Жасушалық теория. Жасушалардың өнуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

2405191252_1

СӨБЖ

Тақырыбы: Жасушалық теория. Жасушалардың өнуі.

Оқытушы : Айтқұлов М. Т.

Студент: Байбек Нұрлан

Тобы: ЖМҚ - 83

КӨКШЕТАУ 2019

Жасуша теориясы ( клеточная теория ) ; (гр. teoriacellulae cellula - жасуша және теория) - жасушалар туралы биологиялық жалпы қорытынды, ғылыми тұжырым. Жасуша теориясының негізін қалаған неміс ғалымы Т. Шванн (1838-1839ж. ) . Жануарлар жасушасын зерттеген Т. Шванмен қатар, Жасуша теориясын жасауға өсімдіктер жасушаларын зерттеген М. Шлейден де атсалысты. Өздеріне дейінгі ғалымдар еңбектері бойынша жинақталған деректер мен өздерінің ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, Т. Шванн мен М. Шлейден жануарлар мен өсімдіктер ағзадағы органикалық табиғатының біртекті екендігін көрсете білді. Жасуша теориясы 19 ғасырда ашылған ұлы жаңалықтардың бірі болып саналады. Оның негізгі қағидалары:

  1. жасуша - тірі ағзаның тым ұсақ құрылымдық бірлігі;
  2. жануарлар мен өсімдік ағзаларындағы әртұрлі ұлпалар жасушалары құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас. Жасуша ядродан, цитоплазмадан, негізгі органеллалардан құралған;
  3. жасуша тек бөліну арқылы көбейеді;
  4. жасушалар біртұтас ағзаның бір бөлігі. Организм ұлпаларында жасушалардан басқа жасуша туындылары - бейжасушалық құрылымдар (симпласт, синцитий) және оның өнімдері - жасушааралық зат болады.

Тірі ағзалардың жасушалық құрылымының ашылуы - күрделі оптикалық аспаптардың (микроскоптардың) ойлап табылуымен тығыз байланысты болды. Өсімдік ұлпасының жасушалық құрылымын бірінші болып 1665 ж. ағылшын жаратылыстанушысы Р. Гук (1635 - 1703) ашқан. Өсімдіктер мен жануарлар ағзаларының жасушалық құрылымын Р. Гуктің замандастары италиялық ға-лым М. Мальпиги (1628 - 1694), ағылшын ботанигі Н. Грю (1641 - 1712), т. б. өз зерттеулерінде дәлелдеген (1671) . Клетка теориясысының қалыптасуына чех ғалымы Я. Пуркине (1789 - 1869) үлкен үлес қосты. Ол жасушаның негізгі қызметтік бөлігі жасуша қабықшасы емес, оның ішіндегі протоплазма екендігін дәлелдеді.

Өсімдік жасушасы протоплазмасындағы ядроны ағылшын ботанигі Р. Броун (1773 - 1858) ашты (1830) . Дегенмен ядроға көп көңіл бөлген және оны жасуша құратын цитобласт деп анықтама берген неміс ботанигі М. Шлейден (1804 - 81) . Шлейден теориясын одан әрі талдап, Клетка теориясысын құруда неміс зоологы Т. Шванның (1810 - 82) еңбегі зор болды. Ол жануарлар мен өсімдік жасушасы құрылымын салыстыруда ядроның маңызы үлкен екенін анықтады. Клетка теориясының бұдан кейінгі дамуы протоплазма мен жасуша бөлінуі ашылуына байланысты болды. 19 ғ-дың орта кезінде неміс патологы Р. Вирхов (1821 - 1902) патологиялық құбылыстарды Клетка теориясы тұрғысынан қарастырып, жасушадағы ядроның маңызы аса зор екеніне көз жеткізіп, жасушалардың бөліну арқылы көбейетіндігін дәлелдеп берді. Тұқым қуалау белгілерінің сақталуы мен ұрпақтан ұрпаққа берілуін жасуша ядросы басқаратынын Э. Геккель анықтады (1866) . 1970 - 80 ж. барлық жасушалы ағзаларға тән жасуша бөлінуінің тәсілі митоз ашылды. Қазіргі кезде Клетка теориясы көп жасушалы азғалар бірлескен жеке жасушалардан тұрады және олардың өзара байланыстылығынан ағзаның тұтастығы туады деп тұжырымдайды. Организм құрылысы күрделіленген сайын, оның тұтастық қасиеті анық байқалып, ол жануарларда жүйке, гуморалдық жүйелер, ал өсімдіктерде жасушалардың цитоплазмалық байланысы арқылы жүреді. Қазіргі заманғы электрондық микроскоп арқылы алынған ғыл. мәліметтер Клетка теориясысын одан әрі байытып, барлық тірі ағзалардың құрылымдық және қызметтік бірлігі - жасуша екендігін одан әрі дәлелдей түсті.

Жасушаның тіршілік циклі жасушаның пайда болуы, құрылысының күрделенуі, атқаратын қызметіне икемделуі, бөлінуі немесе тіршілігін жою кезеңдері аралығындағы әрқилы құбылыстар жиынтығын айтамыз.

https://myslide.ru/documents_3/f87819ac75dc034043d10b100ca1dc8e/img4.jpg

Жасушаның қартаюы

Жасуша қартайғанда бірнеше морфологиялық, физико-химиялық өзгерістер жүреді. Ең басты ерекшелік өзгерісіне жасушалардың негізгі молекулалық генетикалық тетіктері - транскрипция, трансляция, репликация процесстерінің бұзылуын айтамыз. Клетканың қартаюы катабиозға (грек. «ката» -төмен, «био»- өмір) және клетканың өліміне алып келеді. Клеткаларда өмір сүру ұзақтығы әртүрлі болады. Ұзақ өмір сүретін клеткалар бар, олар ерекше қызмет атқара отырып ағза өмірінің соңына дейін болады. Барлық тірі ағзалар жасушаларының өлуі- заңдылық болып табылады.

Жасуша қартаюының бірнеше себептері бар:

Жасушаның өлуі

Жасушалардың тіршілік әрекеті құбылысының жаңадан кері айналмайтын, өсуге, көбеюге қабілетін жоғалуын жасушаның өлуі деп атаймыз. Жасушаның өлуiнде басты екi түрлi құрылым өзгерiстерi - өлi еттену немесе некроз (грек. nеkrоsis-өлу), физиологиялық (жоспарлы) өлу - апоптоз (грек. арорtоsis-жапырақ тастау) байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лейкоздар
Қартаю кезіндегі жасушалардың өзгерістері
Цитология. Жасуша.Зақымдаушы әсерге жасушалардың реакциясы. Жасушаның қартаюы мен өлуі
Қабыну және қабыну сатысы
Қабыну жайлы
Қабыну туралы мәлімет
Қабыну
Қабыну процесі
Қабынуды емдеу
Стрес этиологиясы.Классификациясы. Қабыну,ісіну механизімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz