Қожа Ахмет Иасауи Даналық кітабы, Ахмед Иүгінекидің Ақиқиат сыйы, Сүлеймен Бақырғанидың Ақырзаман кітабы


Қожа Ахмет Иасауи «Даналық кітабы», Ахмед Иүгінекидің «Ақиқиат сыйы», Сүлеймен Бақырғанидың «Ақырзаман кітабы»
Жоспар
1 Қожа Ахмет Иасауи «Даналық кітабы»
2 Ахмед Иүгінекидің «Ақиқиат сыйы»
3 Сүлеймен Бақырғанидың «Ақырзаман кітабы»
1 Қожа Ахмет Иасауи «Даналық кітабы»
ХІ-ХІІ ғасыр сопылық əдебиеттің көрнекті өкілдері Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») жинағы мен Ахмет Йүгнекидің «Һибат-ул-хақайиқ» («Ақиқат сыйы») және Сүлеймен Бақырғанидың «Ақырзаман кітабы» мәні мен мағынасын әлі жоғалтпаған құнды еңбектер. Парақ бетіне түскеніне жүз жылдай болсада мәнін саралап, ой салатын еңбектерді күнделікті өмірімізде қолдансақ ұлылар салған жолды құрметтеумен қатар өзімізгеде бір жақсылық болғай. Ахмет Иасауидің «Диуани хикметі» - ХІІ ғасырда түркі тілінде жазылған түркі əдебиетінің ең көне үлгілерінің бірі. Шығармада пайғамбар мен оның сахабалары туралы айтылады, əлеуметтік, əскери, саяси мəселелер, мемлекеттік басқаруға байланысты ой-тұжырымдар, тариқат əдебі, имандылық қағидалары кеңінен қамтылады.
Қожа Ахмет Иасауи 1093 жылдар мен 1166 жылдар аралығында өмір сүрген түркістандық ғұлама және белгілі ақындардың бірі. Ол қазіргі Сайрам қаласы орналасқан Исфиджаб қаласында дүниеге келген, бірақ өмірінің көп бөлігін Түркістанда өмір сүрді. Ол белгілі ислам уағызшысы Арыстан бабтың шәкірті болған. Яссауи "Даналық кітабы" туындысы көне шығармалардың бірі болып табылады.
Кейбір деректерге қарасақ, Ахмет Иасауи өзінің пайғамбарға деген ыстық ықыласына сай жасы 63-ке толғаннан кейін пайғамбардан артық гұмыр кеше алмаймын деп, жер асты үйіне түсіп өмірінің соңғы күндерін жертөледе өткізген. Соған орай 1166 жылға дейін ол жерастында өмір сүріп, сонда дүние салады. Бұл жайында оның өзі хикметтерінде де тоқталып өткен. Туған жылы бізге әр деректе әртүрлі берілгендіктен, біз Қожа Ахметтің қанша жасағандығын нақты айта алмаймыз. Оның өз хикметтеріне ғана жүгінетін болсақ, ол 125 тіпті 130 жыл ғұмыр кешкенге ұқсайды. Бір дерек бойынша, ол 73 жаста, екіншісі 85 жасқа дейін өмір сүрді. Қазақ ақыны Ж. Аймауытов Иасауи хикметіне сүйене отырып, ол 125 жыл өмір сүрген деп есептейді.
Иасауи мектебі жайлы айтар болсақ бұл мектеп көптеген сопылық мектептерге қарағанда тарихы, тілі жағынан ерекшеленіп тұрады. Түбі шариғатқа негізделеді. Қожа Ахметтің ойынша, сопылыққа түспес бұрын шариғатқа бағынып алу керек.
Ахмет Иасауи тек дін насихатшысы ғана емес, сонымен бірге, ол адам бойындағы ізгі қасиеттерді көкке көтере мадақтаушы, өз оқырманын әділ, мейірімді, сабырлы, жомарт, кішіпейіл болуға шақырған ойшыл ақын. Ахмет Иассауи жырлары қанша жылдар өтседе өзінің мән мағынасы мен актуалдығын жоғалтпаған құнды жинақ.
2 Ахмед Иүгінекидің «Ақиқиат сыйы»
Диуани хикмет “Бисмиллə” деп баян еттім хикмет айтып” деген шумақтардан басталады. Ахмет Иасауи еңбегінде әр жасқа келгендегі кешкен хиқаяттарын жазған. Зікір тарту, құлшылық қылу, тәубе қылу, ораза ұстауды дәріптейді. 63 жасында жертөлеге кіріп аскетизм өмір сүргендігі туралы жазған. Иасауи «Даналық кітабында» діни канондар туралы жазып, адамның дұрыс өмір сүріп, надандыққа қарсылығын анық көре аламыз. Сонымен қатар, бұл еңбек Иасауидың автобиографиялық еңбегі деп қарастырсақ қалп атпаған болармыз. Еңбек жазылғалы жүздеген жылдар өтседе біз үшін құнды дерек болып қалары анық.
Біз үшін тәрбиелік мәні бойынша Иасауидың «Даналық кітабынан» кем түспейтін туынды Ахмед Иүгінекидің «Ақиқиат сыйы». Тарихта Ахмед Иүгінеки, толық есімі - Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл ретінде танылған. Ойшылдың өмір сүрген уақыты және туған жері жөнінде ғылымда әртүрлі пікірлер бар. Зерттеуші-ғалымдар Иүгінекиді ХІІ ғасырдың соңында Түркістан өңірінде туып өскен. Ислам қағидаларын жанжақты зерттеп-танып, терең іліміне сай «Адиб Ахмед» деген атқа ие болған. Ақылойы толысып, діни танымы кең өріс алған шағында Ахмед Иүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіреді. Кейін бұл жәдігерлердің басы біріктіріліп, «һибуат-ул хақаиқ» («Ақиқат сыйы») деп аталатын өлеңдер жинағы ретінде жарық көрген.
Ахмед Иүгінеки еңбегінің басты идеялары: оқу, білім, жомарттық, еңбек, тіл, адамның игі мінездері, достық. Сол заман ақындарына сай өлең басы Алланы мадақтаумен басталып, пайғамбар мен оның сахабаларына салауат айтылады. Бұл кітаптың жазылу себебі мен оның қажеттілігі туралы ақын өзі:
«Бұл кітапты Тат Ыспаһсалар Бек үшін
Шығардым. Дүниеде аты қалсын деп.
Кітабымды көрген естіген кісі
Шаһымды дұға оқығанда есіне алсын деп.
Кейін келген ұрпақтар арасында
Оның даңқы аса таңданарлық болсын деп.
Оның адамгершілігіне барша көңіл толып,
Оның аты жерді жарсын деп.
Кітабымды өнегелі нақыл сөздермен ажарладым,
Көруші, оқушыға пайдасы болсын деп.
Мен мұны шаһыма тарту еттім,
Шын пейілімді анық сезсін деп. »
Ахмет шығармада білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы, тілді тыю қажеттілігін, бұл өмірдің керуен секілді көшіп ұзап жүре беретіндігі туралы өзінің құнды ойларын қағаз бетіне түсірген. Ахмет шығармасының құнды тұсының бірі - білім алу идеясы. Ол осы мәселеге қайта-қайта оралып, білім алудың барлық істен артық екендігін алдыға тартқан. Ақын төртінші сөзінде қайырымдылық жəне сараңның қассыздығы туралы, жомарттықпен қатар жүретін сараңдық ешқашан жақсы абырой, атақ әкелмейтіндігін ескерткен ойлары біздің кезеңдеде өз мәнін жоймаған. Ахмет Иүгінекидің «Ақиқиат сыйы» еңбегінде адамгершілік қасиеттерді негіздеп, кішіпейілділік пен жомарттықты, сабырлылық пен көнбістікті мадақтап, дүниеқоңыздық пен сараңдықтан алыс болуға шақыратын терең тәрбиелік мәні бар шығарма. Еңбек қарапайым қара сөзбен жазылғандығыменде ерекшеленеді. Егерде Иүгінеки көрсетіп кеткен қағидалары адамзат ұстанса әлем әлдеқайда арамдық пен сараңдықтан таза болары анық.
3 Сүлеймен Бақырғанидың «Ақырзаман кітабы»
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz