ҚР мен шет елердің азаматтық іс жүргізу құқығы


ҚР мен шет елердің азаматтық іс жүргізу құқығы
Дәріс сабақтарының тақырыптары Дәріс сабақтарының тақырыптары№ 1 тақырып. Азаматтық іс жүргізу құқығы және оның қағидалары
- Тақырыптың мазмұны:
Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қорғау нысандары. Соттық қорғануға құқық. Азаматтық процессуалдық форманың мәнісі, негізгі белгілері және мағынасы. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қорғаудың соттық және соттық емес нысандарының өзара қатынасы.
Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, пәні, әдістері және жүйесі. Азаматтық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен арақатынасы.
Соттық реформа және оның азаматтық іс жүргізу құқығына әсері. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері. Азаматтық-
процессуалдық нормалар, оның құрылымы және уақыт бойынша, кеңістікте және тұлғалар шеңберінде қолданыста болуы (әрекет етуі) .
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының пәні және жүйесі.
Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларының ұғымы, жүйесі және олардың мағынасы.
Жалпы құқықтық заңдылық қағидасы және оны азаматтық іс жүргізуде іске асыру.
Азаматтық іс жүргізу құқығының ұйымдастырушылық қағидалары: сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы; судьялардың ауыстырылмайтындығы, тағайындалуы және сайлануы; судьялардың тәуелсіздігі және тек заңға бағынуы; азаматтық істерді жеке дара және алқалы құрамда қарау; азаматтар мен ұйымдардың заң мен сот алдындағы теңдігі; тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін, іскерлік беделін құрметтеу; сот талқылауының жариялылығы; сот ісін жүргізу тілі.
Азаматтық іс жүргізу құқығының қызметтік қағидалары: диспозитивтілік; сайысушылық (жарыспалылық) ; тараптардың тең құқылы болуы; сот талқылауының ауызша және тікелей жүргізілуі; үзіліссіздік.
- дәріс сабағы тақырыбының осы тақырыпты меңгерген студенттің құзыреттілігімен байланысы
Тақырыптың мақсаты - құқық саласы ретіәнде азаматтық іс жүргізу құқығының нақты институттарының мазмұнын меңгеру үшін және азаматтық іс жүргізу заңнамасының жалпы бастамалары мен мәнісі ретінде азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары туралы, азаматтық іс жүргізу құқығының даму тенденциялары мен келешегі жөнінде түсінікті қалыптастыру үшін қажетті жалпы теориялық ұғымдарды оқып-үйрену.
Аталмыш тақырыпты оқып-үйренген соң студент міндетті:
білуге : «қорғау нысаны», «оттық қорғануға конституциялық құқық», «азқаматтық істер бойынша сот төрелігі», «сала», «ғылым»,
«пән», «құқықтың қайнар көзі», «азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары», олардың жіктелуі және мағынасы туралы ұғымдардың мазмұнын.
қабілетті болуға: «саланың пәні мен ғылым пәні», «сот төрелігі және азаматтық іс жүргізу құқығы», «азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы және әдістері» ұғымдарын ажырата білу.
- Сот тәжірибесінен мысалдар
Гражданское законодательство. Статьи. Комментарии. Практика. Вып. 45: Статьи, Үлгi: Сборник судебных актов по недействительным сделкам /Под ред. К. А. Мами, А. Г. Диденко. - Алматы: Раритет, 2016. - 276 с.
- ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. // http://adilet. zan. kz/kaz/docs/K950001000_
2 Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі. Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ. // http://adilet. zan. kz/kaz/docs/K15377
- Акимбекова С. А. Роль нормативных постановлений в системе нормативных правовых актов и действующего права // ж. «Әдiлет», 2014. № 1. - С. 55-59.
- Акимбекова С. А., Тлегенова Ф. А. О развитии гражданского процессуального права в Республике Казахстан //Сборник науч. ст. Евразийский гражданский процесс: к 25-летию стран СНГ и Балтии под ред. Д. Я. Малешина. - Москва, 2015. - С 63-108.
- Абдикаримов Н. Азаматтық істі мемлекеттік тілде жүргізудің өзекті мәселелері // Заңгер. - 2013. - №1. - С. 38-40.
