ҚР жер қоры


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

І. Теориялық бөлім

1. 1 ҚР жер қоры

Қазақстан орасан зор жер қорымен қамтамасыз етілген және әлемде тоғызыншы орын алады. Ақырғы деректер бойынша республикада адам басына 15 га ауыл шаруашылығы жерлері келеді, бұл көрсеткіш бойынша 20 әлемде екінші орын аламыз, тек Австралияны алға жібереміз. Жер қорының жалпы ауданы 272490, 2 мың га немесе б. ССРО жерлерінің 12, 2 %. Ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі 222491, 8 мың га (81, 6%), оның іщінде егістік 21791, 6 мың га, шабындықтар 5021, 6 мың гажайылымдар 185187, 8 мың га, көпжылдық екпелер 138, 6 мың га.

Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді және аудандары 2006 жылғы есеп бойынша мынандай:

  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 85, 0 млн га;
  • елді мекендердің (қалалардың, кенттер және ауылдық елді мекендердің) жері - 21, 2 млн га;
  • өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер - 2, 5 млн га;
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер - 3, 3 млн га;
  • орман қорының жері - 23, 4 млн га;
  • су қорының жері - 3, 7 млн га;
  • босалқы жер - 122, 0 млн га.

Жер қорын табиғи-ауыл шаруашылығы аймақтары бойынша былай бөлінеді: орманды дала - 0, 8 млн. га (0, 3 %) ; дала аймағы - 26, 5 млн. га (9, 7 %) ; қуаң дала аймағы - 62, 4 млн. га (22, 9%) ; шөлейтті - 37, 2 млн. га (13, 7%) ; шөлді аймағы - 112, 1 млн. га (41, 1%) ; тау етегі-шөлді-далалық - 12, 3 млн. га (4, 5%) ; субтропикалық шөлді - 4, 4 млн. га (1, 6%) ; субтропикалық-тау етегішөлді - 3, 5 млн. га (1, 3%) ; орта азиялық таулы - 10, 1 млн. га (3, 7%) ; оңтүстіксібір таулы аймақтар - 3, 2 млн. га (1, 2%) .

I Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер. Ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер, сондайақ басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының алабына қосылған басқа да алқаптар) жатқызылады. Ауыл шаруашылығы алқаптары айрықша қорғалуға тиіс. Бұл жерді ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты емес мақсаттарға пайдалануға ерекше жағдайларда жол беріледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер: 1) жеке меншікке - Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік қосалқы шаруашылығы, бағбандықты, саяжай құрылысын дамыту үшін; 2) жеке меншікке немесе пайдалануға - Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шаруа (фермер) қожалығын жүргізуге, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі, орман өсіру, ғылыми-зерттеу, тәжірибе жүргізу және оқыту мақсатында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруашылығын жүргізу үшін; 3) шетелдіктер мен азаматтағы жоқ адамдарға 10 жылға дейінгі мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі. Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер пайдалануға немесе меншікке берілетін ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын мемлекеттік бақылау мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен топырақты зерттеу, топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер мен топырақты бағалау материалдары деректерінің негізінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерінің паспорты жасалады.

II Елді мекендер жері. Қалаларды, кенттерді, ауылдарды, селолар мен басқа да қоныстарды дамыту үшін берілген жер учаскелері елді мекендер жерінің санатына жатады. Елді мекендердің жері өзге әкімшілік-аумақтық құрылымдардың жерінен қаланың шегі, кенттің шегі, ауылдық (селолық) елді мекеннің шегі арқылы шектеледі. Елді мекендер жерінің құрамына: 1) тұрғын жай салатын жер; 2) қоғамдық іскерлік құрылыс салатын жер; 3) өндірістік құрылыс салатын жер; 4) көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар жері; 5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жер; 6) су айдындары мен акваториялар жері; 7) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер; 8) ортақ пайдаланудағы жер; 9) қала құрылысы қызметіне тартылмаған, елді мекенді аумақтық тұрғыдан дамытуға және өзіндік үй (қосалқы) шаруашылығын дамытуға арналған резервтегі және өзгеде жер; 10) арнайы мақсаттағы жер; 11) қорғаныс қажеттері және өзге де пайдалану режиміндегі жер.

III Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері. Жер Кодексі және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне белгіленген тәртіппен тиісті нысаналы мақсат үшін азаматтар мен заңды тұлғаларға берілген жер өнеркәсіп, көлік, байланыс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсаттқа арналған жер деп танылады. Өнеркәсіп жеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру мен пайдалану үшін берілген жер, оның ішінде олардың сангитарлық-қорғау және өзге де аумақтар жатады. Автомобиль, теңіз, ішкі су, темір жол, әуе және өзге де көлік түрі объектілерінің қызметін қамтамасыз ету және (немесе) оларды пайдалану үшін берілген жер көлік жері болып танылады. Байланыс, радио хабарларын тарату, теледидар, ақпарат қажеттеріне арналған жерге тиісті инфрақұрылымдардың объектілерін орналастыру, байланыстың кабель, радиореле және әуе желілері, соның ішінде жер астындағы желілер үшін бөлініп берілген жер, сондай-ақ олардың күзет аумақтары жатады. Энергетика жеріне: 1) су электр станцияларын, атом станцияларын, жылу станциялары мен олардың құрылыстары мен объектілеріне қызмет көрсетенін басқа да электр станцияларын орналастыру; 2) электр тарату әуе желілерін, электр таратудың кабель желілерінің жер бетіндегі құрылыстарын, шағын станцияларды, тарату пункттерін, энергетиканың басқа да құрылыстары мен объектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жер учаскелері жатады. Қарулы Күштердің әскери бөлімдерін, әскери полигондарын, әскериоқу орындары мен өзге де ұйымдарын және қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы міндеттерді атқаратын басқа да әскердің объектілері мен ғимараттарын орналастыру және олардың тұрақты қызметі үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі берген жер учаскелері қорғаныс қажеттеріне арналған жер деп танылады.

IV Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреацяилық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жеріне биосфералық, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи ескерткіштерінің, мемлекеттік қорық аймақтарының, мемлекеттік табиғи қорықшалардың, мемлекеттік зоологиялық парктердің, мемлекеттік ботаникалық бақтардың, мемлекеттік дендрологиялық парктердің, мемлекеттік табиғи қорықсепортерлердің жерін қосқанда, мемлекеттік табиғи қорықтардың жері жатады. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жері мемлекеттік меншігінде болады және жекешелендіруге жатпайды. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың жерін өзге қажеттерге алып қоюға жол берілмейді. Сауықтыру мақсатындағы жерге табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен емдеуді ұйымдастыру үшін қолайлы жер учаскелері жатады. Халықтың ұйымдасқан түрдегі жаппай демаласы мен туризміне арналған және сол үшін пайдаланылатын жер рекреациялық жер деп танылады. Тарихи-мәдени қорықтар, мемориалдық парктер, қорымдар, археологиялық парктер (қорғандар, қала орындары, тұрақтар), сәулетландшафт кешендері, жартастағы бейнелер, ғибадат құрылыстары, шайқас және ұрыс алаңдары болған жер учаскелері тарихи-мәдени мақсаттағы жер деп танылады.

VОрман қорының жері. Орманды, сондай-ақ ағаш өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне берілген жер учаскелері орман қорының жері деп танылады. Орман қорының жері мемлекеттік және жекеше орман қоры жерінен тұрады. Табиғи өскен орманы бар және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен отырғызылған жасанды орманы бар жер, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берілген ормансыз жер мемлекеттік орман қорының жеріне жатады. Жекеше орман қоры жеріне жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар қаражаты есебінен отырғызылған және олардың жеке меншігіне берілген жасанды орманы бар жер жатады.

VI Су қорының жері. Су айдындары (өзендер және олармен теңдестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар), мұздақтар, батпақтар, су көздерінде орналасқан, ағысты реттейтін су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жер, сондай-ақ осы құрылыстардың су күзет аймақтары мен белдеулеріне және ауыз сумен қамтамасыз етудің бас саға жүйелерін санитарлық күзет аймақтарына бөлінген жер су қорының жері деп танылады. Бұл жерлер мемлекеттік меншігінде болады. Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (суару және кәріз жүйелері) алып жатқан су қорының жерінің құрамындағы жер учаскелері, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші бір субъектінің жер учаскесіне қызмет ететін ирригациялық құрылыстары, аталған құрылыстар жекешеліндірілген жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншігінде болуы мүмкін. Бұл жер учаскелері, жер учаскелерінің екі немесе одан көп меншік иелері мен жер пайдалаушыларға қызмет көрсететін су шаруашылығы құрылыстарының жер учаскелері оларға ортақ меншік немесе ортақ жер пайдалану құқығымен беріледі.

VII Босалқы жер. Меншікке немесе жер пайдалануға берілмеген, аудандық атқарушы органдардың қарамағындағы барлық жер босалқы жер болып табылады. Берілген мерзіміне қарай жер пайдалану құқығы тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты жер пайдаланушылыр - жер пайдалану құқығының мерзімі шектеусіз сипатта болатын тұлғалар. Уақытша жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген тұлғалар. Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейінгі мерзімге табысталады. Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін. Жер пайдалану құқығын алу ретіне қарай бастапқы және кейінгі жер пайдалану болып бөлінеді. Бастапқы жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығын тікелей мемлекеттен не осы құқықтан айыру тәртібімен басқа да бастапқы жер пайдаланушылардан алған тұлғалар. Кейінгі жер пайдаланушылар - өзінің бастапқы жер пайдаланушы мәртебесін сақтап қалатын жер пайдаланушыдан кейінгі жер пайдалану туралы шарт негізінде уақытша жер пайдалану құқығын, алған тұлғалар. Қостанай облысы жерінің аумағы 2008 жылғы есеп бойынша 19600, 1 мың. га, онда 230961 жер учаскесін иеленгендер мен жер пайдаланушылар шаруашылықпен айналысады. Ауыл шаруашылығына арналған жерлер 162, 4 мың га артты және ауданы 24 8645, 9 мың га немесе Қостанай облысының жалпы ауданынан 44, 1 %. Елді мекендердің жерлері - 1620, 8 мың га; өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер - 194, 5 мың га; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері - 103, 8 мың га; орман қорының жерлері - 523, 7 мың га; су қорының жерлері - 66, 7 мыңга; босалқы жер - 8444, 7 мың га. Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы - 18127, 6 мың га, оның ішінде егістік - 5659, 3 мың га, шабындықтар - 351, 6 мың га, жайылымдар - 12072, 2 мың га, көпжылдық екпелер

