Массалық, элитарлық мәдениеттің қазіргі мәдениеттегі көрінісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Базалық дайындық факультеті

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Тақырыбы: Массалық, элитарлық мәдениеттің қазіргі мәдениеттегі көрінісі

Орындаған: Есеп және Аудит мамандығының
II курс студенті Абуталип Мадина

Қабылдаған: ф.ғ.к., доцент Жаксыбаева Б. Б.

Алматы, 2019

Түйіндеме
Ұсынылған ғылыми жоба: Массалық, элитарлық мәдениеттің қазіргі мәдениеттегі көрінісі атты тақырыптың зерттеу өзектілігі зор.
Таңдалған тақырып өзектілігі: Мәдениет пен тұлға бір-бірімен өзара байланысты болған соң, тұлғаны қалыптастыруда мәдениеттің рөлі және тұлғаға деген әсері сөзсіз. Жаңа заман мәдениетіндегі элитарлық мәдениет пен қазіргі жаһандану кезеңіндегі массалық мәдениеттегі тұлға бейнесі. Әсіресе мәдениет философиясы контексінде массалық, элитарлық мәдениеттің жалпы адам мен оның әлемді көркейту тәсілі ретіндегі мәндері ашылуы маңызды мәселе. Ғасырлар аралығында созылған классикалық дәстүрлі мен жаңашыл мәдениеттің арасында XX ғасырда қақтығыс байқалып, мұның негізінде XXI ғасыр мәдениетінде үлкен өзгерістер трансформациясы айқындалады.
Зерттеу мақсаты: Жаңа замандағы мәдениет құндылықтар қазіргі кезде қалай өзгеріп жатқанын көрсету және қазіргі кезде қоғамда қалыптасып жатқан мәселелерді айқындау.
Зерттеу міндеттері:
Жаңа замандағы тұлғанының қалыптасуына ықпал еткен факторлар;
Жаңа замандағы элитарлық мәдиенттің дамуы;
Алаш интеллигенциясының тұлғаны қалыптастыруда қосқан үлестері;
Мәдениеттің даму динамикасын бақылап шығу;
Қазіргі таңда құндылықтардың өзгеруі;
Массалық мәдениеттің қоғамда туғызған салдары.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: тарихи-хронологиялық, салыстырмалы-аналитикалық әдістер болды.
Қайнар көз негізін қазақ ғалымдарының: С. Нұрмұратов, З.А Мукашев, орыс ағартушы-ғалымдарының: Ф.М. Достоевский, Н.Я. Данилевский,шетел ағартушы-ғалымдарының: Фридрих Ницше, Ортега-и-Гассет, А.Шопенгауэр т.б. еңбектері құрады.

Абстракт
Актуальность предложенного научного проекта: отражение массовой, элитарной культуры в современной культуре.
Актуальность выбранной темы: После того, как культура и личность взаимосвязаны друг с другом, несомненно роль культуры в формировании личности и ее влияние на личность. Образ личности в массовой культуре в период элитарной культуры Нового времени и современной глобализации. Особенно актуальной проблемой в контексте философии культуры является то, что массовая, элитарная культура раскрывается как общечеловеческие и его значения как способ благоустройства мира. Среди классической традиционной и новаторской культуры, длившейся на протяжении веков, в XX веке наблюдается конфликт, на основе которого определяется трансформация больших изменений в культуре XXI века.
Цель исследования: показать, как изменяются культурные ценности в современном мире и выявить проблемы, складывающиеся в современном обществе.
Задачи исследования:
- Факторы, способствующие становлению личности нового времени;
- Развитие элитарной культуры Нового времени;
- Вклад алашской интеллигенции в формирование личности;
- Отслеживать динамику развития культуры;
- Изменение ценностей в настоящее время;
- Последствия массовой культуры в обществе.
Методологической основой исследования стали историко-хронологические, сравнительно-аналитические методы.
Основу источника составляют труды казахских ученых: С. Нурмуратов, З. А. Мукашев, ученых-русских просветителей: Ф. М.Достоевского, Н.Я. Данилевский,зарубежных ученых-просветителей: Фридрих Ницше, Ортега-и-Гассет, А. Шопенгауэр и др.

Abstract

Relevance of the proposed research project: "reflection of mass, elite culture in modern culture."
Relevance of the chosen topic: After culture and personality are interconnected with each other, there is no doubt the role of culture in the formation of personality and its influence on personality. The image of personality in popular culture in the period of elite culture of Modern times and modern globalization. A particularly relevant problem in the context of the philosophy of culture is that mass, elite culture is revealed as universal and its meaning as a way of improving the world. Among the classical traditional and innovative culture, which lasted for centuries, in the XX century there is a conflict, on the basis of which the transformation of great changes in the culture of the XXI century is determined.
The aim of the research is to show how cultural values are changing in the modern world and to identify the problems emerging in modern society.
Research problem:
- Factors contributing to the formation of the personality of the new time;
- The development of an elitist culture of the New time;
- Contribution of the Alash intelligentsia to the formation of personality;
- Monitor the dynamics of culture development;
- Changing values now;
- Consequences of mass culture in society.
The methodological basis of the study was historical-chronological, comparative-analytical methods.
The basis of the source is the works of Kazakh scientists: S. Nurmuratov, Z. A. Mukashev, scientists-Russian educators: F. M. Dostoevsky, N. ya. Danilevsky, foreign scientists-educators: Friedrich Nietzsche, Ortega-I-Gasset, A. Schopenhauer, etc.

Жоспар
Кіріспе 1
1. Жаңа заман мәдениетінде тұлға бейнесі
1.1 Элитарлық мәдениеттің Жаңа заманда көрінісі 3
1.2 Қазақ қоғамындағы Алаш зиялылаларының орны 4
1.3 Массалық және элитарлық мәдениетіндегі байланыс 4

2. Қазіргі таңдағы мәдениеттің бейнесі
2.1 Құндылықтардың өзгеруі 14
2.2 Массалық мәдениеттің қоғам санасына ықпалы 18
2.3 Массалық мәдениет туғызған мәселелер 21

Қорытынды 24

Қолданылған әдебиеттер 26

Кіріспе
Мәдениет әр кезеңде тұлғаның дамуына әр-түрлі әсер еткен. Әсіресе қоғамда мәдениет алып жатқан орны ерекше болған соң, мәдениет тұлға түсінігімен де тығыз байланысты болады. Тұлға - бұл жеке индивид. Бірақ, әр индвид тұлға бола алмайды. Индивид болып адам туылады, ал тұлға болып қалыптасады. Тұлға ұғымы индивидтің рухани келбетін білдіреді, оның өмірінің нақты әлеуметтік ортасындағы мәдениеттен байланыс орнату арқылы туындайды.
Жеке тұлғаның өзі құндылық ретінде, шын мәнінде мәдениеттің жалпы рухани бастауын қамтамасыз етеді. Мәдениет адамға рухани, адамгершілік, шығармашылық тұлға болуға мүмкіндік береді. Мәдениет адамның ішкі әлемін қалыптастырады, оның жеке басының мазмұнын ашады. Әсіресе, Жаңа заманда мәдениет тұлғаны қалыптастыруда үлкен рөл алды. Ол уақытта тұлға мәдениеттің арқасында жан жақты дамыған. Бұл уақытты еске алсақ, элита ұғымы еске түседі. испандық философтың Ортега-и-Гасет тұжырымдамасы бойынша, қоғамды екі топқа бөледі- көпшілігі (массасы) және азшылық (элита). Соның ішінде, элита эстетикалық ойлауға және көркем өнерге қабілетті келеді. Яғни, қазіргі таңда да элита ұғымы кездеседі, бірақ ол өз ұғымын жойды.
Ал, осыған байланысты қазіргі кезде массалық мәдениет ұғымы туындады. Массалық мәдениет ұғымын алсақ, менің ойыма бірден техника құралдары мен интернет есіме түседі. Ал, бұлардың ортақ атауын БАҚ деп алсақ болады. Қазіргі таңда осы массалық мәдениет кесірінен қоғамда көптеген мәселелер туындауда. Батысқа еліктеушілік жиі байқалуда, адам өзінің мәдениетінен бас тартып, басқа мәдениетті мойындауда. Тұлғаның іштей дағдарысқа түсуі. Себебі массалық мәдениеттің қорқынышты құралы бұқаралық ақпарат құралдары бар. Бұл тәуелсіз адамға үлкен қауіп төндіреді, адамның санасын өзіне керекті жаққа оңай бұрып алады. Массалық мәдениет кейіпкердің формуласын, қайталанатын бейнені, стереотипті жасайды. Мұндай жағдай белгілі адамға табынушылықты тудырады. Жалған "Олимп" туындайды, Құдайларды -- "жұлдыздар" алмастырады және жанкүйерлер тобыры пайда болады. Бұл тұрғыда массалық мәдениет бақытты әлем туралы миф түсінігін орнатады. Бұл ретте ол тыңдаушыны, көрерменді, оқырманды осындай әлемге сендіріп, шынайы өмірден тыс баспана ұсыну.
Қоғам мен қоршаған орта арасындағы өзара әсерлесу барысында мәдениет өркениетке айналып, адамдардың бойындағы болмыстық ерекшеліктер нәтижесінде құндылықтар құнсызданады, осы үдерісте адамның жаттануы, құралға айналуы, ұлтаралық қарама қайшылықтар пайда болуы мүмкін. Міне, бұл адам болмысының ерекшелікке ұмтылуында туындайтын үдерістер. Ал, жалпыға ортақ - өнегелілік, ізгіліктілік тәрізді адамзаттық құндылықтар адами болмысын сақтауға жетелейді.

1. Жаңа заман мәдениетінде тұлға бейнесі
1.1 Элитарлық мәдениеттің Жаңа заманда көрінісі
Элитарлық мәдениет өзін тар шеңберінде қалыптасқан "жоғары білікті мамандар" шығармашылығы ретінде бекітеді, оны түсіну жоғары білімді бағалаушылардың дәл сондай тар шеңберінде орналасу арқылы жүзеге асады. Элитарлық мәдениет күнделікті өмірдің "дағдылығынан" жоғары тұрғанын және қоғамның әлеуметтік-саяси проблемаларына қатысты "Жоғары Сот" позициясын иеленетінін көрсетеді. Элитарлық мәдениетті қалыптастырған элита. Ортеганың пікірінше, элита бұл аристократия емес және қоғамның артықшылықты топтары да емес, қоғамның "қабылдаудың ерекше органы" бар бөлігі. Бұл мәдениет қоғамдық прогреске ықпал етеді. ...Лучшие познавали самих себя, учились понимать свое предназначение: быть в меньшинстве и сражаться с большинством. Элитарлық мәдениет, әдетте, мәдени дағдарыс кезінде туындайды, ескі мәдениеттен шығып жаңа мәдениетті қалыптастырады.
Элитарлық мәдениет шығармашылық авангард, өнердің жаңа түрлері мен формалары үнемі құрылатын өнер зертханасы. Ол әлі де жоғары мәдениет деп аталады, өйткені ол қоғамның элитасы немесе оның тапсырысы бойынша кәсіби жаратушылар. Ол әсем өнерді, классикалық музыка мен әдебиетті қамтиды. Әдетте, элитарлық мәдениетті орта білімді адам қабылдау деңгейінен озады. Элитарлық мәдениеттің жаратушылары, әдетте, кең аудиторияға арналмаған. Бұл жұмыстарды түсіну үшін ерекше өнер тілін білу керек.
Томас Карлейль XIX ғасырда Еуропаның мәдени өміріндегі думның билеушісі және сол уақыттың шынайылығын анықтайтын әлеуметтік-мәдени үдерістердің терең сыншылы болды. Карлейль Ницше, Леонтьев сияқты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теориялар критикасы және буржуазиялық «бұқаралық мәдениеттің» тәжірибелері
Саяси мәдениет типтері. Мәдениеттегі саясаттың орны
Мәдениеттану ғылым ретінде
Қазіргі ақпараттық қоғам
ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Этика оқу-әдістемелік нұсқаулар мен дәрістер мәтіні
Әлеуметтану бойынша дәрістер
Мәдениеттің жекеленген түрлеріне шағын талдама
Қазақ тіліндегі тілдік тұлға мәселесі
Пәндер