Әлеуметтік-мәдени сервис және туризм индустриясындағы франчайзингтің Қазақстандағы орны


2 Дүние жүзі және Қазақстан бойынша салыстыру.
2. 1Әлеуметтік-мәдени сервис және туризм индустриясындағы франчайзингтің Қазақстандағы орны.
2007 жылдан 2011 жылдар арасында франчайзинг айналымы 100% дерлік ұлғайды және қазіргі таңда шамамен бір миллиард долларды құрайды. Бұл Қазақстанның франчайзинг секторы бойынша Орталық Азияда көшбасшы болып табылатынын сенімділікпен айтуға болады. 2002 жылдан бастап франчайзинг туралы арнайы заң шығарылған, ол заң бойынша шамамен 150 франчайзингтік жүйе және 1000-нан астам франчайзингтік ұйымдар жұмыс істейді. Тек қана 2003-2007 жылдар арасында елде франчайзингтік жүйелер 2, 5 есе дерлік өсті. Франчайзингтің орташа жылдық айналымы үш еседен аса өсті. Франчайзингтік компаниялардың арқасында жұмыс орындарының саны көбейді және сектор көрінісі түрлендірілді.
Қазақстандық франчайзинг «Coca-Cola» зауытының пайда болуымен басталады, қосалқы түрік сублицензиясы лицензиардың аттас сауда маркасы бойынша ашылды. Зауыт 1994 жылы салынды. Елдегі өндірістің ашылуы, сапалы шетелдік компанияның қатысып отырғанын білдірді. Осылайша, атақты сусындар өндірушінің өнімі жай қарабайыр импорт түрінде ғана қол жетімді болған жоқ. Компанияны құру барысына жергілікті компания қызметкерлердің қатысуымен ұлттық өнім жасалынды [1] . Сол жылы Қазақстандағы және Орталық Азиядағы бірінші 5-жұлдызды «Рахат Палас» қонақ үй пайда болды. Кейіннен бұл қонақ үй «Hayatt Regency» халықаралық франчайзингтік қонақ үйлер желісінің бөлігіне айналды. 90-ыншы жылдардың ортасынан бастап халықаралық өндірушілердің көптеген сәнді киімдерінің дүкендері және бутиктері елдегі франчайзинг жүйе бойынша ашылды. Мысалы, Қазақстандағы 90-ыншы жылдардың екінші жартысындағы «Adidas» фирмалық дүкеннің пайда болуын атап өтуге болады. ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдардың соңында «Сеймар» компаниясы өз өнімін сату схемасында франчайзинг элементтерін қолданғанын көруге болады. Компанияның дүңгіршектері және автодүкендері сауда нүктелерін безендірілуі бірыңғай фирмалык дизайн ретінде жасылынған. Сондай-ақ, компанияның логотипі және сауда белгісі міндетті түрде тұрды. Cауда нүктелерін жалға алушылардың бірі тәуелсіз кәсіпкерлер (дилерлер), сондай-ақ франчайзи компанияның өкілдері болды.
1999 жылдың желтоқсан айында «Анкара» қонақүйі өз жұмысын бастады, қазіргі кезде белгілі InterContinental қонақ үй желісінің франчайзилердің бірі болып табылады.
1999 жылы Алматыда лицензия бойынша Баскин Роббинс халықаралық балмұздақ желісінің бірінші нүктесі ашылды.
2002 жылы Қазақстан Республикасының 24 маусым 2002 жылы № 330 «кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) » Заңы пайда болды.
2007 жылы Қазақстан франчайзинг қауымдастығының вице президенті Кисиков Бекнұрдың авторлығымен шыққан Қазақстандық франчайзинг туралы бірінші басылым пайда болды.
2013 жылғы Ұлттық “Даму” кәсіпкерлікті қолдау қоры қазақстандық франчайзинг үшін арнайы көрме және конференция ұйымдастыруды бастады. Франчайзинг дамыту институттары [2]
Негізгі проблемалар
- Франчайзингтің секторына арналған мемлекеттік жеңілдіктер мен преференциялардың болмауы.
