Мария Монтессоридің еңбектеріндегі педагогикалық терминдері


Мария Монтессоридің еңбектеріндегі педагогикалық терминдері
«Педагогикалық технология» - тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.
«Педагогикалық жүйе» - тұлғаны ұйымдастыруға бағытталған белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем, байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы.
«Педагогикалық технологиялар» - дидактикалық жүйенің құрамдас, процессуалдық бөлігі.
«Жаңаша» - деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен тенологиясының қамтитын құбылыс.
«Тәрбиеші» - бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға.
«Ақпараттық бағдарламалар оқыту» - оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру.
«Қазіргі заман педагогінің инновациялық қызметі» - бала бақша балаларымен жұмыс істеуде инновациялық технологияларды, әдістерді қолданып, балалардың психологиясы мен педагогикасын терең түсіну.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламалары» - мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие жұмысының мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын айқындайтын мемлекеттік құжат.
«Монтессори педагогикасының пайдалану» - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеуде жүзеге асырылады.
«Шынайы өмір аймағы» - бұл аймақта бала өзіне қамқорлық жасауға үйренеді.
«Сенсорлық даму аймағы» - бала мұзды, металл заттарды, күнге қызған тастарды ұстай отырып температураны айыруға үйренеді, қолына немесе ойыншық таразыға ауыр және жеңіл заттарды қойып, олардың салмақтарының айырмашылығын сезіне алады.
«Математикалық аймақ» - бұл аймақта балаға математика негіздерін оқытуға арналған материалдар жинақталған: қосуға, алуға, көбейтуге, бөлуге, баланы мектепке даярлауға арналған реттік санауды игереді.
«Ғарыштық(жаратылыстану-ғылыми) аймақ» - бұл аймақта бала қоршаған орта, құбылыстар мен заттардың өзара байланыстары мен өзара әрекеттері жайында, өзге ұлттардың тарихымен мәдениеті жайлы алғашқы түсініктер алады.
«Тілдік аймақ» - бұл аймақта бала сөздік қорын молайтады, жазуға, оқуға дағдыланады.
«Жоба» - бұл педагогикалық әдіс, баланың мақсатқа жетуде кезеңдік және алдын - ала жоспарланған практикалық үрдісте қоршаған ортаны тануда ұйымдастырылған іс-әрекет.
«Арт-педагогика» - тәрбиеленушіні әртүрлі іс-әрекеттерге (сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, музыка) қызықтыру арқылы жүзеге асады.
«Ойын» - күрделі әлеуметтік - мәдени феномен, адамның балалық шағынан қанат жайып, өмір бойы онымен ілесіп жүретін ерекше іс-әрекеті болып табылады.
«Ойын» - белгілі бір ережелер, тәсілдер жиынымен және бос уақытты өткізу, көңіл сергіту үшін жүргізетін іс-әретет.
«Ойын» - ересектердің істерін, олардың арасындағы қарым-қатынастарын қайталайтын балалардың іс-әрекетінің бір түрі.
«Ойын» - мектепке дейінгі балалар үшін айналаны танып - білу тәсілі.
«Рөл » - сюжеттік - рөлдік ойынның негізгі деңгейі болып табылады.
«Сюжетті рөлдік » ойында - балалар ересек адамдардың әлдебір қызметтерін атқаратын, арнайы құрылған ойын, қиялдағы жағдайда ересек адамдардың қызметін және олардың арасындағы қатынасты көрсетеді.
«Суырып салма немесе сахналау ойындары» - шығармашылық еліктеу ойындарында балалар қимыл арқылы кейіпкерлердің алуан түрлі эмонациалдық жай - күйін береді.
«Дидактикалық ойындар» - балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет.
«Мектепке дейінгілердің портфолиосы» - бұл ең алдымен әртүрлі қызмет түрлерінде баланың жеке жетістіктерін жинақтау, баланың жағымды эмоцияларын, өз өміріндегі жақсы сәттерді қайта басынан өткізуге көмектесетін бала дамуының өзіндік маршруты.
«Педагог портфолиосы» - педагогтың кәсіби өсіунің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту.
«Педагогика» - бала тәрбиесімен байланысты, ал «арт-терапия» - бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді.
«Дене шынықтыру-сауықтыру технологиясы» - мектепке дейінгі балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған.
«Баланың әлеуметтік-психологиялық амандығын қамтамасыз ету технологиясы» - мектепке дейінгі балалар денсаулығын психикалық және әлеуметтік қамтамасыз ету.
«Мектепке дейінгі білім беру педагогтарының денсаулығын сақтау және байыту технологиясы» - педагогтардың денсаулық мәдениетін, кәсіби денсаулық мәдениетін және салауатты өмір салтының қажеттілігін дамытуға бағытталған.
«Ата - аналарды валеологиялық ағарту технологиясы» - бұл технологияның міндеті мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері ата - аналарының валеологиялық білімділігін қамтамасыз ету.
«Ынталандыру технологиясы » - бұл технология өзінің атына сәйкес, яғни баланың ағзасын шаршатпай, қалжыратпай үнемі қызықтырып, алға тартуға бағытталған.
«Салауатты өмір салтын насихаттау » - бұл технологияда бала өз бетімен дербес әрекеттеніп бір мәселені шешіп барып өз ағзасын бекітеді, жетілдіреді .
«Түзету (коррекциялық ) технологиялар » - баланың әлі де жаңа жетіліп келе жатқан ағзасындағы жағымсыз мінез - құлықтарына кедергі болу, баланың тұйықтық, өз - өзіне сенімсіздік, гипер - белсенділігін, дөрекілігін жоя отырып, оның эстетикалық - шығармашылық талғамдарын тәрбиелеу.
Педагогикалық тұрғыдан сауықтыру - білім алуға қажетті білім, іскерлік, дағдылы менгеруге бағытталған тәрбие шаралары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz