ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛ-МОДЕРНИСТІК СИПАТТАҒЫ ЖАЗУШЫЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ӘӨЖ: 82.02
Құсайын Меруерт Мұратқызы
магистрант, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Семей қ.
e-mail:mkussayin@inbox.ru

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛ-МОДЕРНИСТІК СИПАТТАҒЫ ЖАЗУШЫЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Ғылымның әртүрлі салаларында қазіргі таңда көбірек талқыға ұшыраған өзекті мәселенің бірі - модернизм құбылысы. Қазақ әдебиеті де бүкіл әлемдік әдебиеттің бір бөлшегі болғандықтан, модернизмнің қазіргі қазақ прозасына тигізген әсері зор. Әлемдік әдебиеттегі ортақ ағымдар мен бағыттардың ұлттық әдебиетімізде алатын орнын айқындау, қазақ әдебиеті мен әлемдік әдеби үдерістердің байланысын зерделеу - маңызды міндет болып табылады. Мақалада қазіргі қазақ прозасындағы жаңашыл-модернистік сипаттағы жазушылардың шығармашылығы, олардың шығармаларындағы тілдік-стильдік ерекшеліктер, әдеби әдіс-тәсілдердің жаңашыл сипаты, бұл топтағы жазушылар туралы бүгінгі әдеби сындағы ой-пікір алуандығы туралы сөз болады. Түйін сөздер: проза, бағыт, модернизм, ағым, эстетика, мәдениет, әдеби үдеріс,әдеби сын
Одним из наиболее актуальных вопросов, которые на сегодняшний день обсуждаются в различных областях науки, является явление модернизма. Так как казахская литература является частью мировой литературы, модернизация оказывает влияние на современную казахскую прозу. В статье говорится о творчестве писателей новаторско-модернистского характера в современной казахской прозе, языко-стилистических особенностях в их произведениях, новаторском характере литературных методов и приемов, многообразие мнений о писателях этой группы в сегодняшней литературной критике. Ключевые слова: проза, направление, модернизм, поток, эстетика, культура, литературный процесс, литературная критика.
One of the most pressing issues that are currently being discussed in various fields of science is the phenomenon of modernism. Since the Kazakh literature is a part of world literature, modernization influences modern Kazakh literature, including modern Kazakh prose. The article deals with the work of writers of innovative-modernist character in modern Kazakh prose, linguistic and stylistic features in their works, the innovative nature of literary methods and techniques, the diversity of opinions about the writers of this group in today's literary criticism. Keywords: prose, direction, modernism, flow, aesthetics, culture, literary process, literary criticism.

Қай елдің болмасын әдебиетін алып қарағанда оның дүниежүзілік әдеби үрдістен тысқары қалып, өзінің ұлттық әдеби шеңберінде дамып, жетілгенін көре алмаймыз. Ұлттық әдебиетімізді әлемдік үдерістен бөліп те қарай алмаймыз. Өйткені, қазақ әдебиеті де дүниежүзілік әдебиеттің бір бөлшегі болғандықтан, әлемдік әдеби үрдістерден шет қала алмайтынымыз анық. Әлемдік әдебиеттегі ортақ ағымдар мен бағыттардың ұлттық әдебиетімізде алатын орнын айқындау, қазақ әдебиеті мен әлемдік әдеби үдерістердің байланысын зерделеу - әдебиеттанушылардың зерттеулерінде маңызды мәселе болып табылады. Ғылымның әртүрлі салаларында қазіргі таңда ең көп талқыланатын өзекті мәселенің бірі - модернизм құбылысы. Әдебиетте, философияда модернизмнің пайда болу кезеңі туралы пікірлер сан алуан. Біздегі әдебиеттану ғылымында модернизмнің ХХ ғасырда пайда болғаны туралы айтылады. Белгілі әдебиеттанушы ғалым А. Ісімақова мынадай пікір білдіреді: Модернизмнің туған жылы да белгілі - 1910, Вирджиния Вулфтың айтуы бойынша сол жылғы күз. Философтар модернизмнің басталуын Гегель, Кант, Вольтер, Декарт, Руссо, Паскаль еңбектерінен табуды ұсынады. Бірақ бұлар модерн деп атаған құбылыс көркемдік модернизмнен басқаша екені де түсінікті. [1, 62 б.]. Модернизм - өз дәуірінің мәдени қажеттіліктерінен туған, болмысты көркем бейнелеудің дәстүрлі әдістерінен бас тартқан бағыттардың жалпылама шартты атауы [1, 268]. Модернизм адамның болмысын, табиғатын, ішкі сезімдерін ирония, ойын, сана астарындағы құбылыстар арқылы көрсетеді. Модернистік шығармаларда жеке тұлға мағынасыз болмыс алдында өзінің әлсіз екендігін сезінеді. Модернизм белгілері - жазушының барынша еркін, ашық түрде өзін-өзі ашуы, көркем тілді қолынан келгенше жаңартуға, жаңаша түлетуге ұмтылысы, өзіне жақын нақтылықтан гөрі алыс тұрған универсалды, мәдени-тарихи дүниеге назар аударуы. Осы қасиеттеріне қарап модернизмнің классикалық реализмнен гөрі романтизмге анағұрлым жақын екенін байқаймыз. Зерттеуші Н.А. Нагорная романтизмнен қосәлемділік идеясы мен поэтикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОСТМОДЕРНИСТІК БАҒЫТ
Жаңа ғасырдағы әдеби ағымдар
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ СИПАТ
А.КЕМЕЛБАЕВА ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОСТМОДЕРНИЗМ
Социалистік реализмге қазіргі көзқарас
1970-80 жж. ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ НЕОРОМАНТИКАЛЫҚ ТЕНДЕНЦИЯ
Қазақ әдебиетіне жаңаша бояу енгізген бағыт пен Әбіш Кекілбаев шығармашылығында сіңісе отырып әкелген әсерін зерттеу, зерделеу және оқыту мәселесімен таныстыру
1960-1980 жылдардағы қазақ прозасындағы адам концепсиясы
Қазіргі қазақ повесть - әңгімелеріндегі лиризм
Әдеби ағымдар мен әдеби бағыттардың зерттелу тарихы
Пәндер