- Зияткерлік меншіктің жеткіліксіз қорғалуы
- Кәсіпкерлер үшін ұзақ мерзімді қарыздардың шектеулі болуы
2000-2007 жылдар аралығында ақша мөлшерінің үлкен ағыны нәтижесінде жылжымайтын мүлік бағалары гиперинфляциялық түрде өсті. Жылжымайтын мүліктің жоғары бағалары, франчайзингтік нүктені ашу үшін кедергі болды. Елімізде үлкен ақша мөлшері жиналғанмен, инвестициялау объектілері өте шектеулі. Елдегі қор нарығының дамымауы франчайзинг үшін тағы бір кедергі болып табылады. Себебі, ол ресурсты халыққа инвестиция көзі ретінде пайдалануға мүмкіндік бермейді. Инвестициялардың негізгі бөлшегі жылжымайтын мүлікке жіберіледі де нәтижесінде бұл инфляцияның күшеюіне әкеліп соғады. [2] . Сонымен қатар кәсіпкерлік пен франчайзинг әлемдегі кең тараған инвестициялау объектілерінің бірі болып табылады. Батыс тәжірибесі көрсеткендей, кез келген адам, зейнеткерден бастап үй шаруасындағы әйелге дейін, табысты кәсіпкер болуы мүмкін. Франчайзинг тәуекелі аз бизнес түрі болғандықтан, бизнеске жаңадан келген кәсіпкерлерге ыңғайлы болып табылады. АҚШ-тың Сауда-Өнеркәсіп Палата мәліметтеріне сәйкес соңғы 5 жыл ішінде ашылған франчайзингтік кәсіпорындардың 97% табысты жұмыс істеуде, ал франчайзингке қатысы жоқ кәсіпорындардың 62% сол кезең ішінде жабылған. Бірақ, халықтың кәсіпкерлікке төмен қатысуы, Қазақстанда кәсіпкерлік туралы ақпараттандыру деңгейінің жеткіліксіз болуын көрсетеді.
Халық арасында кәсіпкерлікпен айналысатын адамдар үлесі әлемдік статистикамен салыстырғанда өте төмен («өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық» ресми кәсіпкерлікке жатпайды) . Бұл бастауыш кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.
Қазақстан нарығында шетелдік франшизалар үлесі басым болып табылады. Бірақ, соңғы кездері франчайзинг жүйесі бойынша белсенді түрде дамып келе жатқан бірқатар отандық компаниялар қалыптасқан. Әрине, Қытаймен көршілестік франчайзингтің даму тарихында үлкен рөл атқаруы мүмкін. Себебі, Қытай өндірушілерінің ұстап тұрған өнімінің өзіндік құнымен бәсекелесуге өте киын болады. Сондықтан осындай жағдайда тек бірегей және қайталанбас кәсіпорынның тауарлары мен қызметтері бәсекеге қабілетті бола алады. Сектордың Ерекшіліктері Егер Қазақстандағы франчайзинг түрлерін қарастыратын болсақ, онда елде аса жиі дистрибьютивтік немесе саудалық франчайзинг тараған. Ал батыс елдерінде іскерлік форматтың үлесі сауда форматымен салыстырғанда жоғары болып табылаты. Қазақстандағы франчайзинг нарығының тағы бір ерекшелігі ол-сублицензия. Халықаралық франчайзерлер Қазақстанда тікелей жұмыс істемейді. Қазақстанда франчайзер мен франчайзи арасында тікелей классикалық қатынастар өте сирек кездеседі. Халықаралық франчайзерлер Қазақстанда өзінің Ресей немесе Түрік мастер-франчайзи (субфранчайзерлер) арқылы жұмыс істегенді қалайды, ал Қазақстандық компаниялар өз кезегінде субфранчайзи (сублицензиаттар) рөлін атқарады. [3] . Франчайзинг секторында бас франчайзимен тікелей қатынас болмауының бірнеше себептері бар: жергілікті тұтынушылардың субфранчайзер елдерімен менталитетінің/болмысының, ұқсастығы (шетелдік франшиза жергілікті ерекшеліктерге бейімдеуді талап етпейді) халықтың тығыз болмауы және өтім нарығының жеткіліксіздігі, жергілікті кәсіпкерлердің халықаралық франчайзинг нарығындағы енжарлығы және т. б. Қазақстандағы франчайзинг нарығының тағы бір ерекшелігін атап кетуге болады. .
Ол франчайзингтің ел ішіндегі көші-қонының өте сирек кездесуі. Яғни ірі бизнес пен шағын кәсіпкерлік арасындағы байлыныстың жоқтығы. Ірі компаниялар өңірлік дамуды франчайзингтік системадан қөрі филиалдық нысанды артығырақ деп есептейді. Корпоративтік және мемлекеттік франчайзинг әлемде өте кең таралған. Ірі мемлекеттік және жеке компаниялар шағын және орта кәсіпкерлерге (франчайзи) франчайзинг жүйесі арқылы бизнес жүргізу технологиясы мен әдісін үйретеді. Бірақ Қазақстанда әзірге ірі компаниялар мен шағын кәсіпкерліктердің өзара іс-қимылдары өте аз кездеседі. Кедендік Одаққа кіруі Сарапшылардың деректеріне сәйкес Қазақстан Кеден одағына кіргеннен кейін елдегі нарықта ресейлік франчайзингтік операторлардың рөлі күшейеді. Атап айтқанда, Қазақстанда жақын арада Ресейден шыққан франчайзингтік желілердің саны 100% өсуі мүмкін. Қазақстандағы Франчайзингтің Мемлекеттік қолдау Кисиков Бекнұр кітабының (екінші басылым) деректеріне сәйкес, Қазақстандағы франчайзингті мемлекеттік деңгейде колдау “Даму” мемлекеттік кәсіпкерлік ісін дамыту қоры арқыры жүзеге асырылады. Франчайзингке байланысты іс-шаралар 2013 жылдың желтоқсан айында және 2014 жылдың қазан айында Қазақстандағы Kazfranch франчайзинг іс-шара туралы көрме мен конференция өтті. Ресейдегі Франчайзинг Франчайзинг Ресейге 90-ыншы жылдардың ортасында келді. Бұл нарықтың негізінің қалаушылардың бірі “ГМР Планета гостеприимства“ компаниясы болып табылады. Олар 1997 жылы нарыққа «Sbarro» мастер-франшиза ретінде шықты. Сол жылдан бастап АК Спортмастер белсенді жұмыс істеуді бастады [4] .