1. 2 Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекет тарапынан бақылау

Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау - бұл жерді тиімді пайдалану мен қорғау мақсатындағы жер заңдарын орындауға бағытталған шаралар жүйесі. Қазіргі жайдайларда біздің мемлекетте жерге мемлекеттік меншік пен қатар жеке меншік те заң жүзінде бекітілген. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншiгiнде шаруа немесе фермер қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн, сондай-ақ үйлердi (құрылыстарды, ғимapaттарды) oлардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерiн салуға берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi болуы мүмкiн. Шаруа немесе фермер қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскесiнiң меншiк иесi болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде меншiк құқығы иелiктен алынуға немесе қайта ресiмделуге тиiс. Жер жылжымайтын мүлік болып танылған, олай болса оған мүліктік құқықтар таралады / меншік, пайдалану, сервитут, кондоминиум және б. /, онда ол сатып алу-сату, кепілдік, сыйлыққа беру және басқада заңдалған келісімдер объектісі бола алады. Мемлекеттік бақылаудың негізгі мақсаты барлық меншік және пайдалану құқығы бар субъектілері бойынша жерді тиімді пайдалануы мен қорғауына жету. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің басқа жер санаттарына қарағанда басымдылығы заң жүзінде бекітілген. Олай болса ауыл шаруашылығына жарамды жерлер тура мағынасында пайдалануы тиіс немесе ең алдымен ауыл шаруашылық өндірісіне бөлінеді. Ал басқа да нысаналы пайдалану жағдайларына ауыл шаруашылығына жарамсыз немесе құнарлылығы нашар жерлер бөлінеді. Мемлекеттік бақылау жұмысында жалпы міндеттер және жекеленген міндеттер орындалады. Жалпы міндеттер ішінде мыналарды атауға болады: I/ министрлік, ведомстволық, сонымен қатар барлық заңды тұлғалар және азаматтармен жер заңдарының орындалуына жету; 2/ жерді жеке меншікке және пайдалануға (уақытша және тұрақты) беру ережесінің орындалуын қамтамасыз ету; 3/ жер кадастры мен мониторингтің дұрыс жүргізілуін бақылау; 4/ жерге орналастыруды дұрыс жүргізуін қамтамасыз ету. Мемлекеттік бақылаудың жалпы міндеттері барлық жер учаскелеріне таралады, оның ішінде су астындағы және орман жерлері, пайдалы қазбалар жерлері. Мемлекеттік бақылаудың жалпы міндеттерінің кейбір ерекшеліктері бар, олар табиғи объектердің өзгешелігінен туындалады (тау-кен заңдары, су және орман заңдары) . Мемлекеттік бақылау жалпыға бірдей және тұрақты бола алады. Жалпыға бірдей болуы барлық жер қорын, сонымен қатар барлық жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларды қамтиды. Ал тұрақтылығы жұмыстың күнделікті жүргізілуі және үздіксіздігімен сипатталады. Бақылауды жүргізуші органдарға қарай мемлекеттік бақылаудың 2 типі бар: I/ мемлекеттік; 2/ қоғамдық. Мемлекеттік бақалау мемлекеттік үкіметтік атқарушы және басқарушы органдары, арнаулы бақылаушы органдар, арнаулы ведомстволық органдар арқылы жүргізіледі. Қоғамдық бақылау қоғамдық негізде қосымша тапсырыс ретінде, негізгі еңбек міндеттері үстінде жүргізіледі. Сонымен бірге екі жағдайда да құқықтық салдарлары бірдей және орындалуы міндетті түрде болдады. Орындалатын жұмыстың көлемі мен аумағына қарай және орындаушыларға қарай келесі бақылау түрлерін бөлуге болады: I/ жалпы мемлекеттік; 2/ ведомстволық; 3/ ішкі шаруашылық. Жалпы мемлекеттік бақылау мемлекеттік шара ретінде жүргізіледі және міндеттері мен жүргізу ретін мемлекет анықтайды (мысалы, құжаттар түрлері мен мазмұндары, есеп беру мезгілдері, бақылаушы органдар) . Ведомстволық бақылау нақтылы халық шаруашылығы саласы бойынша мәліметтер береді және бақылау нақтылы иеленуші аумағында шектеледі. Мемлекеттік бақылау жүргізудің толықтығына қарай мемлекеттік бақылау бірыңғай және ішінара болып айырылады. Мемлекеттік бақылау келесі мемлекеттік органдар арқылы жүргізіледі: а/ әкімшілік; б/сот; в/прокуратура; г/арнаулы және ведомстволық. Мемлекеттік бақылау жүргізуші ведомстволық және арнаулы органдарға қоршаған ортаны қорғау органдары мен жерге орналастыру қызметі жатады. ҚР қоршаған ортаны қорғау органы ретінде Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және олардың жергілікті органдары саналады. Жалпы мемлекеттік бақылау жұмыстарын келесі органдар атқарады: ҚР жер ресурстарын басқару агентствосы, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Денсаулық қорғау министрлігі, Ауыл шаруашылық министрлігі және т. с. с. Жерге орналастыру қызметі ҚР жер ресурстарын басқару агенствосына және оның ҒӨОЖЕР жүйесіне, сонымен қатар Ауыл шаруашылық министрлігіне кіреді. ҚР жерді пайдалану және қорғау жөніндегі Мемлекеттік бас инспекторы болып ҚР жер ресурстарын басқару агентствосының төрағасы, ал орынбасары болып төрағасының орынбасары және мемлекеттік жер инспекциясының бастығы саналады. Жалпы барлық Жер заңдарындағы бұзылымдарды 3 топқа бөлуге 75 болады: жерді заңсыз билеу; өз еркімен жер учаскелерін алу; жерді тиімді пайдалану заңды талаптарын бұзу. Жер заңдарын бұзуда ең көп кездесетін жағдайлар: - жерді ұқыпсыз пайдалану; - жерді нысаналы емес пайдалану; - шаруашылық ішкі жерге орналастыру жобасын орындамау; - жер алқаптарын бүлдіру; - жерді оның жай-күйін бұзатын процестерден кейін жақсартатын және олардан қорғайтын шараларды орындамау; - арнаулы жер қоры туралы ақпаратты жасыру; - шекаралық белгілерді жою; - экоцид; - егіске мал түсіру, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін бұзу және жою, көп жылдық екпелерді зақымдау.

1. 3 Жер мониторингі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Жер құқық қатынастары
Пайдалы қазбалар қоры
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Табиғи ресурстарға меншік құқығы
Орман пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері.
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Қазақстан Республикасында су ресурстарын интеграциялық басқарудың қазіргі кездегі жағдайы
ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz