БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ НЕГІЗДЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
1 БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ НЕГІЗДЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
1.1 Кәсіпкерлік: бизнестің әлеуметтік-экономикалық жауапкершілігінің қалыптасуының алғышарттары
Кәсіпкерлік қызмет - еліміздің экономикасы үшін халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайының жақсаруына әрекет ететін қажетті буын.
Дамыған елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айтқанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, нарықта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады.
Кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту - жекелеген түлғаның, кәсiпорынның немесе шаруашылық саласыньң ғана емес, тұтас мемлекеттiң экономикалық болашағын айқындап беруге қабiлеттi. Әлеуметтiк басым бағыттағы нарық экономикасын дамытуға талпынған бiздiң мемлекетiмiз үшiн шағын кәсiпкерлiк пен бизнестiң мәнi мен құрылымын, ортақ тиiмдi үрдiстерiн зерттеп - зерделеп алу пайдалы. Сондықтан, шағын кәсiпкерлiк пен бизнестiң әлемдiк тарихына шолу жасау аса қажет.
Нарықпен қатар бiздiң өмiрiмiзге енген "кәсіпкерлiк пен бизнес" ұғымы бүгінгi таңда ешкiмдi таң қалдырмайтын, етене жақын дәрежеге жеттi.
Жалпы, француз тiлiнен тараған "кәсiпкерлiк" (епttrерrепеur) үғымын -экономика теориясына тұңғыш XVIII ғасырда ағылшын банкирi әрi экономисi Р. Кантильон енгіздi. Р. Кантильон "кәсiпкер" деп - бағаның түрақсыздығы мен болашағын болжауға болмайтын жағдайында тауарларды сатып алу мен сату процестерiне қатысатын, бiрақ, кiрiстерiнiң жалпы сомасын бiле бермейтiн адамдарды атаған. Кантильонның пiкiрiнше, кәсіпкердiң басты ерекшелiгi ретiнде тәуекелшiлдiк қарастырылады.
Кәсiпкерлiк үғымын зерттеуге тұңғыш ден қойғандар "саяси экономиканың" ғылым ретiнде қалыптасуының iргесiн қалаған физиократия мектебiнiң өкiлдерi болды. Аталмыш мектептiң негiзiн салушы Ф. Кенэ (1694-1774), өнiм өндiрушi -фермерлерге әрқашан жоғары баға бердi. Физиократтардың пайымдауынша, жердi жалға алып, ауыл шаруашылығын өнiмдерiн өндiрушi кәсiпкер-шаруа қоғамдық өнiмдi өткiзуде басты рөл атқарады. Бүл бағытты француздың мемлекеттiк қайраткерi әрi экономисi А. Тюрго (1721-1781) жалғастырған, ол кәсiпкерлердi үш топқа бөлдi: өнiм өндiрушi (жердi жалға алушылар), меншiк иелерi (жердi жалға берушiлер) жэне өнiм өндiрмейтiндер (осы жүмысқа қатысушы қалған адамдардың барлығы). Соңғы топты А. Тюрго тағы да екiге бөлiп қарастырады: а) кәсiпкер - мануфактурашылар, фабрика басшылары және қарапайым қолөнершiлер; э) еңбек ақы алатын қарапайым жүмысшыларға аванс беретiн кәсiпкер - капиталистер, яғни тiкелей өнiм өндiрушiлер.
Ақырында, А. Тюрго кәсiпкер белгiлi бiр дәрежеде тәуекел етiп қана қоймайды, сонымен қатар, кэсiпкердiң белгiлi бiр дәрежеде басқарушылық қабілетi де болуға тиiс, деген түйiн жасайды.
Саяси экономия өкiлдерiнiң бiрегейi, француз экономисi Ж.Б.Сэй (1767-1832) "кәсiпкердi өз есебiнен, өз тәуекелiмен, өзiне пайда табу үшiн өнiм шыгарушы адам", - деп түсiндiрдi. . Fалымның ойынша, кәсiпкерде -тұрақтылық айналадағы жағдайды сезгiштiк, адамдармен түсiне алушылық қасиеттерiмен қатар, өндiрiстiң үш факторын: табигатты, еңбек пен капиталды бiрiктiрiп, iске қоса алатын мықты қабiлеттiлiк болуы тиiс.
Кейiнiрек ағылшын оқымыстысы А.Маршалл (1842-1924) "кәсiпкердiң жаңашылдығын (инновация)", немiс ғалымдары М.Вебер (1864-1920) мен В.Зомбарт (1863-1947) "кәсiпкерлiк рухты" дәріптедi. М.Вебер "кәсiпкерлiк дегенiмiз -- iс адам үшiн емес, адам iс үшiн өмiр сүру тәсiлi" десе , В.Зомбарт кәсiпкерлiкпен сәттi айналысу үшiн "әр заманның өзiне тән рухын терең сезiнiп, дөп баса бiлу керек" , тек осылай өткенде ғана кәсiпкердiң iсi оңға басады, деп түсiндiрдi.
Кәсiпкерлiк теориясына аса маңызды үлес қосушылардың бiрi -- австро-американдық экономист - социолог И.Шумпетер (1883-1950) екенiнде дау жоқ. М.Вебер мен В. Зомбарттың капитализмдегi "адам факторын" зерттеу дәстүрлерiн жалгастыра отырып, И. Шумпетер кәсiпкердi төл теориясының дiңгегi етiп қарастырды да, оларды шаруашылық субъектiлерiне жатқызып, олар "өндiрiстiң негiзгi факторларын пайдалана отырып", экономикалық процестерге қатысушылар, деп тұжырымдады.
Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі. Жаһандық рейтингке сәйкес, Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар елдер тобына кіреді және біз бұл үрдісті өрістете түсуге тиіспіз. Елбасы атап өткендей, шағын және орта бизнес - бұл Жалпы еңбек қоғамының мықты экономикалық негізі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан жолы - 2050 "Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты қазақстан халқына жолдауында ...шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болады және шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс екендігін атап өтті.
Кәсіпкерлік қызметті сипаты бойынша келесі түрлерге ажыратуға болады:
1. Өндірістік кәсіпкерлік - мұнда тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндірумен шұғылданады.
2. Коммерциялық кәсіпкерлік - мұнда саудамен шұғылданады, яғни өндірушіден сатып алған дайын тауарларды басқа бағамен сатады. Пайда сатып алу бағасы мен сату бағасының айырмашылығынан құрылады.
3. Қаржылық кәсіпкерлік. Ақша немесе бағалы қағаздарды сату мен сатып алудан тұрады.
4. Сақтандырушылық кәсіпкерлік - кең тарап отырған кәсіпкерліктің түрі. Қазіргі таңда сақтандыру компаниялары ашылып, басқа салалардың кәсіпкерлерімен олардың бизнесін, шаруашылықтарын, мүліктерін және жеке тұлғалар мен олардың мүлкін сақтандыру туралы келісім - шарттарға отырады.
5. Консультативтік кәсіпкерлік - құқықтық кеңес беру, өз ісін ұйымдастыру жөнінде және және тағы басқа кеңес беру. Сол қызметтері үшін төленетін ақыдан пайда құралады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кәсіпкерлікпен адамдар кез-келген жағдайда шұғылдана бермейді. Себебі бизнеспен шұғылданғанда олар үлкен бейнетпен жинақтаған капиталдарымен, меншігімен, шаруашылығымен тәуекелге баруға мәжбүр болады. Бизнеспен шұғылдану туралы ақырғы шешімді олар кедергілер жоқ болса, ыңғайлы қажетті жағдайлар қалыптасқанда ғана қабылдайды. Демек, белгілі бір әлеуметтік - экономикалық орталар қалыптасқанда ғана адамдар еш нәрседен күдіктенбей бизнеспен шұғылдана бастайды. Кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуы мен дамуына қажетті орталар төмендегі 1- суретте көрсетілген.
Кәсіпкерлік
Саяси және әлеуметтік орта
Экономикалық орта
Мәдени орта
Құқықтық орта
Технологиялық орта
Демографиялық орта
Институционалды және ұйымдастыру-техникалық орта
Географиялық, ресурстық орта
Табиғи - климаттық орта