- Атаханова С. К. Ежелгі римдегі азаматтық іс жүргізудің нысандары // ҚазҰУ хабаршысы. Заң сер. = Вестник КазНУ. Сер. юридическая. - 2014. - №1. - С. 131-134.
- Атаханова С. К., Омарова М. С. Азаматтық іс жүргізудегі жариялық принципі // ҚазҰУ хабаршысы. Заң сер. - 2016. - №1. - С. 130- 133.
- Мақұлбеков Б. Азаматтық процесс: бүгіні мен болашағы // Заң газеті. - 2014. - 1 сәуір (№45) ; 2 сәуір (№46) .
- Мәуленқұлов Ғ. Төрешілдік рәсімдерді азайту - сот төрелігінің сапасын арттыру кепілі // Заңгер. - 2015. - №5. - С. 43-45.
- Талапова Г. Т. Принцип диспозитивности гражданского процесса и его реализация в законодательстве и судебной практике // www. zakon. kz
- Тақырыптың мазмұны:
Азаматтық сот ісін жүргізудің ұғымы. Азаматтық іс жүргізудің сатылары.
Сот жүйесін реформалаудың азаматтық сот ісін жүргізуге әсері.
Азаматтық сот ісін жүргізуді дифференцияциялау және оның түрлері.
Оңайлатылған сот ісін жүргізудің жалпы сипаттамасы. Соттардың мамандандырылуы.
Азаматтық-құқықтық дауларды реттеудің балама тәсілдері және азаматтық сот ісін жүргізу.
Процестік мерзімдердің ұғымы және мәнісі. Процестік мерзімдердің түрлері.
Процестік мерзімдерді есептеу. Процестік мерзімді өткізіп алудың салдарлары. Процестік мерзімдерді ұзарту және қалпына келтіру тәртібі.
Азаматтық істерді қараудың мерзімдері (толық және қысқартылғын) .
Азаматтық ісжүргізудегі сот шығыстарының ұғымы және құрамы. Мемлекеттік баждың ұғымы және түрлері. Мемлекеттік баждың мөлшері. Мемлекеттік бажды төлеушілер, мемлекеттік бажды төлеуден босатылған тұлғалар.
Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар. Сот шығыстарынан босату. Сот шығыстарын бөлу.
- дәріс сабағы тақырыбының осы тақырыпты меңгерген студенттің құзыреттілігімен байланысы
Тақырыптың мақсаты - азаматтық іс жүргізу заңнамасына және азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларын тиісінше іске асырумен сәйкес сот ісін жүргізудің бір түрі ретінде азаматтық сот ісін жүргізу туралы, сондай-ақ процестік мерзімдер мен іске қатысушы тұлғаларға жүктелетін сот шығыстары туралы ұғымды студенттерде қалыптастыру.
Аталмыш тақырыпты оқып-үйренген соң студент міндетті:
білуге : азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері, «азаматық іс жүргізу», «азаматтық істер», «азаматтық іс жүргізу сатысы», «азаматтық сот ісін жүргізудің түрлері», «талап қою ісін жүргізу», «ерекше іс жүргізу», «ерекше талап қою ісін жүргізу», «оңайлатылған іс жүргізу» туралы ұғымдардың мазмұнын.
қабілетті болуға: азаматтық сот ісін жүргізудің белгілері мен түрлерін анықтау, кез келген сатының мазмұнын.
- Сот тәжірибесінен мысалдар
Гражданское законодательство. Статьи. Комментарии. Практика Вып. 41: Судебные акты, связанные с нотариальной деятельностью /Под ред. А. Г. Диденко. - Алматы: Раритет, 2013. - 344 с.
- ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. // http://adilet. zan. kz/kaz/docs/K950001000_
2 Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі. Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ. // http://adilet. zan. kz/kaz/docs/K15377
- «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдарды қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 9 Нормативтік қаулысы // http://adilet. zan. kz/kaz/docs/P069S_
- Алимбеков М. Актуальные вопросы совершенствования правосудия в Республике Казахстан // Заңгер №7 (168) июль 2015. - С. 12-17.
- Баймолдина З. Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан: В двух томах. Том 1. Учебник. - Алматы: КазГЮА, 2001. - 416 с.
- Баулин О. В., Носырева Е. И., Фильченко Д. Г., Шеменева О. Н. Виды гражданского судопроизводства: учебное пособие. - М. : Инфотропик Медиа, 2012. - 280 с.
- Иовов Э. Повышение доступа к правосудию // Заңгер №4 (165) апрель 2015. - С. 20-24.
- Комиршинов М. Оптимизация гражданского процесса / Гражданское законодательство. Статьи. Комментарии. Практика /Под ред. К. А. Мами, А. Г. Диденко. - Алматы: Раритет, Институт правовых исследований и анализа, 2014. - Вып. 29. - С. 24-30.
- Есбағанбаетов Ш. Азаматтық іс жүргізуді жетілдірудің (оңтайландырудың) кейбір мәселелері туралы // Заңгер. - 2013. - №9. - С. 16-18.
- Тақырыптың мазмұны:
Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының ұғымы және оның ерекшеліктері.
Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының туындау негіздері.
Азаматтық процессуалдық құқық қабілеттілік және азаматтық процессуалдық әрекет қабілеттілік.
Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының мазмұны және объектісі.
- дәріс сабағы тақырыбының осы тақырыпты меңгерген студенттің құзыреттілігімен байланысы
Тақырыптың мақсаты - азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының заңдық табиғаты мен мәнісі туралы, олардың
ерекшеліктері мен басқа да құқық қатынастарынан айырмашылығы туралы ұғымды студенттерде қалыптастыру.
Аталмыш тақырыпты оқып-үйренген соң студент міндетті:
білуге : азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының ұғымы, мәнісі және туындау негіздері.
қабілетті болуға: азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының белгілері мен олардың азаматтық-құқықтық қатынастардан айырмашылығын айқындау.
- Сот тәжірибесінен мысалдар
Гражданское законодательство. Статьи. Комментарии. Практика. Вып. 47: Статьи, Үлгi: Жилищные споры /Под ред. К. А. Мами, М. Т. Алимбекова, А. Г. Диденко. - Алматы: Раритет, 2016. - 128 с.
- ұсынылатын әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі. Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ. // http://adilet. zan. kz/kaz/docs/K15377
- Александров А. Ю. Особенности гражданских процессуальных правоотношений // Вестник Калужского университета, № 4(29), 2015. - С. 13-15.
- Баймолдина З. Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан: В двух томах. Том 1. Учебник. - Алматы: КазГЮА, 2001. - 416 с.
- Васьковский Е. В. Курс гражданского процесса: Субъекты и объекты процесса, процессуальные отношения и действия. - М. : Статут, 2016. - 624 с.
- Гражданский процесс: учебник/ Отв. ред. Блажеев В. В., Уксусова Е. Е. - М. : Проспект, 2015. - 736 с.
- Курмантаева Л. О казахстанской модели оценки качества работы судов // Заңгер №3 (164) март 2015. - С. 12-16.
- Мохов А. А., Воронцова И. В., Семёнова С. Ю. Гражданский процесс (гражданское процессуальное право) России: учебник / отв. ред. А. А. Мохов. - М. : ООО «Юридическая фирма Контракт», 2017. - 384 с.
- Нұрмашев Ү. Ө. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы: оқу құралы: қысқаша курс - Өңделіп, толықт. 2-ші басылым. - Алматы: Жеті Жарғы, 2013. - 317 б.
- Тақырыптың мазмұны:
Сот азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының міндетті субъектісі. Соттың құқықтық жағдайы. Соттың құрамы.
Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың ұғымы және оның процессуалдық құқықтары мен міндеттері.
Процессуалдық іске ортақ қатысудың ұғымы, мақсаты, негіздері және түрлері. Іске ортақ қатысушылардың құқықтары мен міндеттері.
Тиісті емес жауапкердің ұғымы. Тиісті емес жауапкерді ауыстырудың шарттары, тәртібі және салдарлары.
Процестік құқық мирасқорлығының ұғымы және негіздері. Іс жүргізуге құқық мирасқорының кірісу тәртібі және оның құқықтық жағдайы.
Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар және олардың түрлері.
Прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысу негіздері мен нысандары. Азаматтық іс жүргізудегі прокурордың процессуалдық жағдайы. Оның құқықтары мен міндеттері.
Басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығы берілген мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, заңды тұлғалар немесе азаматтардың азаматтық іс жүргізуге қатысу негіздері және мақсаты.
Сотта өкілдік етудің ұғымы, соттағы өкіл және оның өкілеттігі.
Сот төрелігін жүзеге асыруға көмектесуші тұлғалар. Олардың құқықтары мен міндеттері.
- дәріс сабағы тақырыбының осы тақырыпты меңгерген студенттің құзыреттілігімен байланысы
Тақырыптың мақсаты - азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының субъектілері және олардың құқықтық жағдайы туралы және азаматтық іс жүргізудің әрбір субъектісінің жеке дара құқықтық жағдайы туралы түсінікті қалыптастыру.
Аталмыш тақырыпты оқып-үйренген соң студент міндетті:
қабілетті болуға: азаматтық процессуалдық құқық қатынастарыныңың субъектісі ретінде соттың ерекше мәртебесін, азаматтық процессуалдық құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік ұғымдарының материалдық құқықтағы ұқсас ұғымдарынан ажыратуды, азаматтық істің қаралуына қатысты заңдық мүдделері белгісі бойынша азаматтық процессуалдық құқық қатынастары субъектілерінің жіктелуін. істей білуге : тиісті емес жауапкерді тиістісінен, даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғаны дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғадан, іске ортақ қатысушыларды
үшінші тұлғалардан ажырата білу.
- Сот тәжірибесінен мысалдар
Гражданское законодательство. Статьи. Комментарии. Практика. Вып. 51: Үлгi: Налоговые споры. /Под ред. К. А. Мами, А. Г. Диденко. - Алматы, 2017. - 172 с.
- ұсынылатын әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі. Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ. // http://adilet. zan. kz/kaz/docs/K15377
- Абдрахманова С. Ж., Канатов А. К. К вопросу определения места и роли органов прокуратуры. // Журнал Право и государство.
№4(73) 2016. - С. 26-31.
- Акимбекова С. А., Лер С. М., Скрябин С. В. Участие прокурора в гражданском процессе: сравнительно-правовой анализ // http://lprc. kz/files/library
- Баймолдина З. Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан: В двух томах. Том 1. Учебник. - Алматы: КазГЮА, 2001. - 416 с.
- Гражданский процесс: учебное пособие / М. Ю. Лебедев, Ю. В. Францифоров, А. В. Чекмарева. - Москва: Юрайт, 2015. - 233 с.
- Идрисова С. Совершенствование института судебного представительства: вопросы правотворчества и правоприменения // Заңгер №5 (166) май 2015. - С. 71-74.
- Конусова В. Т. Роль и формы участия прокурора в гражданском процессе в контексте нового гражданского процессуального кодекса // Вестник Института законодательства Республики Казахстан №2 (43) 2016. - С. 24-32.
- Мухамеджанов Э. К вопросу о представительстве в суде по материалам проекта ГПК. // Заңгер №5 (166) май 2015. - С. 74-78.
- Қалиев А. Азаматтық істер бойынша сотта өкілдік етудің өзекті мәселелері // Заң. - 2013. - №10. - С. 28-29.
- Тақырыптың мазмұны:
Ведомстволықтың түрлері.
Сотқа талап қою істерінің ведомстволығы. Ерекше талап қою және ерекше іс жүргізу істерінің ведомстволығы. Бірнеше өзара байланысты істердің ведомстволығы. Сот ведомстволығының басымдығы.
Ведомстволық туралы заңнаманы даму тенденциялары.
Соттылықтың ұғымы. Соттылықтың ведомстволықтан айырмашылығы.
Соттылықтың түрлері. Тектік соттылық. Аумақтық соттылық және оның түрлері. Мамандандырылған соттарға азаматтық істердің сотылығы. Соттылық туралы келісім. Істі басқа сотқа берудің тәртібі. Соттылық туралы тәртібпті сақтамаудың саларлары.
Соттылық туралы даулар.
- дәріс сабағы тақырыбының осы тақырыпты меңгерген студенттің құзыреттілігімен байланысы
Тақырыптың мақсаты - соттық қорғану құқығына кепілдік ретінде ведомстволық және соттылық ережелерінің көмегімен рисдикциялық органардың арасында юрисдикцияны (құзыретті) бөлуге
қатысты және олардың мағынасы туралы студенттің кешенді білімін қалыптастыру.
Аталмыш тақырыпты оқып-үйренген соң студент міндетті:
білуге : соттық қорғану құқығын іске асыру тетігінде
«ведомстволық және соттылық» ұғымдарының мазмұнын және айырмашылығын; ведомстволық пен соттылықтың түрлерін.
қабілетті болуға: талап қою құқығын іске асырудың алғышарты ретінде ведомстволық және соттылық құқықтық санттарының мазмұнын және талап қою құқығын іске асырудың шарттарын анықтау;
«ведомстволық» ұғымының «соттық құзыреттілік және соттылық» ұғымынан айырмашылығын айқындау.
- Сот тәжірибесінен мысалдар
Гражданское законодательство. Статьи. Комментарии. Практика. Вып. 48: Статьи, Үлгi: Аренда. Земельные споры /Под ред. К. А. Мами, А. Г. Диденко. - Алматы: Раритет, 2016. - 224 с.
- ұсынылатын әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі. Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ. // http://adilet. zan. kz/kaz/docs/K15377
- Бегалиев Б. Доступ к правосудию, приближение судов к месту нахождения сторон, подсудность специализированных судов // Заңгер
№7 (168) июль 2015. - С. 62-67.
- Виляк О. М. О проблеме разграничения подведомственности дел об оспаривании постановлений, действий (бездействия) должностных лиц службы судебных приставов между судами общей юрисдикции и арбитражными судами // Исполнительное право. - М. : Юрист, 2013, № 1.
- С. 12-20.
- Дүйсенова Э. О. Қазақстан Республикасында азаматтық сот ісін жүргізудегі істердің соттылығы: монография - Алматы : Қазақ ун-ті, 2009. - 185 б
- Кайса С., Искакова А. Комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу РК. (Часть 2) . - Алматы: Жети Жаргы, 2014. - 384 с.
- Тлегенова Ф. А. К вопросу о специализации судов в Республике Казахстан // Материалы 4-ой международной научно-теоретической конференции «Худяковские чтения по финансовому праву». - Алматы, ТОО «Налоговый эксперт», 2014. - С. 259-269.
- Нұрмашев Ү. Ө. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы: оқу құралы: қысқаша курс - Өңделіп, толықт. 2-ші басылым. - Алматы: Жеті Жарғы, 2013. - 317 б.
- Тақырыптың мазмұны:
Соттық дәлелдеудің ұғымы, мақсаты және субъектілері.
Соттық дәлелдемелердің ұғымы және жіктелуі.
Іс жүзіндегі деректер және дәлелдеу тәсілдері. Дәлелдемелік фактілер.
Дәлелдеу пәнінің ұғымы. Дәлелдеуге жатпайтын фактілер.
Дәлелдеу тәртібі. Дәлелдемелердің қатыстылығы және жарамдылығы. Дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін мәліметтер. Дәлелдемелердің анықтығы және жеткіліктігі.
Дәлелдеу бойынша міндеттерді бөлу. Дәлелдемелік призумпциялар (ұғымы және мағынасы) .
Дәлелдемелерді ұсыну. Соттың дәлелдемелерді талап етіп алдыруы. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету дәлелдемелерді бекіту тәсілі ретінде (негіздері мен тәртібі) . Сот тапсырмасы. Сот тапсырмасын беру мен орындаудың процессуалдық тәртібі.
Дәлелдемелерді зерттеу (уақыты, орны және субъектілері) .
Дәлелдемелерді зерттеудің тәртібі.
Дәлелдемелерді бағалау (уақыты, орны және субъектілері) . Дәлелдеу тәсілдерінің түрлері.
Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктері және оларды бағалау.
Куәнің айғақтары. Куәнің құқықтары мен міндеттері. Куәлардан айғақтар алудың процессуаллдық тәртібі. Куә ретінде бола алмайтын тұлғалар.
Жазбаша дәлелдемелер және оны бағалау. Жазбаша дәлелдемелердің түрлері (мазмұны бойынша, субъектілері бойынша, құрылу сипаты бойынша) .
Заттық дәлелдемелер және оны бағалау. Заттық дәледемелердің жазбаша дәлелдемелерден айырмашылығы.
Орнында қарап-тексеру. Орнында қарап-тексеруді жүргізудің тәртібі.
Азаматтық іс жүргізудегі сараптама. Сарапшының қорытындысы және оны бағалау. Сарапшының процессуалдық құқықтары мен міндеттері. Сараптаманы тағайындау мен жүргізудің тәртібі. Сарапшыдан жауап алу. Алғашқы, қосымша және қайталама сараптама. Жеке-дара, комиссиялық және кешенді сараптамалар.
Процессуалдық әрекетке қатысуға маманды қатыстыру.
- дәріс сабағы тақырыбының осы тақырыпты меңгерген студенттің құзыреттілігімен байланысы
Тақырыптың мақсаты - жалпы және атап айтқанда, азаматтық сот ісін жүргізудегі дәлелдемелік құқық теориясының жалпы ережелері туралы, азаматтық істер бойынша дәлелдеу процесінің мәнісі мен мазмұны туралы, сондай-ақ оның қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеуден айырмашылығы туралы студенттің кешенді білімін қалыптастыру.
Аталмыш тақырыпты оқып-үйренген соң студент міндетті:
білуге : дәлелдемелік құқықтың негізгі ұғымы мен дәлелдеу процесін реттейтін ережелерді, сонымен қатар соттық дәлелдеудің әрбір сатысының мазмұнын.
қабілетті болуға: заңдық фактілерді дәлелденетін (дәлелдеуге жатқызылған), дәлелдеуден босатылған, әртүрлі санаттар бойынша дәлелдемелік және процессуалдық дәлелдемелер, нақты істің санаты бойынша дәлелдеу міндетін анықтау.
- Сот тәжірибесінен мысалдар
Гражданское законодательство. Статьи. Комментарии. Практика. Вып. 52: Үлгі: Купля-продажа. Трудовые споры / Под ред. К. А. Мами, А. Г. Диденко, Алматы: 2017. - 204 с.
- ұсынылатын әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі. Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ. // http://adilet. zan. kz/kaz/docs/K15377
- Атаханова С. К., Мірәлиева М. Қ. Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдемелерді бағалаудың мәні және мазмұны // ҚазҰУ хабаршысы. Заң сер. - 2016. - №1. - С. 104-108.
- Баймолдина 3. X. Доказывание и доказательства в гражданском судопроизводстве: Научно-практическое пособие. - Алматы: Жетi Жаргы, 2001.
- Борчашвили И. Ш. Современное состояние и перспективы развития казахстанской судебно - экспертной деятельности // Право и государство. № 1(70) 2016. - С. 33-38.
- Вердиян Г. Пределы судейского усмотрения при реализации добросовестности и иных оценочных категорий в гражданском праве России. // №2 (163) февраль 2015 г. - С. 82-88.
- Курманбаев Б. М., ШагдароваТ. А. Институт частных судебных экспертов в Республике Казахстан // Право и государство. № 1(70) 2016.
- С. 57-60.
- Лебедев М. Ю. Гражданский процесс: учебник. - Москва: Юрайт: ИД Юрайт, 2012. - 410 с.
- Сисенова М. Свидетель, имеющий право на защиту // Заңгер №2 (163) февраль 2015 г. - С. 68-72.
- Треушников М. К. Судебные доказательства. Изд-во Городец, http://www. flip. kz/descript?cat=people&id=1446902016. - 304 с.
- Тақырыптың мазмұны:
Талап қою ісінің ұғымы. Талап қою ісін жүргізудің тәртібі. Талаптың ұғымы, оның түрлері және элементтері.
Талапқа құқық және талап қоюға құқық. Талапқа құқықтың алғышарттары (жалпы және жеке, оң және теріс) .
Талаптарды біріктіру және бөлу.
Жауапкердің мүдделерін қорғау. Талапқа қарсылық білдіру (материалдық және процессуалдық) . Қарсы талап қою.
... жалғасыТалапты өзгерту. Талаптан бас тарту. Талапты тану. Татуласу келісімі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz