Әлеуметтік-педагогикалық мәселе ретіндегі тәртібі қиын оқушыларды тәрбиелеу

Қазіргі оқу-тәрбие үрдісінде тәртібі қиын оқушыларды тәрбиелеу өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл "тәртібі қиын" оқушылар санының уақыт өте келе артып келе жатқандығын көрсетеді. Негізінен "қиын оқушылар" қатарына көбіне жасөспірімдерді жатқызған. Ал қазірде бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы топқа жататындар аз емес. Сол себепті "тәртібі қиын оқушыларды" бұл жұмыспен сосын айналысамыз деген мәселеге тастап қоймай, бастауыш мектеп кезеңінен қолға алу керек.
Жалпы, "қиын балалар" деген ұғым 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде қолданылып жүрді. Уақыт өте келе 1950-1960 жылдары қайтадан қолданысқа енді. Қазіргі уақытта бұл педагогика ғылымында ғана емес, әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан да өзекті мәселе болып саналады. А.Макаренко, С.Шацкий, Л. Выготский, П.Блонский, тағы басқалары "қиын балалар" мәселелерін жан-жақты зерттеді. Ж.Баласағұни "Құтты білік" дастанында "адамшылық жаса, адамға адам бол, адам атын мақтаныш қып адал бол" деген сөздері тәрбиені тұлға бойындағы парасаттылық, имандылық және ізгілік қасиеттерін қалыптастырумен байланыстырып тұр. Бұл мәселе Г.А. Уманов, Ә.Ж. Жұмабаев, В.В. Трифанов, Л.К. Керімов сияқты қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің тақырыбына айналды. Аталған ғалымдар осы топтағы балалардың міңез-құлық ерекшеліктерін, жүріс-тұрысындағы теріс қылықтарды зерттеп, оларды қайта тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Мәселен, В.Трифанов болашақ ұстаздарды "қиын" оқушылармен жұмыс жасай білуге дайындау мәселесін көтерсе, Л.К. Керімов "қиын" балаларды жеке және топтап қайта тәрбиелеу бағдарламасын ұсынды.5-78
Бұл ғалымдардың зерттеулері қиын оқушылардың пайда болуының бірнеше себептерін ашып көрсеткен. Біріншіден, отбасында тәрбие ісіне жеткілікті көңіл бөлмеуден, яғни тұрмыстағы дау-жанжал, ата-аналардың маскүнемдікке салынуы немесе олардың біреуінің болмауы кері ықпал жасайды. Екіншіден, мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда мұғалімдердің, мектептің тарапынан жекелеген оқушылардың міңез-құлық ерекшеліктерін, талап-тілектерін, қызығушылықтарын ескермеуден туындайды. 6-87
"Қиын" балалардың шығу себептеріне ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялысы Ж.Аймауытов: "Адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сияқты бұзақылықтарды жасауы тәрбиенің жетіспегендігінен ... баланы бұзуға, яки түзеуге себеп болатын бір шарт-жас күнінде көрген өнеге. Ол өнеге әке-шешесінің тәрбиесі арқылы қалыптасады" деген орынды пікір арқылы бала тәрбиесіндегі отбасының рөліне ерекше мән берген. Қиын баланы педагогикалық тұрғыдан зерттеуде А.С.Белкин мен А.Н. Кочетов баланың денсаулық жағдайына, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне баса көңіл бөлді.
Бастауыш сынып оқушыларының арасында міңез-құлқында қиындықтары бар оқушылар көп кездесіп жүр. Мектеп тәжірибесінде мұндай оқушыларды "мінез-құлқында ауытқулары бар оқушылар", "қиын тәрбиеленуші", "қиын балалар" деп атайды. Бұндай атаулар төменгі сынып оқушыларының еркіндік дамуының жетіспеушілігінен, ес, зейін деңгейінің төмендігінен пайда болуы мүмкін.
Бастауыш сынып оқушыларының "қиын балаларға" айналу себептерін психологтар отбасында дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтады. Оларды бірнеше түрге бөлген: отбасының экономикалық жағдайы; баланың рухани дамуына ата-ананың немқұрайлы қарауы; сүйіспеншіліктің жеткіліксіздігі; шектен тыс қамқорлық т.б.
Қазіргі технология дамыған заманда қиын тәртіпті оқушыларды қайтадан тәрбиелеу проблемасы күн тәртібінен түспей тұрғаны мәлім. Л.К. Керімов зерттеуі бойынша, қиын балаларды жеке және топтап қайта тәрбиелеудің мәні зор. Себебі, жеке тәрбиелеуде бір ғана оқушымен жұмыс жүргізілсе, топтық түрдегі тәрбиелеуде түзету сыныбымен жалпылама жұмыс жүргізіледі. Сонымен бірге оқушының өз-өзімен қарым қатынасы, өзіне деген сенімділігі, мықты тұлға ретінде қалыптасуға деген ынтасы болып табылады. Бұнда педагог іс-әрекетінің жалпы құрылымы бірнеше кезеңдерден ұрады:
- байланыс орнату, диалог құру;
- оқушы мәселелерін, оның жеке қасиетін және оған келтіретін қасиеттерді анықтау;
- тет-а-тет мәселені талқылау;
- психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;
Педагог қайта тәрбиелеу жұмысына кірісер алдында өз жоспарын жасау керк. Ол қиын балаларды тәрбиелеудің болашаққа бағытталған үлгі-жоспарына негізделіп құралады:
- сынып ұжымын зерттеу;
- жеке қиын баланы танып-білу;
- әрбір қиын балаға психикалық-педагогикалық мінездеме әзірлеу;
-қиын баланы қайта тәрбиелеу жоспарын жасау;
- жеке тәрбиелеу жоспарының болашақ бағытын айқындау, түзетулер енгізіп отыру;
- жеке баланың мінез-құлқындағы жағымды қасиеттерді дамыту
-топтап және жеке қайта тәрбиелеу жоспарын оқу тәрбие процесінде іске асыру;
А.С. Макаренко айтқандай, болашақта атқаратын жұмыстарды жоспарлау-ұжым өміріндегі ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының алғы шарты. Яғни, барлық тәрбие жұмыстары жоспар ретінде қамтылса, нәтиже де ойдағыдай болады.
Отбасы -- адамзат қоғамның ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ əкелу, екіншісі - дүниеге келген сəбиді тəндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру [4].макалаҚазіргі уақытта бала тəрбиелеу көптеген отбасыларға қиындық туғызады. Отбасы ішіндегі мəселелер, ата-ананың күнделікті өмірдегі ұрысы, келіспеушілігі бала психикасына əсер етпей қоймайды. Отбасы шағын мемлекет десек, қандай мемлекет болмасын, уақыт өте бір дағдарыстарға ұшырайды. Ол мемлекет өз халқына жағыну үшін, халқын бірлікте ұстап тұру үшін тəртіп пен ұрпағы- ның сол шағын мемлекеттің ішінде тəрбиесі терең, мазмұнды болашақ ұрпақ тəрбиесіне қажетті тамырын тереңге жайған бесік тербелу қажет. Ұрпақ өсіріп отырған ата-аналарға байланысты қазіргі таңда ұл бала тəрбиесі де, қыз бала тəрбиесі де көңіл көншітерлік жағдайда емес. Отбасын құратын жастар тек жеңіл жұмыс істеп, қиындықсыз өмір сүруді қалайды.
Отбасылық қарым-қатынастың негізінде үнемі балаға қамқорлық көрсетіп, ол отбасы мүшесі, оның пікірі мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz