты басқару шешімдерін қабылдауға қажет теоретикалық білімдерін беріп, практикалық әдіс-терге үйрету.
Өндірістік менеджмент міндеттері:
- кәсіпорында өндірістік қызметін басқаруға қажет теоретикалық негіздерін зерттеу,
- кәсіпорындарда өндірістік қызметін басқару саласындағы
стратегиялық, тактикалық және оперативтік шешімдерін қабылдау әдістерін игеру;
- кәсіпорында өндірістік қызметін басқару саласындағы талдау және синтез әдістеріне үйрену;
- аталған әдістерді қолдануда тәжірибе жинау.
Өндірістік менеджменттің мәнін білу-сан алуан үйымдастырушылық үдерістерді бағалауға жүйелі көзқарастарды қалыптастыру деген сөз. Өндірістік менеджмент көптеген басқа пәндермен тығыз байланысты болып келеді, оның ішінде - микроэкономика, салалық экономика, кәсіпорын экономикасы, халық шаруашылығы салалар технологиясы, менеджмент негіздері, экономикалық статистика, экономикалық- математикалық молдельдер және т.б.

1.2. Өндірістік менеджмент дамуының қысқаша тарихы.
Өндірісті ұйымдастыру мәселелері әр мезгілде өз бойын көрсеткен. Бірақ ғылыми негізінде бірінші болып А. Смит зерттеген: еңбекті бөліп мамандану арқылы өндірісте жоғары көрсеткішке жетуге болатынын айқын дәлелдеген.
Ф. У. Тейлор 1911 ж. Ғылыми басқарудың ұстанымдары атты өз кітабын жариялайды. Бұл шығармасында ол аналитикалық әдісті қолдана отырып, кайталанатын операцияларды зерттеуді, оны орындауға кететін уақыт мөлшерлерін орнатты. Жұмыс істеу әдістерін егжей-тегжейлі талдап, онын орындалуының ең тиімді жолын іздестірді. Тейлор бойынша, баскарушылар жұмысшыны үйретуге, оларды іріктеуге және жұмысын жоспарлауға тиімді жолмен жүмысты атқаруға, басшылар мен жұмысшылар арасында ынтымақтастық орнатуға жауапты қарауы керек. Тейлордың аталған және басқа ойларын оның жактастары мен ізбасарлары одан әрі дамытты. Г.Гант технологиялық үдеріс бөлек операциялардың қиыстыруы деп, оларды тізбектеп жоспарлайтын әдістерді тапты. Бұл әдістер осы уақытқа дейін қолданылады.
Фрэнк пен Лилиан Гилбреттің технологиялық операцияны ұсақ компоненттерге бөлгендігі сонша, соңғылары жұмыс мазмұны мен байланыстарын жоғалтқан. Ал стандарттық компонеттер негізінде қай жұмысты болсын жаңадан жобалаған. Л.Гилберт жұмысшының шаршағыштық мәселесіне көп көңіл аударған.
Өндірістік менедмент деген атау 1910 жылдары кең тарайды, оған себеп - өндірісті басқаруда ғылыми тәсілдер қолдану қажеттілігі қатты білінеді.Г.Форд пен Ч.Соренсон үйлестірілген толассыз линиясын іске асырады.
1924 жылы У.Шухарт статистика әдістерін сапаны бақылау үшін қолданылады.Ол өндірісті жүйе ретінде қарастыру қажеттілігін, өндіріс факторлары бір- бірімен және сыртқы ортамен тығыз байланысты екенін баса айтқан. Бұл ойды Э.Деминг одан әрі дамытқан, ол өнім сапасын жақсартуда жұмысшылардың рөлін көрсете білген.
XX ғасырдың ортасына қарай аналитикалық әдістер жаңа әдістермен толықтырылады.Ықтималдық теориясы, математикалық статистика, жүйені талдау, қызмет көрсету теориясы, информация теориясыжәне т.б.1960 жылдары операциялық менеджмент термині пайда болады, оны дүниеге келуі аналитикалық әдістен синтезәдісіне көшуге байланысты деген пікір бар. Осы әдіске орай, кәсіпорын стратегиясы мен саясаты, өндірісте материалдық ағынды басқару және т.б. жаңалықтар пайда болады.
Өткен ғасырдың 50жылдарының аяғында 60 жылдарының басында ғалымдар операциялық менеджмент мәселелерімен тікелей шұғылдана бастады. Біраз ғалымдар өндірістік жүйелерінде ортақ мәселелері бар екенін, өндірістік операцияларға жүйе маңыздылығын баса айтқан.
1970 жылдардың аяғында 1980жылдың басында Гарвард бизнес- мектебінің ғалымдары өндірістік стратегияның моделін жасады.Олар өнеркәсіп басшылары бәсекелесте өз зауыттарының өндірістік қуатын стратегиялық құралы ретінде қалай пайдалануға болатынына назар аударған. Ғалымдардың ойы бойынша, ешқандай зауыт бір бағыт бойынша жоғары көрсеткішке жете алмайды, сондықтан басшылар анық, бір нүктеге бағытталған стратегия жасау қажет, оның мақсаты- шектелген міндеттерді ең жоғарғы жетістікпен орындау.

1.3.Өндірістік менеджменттің мәні мен функциялары

Кәсіпорынды бизнес-ұйым деп атауға болады. Әр бизнес ұйымның өзегі операциялық жүйе болып келеді. Операциялык жүйе шикізат, материал, басқа еңбек заттарын
еңбек құралдары мен дайын өнімді қызмет көрсету түріне айналдырады. Оларды нарықтасату нәтижесінде бизнес-үзым қойылған мақсатына қол жеткізеді, өз борышын (миссиясын) орындайды, ал операциялар жүйесі осы мақсатқа жету құралы ретінде карастырылады.
Бұл ұйымда бірнеше операциялар жүйелері болуы және операциялар жүйелері әр алуан болуы мүмкін. Ал оларды топтастыратын негізгі нышан - қызмет нәтижесінің айырмашылығы. Егер нәтижесі дайын бұйым не өнім болса - ол өндірістік, ал нәтижесі қызмет көрсету болса - ол сервистік операциялар жүй деп аталынады. Өндірістік менеджмент тек өндірістік жүйелермен айналысады.Өндірістік менеджменттің екі топ функцияларын ажыратуға болады:
- операциялар жүйелерін жасау функциялары;
- операциялар жүйелерінің қызметін қамтамасыз сту функциялары.

Екі топ функцияларының айырмашылығы мынада: бірін-шісінебайланысты шешімдердің нәтижесі көп уақыттан кейін білінеді, ал екіншісіне қатысты шешімдер нәтижесі тез уақытта корінеді.Осыған орай өндірістік менеджменттің стратегиялық және такти-
калық функцияларын ажыратады.
Стратегиялық функциялар қатарына төмендегілер жатады:
-жаңа тауарларды таңдау және бар тауарларды жаңарту;
-таңдалған тауарлардың өндіру жолын таңдау;
-жаңа өндірісті белгілі аймақта орналастыру;
- өндірісті ұйымдастыруда жаңа кәсіпорынның құрылымын, онда жұмысты ұйымдастыру әдістері мен формаларын таңдау;
- өндіріске техникалық қызмет көрсетуін ұйымдастыру;
-сапаны жаксарту әдістерін таңдау.
Өндірістік менеджменттің тактикалық функциялары:
-запастарды басқару;
-дәл мезгілінде жүйесін қолдану;
- бұйымның құрама бөлшектеріне қажеттілікті есептеу;
- агрегаттық жопарлау негізінде шешімдер іздеу;
- өндірістік кестелерді жасау.
Осы аталған жәйттерге енді толығырақ тоқталайық. Өндірістік менеджмент - ондірістік жүйелерді жасау, пайдалану және жетілдірумен байланысты қызметтердің негізінде ком-
панияның негізгі өнімі өндіріледі. Маркетинг пен қарыы сияқты өндірістік менеджмент басқару функциялары айқын байқалатын саласы бизнес болып келеді. Өндірістік менеджмент менеджменттің бір бөлігі, оны операцияларды зерттеу индустриалдық илже-
нериямен шатастырмау керек. Операцияға қатысты шешімдер кәсіпорынның жалпы қызметінің құрамында қабылданады, фирманың корпоративтік стратегиясын өтім нарығы белгілейді. Корпоративтік стратегия корпорацияның басты миссиясына негізделеді, атап айтқанда, фирма өзінің бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз етуі барлық ресурстары мен функцияларын пайдалануын қалай жоспарлай алады - соған байланысты. Өндірістік стратегия корпоративтік стратегияны іс жүзіне асыру үшін компанияның өндірістік қуатын пайдалану жолы мен деңгейін анықтайды. Операциялық функциясы деңгейіндегі басқару шешімдерін үш үлкен топқа бөлуге болады:
- стратегиялық шешімдер (ұзақ уақыттылык);
-тактикалық шешімдер (аралық);
- операцияларды жоспарлау және оларды басқарумен байланысты шешімдер (қысқа уақыттылық).
Стратегиялық шешімдер өнімді қалай өндіреміз, өндірістік ғимараттарды қай жерге және қалай орналастыру керек, берілген өнімді шығаруға қандай өндірістік қуаты қажет деген жалпы сұрақтарға жауап береді? Осы себепті стратегиялық шешімдер бір-
неше жылды қамтуы мүмкін. Операцияларға қатысты стратегиялық шешімдер фирманың ұзақ уақыттылық көрсеткіштеріне ықпал жасайды, өйткені олар тұтынушылардың қажеттілігін қанағатандыру жолдарын анықтайды. Демек, компанияның қызметі жемісті
болуы үшін, бұл шешімдер таңдалған корпоративтік стратегияға максимал сәйкес болуға тиіс. Сонымен, стратегиялық деңгейдегі шешімдер міндетті шарттар не өндірістік шектеулер сипатына ие болады, соларды ескере отырып фирма болашақтағы өзінің ұзақ-
мерзімді және қысқамерзімді қызметін атқарады.
Тактикалық шешімдер стратегиялық шешімдерінен туатын шектеулерді ескеріп материалдық ресурстар мен жұмыс күшін ең тиімді бөлуінің нақты баламаларын іздестіреді. Сонымен қатар басқа да мәселелерге жауап іздейді, мысалы, өнімді өндіруге қанша жұмысшы қажет? Қай мезетте оларға қажеттілік туады? Екінші ауысымды енгізу қажет пе? Материалдармен жабдықтау графигі қандай болу керек? Дайын өнім запасын жасау керек пе? Аталған сұрақтарға жауаптар өндірістік шектеулер сипатына ие болып,
олар операцияларды жоспарлау және оларды басқаруман байланысты шешімдерді қабылдағанда ескеріледі. Жоғарыда көрсетілген екі деңгейдегі шешімдерге қарағанда
операцияларды жоспарлау және оларды басқару қысқамерзімді уақытты қамтиды. Олар, көбінесе, өте нақты сұрақтарға жауап береді, мысалы, бүгін не ағымды аптаның ішінде жұмысты орындау керек? Осы міндетті орындауға атап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджмент қызметі
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Кәсіпорынның қаржылық менеджменттінің-басқарудың мәні, мазмұны мен құрылымы
Қаржылық менеджменттің механизмі
Кәсіпорынның қызметкерлерін баскару
Менеджмент
Менеджменттің қалыптасуы және оның алғышарттары. Тейлоризм
Қаржылық менеджментінің функциясы мен принциптері
Қаржылық менеджменттің мәні, мақсаты, бағыттары және құрылымы
Ғылымды басқару мектебі
Пәндер