Ескерту - әдебиеттер негізінде құрастырылған
Сурет 1- Кәсіпкерлікке қажетті орталар

Саяси ахуал және әлеуметтік орта. Адамдардың кәсіпкерлікпен шұғылдану туралы шешім қабылдауы - қабылдамауы мен кәсіпкерліктің елде таралу деңгейі қоғамның саяси тұрақтылығына тікелей байланысты. Егер саяси тұрақсыздық болса, кәсіпкерлікпен өз еркімен шұғылданбайды. Өйткені ертеңгі күні не болары белгісіз және капиталының қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бермейді. Мұндайда қоғам мүшелері саяси тұрақтылықтың орнауын күтіп, кәсіпкерлік қызметін тоқтатады. Керісінше, саяси тұрақтылық мығым орнаса, мемлекет жеке кәсіпкерлікті қолдаса және ынталандырылса, орынсыз қауіпі болмаса адамдар қорықпастан кәсікперлікпен жаппай шұғылдана бастайды.

Экономикалық орта бүкіл экономиканың ақуалын сипаттайды. Кәсіпкер әрқашан жалпы экономикалық ақуалға байланысты белгілі бір қадамдар жасап, әрекет жасайды. Демек, экономикалық ортаны кәсіпкерлікке әсер ететін факторлардың жиынтығы деп түсіну керек. Қандай факторлар экономикалық ортаны қалыптастырады?

Ондай факторлардың қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

экономиканың демократияландырылу дәрежесі;

монополиялық құрылымдар тарапынан елеулі кедергілердің болмауы;

жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі;

жетілген немесе жетілмеген салық жүйесі;

сыртқы сауданың ақуалы;

ұлттық валютаның курсы.

Экономиканың тұрақтануы мен өрлеу жолына түсуі жиынтық сұранымды, әсіресе өндіріс факторларына сұранымды өсіреді. Нәтижесінде бағалардың жалпы деңгейі көтеріледі. Өскелең бағалар тауарлар мен қызметтерді ұсынымды өсірудің ынтасы болып табылады. Сондықтан кәсіпкерлер осы жағдайды пайдаланып, үлкен пайда табу ниетімен өздерінің іскерлік белсенділіктерін өсіреді. Адамдардың жаңа топтары да кәсіпкерлікпен шұғылдана бастайды.

Мәдени орта. Адамзаттың биік құндылықтарын жүзеге асырып жатқан, мәдениеті өркендеген қоғамда адамдар ешнәрсеге алаңдамай, кәсіпкерлікпен шұғылдана береді. Кәсіпкерлердің саны да көп болады. Мұндай қоғамда кәсіпкерлік биік деңгейде болып, өте жақсы нәтиже береді, сондықтан экономика қарқынды дамиды. Кәсіпкерлер бір-біріне күдікпен қарамайды, өйткені алдамайтынына сенімді. Келісімдерді батыл жүргізе береді.

Мәдени ортаның айта кететін тағы бір жағы бар. Әдетте қоғамдық мәдениеттің өркендеуі барысында тұтынушылардың талғамдары қалаулары, сән мен өмір сүру салттары өзгерістерге жиі ұшырап отырады. Қажеттіліктері күрделеніп, түрленіп, көлемі де өседі. Демек, кәсіпкерлерге тауарлар мен қызметтердің өндірісінің ұлғаюына „әлеуметтік тапсырыс" өседі.

Құқықтық орта. Кәсіпкерліктің тағдыры құқықтық ортаға тікелей тәуелді. Егер мемлекеттік заңдар кәсіпкерлікке тыйым салса, онда кәсіпкерлік туралы қандай әңгіме болуы мүмкін. Мұндайда кәсіпкерлік мүлдем орын алмайды.

Құқықтық заңдар, солардың ішінде шаруашылық заңдар қалыптасқанда да капитал иелерінің бәрі кәсіпкерлікпен шұғылдана береді деп күту орынсыз. Егер бір заңның күшін екіншісі жоятындай қайшылықтар болса кәсіпкерлік шектеледі, тежеледі. Өйткені кәсіпкерлердің әрекеттерін контекстке байланысты екі жақты сипаттау мүмкіндігі туады: „Заңды" немесе „Заңсыз" деп. Осындайда кәсіпкерлердің ертеңгі күнге деген сенімі болмайды да кәсіпкерлікпен шұғылдану шешімін кейінге қалдырады.

Сонымен қатар заңдардың жиі өзгермелілігі де елеулі әсер ететін фактор. Себебі заңдар - кәсіпкерлікті реттейтін нормативті актілер. Кәсіпкерлер өздерінің қадамдарын сол заңдарға бейімдеулері тиісті. Өзгермелі орта оған бейімделуді қиындатады.

Технологиялық орта. Экономиканың салалары және басқа құрылымдық әлеуметтерінің бір қалыпты дамуы ыңғайлы технологиялық ортаны қалыптастырады. Бір салалар озып кетуі басқаларының артта қалуы кәсіпкерлікке қолайсыз технологиялық орта. Бір жақты дамудың нәтижесінде кейбір тауарлар мен қызметтерге сұраным өскеніне қарамастан жиынтық сұраным төмен болады. Ал, кәсіпкерлер ешқашан сұранымы жоқ тауарлар мен қызметтерді өндірмейді.

Демографиялық орта. Кәсіпкер тауарлар мен қызметтерді беталды өндірмей, олардың халықты белгілі бір топтарына (жас мөлшері мен жынысы) арнап өндіреді. Сондықтан кәсіпкерлікке тұрғын халықтың санының өсуі немесе кемуі, құрамының өзгеруі әсер етеді. Өйткені адамдардың саны, жас мөлшері, жынысы, денсаулығы тауарлар рыноктарының сыйымдылығына, территориялық орналасуына әсер етеді.

Ұйымдастырушы және басқарушы инфрақұрылым және институционалды орта. Кәсіпкерлік ішкі және сыртқы ортада белгілі бір түрде ұйымдастырылып, басқарылады. Сыртқы орта мен кәсіпкерлік бір - біріне өзара әсер етеді. Сыртқы орта кәсіпкерлікке әсер ете отырып, оған жағдайлар жасайды. Кәсіпкерлер өздерінің әрекеттерін сыртқы ортаға бейімдеп жүргізіп отырады. Сонымен қатар сыртқы ортаның өзі де кәсіпкерлікке байланысты қалыптасып, өзгеріп отырады, басқару институттары мен олардың құрылымы қалыптасады.

Табиғи - климаттық және географиялық орта - кәсіпкерлікке әртүрлі жағынан әсер ететін фактор. Кәсіпкерлік ең алдымен ұлттық экономиканың табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуіне тәуелді. Өздеріңізге белгілі, табиғи ресурстар жер территорияларында біркелкі орналаспаған. Бір елде табиғи ресурстардың мол запасы бар болса, екінші бір елдерде олар тапшы. Сондықтан бір елдер үнемі жеміс-жидектер мен астықты импорттауға мәжбүр болса, екінші бір елдер энергия көздерін (мұнай, газ, көмір), орман ағаштарын сатумен шұғылдануына тура келеді.

Табиғи-климаттық орта ғасырлар бойы адамдардың ойлануының ұлттық кейпіне, мәдениетіне салт - дәстүрлері мен талғамдарына әсер етіп келді және әсер етуде. Кәсіпкерлікпен шұғылдану барысында кәсіпкер осы факторларды ескеруі тиіс.

Кәсіпкерлер өздерінің мүлкі және капиталымен тәуекелге барып отырғандықтан, олар әрқашан кәсіпкерліктің шарттарына өте сезімтал болады. Кәсіпкерлікке сәл қолайсыз орта қалыптасса, көпшілігі өздерінің әрекетерін тежей бастайды немесе мүлдем тоқтатады.
Бүгінгі таңда кез келген бизнес оған қатысты адамдар тарапынан жоғары жауапкершілікпен қатар басқа да талаптар қояды. Бизнесті дамыту үшін қаншама уақыти күш-қуат қажет болса, осынгың бәрі оған қатысы бар отбасы мүшелерінің мүмкіндіктеріне байланысты.

Барлық адамдар бір кезде өзінің болашағы туралы ойланады. Кез-келген жаңалық, отбасылық бизнес идеясыз басталмайды. Идея бұл бизнес негізі, онсыз ештеңе болмайды. Сізде қомақты бюджетіңіз, тәжірибелі тобыңыз, үлкен мүмкіндіктеріңіз болуы мүмкін, бірақ жаңа идеясыз ешқайда бара алмайсыз.

Егер сіз өз жақындарыңызбен өз бизнестеріңізді ашу туралы ұйғарымға келсеңіз, онда сізге барлық қажетті құжаттарды жинауға дейін сізг өте күшті еңбек етуге тура келеді.Бизнесті бастар алдында Біз қандай бизнеспен айналысамыз? - деген маңызды сұрақ туындайды және бұл сұраққа жауап беру де оңай емес.

Бизнесті бастау үшін - ақша басты проблема емес. Ал бизнесті бастау қадамдары маңызды болып табылады. Олар:

1-Қадам. Қандай бизнес ашатыныңызды шешіңіз.Өзіңіз қалайтын, тіпті жалақы алмасаңызда, күндіз-түні айналысатын істі табыңыз. Сонда, сіздің еңбегіңіз міндетті түрде жетістікке жетіп, табысты бизнеске айналады.

2-Қадам. Сіздің отбасыңыздың қиындықтарды бірге жеңуге, бір-біріне көмек көрсету, өзара қолдау көрсету, қуаныш пен ренішті бірге бөлісуге қабілеті барын бағалаңыз. Бұл сіздің отбасылық бизнесіңіздің негізі болып табылады.

Өз отбасы мүшелерініздің ішінен сіздің ісіңіз кімге қызықтырақ екенін біліңіз. Олардың әрқайсысынан отбасылық бизнес не үшін қажет екендігін сұраңыз.

3-Қадам. Бизнеспен айналысушылар арасындағы өзара қатынастар туралы негізгі ережелерді өзіңіз біліп алып, өз отбасы мүшелеріне айтып беріңіз. Жанұялық және іскерлік қатынастар мен қызметтерді отбасы мүшелерімен бөліп алыңыз. Бұл әрекет бәрін қанағаттандырмауы және оны істей алмауы мүмкін. Бірақ, бұл отбасы мүшелері арасынан кадрларды іріктеу болып табылады.

4-Қадам. Отбасылық бизнеске қатысушылардың таланттары мен қабілеттерін анықтап, жауапкершілік пен қызметтерін дұрыс бөліп беріңіз.

5-Қадам. Алдын-ала бизнестен түскен табыстарды қалай бөлетіндеріңіз туралы келісіп алыңыздар және бұл сұрақ бойынша қатаң бақылау қажет. Барлық отбасылық бизнеске қатысушылардың қомақты жалақы төлеуге қажетті жеткілікті қаражат түскенше қалай өмір сүретінің ойланыңыз. Өзара көмек пен қолдау көрсету туралы келісіңіздер, бұл бизнестің бастапқы кезеңіндегі қиындықтарды жеңуге және қаражат мәселесіне байланысты құнды қызметкерлерді жоғалтып алмауға көмектеседі.

Жалпы, бизнестің қай түрі болмасын тынымсыз ізденісті, жан-жақты зерттеуді, көп еңбек етуді қажет етеді. Бұл саланың сан-салалы сұрақтары қандай көп болса, оны шешудің жолдары да соншалықты көп. Бизнесті алға апаратын қатып қалған қарапайым формулаға емес, оның арғы жағында кәсіби шеберліктің, толағай шешімдердің, әдіс-тәсілдің мыңдаған түрі жатыр.

Отбасының, оның мүшелерінің барлық мүмкіндігін сарқа пайдалану үшін оның әрбір мүшесінің мінезіне, ішкі жан-дүниесіне терең үңіле білу қажет. Отбасылық кәсіпкерлік қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз етеді, қоғамды позитивті іскерлік ортаға бағыттайды. Ол сонымен бірге экономиканың тұрақты даму шарттарының бірі - қоғам мүшелерінің кәсіпкерлік қабілетін жүзеге асыруы, олардың интеллектілілік қабілетін дамытуы үшін қажетті құрал болып табылады.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту мына мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
- жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан қолдау көрсету арқылы халықтың кедей жiктерiнiң шағын бизнеске қатысуға қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
- бизнес жүргiзу және кәсiпкерлiк қызметпен айналысу негiздерiне оқыту орталықтарын құру жөнiндегi жұмысты күшейту;
- тоқтап тұрған кәсiпорындарды және тиiмдiлiгi аз өндiрiстердi белгiленген тәртiппен кейiннен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне бере отырып, оларды сегменттеудi одан әрi жалғастыру;
- бизнес-инкубаторлар құру жөнiндегi жұмысты жалғастыру, сондай-ақ бұл үрдіске үкіметтік емес ұйымдарды тартуды жандандыру;
- шағын кәсiпкерлiк саласына кредиттiк ресурстар тартуға ықпал ету;
- өзiн-өзi қамтушыларға өз iсiн ұйымдастыруда арнайы көмек шараларын әзiрлеу қажет.
Жалпы шағын кәсіпкерлікті қолдаудың төрт негізгі тетігін ұсынуға болады:
1.Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
2.Ақпараттық қамтамасыз ету;
3.Салық жеңілдіктерін беру;
4.Білікті мамандармен қамтамасыз ету (Сурет 2).
Шағын кәсіпкерлікті қолдау тетіктері
Ақпаратпен қамтамасыз ету
Салық жеңіл-діктерін беру
Білікті мамандармен қамтамасыз ету
Мемлекеттік қолдау шаралары
Халықтың әл-ауқатын арттыру
Шағын кәсіпкерлікті қолдау тетіктері
Ақпаратпен қамтамасыз ету
Салық жеңіл-діктерін беру
Білікті мамандармен қамтамасыз ету
Мемлекеттік қолдау шаралары
Халықтың әл-ауқатын арттыру
Сурет 2 - Шағын кәсіпкерлікті қолдау тетіктері
Шағын кәсіпкерлік секторы бірнеше маңызды әлеуметтік функцияларды орындайды. Тұрмыс деңгейін арттыру тұрғысынан алатын болсақ, шағын бизнес экономикалық белсенді тұрғындарға өзін және өз отбасын қамтамасыз етуге жеткілікті табыс табуға мүмкіндік береді. Шағын бизнестің дамуына қолайлы жағдайлар жасай отырып жұмысбастылық мәселесін шешуге болады.
Олай болса, елімізде тиімді нарықтық экономиканың дамуында шағын кәсіпкерліктің мәні зор. Өйткені шағын кәсіпкерліктің дамуы мыналарды қамтамасыз етеді:
- бәсекелестік ортаның дамуын;
- рыноктың тауарлармен және қызметтермен толтырылуын;
- жергілікті билік органдарының экономикалық базасының нығаюын;
- ауылдар мен қалалардың дамуын.
Шағын кәсіпкерлік халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту мәселесін шешу шеңберiнде халықтың әртүрлi санаттарына, соның iшiнде оның әлеуметтiк осал топтары - жұмыссыздарға, жалғызілікті аналарға, оралмандарға көмек көрсетуге және жұмыс орындарын ұсынуға қабiлеттi. Шағын кәсіпкерліктiң тұрақты қызметi мемлекеттiк бюджетке түсетiн салық түсiмдерiнiң өсуiн қамтамасыз етедi және тиiсiнше, елдiң әлеуметтік мұқтаждарына шығыстардың ұлғаюына ықпал етедi. Бірақ еліміздегі ЖIӨ көлемінде шағын бизнестiң үлесi күнi бүгiнге дейiн мардымсыз болып отыр.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы шағын кәсіпкерлікті дамыту саласында үкімет пен өңірлік биліктердің белсенді саясат жүргізу қажеттілігін білдіреді.

1.2 Мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттестігінің негіздері
Елімізде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін орындау барысына толыққанды үлес қоса алатын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыратын шаралардың қолға алынуы республикамыздың жетістіктерін тұрақты дамытуға жағдай жасайтынын көреміз.
Соның бірі - мемлекет пен бизнес экономикадағы мәселелерді шешуде ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу жолында толыққанды мүдделес әріптес болуы керек деген тұжырым. "Әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан алып қарағанда мемлекет негізінен жолдың өзіне тиесілі бөлігін жүріп өтті, тұтасымен алғанда ол қызметін тиімді атқаруда. Ендігі кезек бизнестікі", - деп Нұрсұлтан Әбішұлы атап көрсеткен болатын.
Негізінен, бизнес табысты болса, қоғам қарқынды дамиды. Ал қоғамның тұрақты да қарқынды дамуы бизнестің табысты өркендеуіне жол ашады. Бұл тұрғыдан қарасақ, екі жақты қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланыста. Сол себептен, әлеуметтік жауапкершілікті ескеретін бизнес мемлекеттегі әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене араласатын, "мен табысты бизнесменмін, сол себепті, қоғамның тұрақты болуын қалаймын" деген ниеттегі кәсіпкерлердің санын көбейтуге бағытталған.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік атты Қазақстан халқына жолдауында: ... ...Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керек. Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс... - деп атап өткен болатын [9].
Кәсіпкерлікті дамыту арқылы индустриялық-инновациялық даму, жаңа жұмыс орындарын құру, адамдардың өзін-өзі жұмыспен қамту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету секілді маңызды міндеттер шешімін табатын болады.

Сонымен бірге, Бизнестің жол картасы - 2020, Өнімділік - 2020, Агробизнес-2020 және 2017-2019 жылдарға арналған Қызылорда облысында бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсарту және жаппай кәсіпкерлікті, оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бойынша Нақты жоспары және Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы жүзеге асырылар еді.

Кәсіпкерлік қызмет - еліміздің экономикасы үшін халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайының жақсаруына әрекет ететін қажетті буын. Елімізде кәсіпкерлік туралы оқулықтар баршылық. Бірақ, Д. Куратконың Кәсіпкерлік: теория, тәжірибе және процесс кітабын оқысаңыз кәсіпкерлікке деген таным түсінігіңіз түбегейлі өзгереді .

Д. Куратко экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік дамудың басты қозғаушы күші болып табылатын кәсіпкерлікті теориялық-практикалық тұрғыдан зерттеп, кәсіпкерлік идеяны нарыққа шығаруға қажет ойлау жүйесімен инновацияның рөлін кеңінен ашып көрсеткен.

Рухани жаңғыру бағдарламасының Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы негізінде аударылған алғашқы 18 кітаптың бірі - Гарвард университетінің экономика профессоры Н.Грегори Менкью мен Марк Тейлордың Экономикс кітабы. Бұл оқулық озық елдердің маңдайалды оқу орындарында қолданылып келген ең таңдаулы ғылыми туынды.

Экономикскітабы қазіргі экономикалық қатынастардың сипатын ашып көрсететін еңбек. Біз нарықтық экономикада өмір сүрудеміз. Көпшілік қауым, жастарымыз бизнеспен айналысқысы келеді, бірақ оны қалай жасау керектігін біле бермейміз. Осындай туындылардың оқысаң, әлемде бизнес қалай жүргізілетінінің қыр-сырын білер едік. Табысты бизнес жүргізгісі келетін іскер адам Экономикс кітабын оқу қажет .

Қазақстан тәжірибесінде бизнестің қарапайым халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі туралы идеяны алғаш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіне қойды. Осылайша, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі - іскерлік қоғамдастық және жекелеген іскери ұйымдар өз қызметін жүзеге асыратын институционалдық ортаға қатысы бар санат болып табылады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі институттардың бірін-бірі толықтыруы және әлеуметтік саясат саласындағы институционалдық тепе-теңдік факторы болып табылады.
Азаматтық қоғам
Азаматтық қоғам
Мемлекет
Мемлекет
Бизнесті ұйымдастыру
Бизнесті ұйымдастыру
Адамдар тобы
Адамдар тобы
Бизнес-қоғамдастығы
Бизнес-қоғамдастығы
Жеке тұлғалар
Жеке тұлғалар
Сурет 3 - Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
Ескерту - әдебиет негізінде құрастырылған
Жоғарыда айтылған тәсілге сәйкес келесі анықтамалар ұсынылады: әлеуметтік-бизнес жауапкершілігі - бұл мемлекеттік, азаматтық қоғам мен бизнес арасындағы әлеуметтік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, өзара әрекеттесу процесінде дамитын институционалдық-экономикалық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығы.Ол бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі анықталуы үшін үш негізгісі бар, олардың арасында көп деңгейлі сипаты: бірінші әлеуметтік жауапты мінез-құлық (жалақы тұрақты төлем, еңбек заңнамасының сақталуына, салық төлемдерінің белгіленген бюджет уақытылы енгізу үшін алғышарт ретінде қарастырған жөн және т.б.)
Екінші деңгей камералдық серіктестікті дамытуға байланысты және келіссөз процесі негізінде кәсіпорынның қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін дереу қарастыруды талап етеді. Жоғарыда аталған негізгі міндеттемелерден басқа, бұл деңгей қызметкерлерге әлеуметтік пакет ұсынуды және әлеуметтік кепілдіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Үшінші деңгей әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды қамтиды, олардың ауқымы ішкі құрылымнан тыс. Бұл жағдайда әлеуметтік жауапкершілік объектісі - бизнестің орналасқан жері. Бұл бизнес-қолайлы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды, сондай-ақ өңірлік және мемлекеттік бағдарламаларға (ұлттық жобаларға) қатысуға бағытталған іс-шараларды қамтиды.
Түрлі нысандағы кәсіпорындардың әлеуметтік саланы қолдауға ықыласын арттыру мақсатында Елбасы өз Жарлығымен жыл сайын берілетін "Парыз" сыйлығын белгіледі. Сондай-ақ, Салық кодексінде әлеуметтік жобаларға қатысқан бизнесті ынталандыру нормалары қарастырылған (2009 жылдан бері әлеуметтік жобаларға қатысатын бизнестің корпоративтік табыс салығын төмендету бойынша ынталандыру жүйесі жүргізіліп келеді.
Әлеуметтік жауапкершіліктің үш бұрышында: мемлекет, бизнес, азаматтық қоғам болса, осындағы азаматтық қоғам - ең әлсіз тұс. Себебі,азаматтық қоғамның түсінігінде әлеуметтік жауапкершілік мемлекет тарапынан, ал бизнес өкілдерінің тарапынан қайырымдылық, спонсорлық көмек болу керек деген түсінік жатыр.
Мемлекеттің, бизнестің және азаматтық қоғамның әлеуметтік саясат саласындағы өзара әрекеттестігі мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы өзгерістерді талдады, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына азаматтық қоғамның қатысуының ықтимал сценарийлері анықталды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұжырымдамасы әлеуметтік саясат саласындағы орнықты институционалдық орта элементі ретінде негізделген.
Бизнестің ең айқын әлеуметтік жауапкершілігі корпоративтік әлеуметтік бағдарламаларды қалыптастыруда және жүзеге асыруда көрініс табады, олардың өзектілігі қазіргі жағдайда бірқатар себептерге байланысты. Біріншіден, ресейлік іскерлік қауымдастық еңбек нарығында еңбекақысы бойынша ғана емес, сондай-ақ корпоративтік әлеуметтік бағдарламалардың көлемі мен мазмұны бойынша бәсекелесуге болатындығын біледі. Екіншіден, ресейлік компанияларда әлеуметтік жауапкершілік бағдарламаларын іске асыру мәселесі еңбек ресурстарының жетіспеушілігі қаупіне байланысты, білікті кадрларды тартуға және ұстап тұруға, адам ресурстарын жаңартуға байланысты. Үшіншіден, 5-7 жыл бұрын құрылған жеке меншік сектордағы жаңа компаниялар үшін іскерлік қарым-қатынасты нығайту, корпоративтік мәдениет пен имиджді қалыптастыру қажеттілігі туындады.
Қазіргі қоғамдағы кәсіпкерліктің рөлі тек жұмыс орындарын ашу, материалдық құндылықтар жасау және кіріс алумен шектелмейді. Кәсіпкерліктің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz