Азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін міндеттемелердің азаматтық заң бойынша құқықтық реттелуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін міндеттемелердің азаматтық заң бойынша құқықтық реттелуі

Сариева Жадыра Малдыбаевна, заңтану магистрі, аға оқытушы
Болашақ университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Өзге де құқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменің пайда болу негіздері белгілі бір заңдық фактілерге байланысты [1]. Міндеттеме өзінің мазмұнына, объектілерінің салалық ерекшеліктеріне және субъектілерінің сипатына мынадай түрлерге бөлінеді.
1. Жағымды мазмұндағы міндеттеме, жағымсыз мазмұндағы міндеттеме;
2. Біржақты және өзара ортақ міндеттеме;
3. Борышқор әрекетіне нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме;
4. Борышқор әрекетіне нақты айқындайтын міндеттеме субъект ретіндегі жек сипаттамалық міндеттеменің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әсер етпейді.
5. Басты тәуелді міндеттемелер;
6. Шартқа негізделген міндеттемелер, шарттан тыс міндеттеме және біржақты еркін құжат түрлеріндегі міндеттемелер[1].
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян жалпы негіздерде өтеледі. Тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян жалпы негіздерде өтеледі. Тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген мүліктің зияның сипаты мен құрамына сүйену керек. Оның дәл осы ерекшелігі келтірілген зиянды өтеу мәселелерін бөлек қарастыру қажеттілігін туындатады [2, 340 б.].
Азаматтың шарттық міндеттемелерін, әскери қызмет міндеттемелерін орындау кезінде өмірі мен денсаулығына келтірліген зиян, егер заң актілерніде немесе шартта көтеріңкі жауаптылық көзделмесе. Азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзгедей зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан, онда болған немесе анық иеленген алатын табыс сондай-ақ денсаулыққа зақым келтіруден туындаған шығындар, емделуге қосымша тамақтануға дәрі-дәрмектер сатып алуға, протез салғызуға, бөгде адамның бағып күтуіне, санаторий курортық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, басқа мамандыққа даярлауға, егер жәбірленуші көмек пен күтімнің осындай түрлеріне мұқтаж және оларды тегін алмайды деп танылса, өтеуге жатады [3].
Еңбек жағдайында немесе басқада жағдайларда заң зақымдану мен келтірілген зиянды өтеу мөлшерін есепптеген кезде еңбек ақыға оның барлық түрлері жатқызылады. Өтеуге жататынжоғалтылған табыстың мқлшеріі жарақаттануына немесе денсаулығының өзгедей зақымдануына дейінгі жәбірленушінің кәсіби еңбекке қабілетін жоғалту дәрежсіне сәйкес, еңбекке жарамдылығының айырылу басталғанға дейінгі табысы ескеріледі. Егер жәбірленушінің зиян келтірілген кезде жұмыс істемеген болса, оның қалауы бойынша жұмыстан босатылғанға дейінгі табысы ескеріледі [2, 341 б.].
Азаматтардың денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершілік мүліктік зиян шегуді өндіріліп алу тәртібі мен тұжырымдалады. Бұл арада жәбірленушінің сақтандырылған немесе сақтандырылмаған, зиянды сақтандырушы немесе басқа адам келтірілгенің ешқандай қатысы жоқ. Осыған байланысты зиянды әлеуметтік қорғау, зейнетақы әлеуметтік қамсыздандыру бойынша адамға жәрдемақы төлеу құқығы мен азаматтық-құқтық зиянды өндіріп алу тәртібі туралы мәселені саналы түрде үйлестірудің маңызы зор екенін түсінеміз. Еңбек міндеттерін орындауға байланысты қызметкердің денсаулығына зақым келген жағдайда жәбірленушінің сақтандырушы ұйым немесе азаматты егерде зиян солардың кінәсінен болса жәрдемақының немесе зейнетақыныңкөлеміне асатын бөлігін зиянүшін өндіріп беруге міндетті. Мұндай жағдайда әрбір нақты оқиғаға байланысты сақтандырушының кінәсы белгілі бір айғақтар мен дәлелденеді.
Мемлекеттік әлеумеуметтік сақтандыру бойынша жәбірленуші үшін жарна төлеуге міндетті емес ұйым немесе азамат зиянды өндіріп береді. Кез келген жағдайда зиян толық өндіріледі: зиян келтірушіден жәрдемақы немесе зейнетақы жаба алмайтын жалақының бөлігіндей сомма, сондай-ақ денсаулыққа келтірілген зиянның нәтижесінде шығындар-қосымша тамақтануға, кұтімге, санаториялық курортық сауықтыруға кететін және тағы басқа шығындар өндіріліп алынады. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда зиянды өндіріп алу құқығына қайтыс болған адамның асырауындағы тұрған немесе оның өлетін күніне дейін көмек алып тұрған еңбекке қабілетсіз адамдар: 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар, 18 жасқа дейінгі оқушылар, зейнеткерлік жастағы ер мен әйелдер, сондай-ақ жәбірленуші өлгеннен кейін өмірге келген сәби ие бола алады. Заңда әлеуметтік сақтандыруға жатпайтын азаматтардың денсаулығына сондай-ақ өзіндік табысы жоқ 15 жасқа толмаған азаматтардың денсаулығына келтірілген зиян мен өлімі үшін ерекше жауапкершілік көзделген [4, 197-198 бб.].
Зиян келтірудентуындайтын міндеттеме - бұл зиян келтірушінің немесе заңнамада аталған өзге де тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетіне қамтыған, жеке немесе заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мұдделеріне құқыққа қайшы іс- әрекеттерімен мұліктік және мұліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама нұсқауларынан туындайтын міндеттеме [2, 318 б.].
ҚР азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес зиянды өтеу мөлшерін өзгерту еңбек қабілетін ішінара жоғалтқан жәбірленуші, егер оның еңбек қабілеті оған өтем тағайындалған кезде өзінде болған еңбек қабылетіне қарағанда денсаулығына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конкурстық міндеттемелер
Қазақстан Республикасы Заңнамаларындағы денсаулыққа зиян келтірудің құқықтық қорғалуы
Азаматтық құқық. Адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян жəне моральдық зиян келтірілгені үшін жауапкершілік
ДЕЛИКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің маңызы
Борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме
Халықаралық экологиялық құқықтық жауапкершілік»
Азаматтық құқыққа сәйкес азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуді қамтамасыз ету
Моральдық зиянды өтеу
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау негіздері
Пәндер