Коммерциялық концессияның келісім-шарты құқық иеленушінің іскерлік беделін және коммерциялық тәжірибесін (нақты пайдалану көлемі де айқындалады) пайдалануды көздейді. Келісім-шартта кәсіпкерлік қызметінің белгілі бір салаларында қолданыстағы территория ескертілуі мүмкін. коммерциялық концессияның шарты бойынша құқық иеленуші ретінде коммерциялық ұйым немесе дара кәсіпкерлер болуы мүмкін. Франчайзинг сферасындағы танымал компаниялар Көпшіліктің пікір қайшылығына қарамастан әлемдегі “Mcdonald’s” мейрамханаларының тек 15% ғана Mcdonald’s корпорациясының иесілерінің меншігі болып табылады; қалған фаст-фуд нүктелерінің барлығы бас (ұлттық) дистрибьюторлардың (франчайзи) меншігі болып табылады. Пайдалану шарттары өте қатаң - тіпті түс гаммасы мен үстелдердің көлемі шартпен регламенттеледі. Белгілі спорт киім өндіруші Columbia sportswear company қазіргі уақытта толығымен франчайзинг жүйесі бойынша сатуға көшті. Пайдалану шарттары өте қатал емес, басты талаптар - сауда алаңы 100 шаршы метр болуы тиіс және ол бөлек тұрған ғимаратта немесе сауда орталығында орналасу тиіс. Және бастапқы сатып алатын тауардың көлемі кем дегенде $80 000 болуы тиіс. Ресейде франчайзингтік қызметімен 1С компаниясы (2012 жылы франчайзи саны шамамен 4500 жетті), X5 Retail Group - 3 882 «Пятерочка» универсамдары, 390 «Перекресток» супермаркеттері, 83 «Карусель» гипермаркеттер, 189 «Перекресток Экспресс» дүкендері белгілі. (31 желтоқсан 2013 ж) БиБосс рейтинг қорытындысы бойынша 2015 жылы топ-10 ресейлік франшизалардың тізіміне келесі компаниялар кірді: 4 қоғамдық тамақтандыру франшизалары, соның ішінде: • «Subway» - халықаралық дәмханалар желісі, әлем бойынша 4 кафелері жұмыс атқарады • «33 пингвина» - балмұздақ, инвестициялар 1 миллион рубльден басталады, 1155 кәсіпорындар желісі бар • «Крошка картошка» - фаст-фуд, инвестициялар 1, 5 миллион рубльден басталады, 148 кәсіпорындар желісі бар • «Traveler’s coffee» - кофейнялар, инвестицилар 5 миллион рубльден басталады, 115 кәсіпорындар желісі бар • 2 ресейлік медициналық зертхана - «Инвитро» және «Гемотест» франшизалар. Компаниялардың бірнеше меншікті зертханалық орталықтары мен дамыған логистикалық желісі қысқа мерзімде материалдарды анализге жеткізуге мүмкіндік береді. • «2ГИС» франшизасы - Новосибирскте құрылған ірі IT-компаниясы. Аз уақыт ішінде компания халықаралық нарыққа шығып, қазірдің өзінде өз карталарын Ресей, Чехия, БАӘ, Италия және басқа елдерде ұсынады . • «Аскона» - ресейлік матрас өндірушісі. Компания желісінде 480-нен астам кәсіпорындары 184 Ресей қалаларынында орналасқан. • «Milavitsa» - әйелдерге арналған белорустік іш киім өндірушісі. Қазіргі уақытта компания желісі 132 қалада 360-тан астам дүкендерден тұрады. • «Бегемотик» - ресейлік ойыншық дүкендер желісінің саны мыңнан асады. «Бегемот» компаниясының жобасы болып табылады, компания өзінің ойыншық өндірісімен айналысады, сондай-ақ басқа өндірушілердің тауарларың көтерме жеткізулерін жүзеге асырады
«Дока-хлеб», «Дока-пицца» фирмалары ретінде Қазақстанда, «Макдональдс» және «Пицца-хат» ресторандары Ресейде, ал Пекинде «Кентукки Франд Чикен» және «Холидейс- Иннс» фирмаларының филиалдары ретінде франчайзинг пайда болды. Бизнестің басқа компаниялармен әріптестік қатынаста бола отырып, табыс табу жолы қиындайды. Белсенділігімен, кәсіпкерлігімен, шынайылығымен көзге көрінетін кәсіпкерлер үшін бұл үрдіс ауыр тиеді [5] .
Сондықтан франчайзингтегі өзара келісмдерді қалыптстыру өте қиын жұмыс. Қазақстандағы көптеген кәсіпкерлер Шығыстың рухында тәрбиеленгендіктен, бұл үрдіс одан да қиынға түседі. Әсіречсе, елдің қылмыс деңгейінің жоғарылығы және экономикалық жағдайының нашарлығы республика кәсіпкерлеріне шын және шынайы қарым-қатынас құруға мүмкіндік бермейді. Өйткені франчайзминг экономикалық мазмұны сәйкес корпорациялық және ассоциациялық мазмұнды қажет етеді.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуіне байланысты шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту маңызды шарттардың бірі болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерлікті жүргізудің құралы ретінде біздің нарыққа франчайзинг жүйесі енді(1-кестеде көрсетілгендей) .
1-кесте
Франчайзинг менің көзқарасым бойынша, Қазақстандық нарыққа өте оңды болып табылатын, тауар мен қызметтерді үйлестіруде және маркетингтің бірегей жүйесі. Ең алдымен, бұл жағдай сауда-саттық және әр түрлі қызмет көрсету аясына тән мазмұнда дамиды. Франчайзингтің артықшылығы - олардың әріптестер республикасы, тәжірибесі және қалыптасқан жеткіліктілігі, франчайзер және франчайзи, бірге жұмыс істей отырып, бір-бірінің жетістігін алмастыру арқылы және жіберген қателіктербойынша бизнесте инвестиция жасап, пайда табады. Осы тұрғвыдан алғанда, Франчайзинг бизнесті жүргізудің ең прогрессивті түрі болып табылады. [6] .
Жаңа ғана дамып келе жатқан Қазақстан Республикасы үшін кәсіпкерлікті дамыту маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтанда кәсіпкерлікті дамыту үшін оның жеңіл жолдарын карастырғанымыз жөн. Кәсіпкерлікті енді ғана ашып келе жатқан кәсіпкерлер қаржы жағынан қысым көреді, ал франчайзингті осы мәселені шешудің құралы ретінде қарастыруға болады.
2. 1 McDonald's Corporation мысал ретінде
McDonald's Corporation - американдық корпорация, жылдам тамақтану дүкендерінің 2010 ж. дейінгі дүниежүзіндегі ірі желісі болып табылады(2-кестеде көрсетілгендей) .
2-кесте
2010 жылдың қорытындылары бойынша мейрамханалар саны бойынша Subway мейрамханалар желісінен кейін екінші орынды алады. Fortune Global 500 2009 жылғы тізіміне енген (388-ші орын) . Компанияның штаб-пәтері АҚШ, Чикаго қаласының Оук-Брук атты қалашығында орналасқан. [7]
Компания 1940 ж. ағайында Дик және Мак Макдоналдтармен ( бірінші мейрамханалары Калифорния, Сан-Бернардино қаласында ашылды), 1948 ж. дүниежүзінде ең бірінші болып "жылдам тамақтану" концепциясының принциптерін ашады. [9] 1954 ж. Рей Крок Макдоналд ағайындыларынан франчайзинг бойынша эксклюзивті агент қызметін атқару мүмкіндігіне ие болады. 1955 ж. Иллинойс штатындағы Дес-Плейнз қалашығында өзінің ең бірінші McDonald's ашады (қазіргі таңда корпорация мұражайы) . [10] 1955 ж. Крок McDonald's System, Inc компаниясын тіркейді (1960 ж. McDonald's Corporation деп атауын өзгертеді) . 1961 ж. компанияға деген барлық құқықтарды Крок толығымен сатып алады.
Компания акциясының 100% бос қолдануда. 2009 ж. маусым айының ортасына дейін 118 елде 32 060 мейрамхана (соның ішінде 14 мыңы АҚШ аймағында орналасқан) бар. Оның белгілі бір бөлігі (25 378) франчайзинг бойынша басқарылады, сондықтан мейрамханалар ассортименті, көлемі және үлестерінің құрамы әр түрлі елде әр түрлі болуы мүмкін. [8] 2010 ж. қорытындылары бойынша корпорация 32 737 дүниежүзі бойынша мейрамханаларға ие, дегенмен біріншілікті Subway компаниясына ұтылуда. Мейрамханалар ассортименті өзіне гамбургерлерді (соның ішінде Биг Макты қоса), сэндвичтер, картофель фри, десертттер, сусындар және т. б. қосады. Дүниежүзінің көптеген елдерінде мейрамхана жүйелерінде сыра сатады, дегенмен Ресейдегі "Макдоналдс" мейрамханалары алкогольсіз болып табылады. 2008 ж. компания персоналының саны 400 мың. адамды құрады. Компанияның 2008 ж. табысы 23, 5 млрд. $ құрады (2007 ж. - 22, 8 млрд. $), операциялық табысы - 4, 3 млрд. $ (2, 4 млрд. $), таза табысы - 2, 6 млрд. $ (2, 3 млрд. $) . 2010 ж. корпорация табысы рекордтық соманы 24, 07 млрд. $ қамтыды. Соның өзінде таза табыс - 4, 94 млрд. $ құрайтын.
Компанияның бірінші ресейлік мейрамханасы (ол уақытта - дүниежүзіндегі ең үлкені, қазіргі таңда - Европадағы ең үлкені), Мәскеуде Пушкин алаңында (Большая Бронная, 29) 1990 ж. 31 қаңтарында ашылады. Ашыла салысымен үлкен сенсацияға айналды: оның ішіне кіру үшін кезекте бірнеше сағат тұру қажет болатын. Мейрамхананың ашылу күнінде оған 30 мың. адам кіріп, McDonald's жүйесінде рекорд болды. Ресейдегі мейрамханалар желісі Джордж Кохонмен ашылды. Ол "Макдональдстың" канадалық басшылығының иесі болып табылады. Екінші және үшінші мейрамханалары Огарева көшесінде (қазір Газетный тұйық көшесі) және Ескі Арбатта 1993 ж. жазында ашылды. 2011 ж. Ресейдегі қараша айының қорытындылары бойынша, Ресейде "Макдональдстың" 283 мейрамханасы жұмыс істейді, оның 193-де мак таңғы ас сатып алуға болады, 139 мейрамханасында клиенттерді «Макавто» жүйесі бойынша қызмет көрсетеді, 50-де Маккафе, 60-да балаларға арналған бөлмелер, 145-де балаларға арналған іс-шараларды жүргізеді. Ресейдегі 86 мейрамхана желісінде (2011 ж. қазанның соңы) тегін Wi-Fi-желісі қосылды. Ол «Вымпелком» компаниясымен жүзеге асырылады. [9]
Морган Сперлокпен түсірілген «Двойная порция» (ағылш. Super Size Me) деректі фильмінде бас рөлдегі адам 30 күн бойы тек фастфудты ғана жейді, соның ішінде тәжірибе талаптарына сәйкес, McDonald's компаниясының тамағын күніне минимум түрде 1 рет жеуі керек болатын. Осы аталған тәжірибенің қорытындылары бойынша, медициналық мекеменің адамның денсаулығына белгілі бір зиян келгендігі туралы ақпарат шығарады. Яғни, ол 12 кг. -ға толып, қан құрамындағы кант мөлшщерінің көбейгендігі, іш ауруы, көңіл-күйінің тұрақсыздығы және т. б. қиындықтарға тап болады. Бағдарламаның авторларының айтуы бойынша, осындай жағдайдан жазылу үшін 50 000$ шамасында интенсивті жартыжылдық ем қажет болады.
Көпшілік адамдардың ойынша, McDonald's ірі бренд болып қалады. McDonald's сияқты саудалық маркалар адамдардан тез танылмайды. McDonald's логотипінің алтынмен әріптері әгілі символ бола бастайды. Бұл қызығушылықты туғызады. Қазіргі танда әлем бойынша бұл компанияның 8 астам дәмханалары бар.
Компания имиджіне үлкен әсерін шенеуніктер, антиглоболистер, заңгерлер, жас ересектердің семіріп кетуін ойлайтын ата-аналар, осы себептен бренд банкротқа ұшырауы мүмкін екені құпия емес. Осының бәрі салдар. Осыны білу үшін McDonald's-тің бүгінгі тандағы жетістіктеріне қалай жеткенін анықтау керек.
1948 ж. ағайынды, Дик және Морис МакДональд Сан-Бернардиода (Калифорния) жаңа пісірілген гамбургерлерді сататын дәмхана ашты. Ағайындар өздерінің клиенттерінің тез әрі жеңіл тағамды керек ететінін жақсы білген. Гамбургерлер, солодтан жасалған сусындар және қуырылған тағамдар басты ұсыныста болды. Алтын әріптерден жазылған саудалық маркасы дәмханалардың жақында орналасқын МакДональд отбасы ойластырған, брендтің имиджіне үлкен роль атқарар еді. [10]
Уақыт өте олардың бизнесі үлкейді және де ағайындылар Калифорнияда да 7 дәмхана аты. 1954 ж. McDonald's шағын дәмханалар жүйесі Рэй Крокты қызықтыра бастады. Крок сүт өнімдерін сататын теңізші болған. Оның McDonald's-ті сатып алуға ақшасы жеткілікті болды.
McDonald's-тің қандай жолмен аса өріге айналғанын түсіну үшін, Рэй Кроктың қандай адам екенін түсіну керек. Крок ақшаны және оны жұмсауды ұнататын адам болған. Кейде оның баспасөз мәслихаттарында өзін соңғы иемденген заттарын, яғни, қайық, араб желісін және де фермерлердің мүйізді ірі қараларын мақтағысы келетін. Қысқасы, ол өз бәсекелестеріне өте агрессивті болды. Бірде ол «Егерде мен бәсекелестің батып бара жатқанын көрсем, онда мен оның тамағына тірі ызаланған атты салар едім» деп мойындады.
Крок, әрине, бизнесте қабілеттілікті иемденді. Әр ыңғайлы кезде ол Фордтың өнеркәсібіне сүйенді. Крок сәттіліктің бір ғана формуласына сүйімді болды, ол «Сапа-клиентке ұсынылатын қызметтің тазалығында» деп есептеген. 1967 жылдан бастап Крок әлем бойынша халықаралық дәмханалар жүйесін ашты. Сөйтіп өзінің жергілікті бәсекелестерін озды. 1990 ж. McDonald's көптеген мемлекеттерде үйреншіті көрініске айналды. McDonald's бренді тіпті Мәскеуде де бар, адамдар бұл компанияның дәмханасында тамақтану үшін үлкен кезекте тұрады.
Әлем бойынша кеңейтілгеннен соң Крок және оның көмекшілері өздерінің өндірісінің төмендеуін байқады. Әрі қарай не істеу керектігін ойластырды. 1990 ж. бренд үшін сынақтан өту жылы болды. Компанияның географиялық кенеюі енді мүмкін болмағандықтан, басшылық менюіндегі ассортиментті кеңейтуді шешті. Алғашында компания менюінде 11 тағам кіретін. 1990 ж. ол тағам саны 70 дейін өсті және де клиентке қалаған тағамын таңдау үшін 20 минут берілді.
Келесі бір ауыртпашылық-ол АҚШ-та жергілікті семіздіктің дамуы байқалды. Сол уақытта менюдің әр түрлілігіне байланысты McDonald's-ке келушілер саны жоғарлады. Фирмалық жүйеге дәмді тағамдану үшін келген клиенттер, енді сот арқылы компанияға салмақтарының жоғарылауы жөнінде компанияға шағыт түсіре бастады. Қазіргі таңда семіздік халықаралық кризиске айналды. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымдары айтуы бойынша, семіздік планета бойынша жас ұрпақтың ең басты мәселесі және олардың денсаулығының төмендеуіне әкеледі, ол батыс елдері бұл тізімде ең бірінші тұр. [11]
McDonald's семіздік жөніндегі дебат талқылады. Компанияның тағамдарын жеміс майында дайындауын тоқтағанын сынады. Кейін компанияны балаларға жарнамалауды және оның жарнамалық белгісін мектеп тауары қосуы жөнінде айыптады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz