Ұлттық деңгейдегі ұлы тұлға



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қостанай қаласы әкімдігінің оқу бөлімінің №115 орта мектебі ММ

Зерттеу жұмысының тақырыбы:
Ұлттық деңгейдегі ұлы тұлға
Бағыты: Өлкетану

Оқушының аты - жөні: Қабдрахим Қарақат
9 А сынып оқушысы
Жетекшісі: Хамзина А.Ж.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Қостанай қаласы, 2019 жыл

Мазмұны

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім
II.1. Туған жер - көкейтескен күй - өлеңім. ... ... ... ... ... ... .5
ІІ.1.1. Сегіз қырлы, бір сырлы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
II.2. Ұлы іске куә әр күнім... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .9
ІІ.2.1. Жүрегінен жыр төккен жан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ІІІ. Қорытынды III.1. Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты 6өлмейді ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .17
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18

Абстракт

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері өткенімізді қастерлеп, болашағымызды баянды етіп келеміз. Қостанай қаласының көшелері де өлкеміздің ақиық азаматтарының атымен аталып, өткенімізді үлгі етерлік Жәнібек, Қобыланды сынды батырларымызға арналған ескерткіштер бой көтерді. Ескерткіш - елдіктің белгісі. Сондай ескерткіштің бірі (бюст) өлкеміздің біртуар азаматы,ғалым, тұңғыш білім министрі Шайсұлтан Шаяхметовке қойылған. Зерттеу жұмысым осы ескерткіштен басталып, ақыр соңында ол кісінің мемлекетке, қазақ халқына, ұлтқа келтірген көп еңбегін зерделей отырып, ғылыми жобамның тақырыбын Ұлттық деңгейдегі ұлы тұлға деп алдым.
Зерттеу мақсаты:
Шайсұлтан Шаяхметовтың өмірі мен қызметін зерттеп, қоғамға және келер ұрпаққа бағалы мұра ретінде қалдыруға қол жеткізу.
Зерттеу міндетім:
* Шайсұлтан Шаяхметовтың өмірі мен қызметіне талдау жасау;
* Шайсұлтанның спортқа қосқан үлесі;
* Шайсұлтанның жыр жолдарына шолу жасау.
Кезеңдері ,зерттеу рәсімі
1.Шайсұлтан Шаяхметов туралы мәліметтер жинау.
2.Жиналған мәліметтерді талдап, зерделеу.
3. Ғылыми жобаны рәсімдеу.
4. Ғылыми жобаны қорғау.
Тәжірибенің әдістемесі: эмпириялық
1.Қала тұрғындарынан сауалнама алу (жазбаша,ауызша)
1.Ғалымның туған жері, өскен ортасы туралы материалдар жинақтау.
2.Ғалымның жүріп өткен жолдарын зерделеу ,отбасы мүшелерінен, жақындарынан, жолдастарынан сұхбат алу.

Нәтижелер мен қорытындылар
1. Шайсұлтан Шаяхметовтың өнегелі өмірі мен қызметі кейінгі ұрпақ үлгі тұтатын мұра.
2. Ғалымның бастап кеткен игі істерін дамыту біздің міндетіміз. Атап айтсақ, тілімізді мемлекеттік деңгейде дамыту, Ш.Шаяхметов атындағы Тіл - қазына орталығының қазақ әліпбиін латын графикасына енгізілуі жолындағы істері мемлекетіміздің заман талабына сай дамуы үшін өте маңызды шара.\
3. Ш.Шаяхметов туралы жиналған ақпаратты мектеп оқушыларының факультатив сабақтарына қолдануға болады.
Зерттеудің жаңашылдығы
Н.Ә.Назарбаев Ұлы даланың жеті қыры мақаласында тарихи сананы жаңғырту мақсатында еліміздің тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет деген болатын. Елбасының сөзін жандандыра отырып, өңірімізден шыққан тұңғыш Білім министрі Шайсұлтан Шаяхметовтың өмірі мен қызметін зерделеуді борышым деп санаймын.
Шайсұлтан сынды ғалым ағаларымыздың мемлекетіміздің жаңғыруы мен жаңаруы жолында бастап кеткен істерін дамыту біздің міндетіміз.
Нәтиженің практикалық пайдалану саласы
Ш.Шаяхметов туралы жиналған ақпаратты мектеп оқушыларының факультатив сабақтарына қолдануға болады.

Зерттеудің көкейтестілігі
Шайсұлтан Шаяхметов - Қазақстан Республикасы Инжинерлік академиясының корреспондент-мүшесі, Мәскеу халықаралық шығармашылық академиясының толық мүшесі, Американың Гранд Каньон университетінің құрметті профессоры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Білім министрі. Ол кісінің жеке құжаттары, еңбектері Қазақстан Республикасының Президенті мұрағатында сақтаулы. Шайсұлтан Шаяхметұлына 2014 жылы Қостанай қаласында бюст орнатылған. Менің ғылыми жобамды жазуға себепкер болған осы бюст болатын. Осы бюст жөнінде таныстарымнан сұрағанымда мардымды жауап ала алмадым. Сол кезде осы кісінің өмір жолын зерттеуге қызығушылығым оянды.
Жобама мынадай мақсат қойдым: Шайсұлтан Шаяхметовтың өмірі мен қызметін зерттеп, қоғамға және келер ұрпаққа бағалы мұра ретінде қалдыруға қол жеткізу.
Зерттеудің негізгі міндеттері мен оны шешу жолдарын
анықтадым:

Міндеттер
Шешу жолдары
Шайсұлтан Шаяхметовтың өмірі мен қызметіне талдау жасау;
кітапхана, интернет ресурстары, сауалнама, сұхбат арқылы ақпарат жинау.
Шайсұлтанның қазақ ғылымына қосқан үлесі;
ғалымның ғылыми жұмыстарын топтау.
Шайсұлтан тұңғыш сөзін ұялатар тіл ұшына;
алдыңғы ақпараттарға сүйену.

Шайсұлтанның жыр жолдарына шолу жасау;
өлең жинақтарымен танысу.

Қостанай қаласының бұрынғы Павших борцов көшесінің
бойына алдымен бюст орнатылып, соңынан осы көшеге ғалымның есімі берілген.
Жүргізілген жазбаша сауалнама қорытындысы бойынша, Шаяхметов көшесінің қаланың қай бөлігінде орналасқанын сұралған 29 тұрғынның 13-і білмесе, сол кісілер Шайсұлтан Шаяхметовтың кім екенін де білмей шықты. Ол туралы шамалы да болса білетіні -11, ал ештеңе білмейміз дегендері - 18.

Жүргізілген ауызша сауалнамаға көп кісілер, иә, білеміз дегенмен, ол кісі туралы ширатып айтып беруден қашқақтады. Шаяхметов көшесінде орналасқан Ш.Шаяхметов ескерткішінің тұсында М.Шаяхметовтың үйі бар екен. Сол маңның тұрғындары тіпті қай Шаяхметовке қойылғанын білмей дал болды. Қостанайлық ақын Ақылбек Шаяхметовпен де шатастырды.
Н.Ә.Назарбаев Ұлы даланың жеті қыры мақаласында
тарихи сананы жаңғырту мақсатында еліміздің тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет деген болатын. Елбасының сөзін жандандыра отырып, жинақтаған ақпарат, зерттелген материалдарға, жүргізілген сұхбаттарға сүйене отырып, өңірімізден шыққан тұңғыш Білім министрі Шайсұлтан Шаяхметовты ұлттық деңгейдегі ұлы тұлға деп санаймын. Оны мына факторлармен анықтаймын:
oo Біріншіден,ол- сегіз қырлы,бір сырлы.
oo Екіншіден, елін сүйген ақиық азамат.
oo Үшіншіден,ол - өз мектебінің тұңғыш алтын медаль иегері, тұңғыш білім министрі, тұңғыш самбодан КСРО-ның спорт шебері.
oo Төртіншіден, халқына өшпес мұра қалдырған ел мақтанышы.

...Туған жер - көкейтескен күй - өлеңім...

Шайсұлтан Шаяхметов 1939 жылы 7 қаңтарда Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Науырзым кентінде дүниеге келген. [1]
Туған жері - қайың мен қарағайы сыңси өскен, қойнауы тулаған ақ сазан Ақсуат көлі мен Жетіқызкеткен өзені. Науырзым өлеңінде туған жерінің әсем табиғатын мақтанышпен жырлайды:
Туып өскен ауылдың
Мен де атағын жаймақпын.
Қарағайлы Науырзым
Мақтанышы аймақтың
Кенделік жоқ кейпінде
Сыңсыған қалың қарағай
Жолаушым өттім дейсің бе?
Сүйсіне оған қарамай?!
Шайсұлтан өзінің жырында:
Қырқыншы жыл - бел құрдасым,
Біз әкесіз өскендерміз.
Жоқшылықтың сай - жырасын,
Жалаңаяқ кешкендерміз - деп бал балалық шағы соғыстан кейінгі жоқшылығы мол жылда өткенінен хабар береді.
Жақсы атағын мұра ғып,
Қалдырған қайран әкелер!
Айтыңдаршы балалық,
Борыш қалай өтелер? - деп әкесінің елге абыройлы, сыйлы болғанын білдіреді. Әкесінен ерте айрылған Шайсұлтанды 41 жсында жесір қалған Айтжан шешесі бауырларымен бірге жеткізді.
Айтжан шешей өте қайратты, жаратылысында асыл адам еді. Өмірінде не көрмеді, отыз екінің аштығын да, соғыс жылдарындағы ауыртпалықты да. Бәріне көнде, бәрін де көтерді, бірақ біріне де қыңбады. Көппен көрген ұлы той -деп отыратын деп жазады Өмірімнің негізгі тірегі еді естелігінде Шайсұлтанның ағасы Шәйіт Молдахметов .
Шайсұлтанның туысқаны Нұрсейітова Дәмелі Жүнісқызымен сұхбат жүргізгенде: ...Шайсұлтанның анасына шығарған өлеңі Жұлдыз журналына шыққан екен. Айтжан шешей біздің үйде ұршық иіріп отырған. Әлгі журналдан бас салып қарадым да, оқыдым... Сонда не дейді... Сөз қайда... Студент кезі... Москвада оқып жүрген... (Дәметкен әжей өлеңдерін жатқа білетін болып шықты).
Балалықпен ұқпаппыз ғой біз бәрін,
Көңіліңде қоңыр салқын күз барын.
Ғазиз ана, қартайдың ба көрумен,
Жесірліктің, жетімдіктің ызғарын.
Мәпеледің қанаттыға қақтырмай,
Жат есіктің босағасын бақтырмай
Санамызға талап отын маздаттың,
Жасықтықтың күңгірт шамын жақтырмай.
Жүрсем егер төрт болып құбылам,
Алғыс айтып алдыңа талай келіп жығылам.
- деп оқып бергенде, Ой, жаным-ай, ана деген балаға борыш қылмайды ғой. Аман бол! Адам бол! деді. Анасының өзі аяулы адам ғой! Не жылаған жоқ ... Көрдіңіз бе... Айтжан марқұм, сондай аяулы адам еді ғой!.. деп есіне алды.
Осы сұхбаттан кейін Шайсұлтанның күлімсіреген жарқын жүзімен қатар, оның әрбір ісі, айтқан сөзі жақындарының, достанының, туыстарының жүргінде сақтаулы екенін түсіндім.
Және де Шайсұлтан анасы туралы Менің шешем атты өлеңінде тағы былай деп:
Балалықтың гүл бағында,
Ерке тоты қыз уағында,
Ойнапты от құлағында,
Менің шешем
Ерлердей - ақ нақа мықты
Қыңбай жеңіп қапалықты,
Қасқыр келін атаныпты,
Менің шешем ,- анасының ер мінезді, қайсар, өжет болғанынан хабардар етеді.
Сегіз қырлы, бір сырлы
Шайсұлтан есімімін айтқанда еріксіз тілге тұңғыш деген сөз үйіріле береді екен. Ол Қазақстанның тұңғыш Білім министрі дейміз.
1946 жылы бірінші сыныпқа барады. 1953 жылы Шайсұлтанның отбасы Әулиекөлге көшіп келеді. 1956 жылы Әулиекөлдің қазақ орта мектебінің тұңғыш алтын медалінің иегері болады.
Сол жылы Шайсұлтан Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетіне оқуға қабылданады. Ағасы Шәйіт Молдахметовтың естелігіне сүйенсек, Сарбақанов Тауфиық деген кісінің ақылымен аулшаруышылық институтының механика ауысады. Келесі жылы өзі армандаған МГУ-дің химия факультетіне түседі. Осы МГ-де жүргенде самбомен айналысып жүріп, КСРО спорт шебері деген атақ алып, Мәскеудің чемпионы болады. Сөйтіп Шайсұлтан Шаяхметов Қазақстан бойынша самбодан КСРО спорт шебері деген атақ алды.
Шайсұлтан Шаяхметов кейін елімізде лауазымды қызмет атқара жүріп, Республикалық самбо федерациясының президенті болды. (1989-96ж).
Ол мұнда да өзінің ұйымдастырушылық қабілетін таныта білді. Батыл шешімдер қабылдады. Осы спорттың елімізде кеңінен өркен жаюына бар болмысымен ықпал етті. Сол тұста балалар спорт мектептерінде самбо секциялары мен бөлңмдер көбейді. Қазақстанның ұлттық құрамасы жақсы нәтижеге қол жеткізді. Сөзіміз дәлелді болу үшін нақты мысал келтірейік.
1989 жыл. Алматылық Б.Садыханов Донецкіде өткен Бүкілодақтық жастар Ойынында жеңіс тұғырына көтерілді.
1990 жыл. Мектеп оқушыларының арасында Бүкілодақтық Спартакиада (Тбилиси) алматылық Ф.Абдалимов жеңімпаз атанды.
1992 жыл. Жасөспірімдердің әлемдік чемпионатында алматылық А.Кемпірбаев алтыннан алқа тақты.
1992 жыл. Қазақстан құрамасы әлем Кубогын жеңіп алды.
1993 жыл. Б. Садыханов ересек самбошылар арасында өткен әлем чемпионатында (Омбы) бас бәйгені иеленді.

2015 жылдың желтоқсанында ҚазҰУ университетінде самбо бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Республикалық турнир өтті. Біздің университет атынан заң факультетінің студенттері: Сапар Жақсылық 62 кг. салмақ деңгейінде 2 орынға, Жанатбек Ернар 52 кг. салмақ деңгейінде 1 орынға ие болды. Қыздар арасынан заң факультетінің студенті Нурланова Айжан 52 кг. салмақ деңгейінде 1 орынға және механика-математика факультетінің студенті Отарбай Айзан 64 кг. салмақ деңгейінде 1 орынға ие болды. Жаттықтырушы: Бакаев Б.К.
2017 жылдың 25-26 қараша күндері аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының спорт кешенінде академик Шайсұлтан Шаяхметовты еске алуға арналған жауынгерлік самбодан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының дәстүрлі чемпионаты өтті.
Жарыстың қолдаушысы академик Шайсұлтан Шаяхметовтың інісі, Союз ТС ЖШС бастығы Какимбек Хамитұлы Сейдалин, ал жарысты қатарынан абыроймен ұйымдастырып жүрген Қостанай қаласы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұржан Бегайдарұлы Ермағамбетов (самбодан) және жарыстың биік деңгейде өтуіне ат салысып жүрген Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов және академия ұжымы болды.
Елін сүйген ақиық азамат
1962 жылы Мәскеудегі оқуын ойдағыдай аяқтаған ол Алматыға Қаз МУ- ге қызметке орналасады. 1964 жылға дейін Университет қабырғасында кіші ғылыми қызметкер, кейін аға оқытушы болды. Доцент, профессор, академик атақтарына қол жеткізді.
1972 - 1977 жылдары Қазақ КСР-і Жоғары оқу орындары министрлігінде лауазымды қызметтер атқарған. 1977 - 1978 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінде, Қазақ КСР-і Жоғары және орта арнаулы білім министрлігінде лауазымды қызметтер атқарған.
1987 - 1993 жылдары Қазақстан Республикасы Білім министрі.
1993 - 1997 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары болды.
Шайсұлтан Шаяхметов 30 ғылыми жарияланымның, 2 химия бойынша қазақша-орысша терминологиялық сөздіктің, 3 оқу құралының авторы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы шарпыған оттың күші әлі де болса басылмаған кезі. Республика баспасөздерінде , соның Ішінде Г.В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдады. Республика баспасөздері білім беру ошақтарында,әсіресе жоғары оқу орындарында, арнаулы орта оқу орындарында идиологиялық тәрбиенің босаңсығаны, жастардың интернационалдық сезімдерінің жоқтығы жайлы жарыса жариялап жатты. Дәлел ретінде жоғары оқу орындарындағы студенттердің пайыздық қатынасы көрсетілді. Баспасөздегі жарияланымдарда орыс тілді студенттерден қазақ студенттердің саны екі есе көп екен деп даурықты. Шынында ұлттық қатынас бойынша бірінші курсқа қабылданған қазақ студенттерд ің саны 60 пайыздан асады екен. Бұл сандармен оңды- солды сілтеу педагогтар мен оқу орындарының басшыларын, жоғары жақтағылардың да интернационалистік ұстанымдарына кір келтірді. Осындай біржақты пікірмен келісу қиыншылық тудырды. Бұл пікір әсіресе үкімет аппаратында жастарды оқумен қамту бөлімін ұстап отырған Шайсұлтан Шаяхметовтың жұмысына да жарақат түсірді. Ол облыстардың ұлттық құрамын, оның ішіндегі барлық орта мектептердің ұлттық құрамын зерделей келе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар (отбасы тәрбиесі)
Ұлттық спорт түрлерінен тарихта аты қалған ұлы тұлғалар
Жастардың адамгершілік тұрғыда өзіндік анықталуына әсер ететін тұлғалық және топтық факторлар
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ
Ұлттық құндылықтар - Абай әлемінде
Абайдың тұлғаның қоғамдағы орны туралы ой-пікірлері
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Ұлт ұстаздары
Қонаев және оның кезеңі
Д. А. Қонаевтың басшылығы тұсындағы Қазақстанның əлеуметтік - экономикалық жəне қоғамдық - саяси жағдайы
Пәндер