Өлім жазасы-аса ауыр қылмыстарға қолданылатын, жазаның ең ауыр түрі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Өлім жазасы-аса ауыр қылмыстарға қолданылатын, жазаның ең ауыр түрі болып табылады.

Әлемде ең көп дау тудырып келе жатқан мәселенің бірі - өлім жазасы. Көптеген елде жазаның ең ауыр бұл түрі алынып тасталды. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Біздің еліміз 2003 жылдың 17 желтоқсанында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен өлім жазасына мораторий енгізді. Дегенмен соңғы уақытта өлім жазасын қайта енгізу туралы пікір айтушылар қатары көбейіп келеді. Олардың пікірінше, терроризмге қатысты қылмыстардың алдын алу үшін жазаның ең ауыр түріне қайта оралуымыз керек.

Қалай десек те, өлім жазасына қатысты дау ешқашан толастамайтын сияқты. Оны қолданатын және қолданбайтын елдерде де екіұдай пікір үнемі тайталасып келеді. Өлім жазасының табиғаты мен мақсатына қатысты негізгі екі пікір бар. Оның бірі бойынша, өлім жазасы - ең алдымен қылмыскердің көзін жою арқылы жаңа ауыр қылмыстардың алдын алу тетігі. Сол сияқты өзге де қылмыскерлерді қорқыту. Ал екінші пікір бойынша, өлім жазасы - ең алдымен жасалған қылмыс үшін кек алу. Бұл - әділеттіліктің салтанат құруы және мұнда ешқандай да утилитарлық түсініктер орын алмауы тиіс.

Өлім жазасы орындалған сәтке куә болған адамдардың басым бөлігі оған қарсы пікірде болады екен. Есесіне, бұл үрдіске қатысып көрмегендер өлім жазасын құптайтын көрінеді.

Бертін келе өлім жазасына балама ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы пайда болды. Дегенмен кейбір қылмыскерлер өмір бойы түрмеде жатқаннан гөрі өлім жазасын дұрыс санайды.

Бұл мәселе Біріккен Ұлттар Ұйымының назарынан тыс қалып көрген емес. Әрине, қанша құзырлы болса да бұл ұйым мемлекеттердің ішкі шаруасына көп жағдайда араласа алмайды. Әйтсе де, ол әлемдік қауымдастықтың атынан өлім жазасын қолдану барысын да мынандай шектеулердің болғанын өтінген болатын: 1) өлім жазасы ең ауыр саналады, сондықтан оған қатысты аса ауыр қылмыстар тізімі қысқаруға тиіс. Бұл ретте «адам өліміне абайсызда әкеп соқтырған қылмыстар» тізімнен шығарылуы керек. 2) өлім жазасына 18-ге толмаған және 70-тен асқан адамдар тартылмауға тиіс. 3) емшек жасындағы сәбиі бар аналар мен жүкті әйелдер де өлім жазасынан босатылуға тиіс. 4) өлім жазасымен байланысты істерде айыпталуышының құқығы жиі бұзылатындықтан БҰҰ барлық заңдылықтардың сақталуын талап етеді. Бұл жерде айыпталушының істің ашық тыңдалуына, аппеляцияға, рақымшылық сұрауға деген құқығы болуы тиіс.

Қазақстанда соңғы рет өлім жазасы осыдан 13 жыл бұрын тағайындалған. Кейін бұл үкім "өмір бойына бас бостандығынан айыру" жазасымен алмастырылыпты. Бас прокуратураның құқықтық статистика орталығының ақпаратынша, 1997 жыл мен 2001 жыл аралығында өлім жазасына 266 адам кесілген. Осы уақыт аралығында 150 адам атылған. 27 адамның жазасы "өмірбойына абақтыға қамауға" алмастырылған. Қалған 89 адамның жағдайы белгісіз. Алайда мамандар олардың осы уақыт аралығында қайтыс болуы мүмкін екенін айтады. Себебі олар, өлім жазасы орындалғанша, өз өздеріне қол салады екен. Осы жылдар аралығында жыл сайын 18 адам қол салған.

ҚР БП Құқықтық статистика орталығы:

Өлім жазасына кесілгендер саны - 266.

1997 жыл - 61 адам

1998жыл - 63 адам

1999 жыл - 63 адам

2000 жыл- 40 адам

2001 жыл - 39 адам

Жазаға кесілгендер - 150 адам

1997 жыл - 45 адам

1998 жыл - 46 адам

1999 жыл - 33 адам

2000 жыл - 11 адам

2001 жыл - 15 адам

Жазасы кешірілгендер - 27 адам

2018 жылдың соңында әлемнің 106 мемлекеті заңды түрде өлім жазасын қолданудан бас тартса, қазір олардың саны 146-ға жетті.

2018 жылы “Amnesty International” ұйымының статистикалық есебі жарық көрді. Бұл есеп бойынша өткен жылы өлім жазасына кесілгендердің саны 54 елде 2531 жетіп отыр. Дәл осы жылғы статистикалық көрсеткішті 2017 жылмен салыстырғанда өлім жазасына кесілгендердің саны 31%-ға дейін төмендеген, яғни толығырақ тоөтала өтсек 2017 жылы 20 елде өлім жазасына кесілгендердің саны 993 болатын болса, 2018 жылы дәл осы көрсеткіш 31%-ға төмендеп 690 болған.

Өлім жазасының көп бөлігі Иранда, Сауд Арабиясында, Қытайда, Вьетнамда және Иракта орын алды. Осыған орай әр елге тоқтала өтсек.

Қытай мемлекеті өлім жазасын әлі күнге дейін қолданып келеді. Бірақ бұл жақтағы жазаға кесілгендердің санын нақты айту қиын, себебі бұл жазаға қатысты ақпараттар мемлекеттік құпия ретінде сақталады. Сондықтан да жоғарыда айтылып кеткен статистикаларда, Қытай мемлекетіндегі жазаға тартылғандардың саны қосылмаған.

Вьетнам билігі 2018 жылы 85 адамды өлім жазасына кескен, сол себепті бұл мемлекет өлім жазасын көп қолданатын бес елдің қатарына енді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жаза жүйесіндегі өлім жазасы
Қылмыстық жаза жүйесіндегі өлім жазасына тарихи сипаттама
Жеңіл жаза көзделетін қылмыстар
Қылмыстық құқықтары қатынастар
Қылмыс түсінігі, жаза
Өлім жазасы
Ауыр және аса ауыр қылмыстар
Өлім жазасын қолдану
ҚОСЫМША ЖАЗАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ тарихындағы өлім жазасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz